Шикізатты өңдеу және қолданылатын заттарды дайындау

 

Шикілей ысталған шұжықтар пісірілген шұжықтармен салыстырылғанда сақтауға және тасымалдауға төзімді. Оларды қызумен өңдеу барысында, қосымша ыстау және кептіру үдерістерді жүргізіледі. Осы себептен де бұл шұжықтың төзімділігі жоғары. Шикілей ысталған шұжықтарды дайындауда пайдаланылатын негізгі шикізаттар, сақа және ірі қара малдан, шошқадан алынған ет. Шикілей ысталған шұжықтың құрамында май мөлшері көп, осыған байланысты оның қуаттылығы да өте жоғары. Көптеген шикілей ысталған шұжықтың құрамында шошқа майының үлесі 30-60%-ға дейін барады. Кейбір сортты (мәскеулік, сервелад) шұжықтарды ірі қара малы, шошқа етінен дайындайды. Шикілей ысталған шұжықты қой етінен де дайындайды, дегенмен аздап ірі қара мал етінен және құйрықмайын қосады (қой шұжығы I және II сортты). Кейбір шұжық түрлеріне ішкі мүшелерді де қосады [4].

Шикілей ысталған шұжыққа ең оңдысы шошқа майы: төс және жартылай қатты шел майы, олар тез еріңкіремейді және өнімге жақсы сурет береді. Шоқ майы және іш майлары түгелдей қолданылмайды. Барлық шикізаттар алдын ала тұздалынады және ысталынады.

Шикілей ысталған шұжықтарды дайындау технологиялық процестері мынадай: ірі қара мал етін екі рет және шошқа етін бір рет ұсақтау, тартылған етті құру, шприцтеу және қызумен өңдеу. Шикілей ысталған шұжықты толтыру үшін ірі қара мал және шошқаның соқыр ішектерін, өңештерін және жасалынған қабықтарды пайдаланады. Шикілей ысталған шұжықты шыжғыру және пісіру үдерістерді, пісірілген шұжықпен салыстырғанда, төмендеу температурада жүргізіледі, әйтпесе май түйірлері еріп кетуі мүмкін.

Шикілей ысталған шұжықтарды 12ºС жоғары емес температурада және қоршаған ауаның ылғалдылығы 75% ілулі түрде 20 тәулікке дейін сақтайды. Жәшікке жайғастырған шұжықтарды 4ºС температурада сақтайды, ал температура 0ºС төмен.

Сиыр еті. Шұжық дайындауға негізінен ірі қара мал және шошқа еті, аз жағдайда қой және құс еті қолданылады. Кейбір сортты шұжықтарды дайындағанда жылқы, бұғы, түйе және т.б. малдардың етін пайдаланады. Ірі қара мал етінің ылғал тарту қасиеті өте жоғары болған себептен, шұжық етінің көп бөлігі осы еттен тұрады. Ал шошқа еті қоректі және жақсы қорытылады. Шұжық дайындауға пайдалынатын ет, дені сау малдан алыну керек және сапасы жоғары жас ет болуы міндет.

Жас малдың етін сосиска және пісірілген шұжық дайындауға, ал ысталған шұжыққа, бұлшық еті жақсы дамыған сақа мал етін пайдаланған жөн. Еттің қасиетіне қарай, шұжық дайындауға жаңа сойылған жас ет, суытылған ет және аяздап жібітілген еттер қолданылады. Ең жақсысы-суытылған ет.

Шұжық дайындауға блокты етті де (алдын ала дайындалған және блок түрінде аяздалған) пайдаланады. Оны, еттің шырынын жоғалтпау үшін, жібітпей әдейі арналған машинамен ұсақтайды [5].

Ет комбинатынан, ия болмаса тоңазытқыштан шұжық зауытына түскен етті мұқтаждап тексереді және дайындалатын шұжықтардың ассортиментіне қарай таңдалынады. Еттің сапасы ветеринарлық-санитарлық қызметкерлерімен тексеріледі және олардың айтқан жарлықтары міндетті түрде орындалуы тиіс.

Шұжық дайындауда шошқаның терісі түгелдей алынған және бөлшектеп алынған еті пайдаланады, терісі алынбаған етті ыстамаған шошқа шұжығын дайындауға қолданады.Шошқа етінің I және II - категориясы пайдаланылады.

Малдың майы. Шұжық дайындау үдерісінде малдың майын көп мөлшерде қолданады. Өйткені оның ұлпасының құрылымы өзгеше және жақсы дәмді.

