Ндіріс орнына қысқаша сипаттама

Кіріспе

Адам денсаулығына ең қажеттісі бәрінен бұрын сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен дұрыс тамақтану. Азық-түлік дайындайтын өндірістерде дамуымыз бен нығаюымыздың бірінші факторы - өзіміздің мемлекеттен шыққан тауарлар. Мұның басты мәселесі отандық экологиялық таза, жасанды қоспасыз азық-түлік тауарларды, шетел компаниялары мен еліміздің инвесторлық компанияларының табиғи азық-түліктерді дамыған технологиялар арқылы өндіріп шығару. Қауіпсіз тағам өнімдерін өндіру ең алдымен тағам кәсіпорнының міндеті болып табылады.

Ішкі нарықтың импорт тауарларымен тез толығуы азық-түлікке қол жетімділікті тездетті және сонымен қатар отандық агроөнеркәсіптік өндірістің тоқтап қалуының негізгі факторына айналды. Азық-түлік ассортименті кең дамыған елдерден бізге арзан немесе сапасы төмен тауарлар келіп түседі. Олар біздің нарыққа еніп арзан бағада сатылады. Импорттық өнімдердің көптеп келіп түсуінен, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасына бақылаудың жоқтығы қатты байқалуда. Республиканың көптеген аймақтарының тұрғындары бақыланбаған тамақ өнімдері нарығына кезігуде. Сауда саттыққа сапасыз, арзан өнімдердің көптеп түсуі жаппай инфекциялық, аллергиялық аурулардың өршуіне әкеліп соғуда [1].

Қазіргі кезенде ет өнімін өндіру өндірістерінде технологиялық қайта жабдықталу шаралары, өндірістік үдерістерді түгелдей механикаландыру және автоматтандыру, әртүрлі өнімдерді қайталап өңдеуде үздіксіз-тұрақты линиялар құру, миницехтарды көптеп ашу жоғары деңгейде жүргізілуде. Адамзаттың тамақтануында ет өнімдерінің сапалылығы өз бетімен өзекті мәселе бола тұра, оның өндірістегі техникалық санитарлық-гигиеналық ережесімен тығыз байланысты екенін естен шығармау керек [2].

Өндіріс үдерісі, тәртібі, жағдайы, тағамдық өнімдер сапасы технологиялық нұсқаулар, мемлекеттік стандарт (ГОСТ) және техникалық шарттармен (ТШ) анықталынады. Ет өнеркәсібі өндірістерінде әртүрлі ассортиментті құнды және бағалы келген ет өнімдерін, тері шикізаттарын, техникалық өнімдер және емдеу препараттарын жасап шығарады. Технологияны, санитарлық талаптарды, жабдықтарды, саймандарды және жұмыс атқару орындарын домдау әдістерін, жұмысшылардың жеке гигиенасын, технологиялық нұсқау талаптарын сақтауды терең білу-өндіріс жұмыскерлерінің міндеті және сапалы өнім шығару қағидасы.

Мұндай жағдайларда, ауылшаруашылық мамандарына, оның ішінде өнімді өңдеу технологтарға теориялық бағытта дайындауда және алған білімді белсенді түрде тәжірибеге енгізуде, күрделі ғылыми және тәжірибелік енгізуде, күрделі ғылыми және тәжірибелік мәліметтер ішінен оптималды шешім табуда қойылатын талаптар күннен-күнге жоғарлауда.

Ет және ет өнімдерінің өндірісі әртүрлі сала бойынша сою, өңдеу және ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі және т.б, сонымен қатар балауса, салқындатылған немесе мұздатылған еттерді қаптаудан және мынадай үдерістерден тұрады: кептіру, ыстау, тұздау, тұздыққа салу, консервілеу. Ауылшаруашылық кәсіпорындарында санаулы және орташа қуаттылықта ет өндіру цехтары кең тараған, соның ішінде шұжық өнімдерін өндіру цехтары.

Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері өнеркәсібінің тұрақты дамуына және осы саладағы өнімдердің сапалылығы мен сұранысқа ие болуына саладағы өндірістің тиімділігіне ұйымдық-технологиялық жетістіктермен қатар, өндіріс шығындарының басқарушылық есебі мен бақылауы және жедел талдауының алатын орны өте айрықша десек қателеспейміз. Яғни, саладағы дұрыс ұйымдастырылған басқарушылық есеп пен бақылау және талдау қаржылық, материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды тиімді, әрі үнемді пайдалануға, өзіндік құнды төмендетуге, сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыруға толық мүмкіндіктер беретіні анық [3].

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның басшылары мен мамандары өнім (жұмыс орындау мен қызмет көрсету) өндірісінің рентабельділік деңгейін жоғарылатуға және қызметтің барлық түрлерінің тиімділігін арттыруға мүдделі болуы керек. Бұл өндірістің технологиялық үдерістерін ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикалық субъектілерін және олардың әртүрлі сегменттеріне қатысты басқару жүйесінің барлық қызметтерін жетілдіруді талап етеді. Сондықтан, менің ойымша ұйым қызметінің барлық түрлерінің табысты қызмет істеуін, өнім өндіруді және оның өзіндік құнын төмендетуді, шаруашылық механизмі мен қызметтің барлық буындарының басқару механизмін жетілдіруді қамтамасыз үшін күнделікті ішкі шаруашылық бақылау қажет деп санаймын.

Осыған орай өндірістік жоба мақсаты қазақстан жағдайында шикілей ысталған шұжықтардың технологиясы болып табылады.

Жобаны орындау үшін келесідей міндеттер анықталды:

- шикізат, қосымша материалдар ыдыс және дайын өнім сипаттамасы;

- технологиялық сұлбаны таңдау және технологиялық үдерістерінің

сипаттамасы;

- шикізат пен дайын өнімді технохимиялық бақылауын қамтамасыз ету.

ндіріс орнына қысқаша сипаттама

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Апрель» 1998 жылы құрылды. ЖШС «Апрель» Астана мен Қарағанды ​​облысының нарықтарындағы ет және ұннан жасалған өнімдердің ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары компания шұжық өнімімімен Қазақстанның басқа да қалаларға (Көкшетау, Екібастұз, Степногорск, Eгіндікөл, Павлодар, Петропавл) шығып келеді.

ЖШС «Апрель» үнемі өнімдерінің сапасы мен ауқымын арттыру үшін жұмыс істейді. Осы жыл ішінде өнімдер ассортименті үш есе өсті, және тұтынушылардың дәмі преференциялар кең ауқымды мүмкіндік береді отыр. Біздің компания 2007 жылы сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001-2009 әзірленді және іске асырылды.

 

Шұжық өнімдері

Шұжық өндірісі қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған және шұжық өнімдерінің 110-нан астам атауларын шығарады. ЖШС «Апрель» өнімдері денсаулық үшін экологиялық таза, табиғи және қауіпсіз жасалған. Кәсіпорынның ең үздігі өнімнің сапасы болып табылады. Бірінші кезекте, әлемдік нарықта ЖШС«Апрель» өз позициясын нығайту мақсатында, өнімнің жыл сайын міндетті және ерікті сертификаттау және стандарттау өткізіледі.

Кондитерлік өнімдер

Кондитер өндірісі ЖШС «Апрель» кондитерлік дамыту бойынша екі дүкендер тұрады. 2003 жылы құрылған негізгі өндірістік цехы, және айрықша өнімдерін өндіру үшін 2008 жылдан бастап ашық семинар. Кәсіпорындар өндірістік және қосалқы нысандардың қажетті жиынтығы торттың 50-ден астам түрін, үгілмелі печенье 23 түрін, печенье кондитерлік, рулет пен тоқаш шығаратын болды. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын айына дайын өнім 30 тонна жалпы екі компанияларды біріктіретін жаңа ірі кәсіпорын құруда.