Леуметтік педагогиканың пән ретіндегі функциялары

Әлеуметтік педагогиканың мазмұны оның функцияларымен анықталады. Олар:

· Танымдықоның өкілетті мүшелерінің (әлеуметтік педагогтардың), арнайы дайындықтан өткен адамдардың (ізденушілер, магистранттар, докторанттар) педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін зерттеуі.

· Ғылымиадамның әлеуметтенуі мен әлеуметтік дамуының заңдылықтарын, оның дамуына қоршаған орта факторларының ықпалын зерттеу; әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды негіздейтін теориялық базаны жасақтау.

· Диагностикалық(бағалаушылық) – тұлғаның әлеуметтену деңгейін, топтың әлеуметтік ерекшелігін диагностикалау; құжаттардың, мекемелер қызметінің, жеке мамандардың, сондай-ақ, социум мен ондағы жүріп отыратын үрдістерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан бағалау, сараптау.

· Прогностикалық(болжаушылық) – ортаның әлеуметтік-педагогикалық үрдістері дамуының перспективаларын анықтау, адамның ол үрдістердегі орны мен жекетұлғалық қасиеттерінің айқындалуын қамтамсыз ету.

· Түсіндірушілік - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды және олардың қызмет етуі мен өзгеруі мүмкіндіктерін сипаттау, түсіндіру.

· Бейімдеушілік адамның жекетұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның қоршаған ортаға кірігуін ынталандыруға бағытталған іс-әрекет.

· Өзгертушілік - әлеуметтік педагогика педагогикалық шынайы жағдайды, педагогикалық қарым-қатынастарды, оқу-тәрбие процесін және өз мазмұнын өзгертіп отыруға бейімділік.

· Коррекциялықмамандардыңбалалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуы, ата-аналар мен тәрбиешілердің тәрбиелеуші іс-әрекеті процестерін реттеуге бағытталған қызметі.

· Реабилитациялықадамдардың дамуға, тәрбие алуға, кәсіби қызметке деген жеке мүмкіндіктерінің қайта қалпына келтірілуіне бағытталған мамандардың әлеуметтік іс-әрекеті.

· Мобилизациялық мамандардың адамның немесе топтың белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы белсенділігін арттыруға бағытталған қызметі.

· Профилактикалық - мамандардың қалыптасушы тұлғаның немесе топтың түрлі әлеуметтік ауытқушылықтарының алдын алудағы жүргізетін іс-әрекеті.

· Білім берушілік - әлеуметтік сфера мамандарын дайындаудың мазұнын, әдістерін анықтау.

· Басқарушылық тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын, топтар мен ұжымдардағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды басқаруға бағытталған мамандардың әлеуметтік қызметі.

№2 Дәріс сабақ

Тақырып:«Әлеуметтiк педагогиканың тұжырымдамалық идеялары мен принциптерi».

Әрбірбілім алушының өмір бойы табысты әлеуметтенуіне, кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, өзін-өзі қалыптастыруына, өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы сапалы білім алуы үшін жағдайлар жасау.

Міндеттері:

- өмірлік маңызды құзыреттілікті қалыптастыру;

- білімнің даралық және жіктелген кең спектрін қамтамасыз ету;

- білім беру процесінің құнды бағдарлығы мен дамушы әлеуетін арттыру;

- педагогикалық процесті жүйелі қызметтік тәсіл арқылы технологияландыру, оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін оңтайлы үйлестіру негізінде жобалау;

- ішкі және сыртқы ресурстарды пайдалану есебінен әлеуметтік педагогиканың ақпараттық білім беру ортасын ұйымдастыру;

- әлеуметтік әріптестікті іске асыру арқылы білім алушының тұлғасын қалыптастыру және әлеуметтендіру ортасын жасау.

Принциптері:

- әрбір оқушы, оның ішінде ерекше қажеттілікті талап ететін балалар үшін сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ететін демократияландыру, білім беру процесі субъектілерінің ынтымақтастығы;

- білім беру процесі мен социум субъектілерінің өзара белсенді іс-әрекетін қамтамасыз ететін әлеуметтік әріптестік;

- білім алушының тұлғалық өсуіне қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал ететін білім берудің дамытушылық және шығармашалық сипаты;

- білім берудің жеке-тұлғалық және жалпымәдени аспектілерінің бірлігін қамтамасыз ететін жан-жақтылық;

- топтық үлгі бойынша білім беру деңгейінің үздіксіздігі мен сабақтастығы;

- білім беру процесінің мазмұны мен технологияларының икемділігі, вариативтілігі;

- өзгеретін әлеуметтік жағдайларда өзін-өзі жетілдіру қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін бейімделгіштік;

- әлемдік практиканың қазіргі заманғы педагогикалық жетістіктерін енгізуге мүмкіндік беретін жаңашылдық.