Шұжық өндірісінде қойдың және ірі қара малдың майын және құйрық майын да қолданады. Құйрық майы құрамы жағынан шошқаның жонынан алынған майға сәйкестеу, оның қойға тән иісі болмайды және шошқаның шел майы сияқты, түйіршектелген күйінде пайдаланады. Шұжық дайындауда, малдың іш майында қолданады. Оларды қайнатылған май ретінде, сосиска, сарделка және ливер шұжықтарына қосады.

Жануар тектес әртүрлі шикізаттар. Кейбір сортты шұжықтар дайындағанда әртүрлі ішкі мүшелерді пайдаланады: ет кесінділері, бас еті, өңеш еті, бауыр, мый, өкпе, тіл, жүрек, таз қарын, желін және басқалар, бұл топқа қанда жатады.

Жоғарғы аталған ішкі мүшелерден көк етті, ет кесіндісін, яғни негізі дәнекер ұлпадан тұратын, көбінесе төменгі сортты пісірілген және жартылай ысталған шұжыққа, студен, зельц, паштетке пайдаланады. Бауыр, өкпе және миды ливерлі шұжыққа және паштетке, тілді фаршталған және жоғары сортты пісірілген шұжық жасауға қолданады. Жүректі, пісірілген және жартылай ысталған шұжықтарды дайындауға аз пайдаланады, өйткені оның түрі қаралау болып келеді.Малдың желінін зельц дайындауға қолданады. Таз және жұмыршақ қарынды, жылқы құлақтарын, еріндерді, зельц, студенге пайдаланады.

Қанның сарысуын, не болмаса сұйық затын (плазма)пісірілген шұжық, нан-шұжық және ұсақталған ет (мясной фарш) дайындау барысында қолданады. Қан олардың тамақтық құндылығын жоғарлатып, консистенциясын жақсартады, осы себептен ұсақталған еттің су байлау қасиетін жоғарлатады [6].

Өсімдік тектес шикізаттар.Шұжық өндірісінде өсімдік тектес шикізаттардан крахмал және бидай ұны, әртүрлі ұнтақтар және бұршақ тұқымдастардың дәнін пайдаланады. Қара құмық, бұршақбас және басқа топты өсімдік тектестерді кейбір сортты шұжықтарға қолданады. Ұнтақтарды және бұршақбасты, шұжыққа қосар алдында, әдейілеп өңдеуден өткізеді: сорттау, жуу, пісіру және ұнтақтау.

Тұздау заттары, әдейі қолданылатын заттар. Пайдаланылатын тұз, селитра, нитрит және қант, стандарттың талаптарына сәйкес болуы керек. Жасалған шұжықтарға тән, дәм және хош иіс беру үшін ұнтақталған етке, рецептура бойынша әртүрлі қосындылар қосады. Оларға қара, ақ, қызыл және хош иісті бұрыштар, мускат жаңғағы, кардамон, коринадр, майоран, қалампыр, корица, тмин, имбирь, лавр жапырағы жатады. Кейбір сортты шұжықтарға тән дәм беру үшін, құрамына сарымсақ қосады. Ысталған шұжыққа (кейбір сорттарына) қызыл шарапта қосады.

Шұжық зауыттарында, жоғарғы аталған қосындыларды, алдын ала қоспа жасап алып қосады. Әдейі қосылатын хош иісті қоспалардың иісін жоғалтпауы үшін, жақсылап жабылған ыдыста және суықтау орында сақтайды. Дұрыс сақталмаған жағдайда қоспалар ылғалданып, хош иісін жоғалтады, кейде басқаша дәм және иіс пайда болуы мүмкін. Табиғи қоспалардың орнына, олардың экстракталарын пайдалану дұрыс, үйткені олардың құрамында әртүрлі бактериялар аз болады [7].

Фосфаттар, глюкомат және натрий аскарбинаты. Соңғы жылдары пісірілген шұжықты, сосисканы және сарделканы дайындау үдерісінде фосфаттарды (фосфор қышқылының қышқыл және орташа тұздары) пайдаланады. Көбінесе ортофосфатты-ортофосфат қышқылы-ның натрий тұзын, пирофосфатты-пирофосфат қышқылының натрий тұзын және полифосфатты қолданады. Фосфат тұздарының өнімнің құнын және шұжықтардың шығымын жоғарлатуда маңызы зор. Оларды рецептура бойынша алынған шикізаттың салмағына шағып, 0,3-0,4% шамасында қосады. Фосфаттар шұжықтың рН-ы оптималды болуына әсерін тигізеді, соның арқасында оның құрамындағы жалпы тұздың концентрациясы жоғарлап, ет белогінің бөртуін жоғарлатады.