Жүйелілік жəне бірізділік принципі келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тəсілі – белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі логикасымен жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу процесінің тиімді əрі жоғары нəтижеге жетуі ол процесте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сəттердің болмауына жəне бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тəуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар логикалық ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-əрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік жəне бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бəсеңдейді.

Мұғалім практикасында жүйелілік жəне бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасында аса маңыздылары келесідей:

- оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін схемаларды, жоспарларды орынды пайдалану. Оқу материалын логикалық бітімге келген бөліктерге ажырату, оларды бірізді іске асырып бару, балаларды бірізді оқу əрекеттерін жасауға үйрету;

- егер жауабы табылмайтынына не шешімі алынбайтынына көзі жетсе, ондай сұрақтарды немесе мəселелерді сабаққа қоймау;

- материалдың мазмұндық жүйесін, сондай-ақ оқу тəсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймау, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін ол қылықтарды түзету;

- əрдайым пəн аралық байланыстарды пайдалану. Мазмұндық тұрғыдан, сондай-ақ оқу əдістемелерінде барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету;

- оқу əдістемелерінің жетістіктерін пайдалану: оқушылармен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды - логикалық схемасын түзу, білімдерді игеру процесін жеңілдететін шараларды қолдану. Оқу барысында жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отыру жəне жетілдіріп бару;

- қысқа жəне қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі проблемаға орай, сонымен бірге жеке мəселелерді баяндаудан соң да пайдалану, жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болу, сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тəрбиелік) дəріс нəтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идеяларды оқу мазмұнына жəне балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тəрбие процесінің жылдық жоспарына ендіруді алдын ала көздеу.

- өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім мен ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің əрбірінен соң, сабақ барысында іске асып баруы шарт;

- оқушылардың ой өрнектеу тəсілдері мен формаларын бақылап бару, тұрақты əрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйрету. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделеніп барсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасау. Істі, мүмкін болғанша, оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беру.

- оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізу;

- сезімдік тəжірибе мен тірек білімдерді орынсыз əрі жиі жаңғыртуға əуесқой болмау, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріп, əркімге белгілі əшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмау.

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.

Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

- қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеу, ес жүктемесін ойлау əрекетіне кедергі болар дəрежеден арттырмау.

- қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймау, бала əр уақыт саналы игерілген жəне түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын;

- қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды əрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, əмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйрету.

- есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бəрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастау.

- есте болсын, өтілгенді ұмыту процесі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сəйкестендірілуі қажет;

- қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сəйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жұмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды;

- оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сəйкес күш салып, жұмыс істеуге үйрету. еріншектікке жол бермей, тиімді іс-əрекет желісін қалыптастыру;

- алдын-ала оқу процесіне аса қажет екі сапаны – қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамау;

- оқу материалын ұсыну логикасына назар салуды ұмытпау, өзара логикалық байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі;

- оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейінге қалдырмастан оның себебін анықтау. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу процесіне қызығушылықтың болмауы жəне шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіру, оқу барысын жасанды жеделдетпеңіз.

Түсініктілік принципі оқытудың көп ғасырлық тəжірибесі талаптарынан туындайды: бұл, бір жағынан – оқушылардың жастық даму заңдылықтарына байланысты келсе, екінші жағынан – дидактикалық процесті оқушылардың даму деңгейімен сəйкестендіре ұйымдастыру жəне іске асыруға тəуелді. Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау тəсілдеріне сəйкес келген дүниені ғана түсіне алады.

Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер: жеңілден-қиынға, белгіліден-белгісізге, қарапайымнан-күрделіге өту. Қазіргі заман оқу теориясы мен практикасы түсінімін оқытуда міндетті болған ережелер тізімін кеңейте түсті:

- өтілуге тиіс материалдардың бəрі əр жас қабылдауына сəйкес реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;

- оқушы санасы қандай да пəнді қабылдауға дайын болуы қажет екендігін ұмытпау;

- оқыту барысында балалардың табиғи мүмкіндіктерін, олардың дайындығы мен даму деңгейін арқау ету, балалардың өмір тəжірибесін, қызығуларын, бейімділігін, даму ерекшеліктерін зерттеу жəне оқытуда ескеру;

- оқу мазмұны жəне тəсілдері балалар дамуынан бір шама алда жүретіндей болсын;

- оқушылардың əртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға біріктіру;

- оқу процесін тиімді қарқында жүргізу, бірақ күшті оқушыларды аяқтан тартпайтындай, сонымен бірге орташа жəне үлгерімі төмен оқушылардың дамуына тиімді ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру;

- оқу жұмысы белгілі дəрежеде күш салуды қажет етеді. Олай болмаса, балалар жұмыс орындауға дағдылана алмайды. Оқушылар əрдайым өз мүмкіндіктерінен төмен оқу қарқынын қалайды. Осыны ескерумен мұғалім əр оқу ситуациясына сəйкес оқу желісін тиянақты əрі нақты белгілеп барғаны жөн;

- педагогиканың жəне психологияның жаңа жетістіктерін пайдалану: нақты білімдер мен ептіліктерді кіші көлемдегі материалдар жəрдемімен қалыптастырып бару, ал қорытынды білімдерді қалыптастыруда – іріленген білім блоктарын пайдалану;

- сабақ барысында ұқсастықты, салыстыруды, беттестіруді, қайшылықтарды кең қолдану, жаңа жəне күрделі материалды өтуде күшті оқушыларды қатыстыру, ал бекіту жұмыстарына - орташа жəне төмен оқушыларды тарту;

- жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

Ғылымилық принциптің талабы – оқушылар игеруіне ғылым тарапынан анықталған білімдерді ұсыну. Мектептік білімденудің де міндеті осы ғылыми білімдерді игертуге бағытталған. Оқудың ғылымилығы ең алдымен мектеп білімінің мазмұнына жəне оны қалыптастыру принциптерін қатаң ұстануына; мұғалімдердің мазмұнды толық іске асыра алуына тəуелді; қабылданған білімдердің ғылымдық сипаты оқу жоспарларында, бағдарламаларында өрнектелген, пəн аралық байланыстарда іске асып барады. Озат дидактикалық жүйелер практикасы бұл принципті жүзеге келтіретін бірнеше ережелерді пайда еткен:

- оқуды педагогика, психология, əдістеме, педагогикалық тəжірибенің жаңа жетістіктері негізінде жүргізу, оқу процесіне педагогикалық еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырудың жаңа тəсілдерін ендіру;

- оқу дидактикасы мен психологияның соңғы жаңалықтарын ескерумен индуктивті оқыту логикасын ғана емес, сондай-ақ дедуктивті оқу əдісін де орынды пайдалану, дерексізденген (абстракция) түсініктерді қолданудан тартынбау, себебі бұл нақты құбылыстардың тереңдегі мəн-мағынасын түсінуге жəрдемін береді. Бірақ мектеп курсы шеңберінде толық түсінік берілмеген абстракцияларды қолданудан аулақ болыңыз;

- əрқандай жаңа енгізілген ғылыми ұғым, түсінікті жүйелі қайталап отыру, пəнді оқыту барысында қолданып, пайдалану, себебі жаттықтырылмаған білімдер тез ұмытылады;

- ғылыми таным əдісін пайдаланумен, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, балаларды ізденіс, шығармашыл жұмыстарға қосып отыру;

- жаңа идеялар қабылдауды бір сəттік міндет деп білмеу – əрбір құбылысты жаңадан түзіліп жатқан жан-жақты байланыстары жəне қатынастары аумағында қарастыра талдау;

- оқушыларды атақты ғалымдардың өмірбаяндарымен таныстыру мүмкіндіктерін қолдан шығармау, олар енгізген ғылым жаңалықтарын шəкірттерге кең жария ету;

- жаңа ғылыми терминологияны қолдану, ескірген терминдерден сақ болу, оқушыларға жаңа жетістіктердің негізгі идеяларын ашып, ұсыну, оларды жаңа ақпараттарға ден қоюға үйрету, жаңа мəселелерді ұжым болып талқылауды қолдап қуаттау;

- балалардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету. Оларды мүмкін болған жағдайларды пайдаланып, ғылыми-тəжірибе жұмыстарының негіздерімен таныстыру, шығармашылықты қажет еткен мəселелерді шешуде алгоритмдерді пайдалануға жаттықтыру, проблемалармен айналысудың сензитивтік (жас сатысы) кезеңдерін есіңізде ұстау;

- танымдық қызметтен оқушыға жаңалық ашу, табысқа жету, қанағат табу сезімдеріне бөленуге мүмкіндік беру.