Ұнтақталған етке, фосфаттың қоспасын етті куттерден өткізудің басында, яғни куттерге етті салып, бір-екі рет айналдырғаннан кейін, фосфаттың қоспасын біртіндеп ұнтақталған еттің үстінгі қабатына себеді. Фосфатты қосқанда, ұнтақталған еттің салмағына қарай 5-10% шамасында қосымша су құяды. Қосылатын фосфаттар стандарттың талабына сай келуі және олар салқын жерде беті жабық түрде сақталуы керек. Шұжыққа қосар алдында, фосфатты ұнтақталған еттің бір партиясына жететіндей етіп, қапшыққа салып алдын ала дайындайды. Дайын шұжықтың құрамындағы жалпы фосфаттың (фосфорға есептегенде) мөлшері 0,4%-дан аспауы керек.

Натрий глютаматы адамның ағзасына енгенде, зат алмасу процесін жақсартады. Глютаматты, ұнтақталған етке оны куттерден өткізген кезде 0,1-0,2%-дай шамасында қосады. Натрий аскорбинаты-аскорбин қышқылының натрилік тұзы (С витамині). Оны шұжық өндірісінде, ет өнімдерінің тезірек бояулануына, қуырылу процесін қысқартуға, сыртқы түрін әсемдеуге және шұжық сақталған кезеңде түсі тұрақты болуына қолданады. Натрий аскорбинаты да шұжықтың түсін жақсартып, хош иісін сақтайды. Оны шикізаттың салмағына қарай 5% су ертіндісі түрінде 0,05%-дай қосады, ерітетін судың температурасы 20-25оС болуы керек. Дайындалған ертіндіні ұнтақталған етке куттерлеп болудың соңында қосады.

Шұжықтың қабығы. Шұжық тектес өнімдеріне табиғи және жасалынды қабықтар қолданылады. Қабықтар шұжықты ластанудан, артық кебуден және сақтау мезгілінде шұжықтың сапасы төмендемеуін қамтамасыз етеді. Шұжықтың қабығы кейбір талаптарына сәйкес болуы қажет, яғни оларды ұнтақталған етпен толтырғанда және жылумен өңдегенде жыртылып кетпейтіндей мықты, отыруы және кеңеюі жылумен қыздырып өңдегенде, ұнтақталған еттікіндей болуы керек. Табиғи қабықтар бұл көрсеткіштерге толық қалыптасады, дегенмен кемшіліктері де бар. Олардың өлшемдері және қалыңдықтары әртүрлі болады, кейбір жағдайларда қисық-дөңгелектенген қалыпта. Сол себептен мұндай қабыққа енгізілген шұжықтарды тамақтануға пайдаланар алдында, әдейі өңдеуді және сақтауды талап етеді. Табиғи қабықты сақтау үшін, оны тұздайды, ия болмаса кептіреді, содан кейін қараңғы, тампературасы 5оС және ауа жақсы алмасатын орында сақтайды. Пайдаланар алдында ішектерді тұздан босатып жақсылап жуады, бүтіндігін тексеру мақсатпен желмен үрлеп тексереді де, шұжық дайындауға қажетті ұзындығын анықтап алып кеседі. Кесіндінің бір жағын жіппен байлайды. Шұжық дайындауға барлық малдың ішегін пайдаланады. Қойдың және шошқаның ішегін көбінесе сосиска және сарделка дайындағанда қолданады [8].

Ішекті стандарттың талабы бойынша таңдайды. Яғни оның калибровкасын және сорттылығын анықтайды. Кейбір ішектердің ақаулары болса: ішектің ішінде асқазанның лас заттары, ішектің сырты және іші тым ластанса, ішектің бойында май көп, шіріген және бұзыла бастаған иісі, ішек құрттары, бүгелек балапан құрты (личинки овода), тым кепкен және қаракүйе түскен болса, бракқа шығарады.

Шұжық дайындау өндірісінде көбінесе жасалынған қабықтарды қолданады: белоктық (кутизин, натурин), целлюлозалық (вискоздық, целлофанды). Жасалынған қабықтардың ішектен айырмашылығы, олар мөлшерімен стандартты болады, осы себептен қабыққа ұнтақталған етті шприцтеу және байлау үдерістерін механикаландыру оңайға түседі. Оларды дайындау технологиясы механикаландырылған, әдейі өңдеу үдерісін талап етпейді, көп уақыт сақталады және бактериялар жұғуы төмен. Жасалынған қабықты әшекейлеп жасауға болады, оның бойына шұжықтың аты, сорты, бағасы, дайындаған өндіріс және дайындалған күні көрсетілсе, шұжықтың тауарлық түсі көркемделіп, сату орнының мәдениетін көтереді.

Жасалынған қабықты шұжық дайындау өндірісінде қолдану, өндірістің санитарлық жағдайын жақсартуда маңызы зор. Белоктан жасалынған қабықтың жақсысы кутизин, ол көбінесе Еуропа мемлекеттерінде жасалынады. Кутизин мықты, тартылғыш, шөгу пайызы жоғары, осы себептерден ұнтақталған етке жақсы қабысады. Бұл қабықтан ылғал және түтінді газдар жақсы өтеді. Осы қасиетін пайдаланып, оны тек қана пісірілген шұжық дайындаудан басқа, жартылай ысталған және қаттылап ысталған шұжықтар түрін дайындауға да қолданады. Кутизиннің негізін коллаген құрайды. Белоктік қабықты барлық шұжықтар түрлерін дайындау технологиясында қолданады. Оларды шприцтеу алдында, сумен жұмсартады. Белоктік қабықпен қапталған шұжықты 800С пісіреді, ал температура одан жоғары болса, қабықтың мықтылығы төмендейді [9].

Вискоздық қабықты жасау үшін ағаштан әдейі өңделген целлюлоза пайдаланылады. Бұл қабық ыстыққа төзімді, сол себептен 85-900С температурада шұжықты пісіргенде ештеңе етпейді. Оны негізінен пісірілген шұжық жасауға қолданады. Целлофаннан жасалған қабықты шприцтеу алдында, тек қана оның екі ұшын ғана ылғалдайды, егерде түгелдей ылғалданса целлофан мықтылығын 80%-ға дейін жоғалтады. Қабықтың бойын теспейді, өйткені ауа жіберетін қасиеті сақталады. Целлофанды қабық шұжықты ыстағанда және сақтағанда отырмайды (усадка), сол себептен ұнтақталған еттен бөлініп, екі арасында қуыс пайда болады, онда шірік микроорганизмдер болуы мүмкін.

Кендір жіп және буып-түю заттары. Шұжық дайындау үдерісінде (қабықты ұнтақталған етпен толтырып болғаннан кейін) оларды байлау үшін кендір жіп қолданады. Байлаудың керектігі: шұжықтарды тығыздау және олардан шұжықтарды таяққа және ілгекке іліп қоюға ілгіш жасау. Шұжық байлайтын жіптің нөмірі және сорты болады. Нөмірі жоғары болған сайын, ол жіңішке. Ең жіңішке жіптің нөмірі 15, оны сарделка шұжығын байлауға пайдаланады. Дөңгелек келген шұжықтарды байлауға № 12, ал қабықты диаметрі үлкен және еті ұнтақталған шұжықтарды байлауға № 8 және №10 жіптерді қолданады. Сапасына байланысты кендір жіптерді екі топқа бөледі: сапасы жоғары және орташа. Сапасы жоғары жіп біркелкі, түсі ашық талшықсыз және түйіксіз. Көбінесе мұндай жіптер өндіріске үлкен маток түрінде түседі, бірақ қолданар алдында, оны керегінше кішірейтіп орап алады. Кендір жіпті, іші құрғақ сарайшада сақтайды, анда-санда оны қарап тексеріп қояды, өйткені ол ылғалды бойына тез тартады, сол себептен жіп көгеріп, кейде шіріпте кетуі мүмкін. Ылғалды кендір жіпті кептіру керек, сапалы (кондициялық) жіптің оптималды ылғалдылығы 14%-дай. Шұжық өнімдерін буып-түю үшін целлофан, пергамент және қағазды да пайдаланады [10].

Шұжықты шыжғыруға және ыстауға қолданылатын жанармайлар. Шұжықтарды аздап шыжғыруға және ыстауға ағашты және оның үгіндісін пайдаланады. Шұжық дайындауда, жанғанда жақсы қызу беретін және хош иісті заттар шығаратын ағаштардың құны жоғары.

Ең жақсысы құрғақ, ұсақ жарылған және ашық таза ауада көбірек сақталған ағаштар. Құрғақ ағаштың ылғалдылығы 25%-ға дейін, ылғалдылығы 35%-дан асып кетсе, оны қолдануға болмайды, өйткені бөлініп шыққан ылғал түтінмен араласып, шұжықтың сыртын қаптап, ластайды. Шұжықты ыстауға 2-4 бөлшекке бөлінген, ұзындығы 0,5-1 метрге дейін кесілген ағаш пайдаланылады. Соңғы уақыттарда шұжық өндірісінде, шұжықты аздап шыжғыруға және ыстауға газды пайдаланып жүр.