Ұнамды көңіл-күй сақтау принципі бала табиғатының дамуы мен оның іс-əрекетіне байланысты туындайды. Ұнамды көңіл-күйден адам жаны нəр алады, ой өрісі сəуелелене түседі, оқу жеңіл, жылдам жəне жағымды сезіммен қабылданады. Егер оқушының кітап оқуға зауқы болмаса, оны ауыр да азапты еңбек сипатында қабылдаса, одан табысты нəтиже күтудің өзі бей-берекетсіз іс. Сондықтан да, оқу баланың ұнамды көңіл-күйін көтеріп, оны қуанышты оқиға ретінде қабылданатын дəріс жұмысына дайындау қажет. Ұнамды қатынас болмаған жерде оқу процесі өз ықпалын жояды. Ықыласы болмаған адамды оқыту – бос əурешілік. Көңілін қорқыныш, өшпенділік, жек көрушілік жайлаған баланы оқыту оның санасына шынайы болмыс деректерін зорлап ендірумен бірдей. Мұндай жолмен қабылданған білім ұзаққа бармай ұмытылады, одан келер пайда болымсыз. Сондықтан педагогтар бар шеберлігін қосып, мектеп оқу еңбегі мен білім тартымдылығын көтеруге ат салысады. Бала жанын сенім шуағымен жылытып, оның алғашқы қадамдарына қолдау көрсетеді. Мектеп өмірін мұғалімдер жарқын да қызықты істер, оқиғалармен толтырып, олардың бəрі балалық шақтың балдəурені секілді оқушы есінде ұзаққа сақталуына негіз қалайды. Оқудың көңіл-күй принципінің талаптары осы. Ал бұл талаптарды іске асыруда мұғалімнің міндеттері:

- əр сабаққа дайындалу барысында оқушылардың ұнамды көңіл-күйін қалыптастыру мен қолдау жолдарын ойластыру. Алдағы оқу жұмысы неғұрлым зеріктіргендей əрқилы болса, оқу материалы неғұрлым құрғақ əрі абстракт келсе, ұнамды эмоциялар пайда етудің барша мүмкіндіктерін іздестіріп бағу;

- сынып босағасын көңіл жадыратар кейіппен аттап, балалармен əзілдесе, оларды жігерлендіре сөз тауып, сабақты бастау;

- демократиялық қарым-қатынас стилін ғана ұстану;

- балалар болмысына, олардың істеріне қызыға қатынас жасап, араласып бару;

- сыныпта қапелімде болып қалатын дау-дамайды əрқашан сабырлы, айқайсыз, тұрпайы жəне намысқа тиер сөздерсіз шешу;

- күдер үзгендей əрі қиын жағдайлардан шығу үшін орайы келген əзіл-қалжыңды пайдалану;

- оқуды əсем, бейнелі, көңілді өткізілуі үшін оқу процесін танымдық ойындар, жарыстар, конкурстар мен сайыстарға толтыра жүргізу;

- кіші оқушының ойлауын оның сезімдері мен толғаныстарынан ажыратпау: оқу-тəрбие процесінің эмоционал көрікті болу қажеттігі - бала ойының даму заңдылықтарынан туындаған талап;

- əрдайымғы көңіл-күй көтеретіндей сəттерден ұнамды эмоционал қалыпта өтетін тұрақты кейіп жағдайларына өту;

- оқу материалдары, оқу əдістері мен танымдық еңбек ұйымдастыру формаларының эмоционалдық молшылығын пайдалану.

Теория мен практиканы байланыстыру принципі негізіне классикалық философияның ақиқат пен танымдық қызметтің дерек көзі – тұрмыс жəне практика екендігі туралы тұжырымы алынған. Орынды ұйымдастырылған тəрбие əрқашан өмірдің өзінен, практикадан бастау алып, онымен тығыз байланыста болады, сонымен өсіп келе жатқан əулетті белсенді тіршілік қамына дайындайды. Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты болуы оқу мазмұнына, оқу-тəрбие процесінің келелі ұйымдастырылуына, оқудың тиімді формалары мен əдістерін пайдалануға, еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа, сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тəуелді келеді.

Оқудың өмірімен ұштастық принципін іске асыру негізі – теориялық тұжырымдар мен озат мектеп ұжымдарының тəжірибесінен туындайды. Осыған байланысты мұғалімнің атқаратын міндеттері:

- мектепте игерілетін білімдердің қажеттігін оларды қоғамдық – тарихи практикамен байланыстыра, оқушыларды сендіре, дəлелдеу, оқу процесін білімнің, оған қоса мектепте алатын құндылықтарының өмірлік қажетті дүние болатынын түсініп, сезетіндей дəрежеде алып бару;

- тұрмыс қажеттерінен - білімге, білімнен өмір қажеттігіне өте отырып, баланы «білім – бай, қуатты тіршілік» қағидасымен тəрбиелеу;

- балаларға қазіргі заманның жаңа технологиялары, өндірістік қатынастары, озат еңбек əдістері жөнінде əңгімелеу;

- оқушыларды өз білімдерін практикада тексеріп, қолдануға табандылықпен үйрету, қоршаған дүниені білім көзі жəне сол білімді қолдану саласы ретінде пайдалану;

- өз жұмысының өмірлік маңызын оқушыға түсіндіріп бере алмайтын бірде бір мұғалім не сабақ болмауы тиіс;

- мектеп пен өндіріс орындарының байланысын пайдалану, оқушылардың өндіріс өкілдерімен қатынастарын оқу-тəрбие жұмыстарының жалғасына айналдыру, бұл үшін «оқу пəні -өндіріс» байланысын ептілікпен бағдарлап, қадағалап бару;

- оқушылармен бірге «тұрмыстық қажет» сипатындағы мəселелер мен жаттығулар түзіп, оларды сабақ материалымен байланыстыра шешуге дағдыландыру. Оқулықты балалар өмірімен ажыралмас бірліктегі қоршаған болмыс деректерімен толықтырып баруды ұмытпау.

- оқуды ауыл, қала, облыс, республиканың нақты болашақ даму жағдаяттарымен ұштастыру, аймақтың келешек дамуына орай кəсіби бағдарлау жұмыстарын өткізіп бару;

- проблемді ізденіс жəне зерттеу тапсырыстары теорияны практикамен байланыстырудың таптырмас құралы. Оларды əрқилы жолдармен пайдалануға тырысу;

- балаларды еңбекке, қоғамдық жəне жеке меншікке саналы да ұнамды қатынас жасауға баули отырып, мұндай қатынас үлгісін мұғалімнің өз бойынан көрсетуі.

Қорытындылай келе, айтарымыз: принциптер əрқашан белгілі жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан күйде іс-əрекетте комплексті, параллель жүзеге асып барады, оларды кезекпен немесе бірінің орындалуымен екіншісіне тізбекті өте, пайдалану мүмкін емес. Принциптер арасында басты не екінші дəрежелісі болмайды, əңгіме тек олардан туындайтын талаптардың ауқымдылығы мен жалқылық дəрежесі жөнінде болуы мүмкін. Барша принциптер өзара кіріге ұштасқан, сондықтан бірінің талаптары, екінші бір принцип талаптарымен мəндік жақындыққа түсіп жатады. Олардың бəрінің де қызметі - бағыттау, оқудың сапалы нəтижелеріне жетудің жолдарын көрсету. Білімдендіру ісін гуманизациялаудың мəні –оқушының тəн-дене жəне ақыл-ес мүмкіндіктерін сақтау жəне дамыта түсу. Сондықтан оқу еңбегінің нəтижесі оған жұмсалған оқушы күш-қуатының деңгейімен салыстырылып, бағаланады. Принциптер баланың табиғи жəне əлеуметтік мүмкіндіктерін, күш салулары мен еңбек нəтижелерін қалыпты мөлшерлеп отырады, егер қандай да себептермен ауытқуға түспесе, олар арасындағы теңдіктің (баланс) сақталғаны.

Табиғи жинақталу принципі –баланың дамуын қабілетін зерттеу

Халықтық принцип – ұлттық мәдениетпен дәстүрлі ана тілін оқытуды ұсынады.

Адамгершілік принципі - әр бір баланың жеке басын қалыптастыруда оның физикалық, эмоциалық, қайырымды, әлеуметтік дамуын,кризистік жағдайда жылы жүзбен қарап көмек көрсетудің негізін қарастырады.

Әлеуметтік жауапкершілік принципі – адамдардың шығармашылықта, білім алуында, қарым-қатынас қанағаттандырады. Ол мынадай жағдай жасауға мысалы, дарынды балалар физикалық әлсіз балалар ойының дамымай қалуынан, мінез-құлықтарда ақаулары бар, жетім балалар, мүгедек балалардың қатыгездік жағдайда қиналған баланың даму жағдайын жасау.

№3Дәріс сабақ

Тақырып:«Әлеуметтiк педагогикалық процесс жене оны жетiлдiрудiң жолдары».

Педагогикалық процесс - күрделі дамушы жүйе. Мақсаттылық және әлеуметтік келісімділік - педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары.

Педагогика ғылым ретінде ол жеке бір тұлғаның немесе қоғамның дамуы, қалыптасуын блім алуын зерттейді. Педагогикалық ғылымның негізгі міндеті ол білім беру, үйрету. Педагогика ол философиямен ғылым ретінде ХҮІІ ғасырда бөлініп шықты. Педагогикалық ғылым басты назарды адам және қоғамды оқыту үшін оқу-тәрбие ісін жандандыруға бөлді. Педагогикалық ғылым әрбір адамға білім береді. Мемлекет даму үшін педагогикалық ғылым өте қажет. Себебі, экономиканы дамыту үшін берілетін білім көлемін ұлғайту қажеттілігі туады. Педагогикалық ғылым мемлекетті ілгері дамыту үшін де қажет.

Ф. Бэкон (1561-1626) педагогика ғылым ретінде ХҮІІ ғасырда қалыптастырды. Я.А. Коменский (1592-1670), ДЖ. Локк (1632-1704), Ж.Ж. Руссо (1712-1778), И.Ф. Гербарт, Дистерверг, Песталоции. М.В. Ломоносов “Риторика”, “Грамматика” деген кітап жазды. К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов педагогиканың дамуына үлес қосты.

Жас ұрпақты өмірге бейімдеуде қоғамның әлеуметтік – экономикалық қажеттілігі экономикалық теорияның пайда болуының және дамуының объективті алғышарты. Педагогиканың ерекше ғылыми білім саласына бөлінуі және оның көрнекті қайраткерлері. Саясат пен қоғамдық идеяның педагогикалық теорияның дамуына әсері. Халық педагогикасының қалыптасуы. Педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі мен орны және оның басқа ғылымдармен байланысы (философия, психология, әлеуметтану және физиология)

Педагогика жеке адамдардың дамуын зерттейді.

Педагогиканың категориялары:

· даму;

· білім;

· білім алу;

· тәлім-тәрбие.

Даму –жеке адамдардың ішкі және сыртқы әлеуметтік және табиғи факторлардың әсерінен қалыптасу процесі

 

 

 
 

 


Білім – ғылыми білімді игере білудің қорытында процесі.

Білім алу – мақсатқа жету жолындағы, оқушы мен мұғалім арасындағы түсіністігі сол жолда адамдардың білім деңгейінің өсуі.

Тәрбие – қоғамдағы адамдардың жеке дамуының оның жақсы жақтары, көзқарасы, сапасына, жеке дамуына әсер етеді.

Педагогиканың зерттеу әдістері:

· педагогикалық бақылау;

· әңгімелесу арқылы зерттеу;

· педагогикалық эксперимент;

· педагогикалық тәжірибені оқыту;

· әлеуметтік әдіс;

· математикалық статистика.

 

 

№4 Дәріс сабақ

Тақырып:«Адамның әлеуметтiк дамуының ерекшелiктерi».

Адам - табиғаттың құрамды бір бөлігі, тірі ағзалардың ұзақ уақыт тарихи дамуының жемісі. Көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов адамның табиғаттағы алатын орнын жоғары бағалаған. Ғалым «адам табиғаттың асқақ туындысы, әрі ол күрделі де нәзік жүйе» - деп, қорытынды жасаған. Адамды табиғаттан мүлде бөліп қарауға болмайды. Біріншіден - оның дене құрылысы, тіршілік әрекеті басқа ағзаларға өте ұксас. Екіншіден - адам қанша саналы болғанымен табиғатсыз өмір сүре алмайды. Адамның әлеуметтік тұлға ретіндегі ерекшеліктері оның ақыл-ой, санасы арқылы айқындалады. Себебі адам - ақыл-ой, санасы арқылы өзін қоршаған табиғи ортаны танып біледі.

Қазіргі кезде адамды түрлі бағытта зерттейтін ғылымдар бар. Ол адам табиғатына ерекше мән береді. Адам табиғаты дегеніміз - адамның жеке басына тән сипаттар жиынтығы. Оны көбіне гуманистік касиеттер жүйесі деп атайды. Гуманизм (лат. humanus -адамгершілік, ізгілік) адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды. Оған адамның еркін дамуын, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру құқығын мойындау жатады. Гуманизмнің басты қағидасы - жеке адам бойындағы құндылықтарды мойындап, олардың жүзеге асуына жағдай жасау.

Адамның саналы тұлға ретінде қалыптасуында еңбектің ролі зор. «Адамды адам еткен - еңбек» деген тұжырым соны толық аңғартады. Адамның пайда болуының өзі тікелей еңбек етуге үйренуімен байланысты. Еңбек әрекеттері арқылы ми мен сезім мүшелерінің кызметі жетіле түсті. Соның нәтижесінде, адамның таным кабілеттері де дамыды. Еңбек етіп, бірімен-бірі қарым-қатынас жасауының арқасын-да сөз пайда болды. Айқын сөз негізгі қарым-қатынас құралына айналып, қоғамның қалыптасуына мүмкіндік туғызды.

«Әлеуметтендіру» ұғымы адамды әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде әр түрлі әлеуметтік бірліктердің (топтар, институт, ұйымдар) түрлеріне интеграциялау, одақтық қауымдастыру.

Әлеуметтендіру – мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Сөз жоқ,әлеуметтендіру жүйесінің мазмұны қоғам талабымен айқындалады, яғни оның мүшелері қоғамның маңызды салаларын білу, өндірістік қызметке қатысу, берік үйелмен, заңды басшылыққа алатын азамат болуы керек. Адамдардың мінез-құлқы әлеуметтендірудің объектісі ретінде қалады. Бірақ, адам бұл процестің объектісі ғана емес, субъектісі болған жағдайда ғана әлеуметтенеді.

Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіруді» адамға тәуелдендірген автор американдық әлеуметтанушы Ф.Г.Гиддин, (1887 ж.) өзінің «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы әлеуметтік өмірге дайындау. Әлеуметтендіру тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді.

Адам -өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әлеуметтендірудің өзіндік мәнді ерекшеліктері болды. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі өз ерекшелігі бар бірнеше сатыдан: балалық, жасӛспірім, есейген, қартайған шақтан тұрады. Әлеуметтендіру процесі балалық және жастық шақта пәрменді әрі қарқынды жүреді.

Әлеуметтендірудің бастапқы сатысында балаларды ересектер әлеміндегі өмірге бейімдеу іске асырады. Бұл жерде басты ролді әлеуметтендірудің бірінші агенттері саналатын ата – аналар атқарады. Осы сатыда ата – аналар мен балалар арасындағы өзара қарым – қатынастар олардың бір – біріне деген жақындық, жауапкершілік ыстық ықылас сезімімен сипатталады, бұл әлеуметтендірудің келесі сатысына шешуші ықпал жасайды. Бұл кезеңде бала ойлау және танымдық дағдыларды меңгереді, күрделі тәртіп ережесінің жүйелерін игереді, мәдени құндылықтар мен нормалардың үлгісімен таныса бастайды, бұлардың мәнін және мазмұнын жақсы түсіне қоймаса да, оларды қолдануға ұмтылады.

Жасөспірім кезеңде (13-19), яғни «күрделі», «ӛтпелі», «қиын», «тұрақсыз» деп саналатын өмір кезеңінде жасөспірімдер мен жас адамдар біршама кең білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды және дүниетанымды қалыптастыруды аяқтайды, өзінің өмірдегі орны мен ролін жақын адамдары арқылы негізінен пайымдайтын болады. Бұл - параллелді құндылықтар мен дүниеге көзқарас жүйесінің қатар пайда болуы, бұлар жас адамға әлеуметтендірудің әр түрлі агентерінен - ата – аналардан, мектептен, құрбы құрдастарынан беріледі. Олар әлеуметтік дүниені әр түрлі түсінеді, бұлар жасөспірімдердің әлеуметтенуін қиындатады. Бұл жерге шындығында да жас адамға қажеттіден гөрі жарқын, сезімге және символға толы іс - әрекеттер тиімді әсер етеді. Мұндай жағдай жастардан адамгершілік бағалары мен бағдарларды тұрақты ізденуді талап етеді, өйткені сезімдік жағдай тұрақсыз және ұзаққа бармайды. Нәтижесінде жасөспірім толқиды, өзінде сенімсіздік пайда болады, ақырында қателікке ұрынады. Ең соңында әлеуметтенушылар әлеуметтендіру сатысының жасӛспірімдерге тән тағы бір ерекшелігін атап көрсетіп жүр.

Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында оның белсенділігі артады, мұны әркім өз қалауынша жеке өміріне және сыртқы жағдайларға сәйкестендіре бастайды, индивид экономикалық әлеуметтік және моральдық – психологиялық тұрғыдан тәуелсіздік алады, саяси жағынан пісіп жетіледі. Бұл өзін өмір сүруіне қажетті заттармен қамтамасыз ету қабілетінен крінеді және өзгелерден тәуелсіз, өз отбасымен тапқан материалдық игіліктерді пайдаланудан өз бетінше өмір салтын құрудан, ата –анасынан тәуелсіз өмір сүруден, некеге отырудан, заң алдында жауапкершілікті болудан, сайлауға қатысудан және тағы басқа әрекеттерден байқалады.

Адам қартайғанда, яғни әлеуметендіру процесінің аяқталар кезеңінде олардың жасының ұлғаюына және зейнеткерлікке шығуына, сонымен бірге адамдардың күш – қайраты мейлінше қатып, қауқарсыз күйге түсуі мен психикалық мүмкіндіктерінің төмендеуіне байланысты әлеуметтендіру өзінің ауқымы мен қарқынын күрт төмендетіп қана қоймайды, сондай – ақ ол енжар формаға айналады. Бұл олардың негізінен алғанда жаңа жағдайға қалай бейімделе бастағанынан айқын кӛрінеді. Ең алдымен егде тартқан адамдар өздерінің күш – қуатын, білімін, тәжірибесін бұрынғы деңгейде қолданудың мүмкіндіктерін іздестіруге тырысады және басқа да мүмкіндіктерін сарқа пайдалану арқылы қоғамға қызмет етуді жалғастыра бергісі келеді.

 

№5 Дәріс сабақ

Тақырып: «Әлеуметтік тәрбие мәнi мен мазмұны».

"Тәрбие" терминiн әрдайым тар мақанада "тәрбиешi тәрбиелейдi, кең мақынада өмiр тәрбиелейдi" деп қолданады. Тәрбие - көптiң iсi. Сондықтан тәрбие мәселелерiмен кәсiп - одақ ұйымдары, еңбек ұжымдары, әлеуметтiк орта, мектеп пен ата - ана, бүкiл жұртшылық болып айналысады. Тәрбие арқылы және адамның дүниеге ғылыми - материалистiк көзқарасы, мiнез - құлықтық, эстетикалық және осы сияқты қасиеттерi қалыптасады.

Әлеуметтік тәрбие – қоғамға қамқорлық болашақ ұрпаққа, қоғамдарда адамдарды көтермелеу, ұжыммен басқа адамдардың өнегелі қоғамдық қабылдауы, жанұяда қоғамда болған, экономикалық және азаматтық тұрмыстық. Адамға көмек беру – бұл өмірінде жаңа жол табуына үйрету, жаңа өмірлік жағдайларға дайын тұрды. Тәрбие ол баланы трең түсіну жетістікке жету үшін баланы білуіміз керек, бақылай білуіміз керек. Оның істеген қылығына анализ жасай білуіміз керек, бала өмір сүретін ортаны түсіну. Әлеуметтік тәрбие ол адамға көмектесу процестегі дамуына, жетістікке жетуіне, қоғамдық қарым-қатынасты бағдарлай білуін білдіреді. Әлеуметтік тәрбие жанұяда, мектепте барлықбілім беруде еңбек етеді. Әлеуметтік жұмыс термині адамға, топқа көмек көрсетуді оның әлеуметтік жағдайын жақсартуда оның кәсіби қызметін білдіреді.

Әлеуметтік тәрбие беру ісі – тәрбиеленушіде болатын туа біткен мінез-құлықты, тұқым қуалаушылық қасиеттерді қажет жағдайда өзгерту керек деген мақсатта жұмыс жасайды. Бұл тәрбие түрі көбінесе, жас жеткіншекке көтерілу, жандану, белгілі бір дәрежеге жету сияқты алға ұмтылушылық, оптимистік көзқарасты үйретеді. Тәрбиенің мұндай түрі, көбінесе оқу орнына жаңа келген жеткіншекті сол ортаға бейімдеуде көп мүмкіндік береді.

Жеке адамдарды қалыптастыру және оны әлеуметтендіру әлеуметтік тәрбиемен байланысты. Әлеуметтік тәрбие дегеніміз не? Бұл қоғамдағы өсіп келе жатқан ұрпақты қамқорлыққа алу. Қазақстандағы тәрбиелеу адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын қадағалайды. Физикалық, психикалық әлеуметтік даму қоғамдық, мемлекеттік және жеке оқу тәрбие орындарында құрылады. Бұл құрылым әлеуметтік қараусыз қалған жанұялармен балалардың дамуына бағытталған көмек; балалардытәрбиелеуде адамдар мен табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, кризистік жағдайда жанұямен балаларға көмек; әлеуметтік тәрбие білім мен оқумен баланың өзіндік білім алуымен тығыз байланысты.

Әлеуметтік тәрбие

           
 
Мақсаты
 
Міндеті
 
Түрлері
Мәні
Жеке адамдарды қалыптастыру және оны әлеумет тендіру
Қоғамдағы өсіп келе жат-қан ұрпақты қамқорлыққа алу
Бұл құрылым әлеуметтік қараусыз жанұямен балалардың дамуына бағытталған көмек
Жеке басына көмек, қорғану құқығы

 


Әлеуметтік тәрбиені қалай ұйымдастыру керек?

Бірінші тапсырма болып тұлғаның жеке басына көмек.

1. Оны кризистік жағдайларда, мысалы: жанұяда, мектепте, баланың денсаулығын, физикалық, психикалық және баланың әлеуметтік жағдайын қалпына келтіру.

2. Оның қоғамдық өміріндегі профессионалды өзіндік анықтаудың қорғану құқығын ұйымдастыру оның әлеуметтік, физикалық, танымдық, шығармашылық жұмысында, денсаулығын қорғауға алуды ұйымдастыру.

Жеткіншектер бозбалалар мен бойжеткендер өмірінде өзіндік шешімге келудегі көмектестіруді ұйымдастыру.

Әлеуметтік тәрбиеге анализ жасай отырып, педагог баланың жеке басын қалыптастыруда:

· табиғат пен ана тілі;

· жанұядағы, мектептегі, қоршаған ортадағы қарым-қатынас оның іс-әрекеті;

· БАҚ, әдебиет өнер;

· Балалардың өз өмірі мақсатқа жету жоспары, кіші қоғамдағы баланың орындайтын ролі.

 

№6 Дәріс сабақ

Тақырып: «Отбасы-тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың