Жанжалды шешудің стратегиялары

Қақтығыстарды реттеу механизмінде гуманитарлық операциялардың рөлі артуда. Бірақ та бұл термин мәні толық ашылған жоқ.

Ақпарат элементі рөлі де өсіп келеді. Ол тек конфликттерді реттеу механизмінде ғана емес, сонымен қатар оны тездетуге де әсер етеді. Мысалы, Си-Эн-Н телеарнасында әскери қақтығыс жайлы бейнематериал көрсетсе, қоғам мен мемлекет басшылары бұл қақтығыс жайлы ойларын сол материал арқылы ғана елестетеді.

Құқықтық элемент өзінің басынан қиын матаморфоздық жағдайды өткеруде:бұл дегеніміз соңғы кезде БҰҰ мен оның Қауіпсіздік Кеңесінің рөлі әлсіреді, ондағы заңдар әлемдік өзгерістерге ілесе алмайды.

Қақтығысты ескеру мен реттеуде әскери элементтің маңызы зор. Осы ретте әскери міндеттің төрт деңгейін көрсеткміз. Біріншіден, әскери операцияға қатысу. Бұл міндеттің шешілуі қарулы күштерді бақылау келісімін және бейбіт мақсаттағы операциялардағы жүргізуді қолдаумен байланысты. Екінші міндет – жергілікті азаматтық әкімшілікке көмектесу, сол аймақтағы тәртіпті қамтамасыз ету, материалдық-техникалық инфрастуктураны қолдауға қызмет көрсету, шекараны сақтау, есірткі бизнесімен және терроризммен күресу. Үшінші міндет- табиғи апат жағдайында халыққа гуманитарлық көмек көрсету, жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, босқындарға қол ұшын беру. Төртінші міндет біржақты әскери операцияны іске асыру мен байланысты, халықты күштеп ұстап отырған басшыдан азат ету.

Соңғы жылдардағы саяси тәжірибе көрсеткендей бейбіт мақсаттағы операциялар маңызды рөл атқарады. Оның құрамына:

-бейбітшілік орнату-дипломатиялық әрекеттер, делдалдық немесе келісімдер арқылы қақтығысқа қатысушыларын бейбіт келісімге келтіру;

-бейбітшілікті қолдау-әскери сипатқа ие емес операциялар, екі жақтың қол жеткізген келісім;

-бебітшілікке көндіру-әскери операциялар немесе күш көрсетулер арқылы жауласушы жақтарды келісімге келтіру;

-бебітшілікті құру-әскери әрекеттерден кейін сол аймақта экономикалық және саяси тұрақтылықты сақтау кіреді.

40(57). Келіссөз, арбитраж, кеңес беру және қысым жанжалды шешу тәсілі ретінде. Сипаттама беріңіз:Келіссөздер термині адамдардың белгілі-бір мәселені талқылауы,кей әрекеттерді келісіп шешуі,даулы сұрақтарды шешуі,бір нәрсе жайында сөз байласуы сияқты әр алуан жағдайларды белгілеу мақсатында қолданылады.Қақтығыстарды шешуде қолданылатын өзге тәсілдермен салыстырғанда келіссөздердің артықшылықтары мынада:-келіссөздер жүргізу баысында екі жақты тікелей қарым-қатынас қалыптасады;- қақтығысқа қатысушылар өз қарым-қатынасының әр алуан аспектілерін жан-жақты бақылауға,уақытша шектеулер мен талқылаудың шегін белгілеуге,келіссөздер барысында және оның нәтижесіне ықпал етуге,келісімінің шегін анықтауға мүмкіндігі бар;-келіссөдерге қатысушылардың қарым-қатынасының ерекшелігі сол,құпиялықты сақтауға мүмкіндік береді.Келіссөздердің маңызды ерекшеліктерінің бірі- оған қатысушы адамдардың арасында тығыз қарым қатынас орнап барлық күш ортақ шешім табуға бағытталады.Арбитраж:жалпы түрде арбитраж қақтығысты бұрыннан орнатылған нормалар арқылы шешумен сипатталады.Ереже бойынша қатысушылардың шешімді қабылдаудағы үлесі үлкен емес.Шешімді арбитр қабылдайды және қақтығыстың шығу негізін жан-жақты зерттейді.Қатысушылар зерттеу барысына өз пайдасына орай ықпал ете алады,бірақ соттық іс жүргізу ережесі бойынша олар нақты жағдайды анықтауда шынайы түрде атсалысуы қажет.Арбитраждың шешімінен кейін қақтығысқа түсуші жақтар ренжіген,жеңілген жақ болып бөлінеді.Себебі мұнда шешімді талқылау барысы жүргізілмейді.Ескерту.Бұл- қақтығыс нақты және шынайы шешудегі дәтүрлі теориялық тәсіл. Сонымен бірге арбитраж формасы мәдени ұстамдылық қызметін атқарып, екі жақты уақытша шешім қабылдаудан босату арқылы шешім табуға ықпал етеді.Арбитраж –жергілікті ресурстар пайда болғанға дейін мәселені кейінге қалдырудың мәдени формасы.Кеңес беру.Берілген үлгі бір жақтың кеңесші арқылы қақтығысты нәтижелі шешуге ұмтылуын білдіреді.Бұл тәсіл жанама түрде жүргізілетіндіктен кеңесші мәселені толығымен шеше алмайды.Ол қақтығыстың брысына араласпайды,талқылауға қатыспайды.Бірақ сондада қақтығысушы тараптар қиналған жағдайда кеңесшінің көмегіне жүгінеді.Кемшілігі-кеңес беру қызметі қақтығысты шиеленістіре түседі,себебі кеңесші қолдануына жауап ретінде қарсылас тарап өз ұстанымын күшейте береді.Негізгі қағидасы –кеңесшінің өз клиентінің мүддесіне сай қызмет көрсетуі.Кеңесші жалдаған тарап одан көмек күтінетіндіктен ,кеңесшінің қызмет этикасы негізінде ол мүддеге сай қызмет көрсетуге міндетті.Кеңес беру тәсілінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.Артықшылығы-өз қақтығыстарын талқылауда адамдардың талпынысы ынталандырылады.Бұл ең алдымен жеке нәтижелікті жоғарылатады.Кемшіліктеріне кеңес алу арқылы екі тараптың қақтығыста өз күштерін арттыра түсу нәтижелігін жатқызуға болады.Мысалы:балалрға кеңес берумен үлкендерге кеңесберудің айырмашылығы бар.Үлкендердің көз қарасымен қарағанда олардың қақтығыс жайлы түсінігі аз.Бірақ балалардың қақтығыс жайлы өзінің балалық пікірі бар,соған сәйкес оны шешудің өзіндік ресурстарына де ие деген сөз.Балалрдың кеңес сұрауы оладың қақтығысты шешудегі басты ресурсы ретінде танылады:олар көпшілік балалар секілді көмек кеңес сұрайды.Көмек сұраудың басты нәтижелігі сұрақтарды дұрыс қиыстыра білуінде жатыр.Қысым.Қысым қақтығысқа біржақтың қақтығысты екінші жақ арқылы жоюы болып табылады «Адам жоқ жерде мәселе де жоқ» деген қағида кез келген қысым техникасы және технологиясында ең соңғы ұстаным ретінде бейнеленеді.Қағидалық қысым кедергілер келтіру арқылы екінші жақты жою мақсатын көздейді.Алайда қысым( ашық,жабық)қақтығысты шешудегі қоғамдық кінәлауға ұшыраған үлгі ретінде бағаланады,бірақ ол-кең тараған тәсілдердің бірі.Қысым « мүдде негізінде келіссөз жүргізіудің»қарама-қарсы амалы.Негізгі қағидалары:-қысым күштен басқа дәлелдемелерді қабылдамайды.Күштің көмегімен ең қарапайым тәсіл арқылы өз мүддеңді жүзеге асыруға болады,егер екінші жақ тарапынан қарама-қарсы қысым мен ресурс пайда болмаса.-қысым өз табиғатына даулы мәселе.Мұнда діни моральдық дилемма шығуы мүмкін:егер мен күш қолдансам мені айыптайды,егер мен күш қлданбасам жеңіліп қаламын деген ой қалыптасады.

41. Жанжалды болдырмаудың қиындықтары мен оларды ескерту жолдарын атаңыз және анықтама беріңіз:Қақтығысты болдырмау айтарлықтай шығындарды ( материалдық,уақыт,эмоционалдық )талап етеді.Осыған орай ,мекемелерде қақтығысты болдырмау және ескерту жөнінде жұмыстар жүргізіледі.Ол қақтығыстың пайда болу себептерін жояды.Қақтығыстың алдын алу дегеніміз-қақтығыс тудыратын факторлерді алдын ала тан,әлсірету немесе жою сондай жолмен олардың пайда болу мүмкіндігі мен болашақта дамуын болдырмау.Қақтығыстыңалдын алу мүмкіндігін төмендетіп оларды белгілі бір арнаға бұруға кедергі келтіретін бірнеше кедергілер болады.1.Бұл кедергі адамның бостандыққа , тәуелсіздікке талпынуымен сипатталатын психологиялық табиғатымен байланысты.Осыған орай адамдарың қарым қатынасына араласуды олардың бостандығы мен тәуелсіздігін шектеуге талпыну деп түсініп,оны жағымсыз қабылдайды.2.Адамдардың қарым-қатынасын реттейтін жалпы адамгершілік нормаларының болуы.Осыдан барып адамдар өздерінің мінез-құлқын жеке шаруасы деп қарастырып оған,үшінші адамның араласуын адамгершілік нормасының бұзылуы деп санайды.3.Бұл кедергінің құқықтық сипаты бар.Бір қатар демократиялық елдерде кейбір адамгершілік нормалары адамның бостандығымен негізгі құқықтарын қорғайтын құқықтық норма негізіне ие болады.Олардың бұзылуы құқыққа қарсы деп есептеледі,кейбір елдерде фирмаларға қызметкерлердің жеке өміріне араласуға тиым салатын арнайы заң ережелері бар.Сондықтан жанжалдың алдын алу қызметі тек:психологиялық,адамагершілік,адамдардың ара қатнасын реттейтін құқықтық талаптар бойынша жүргізіледі.Қақтығыстың алдын алу болашақта болатын қақтығыс құрылымының элементі бола алатын әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға әсерінен көрінеді.Қақтығыстың алдын-алудың құралдарының бірі ынтымақтастықты арттыру.Бұл мәселені шешу әлеуметтік психологиялық,ұйымдастыру басқарушылық,және моральдық – этикалық сипатта болады.

42.Стресс түсінігі, шығу себептері мен түрлері. Өндірістік жағдайлардағы стрестің алдын-алу мәселелерін түсіндіріңіз. Біздің өмірдің шапшаңдығы күн өткен сайын жеделдетіп кележатыр, осы жағдайда адамдар қоршаған ортасына бейімделе отырып, эмоционалды тепе-теңдікті сақтауы қиынға түсуде. Адам ағзасы өз күшін қалпына келтіріп үлгермеуде, сол себеппен адамның барлық он екі мүшесі күнделікті күйзелісті сезінуде. Әрине күнделікті бұндай өмір барлық адамдардың бір күні күшібітіп, соның әсерінен жүйке жүйесі тозады. Міне сондықтан стресс туралы мәлімет біздің заманымызда өте қажет. Стресс күйін зерттеу мынағалымдардың өмірінде орыналған: Селье, Самоукина, Кеннон, Касл, Купер, Маршалл, Альбрехт, Вейтен Ллойд жәнет.б. «Стресс»- түсінігін Канадалық физиолог Ганс Сельеенгізген. Олстрессті: «Адам ағзасының кез-келген талабына өзіндік ерекшілігі жоқ (неспецифический) жауабы»,- деп түсіндерген. Бұл анықтаманы түсінуүшін біз «неспецифический» (өзіндікерекшелігіжоқ) деген сөзді түсінуіміз керек.Ағзаға қойылған әрталаптың өзерекшелігі бар. Мысалы: Суық күнде біз көпжылу бөлу үшін дірілдейміз, қантамырлары тарылып, тері сыртына жылу бөлінуі азайады. Күн ыстықта бізтерлейміз, теріміздің булануы арқылы біз салқындаймыз. Сол сияқты белгілі дәрілерді ішу арқылы біз оның ерекшелігін біле отырып, сол дәрінің әсерін сезінеміз: Осылардың бәрі «специфический» яғни ерекшелігі бар болып табылса, ерекшелігі жоқ «неспецифический» өзгерісті талап етеді талаптың өзіндік ерекшелігі жоқ, қандай болмасын туындаған қиындыққа бейімделу болып табылады. Сол өзгерістері орындау арқылы біз өзіміздің қалыпты жағдайымызды орнына келтіреміз. Стресс болған кезде олжағдай жағымдыне жағымсыз екені маңызды емес. Бұл жағдайдың қажеттілік өзгері және бейімделу маңызды болып табылады Селье былай деген: «Стресс-жүйкенің қысымығана емес» осы саланың маманы болмаса да көптеген ғалымдар биологиялық стрессті жүйкенің шаршауынан немесе эмоцияның қатты қозуынан деп түсіндіреді, бірақ бұл олай емес. Психологиялық және психопатиялық аспектілерде биологиялық стрессті зерттеген белгілі ағылшын докторы Дж Мейсон. Эмоциялық қозу өмірге деген қорқыныштудыратын кезде немесе өмірлік басқа да жағдайға байланысты стресс туғанда бұған жауапты физикалық күй болып табылады-деп айтқан. Жүйкежүйесі жоғары дамыған адамдар эмоциялық күйзеліс жиі болғандықтан, олада стресске өте жақын болады, бірақ стресстік күйді жүйке жүйесі жоқ жануарлар және өсімдіктер де сезеді. Көп адамдар стрессжағымсыз жағдайлардың нәтижесі деп түсінеді, бірақ Селье олай демейді. Басында біз айтқандай бұл жерде жағымды немесе жағымсыз жағдай маңызды емес. Осыған байланысты стресс күйінкез-келген эмоционалдық әсерден алуға болады.

43. Келіссөздер жүргізудің стратегиясы және келіссөздер динамикасын түсіндіріңіз: Келіссөздер жүргізу халықаралық қатынастардағы ерекше орны бар ғылым. Келіссөздер жүргізу техникасын меңгеру, келіссөздердің стратегиясын, тактикасын анықтау мемлекет аралық қатынастардың жүзеге асуына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге, келіссөздерді жүргізу барысында құпия ақпаратты сақтау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, құпия мәселелер жөніндегі келіссөздерді дайындау мен өткізу, олардың нәтижелерін рәсімдеуде кейбір ережелерлдің сақталуы міндетті. Кілтті сөздер: келіссөздер, мекеме, референт, келісім-шарт, конференция, ақпарат. Келіссөздер - ең көне саяси тәжірибелердің бірі. Келіссөздер дегенде ғасырлар бойғы сан қилы соғыстар, мемлекеттердің коалициясы, империялардың күйреуі көзге елестейді. Саяси келіссөздер саяси тарихтың бөлінбес бөлігі. Бұл ұғым қоғамның дамуымен бірге пайда болып тамыры өте терең кетеді. Келіссөз латынның negotians – саудагер деген сөзінен шыққан. Осыдан-ақ келіссөз жүргізушілердің іс әрекетінің коммерсанттар іс әрекетімен ұқсастығын байқаймыз. Келіссөздер саяси билік, құқық және күш ұғымдарымен тығыз байланысты. Н. Макиавелли және К билікті және күшті жаулап алудың құралы, яғни билік үшін соғысты басқаша әдіспен жалғастыру деді. «Келіссөздер» термині бүгінгі таңда дипломатияда және халықаралыққатынастар саласында кеңінен орын алады. Халықаралық келіссөздертарихы дегеніміздің өзі – дипломатия тарихы болып табылады. Ж.Ш.Руссо келіссөздер- монархтардың ұрысы деген анықтама береді. Шындығында да әлемдік саясатқа елеулі өзгерістер әкелген келіссөздер саяси қақтығыстардың, айлакер, қулықтың, сансыз интригалардың тоғысуы нәтижесінде жүзеге асты. Мысалы: вена конгресі, Версаль шарты, Ялта конференциясы, Хельсинкийкелісімі.Сондықтан саяси келіссөздер дегеніміз тараптардың шиеленісті жағдайдағы саяси келісімге келуі, өнері мен ғылымы десек те болады. Енді осы келіссөздерді ұйымдастырудағы және жүргізудегі ерекшеліктерге тоқталайық.Өндірістік құрылымдарда және кейбір ұсақ мемлекеттік кәсіпорындарда (кейін – мекеме) жиналыстарды және келіссөздерді жүргізуді ұйымдастырудың жалпы мәселелері хатшы-референттің қызметтік міндеттемелерінің шеңберіне кіреді. Келіссөздерге дайындық процесінде, біріншіден, келіссөз жүргізу жоспарланған екінші ұйым немесе мекеме мүдделері зерттеледі. Егер бұл мекеме белгілі емес болса, қате әріптес немесе клиент таңдап қалмау үшін ол туралы толық ақпарат жинаған жөн. Келіссөздерді жүргізуге дайындық жұмыстары келіссөздер жоспарын құруды, келіссөздерде қолдануға болатын құпия ақпарат құрамын анықтауды талап етеді. Осы кезеңде хабарланатын мәліметтер коммерциялық немесе өндірістік құпияны қамтымау тиіс.Келіссөздерге қатысатын мекеме қызметкерлеріне талқылауда құпия ақпаратты қолдануға, келіссөздердің қалайтын нәтижелерін айтуға және өзге әріптестермен осындай келіссөздердің нәтижелері жөнінде сөз қозғауға болмайды. Келіссөздердің ресми емес бөлігінде талқылаудың барысы мен мазмұны жайлы әңгімелесуге жол берілмейді. Келіссөздерді жүргізгенде, әріптес сұраған ақпаратты толық көлемде беруге болмайды. Алдымен, бұл мәліметтің оған не үшін керек екендігін және осы мәліметті білуі онымен кейінгі әріптестікке қалай әсер етуі мүмкін екендігін білген дұрыс. Келіссөздердің осы кезеңінде сұрақтарға жауап қысқа да, нұсқа

болу керек («иә және жоқ», «істей аламыз және істей алмаймыз»). Алайда қарым-қатынастардың заңды түрде рәсімделуі мен әріптестердің,клиенттердің құпия мәліметтерді таратпау туралы міндеттемелерге қол қоюларынан кейін, олар келісім-шарт мазмұнымен толық таныса алады. Келіссөздер нәтижесінде келісім-шартта құнды және аса құпия ақпаратты сақтау туралы жақтардың міндеттері, жақтардың өзара келісімінсіз ақпараттың үшінші жаққа берілмеуі, қызметкерлердің шектеулі санының келісім мазмұнымен таныса алатындығы көрсетіледі. Және бұл қызметкерлер алдымен құпия алынған мәліметтерді сақтау туралы міндеттемелерге қол қою тиіс.Коммерциялық тәжірибеде келіссөз жүргізу орны болып әдетте тұрақты немесе уақытша сауда және сауда-өндірістік көрмелер мен жәрмеңкелер таңдалынады. Хатшы-референт келіссөздер барысында құнды ақпаратты сақтау тәртібін біліп алады, қатысушыларды хабардар етеді және бекітілген ережелердің сақталуын бақылайды.Кез келген көрме, бір жағынан, кәсіп үшін маңызды ақпарат көзі, тауарлар нарығын маркетингтік зерттеудің объектісі болып табылады. Екінші жағынан, ақпараттың тысқа кетуінің қауіпті каналы болады.__

44. Ұйымдастырушылық жанжал дегеніміз не және оны шешу жолдарын атаңыз:Ұйымдастырушылық қақтығы-бұл қызығушылық ,әрекет нормасы және құндылықтардың қайшы келуінен пайда болатын,қатысушыларының біріне қарама-қарсы бағытталған әректінің соқтығысуы.Олар формальды ұйымдастырушылық негізбен ұжым мүшесінің нақты әрекеті бір-бірімен сәйкес келмегенде пайда болады.Оған төмендегілер жатады:1.Жұмысшы ұйым талаптарвһын орындамағанда.Мысалы:еңбек тәртібін бұзу,өз міндеттерін жауапты орындамау және т.б;2.Жұмысшыга койылытын талап нақта болмағанда.Мысалы:қызметтік инструкцияның сапасы төмен болу,қызметтік міндеттердің жоспарланбай бөлінуі және т.б;3.Қызметтік міндеттер болғанда мұндай жағдайда қақтығыстың шығу себебі жұмыс сапасы емес.Мысалы,ревизор,бағалаушы,бақылаушы қызмет атқару.Ұйымдастырушылық қақтығыста проблемалар көбіне ұйым мен қызмет жағдайлармен байланысты болады.Құрал-жабдықтар жағдайы ,жоспарлау және техникалық құжаттар,жалақы, «үздік»және «нашар» бағасының әділеттілігі,тапсырмаларды бөлужәне т.б жағдай айқындайды. Кез – келген ұйымның өмір сүруі мен дамуында қарама – қайшылықтардың туындауы мен оларды шешуімен және қандай да бір ішкі және сыртқы күрестерімен сипатталынады. Кейбір кезде қарама – қайшылықтар соншалықты өткір, қарама- қарсы бағыттарында, мақсаттарында қызығушылық және екі немесе одан да көп адамдардың көз - қарастарында қақтығыс соқтығысына әкелуі мүмкін. Бұндай жағдайларда, қақтығыс – қарсы күрес, қорғанушылық болып сипатталады немесе сондай бейнеде болады. Сондықтан да, мұндай жағдайларды дер кезінде тоқтату және мүмкіндігінше алыстату қажет, себебі мұндай жағдай кәсіпорын тұрақтылығы үшін өте қауіпті. Алайда, қақтығыс болуының басқа да көз – қарасы бар, соған байланысты қақтығыстың даму процесінің қарым – қатынасы бола алады. Бұл көз – қарасқа сүйенетіндер тартысты ұстап тұру оның дамуына қарағанда әлдеқайда жаман және күрделі деп ойлайды, ал тартыстың өзі кәсіпорын дамуында бірқатар артықшылықтарғы ие.Осылайша, мамандар ұйымды басқаруда кейбір кезде қақтығыстардың тиімділігін мойындайды, яғни қақтығыстар болуы мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажетті, себебі, әртүрлі көз – қарастарды естуге, көптеген мәселелерді және оларды шешу нұсқаларын, тағы басқаны көруге көмек береді. Мәселен, бірге еңбек етуде емес, яғни басшы мен жұмысшылар арасындағы өз көз – қарастарын айту және тиімді шешім қабылдау мүмкіндігінде. Мұндай тұжырымдамалардың соқтығысы дау – жанжал болып табылады, бірақ ол қиратушы емес (деструктивті) керісінше орнықтырушы (конструктивті) болып келед.Қақтығыстарды шешу үшін – кез келген әдістерді қолдануға болады. Басшы мен өзге жұмысшылар тобының нақты жағдайға тәуелді болу керек, ашып айтқанда себептері, қақтығыс нәрсесі, қатысушылардың жеке бас өзгешеліктері. Қақтығыстарды шешу әр жағдайда іске жеке қаралады.

45. Өндірістік жанжал және оның түрлерін атаңыз, сипаттама беріңіз:Өндірістік қақтығыс-бұл өндірістік еңбек ұжымындағы қарым-қатынастардың қайшылықтарын ашық көрсетудің арнайы түрлері.Өндірістік қақтығыстар барлық денгейдеде жүреді.Өндірістік қақтығыстың келесі түрлерін бөлуге болады:1.Кіші өндірістік топтар ішіндегі қақтығыстар (топішілік қақтығыс):-қатардағы жұмысшылар арасындағы қақтығы;-басшымен бағынышты арасындағы қақтығыс;-әр түрлі квалификациядағы,әртүрлі жастағы жұмысшылар арасындағы қақтығыс;2.Кіші өндірістік топтар арасындағы қақтығыс (топаралық қақтығыс).3.Өндірістік топтар мен әкімшілік басқару аппараты арасындағы қақтығыс.4.Мекеменің біріккен иелері арасындағы қақтығыс.Өндірістік қақтығыс бірге қызмет ететін кіщі топтарда,бригадаларда,бөлімдерде,адамдар арасында туындайды.Олар үшін мақсаттар мен мүдделер қызметі мен рөлдерін ішкі жіктелуі сипаттары тән;Олар әрқашан тікелей өзара әрекет пен өзара байланыста болады.Қарапайым қатардағы жұмысшылар арасындағы қақтығыс бұл-бірдей лауазымдағы бір бөлім қызметкерлері болуы мүмкін,бірақ қызмет барысында өсу үшін және жоғары айлық алу үшін ұмтылады және бәсекелестікке келеді.Мысалы,бір бөлім қызметкерлері өз басшыларының алдында жақсы әсер қалдырып,ұнау үшін өзара бәсекелестікке түседі,Сырт көзге олардың қарым қатынасы сыпайы көрінгенімен,ішкі тұнғиығында әрбірі екіншісіне «күшті соққы»-беруге дайын,олардағы күрес бүркемеленген және әр түрлі тәсілдермен жүреді.Олар:өткір ишара білдіру,өзгелер алдында өзінің жұмысқа берілгендігін жауапкершілігін көрсетуге ұмтыла отырып ,жақсы әсер қалдыруға тырысу.Қақтығыстың шығу себебі қызметкерлердің мүдделерінің сәйкес келмеуін айтуға болады.Қақтығыс біріккен еңбек қызметі аясында серіктестердің өз мақсаттарына жету кезіндегі тосқауылдарға реакция ретінде туындайды ,мысалы өндірістік тапсырмалардың(тиімді,тиімсіз)бөлінуінен ,сыйақылар дұрыс бөлінбей қалуы ,демалыс кестесіне қанағаттанбау және т.б.Кіші топтардың мүшелерінің мінез-құлқын ұжымдағы нормаларға сәйкес емес деп қабылдауынан да қақтығыс туындалуы мүмкін.Өндірістік қақтығыстың тағы бір себебі ,ұжымның қызмет жағдайын ұнантпайтын басшының жұмыс стилі,оның өндірістік талаптары болуы мүмкін.Бұл жағдай егер жеке мүдделері мен мақсаттарына жұмыс істейтін ұжымға талап қойғыш,қатал басшы келседе туындауы мүмкін.

46(59). Ұйымдағы билік мәселесіне байланысты жанжалдың туындауы түсіндіріңіз және оны шешу жолдарын атаңыз: Қазіргі уақытта ұйымның нарықтық ортада өмір сүруі, қызмет етуі қимылдылығымен, бірқалыпты еместілігімен және болжамсыздығымен сипатталады. Сол себептен, ұйымның өмір сүру және дамуының ең басты шарты ол – қоршаған ортаға бейімделу және сол ортадағы өзгерістерге қалыптасуы болып табылады.Жалпылама ұйым неғұрлым күрделірек және сыртқы орта неғұрлым жылдамдырақ болса, сол себепті қарым – қатынасы мен тәуелділігі күрделірек және басқаруы қимылды және икемді болуы тиіс. Ұйымда бейдағдарыстық басқарудың осындай шарттарда қалыптасуы менеджердің ұйымдық үрдістерді қажетті тұрақтылықпен қамтамасыз етуі елеулі орын алады. Кез – келген ұйымның өмір сүруі, дамуы қайшылықтардың туындауы мен және ұйымның сол қайшылықтарға байланысты ішкі, сыртқы күрестерімен сипатталынады. Кейбір жағдайларда қайшылықтар соншалықты өткір және тұлғалық соқтығысқа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, қайшылыққа қарсы күрес, қорғанушылық сипатта болады. Сондықтан да, бұған ұқсас жағдайларда дер кезінде қажетті жауап жасай білу керек, себебі мұндай жағдай кәсіпорын тұрақтылығы үшін өте қауіпті. Сонымен қатар, мамандар ұйымды басқаруда кейбір кезде қақтығыс яғни қайшылықтардың тиімділігін мойындайды, яғни қақтығыстар болуы мүмкін ғана емес, сонымен қатар қажетті де, себебі, әртүрлі көз – қарастарды естуге, көптеген мәселелерді және оларды шешу нұсқаларын, тағы басқаны көруге көмек береді. Мәселен, бірге еңбек етуде емес, яғни басшы мен қызметкерлер арасындағы өз ойларын айту және тиімді шешім қабылдау мүмкіндігінде. Мұндай тұжырым соңы дау – жанжал болып табылады, бірақ ол қиратушы емес (деструктивті) керісінше орнықтырушы (конструктивті) болып келеді.Дау – жанжалдың конструктивті және деструктивті түрлерін дәл анықтау қиындық туғызады. Ол позитив және негатив функцияларын атқаруы мүмкін, сонымен қатар ол теріс және оң жағдай салдарымен байланысты. Сонымен қатар, ұйым топтарында қажетті қақтығыс деңгейі болады, олар әлеуметтік тонусты ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Тартыстар сонымен бірге, бөлек тұлғаның дамуына оң әсерін тигізуі мүмкін, себебі ол жұмысшылардың бейімділігін ашуға мүмкіндік береді. Қақтығыстың оң функциясы ұйымдағы дұрыс емес қалыптасқан келесідей бағыттарды ескертеді;
- Материалдық шығындардың қосымша пайда болуы және оларды жоғалтуы;
- Жұмысшыларды негізгі жұмыстан алаңдату, көңілін бөлу;
- Еңбек өнімділігінің азаюы;
- Ренжігендердің жұмыстан шығарылуы;
- Қарсылық топтардың ұйымдасуы;
- Коллективте әлеуметтік – психологиялық климаттың нашарлауы.
Ұйымда дау – жанжалдың болуы оның дағдарыстық жағдайын куәләндырмайды, себебі дау – жанжалдан кету мүмкін емес, ал кейбір жағдайларда басшының дұрыс шешім қабылдауы пайда әкелуі мүмкін. Егер дау жанжалдар өте жиі туындаса, ал оларды шешу жолдары керісінше ұзақ уақытқа созылса, бұл ұйымда күрделі мәселе бар екендігін білдіреді, оларды тез арада тексеріп, шешу қажет. Болмаса ұйым дамуы тежеледі немесе дағдарыс жағдайына кіреді. Дау – жанжалдар ұйымның құлдырауына әкелмес үшін, басшылар оларға тиісті назарларын аударуы қажет.
Қақтығыстарды басқару – ұйымдағы әлеуметтік - өндірістік үрдістерді реттеудегі құрама бөлігі.Бейдағдарыстық басқарудағы дау-жанжал себептері еңбек үрдісі аясында туындауы мүмкін, мысалға, ұйымдағы жұмыстың нашар болуы және ұйым басқаруының аяқталмағандығын, ұйымның әлеуметтік қарым – қатынастарының жаман болуы немесе ұйым мүшелерінің өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс себептерін жақынырақ қарастыратын болсақ жұмыс барысының жұмысшылардың қарым – қатынасын көздейтінін көреміз, яғни билікке және қол астында, еңбектік қарым-қатынаста болу. Барлық осы үрдістер ұйым және оның орындалуы көз-қарасынан күрделі болып есептелінеді. Алдын ала олардың арасында қатысатын субъектілердің қарама – қайшылықтары орын алады.
Жалпылама ұйым көлемінде қайшылықтардың пайда болуының келесідей классикалық себептері бар:
- Мақсаттарды алға қою және оларды шешу;
- Жұмыс арысындағы жұмыстар мен шарттарды орналастыру мен орындау;
- Ресурстарды орналастыру;
- Коммуникацияларды жүзеге асыру.
Мақсаттарға жету мен олардың әртүрлілігі қарама-қайшылықтар, келіспеушіліктер және тартыс туғызуы мүмкін, себебі жұмысшылардың мақсатқа жету барысындағы көз – қарастары мен тиімділіктері әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, шешімдердің қайсысы тиімді екендігіндегі әр түрлі көріністе болуы мүмкін, кейде ол ой-пікір қақтығыстарына әкелуі мүмкін.Қызметтік шара мен шарттарды орналастыру үрдісінде қақтығыстардың туындауы мыналарға байланысты болады:
- Шарттардың тәуелділігі: бір жұмысшы немесе бір толық топ басқалардың шараларды орындауында тәуелді болады – мысал үшін, конвейерде және басқа да өндіріс үрдісіндегі жұмыста, ондай жерлерде көптеген жұмысшылардың іс-қимыл әрекеттері.
- Мәселелерді алмастыру, яғни олардың шешілуі тік және көлденең деңгейдегі қарым-қатынастардың жылжуында. Мысалы, жұмысшыларды қажетті құралдармен қамтамасыз етуде жеткізушілермен немесе қатарлық жұмысшылар арасында қақтығысқа әкеледі, бұл мәселелерді шешу бөлім басшыларының шарты.
- «Басшылық және қол астындағы жұмысшылар» жүйесіндегі функциялардың орындалмауындағы міндеттері.Дау – жанжалдардың ең таралған себептерінің бірі – ресурстарды бөлудегі қажеттіліктер, өйткені көп жағдайда олар шектеулі болады.Бейдағдарыстық басқаруда қайшылық себептері ұйым жұмысының нашар болуымен байланысты екендігін ескеру қажет және оның себебі ретінде келесі аталған факторлар ескерілуі мүмкін. Яғни атап айтсақ жұмысшылардың стилі және мінез құлқының, құндылықтардың әртүрлілігі, қабылдаудың әртүрлілігі, жұмысшылардың жеке басының күйзелістері, басқа адамдардың қажеттілігіне назар аудармаушылық, қаталдылық және тағы басқа себептер.Аталған мәселелерге байланысты бейдағдарыстық басқарудағы менеджердің негізгі іс әрекеттері еңбек үрдісі барысында туындаған ақпаратты жедел, мерзімінде жеткізілуін қадағалау, қатаң бақылау болып табылады. Сонымен қатар ұйымда еңбек және басқаруды жетілдіру, ұйымның нашар әлеуметтік қарым – қатынасынан туындаған жағдайларды шешу, шартты түрде ұйым мәдениетін құру, жұмысшылар арасында ұйымдастырушылық пен әлеуметтік қатынасты жетілдіру, ұжымдағы қатынастар нормасын құру болып табылады.
Жоғарыда айтылған мәселелер мен қатар ұйым қызметі барысында қайшылықтардың теориясы мен тәжірибесінде 2 стратегиясы белгілі:
қайшылықтардың алдын алу;-
қайшылықтарды шешу.-
Жалпылама қазіргі жағдайда қайшылықтарды шешу үшін ұйым деңгейінде кез келген әдістерді қолдануға болады. Басшы мен өзге қызметкерлер тобы нақты жағдайға тәуелді болу керек, ашып айтқанда себептері, қақтығыс нәрсесі, қатысушылардың жеке бас өзгешеліктері. Қайшылықтарды шешу жағдайларға байланысты жеке қарастырылуы қажет.
47. Топаралық жанжалдың туындауының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, талдау жасаңыз:Қазіргі кезде жер бетінде 6 млрд-тан аса халық өмір сүруде.Олар 200-ден аса мемлекеттерге біріккен.Сонымен қатар ,20млн-дай экономикалық ұйымдар мен жүздеген үлкен және кіші әлеуметтік топтар ,яғни діни бірлестік ,отбасы,ауылдық жиын немесе саяси элита.Олардың арасындағы қарым-қатына қайшылықсыз болмайды.Әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыстың туындау себептері көпшілік:ресурс жеткіліксіздігі,әлеуметтік статусының жоғары болуы,мәдени құндылықтардың сәйкессіздігі және т.б.Топаралық қақтығыстың шығу себептері тұлғааралық қақтығыспен сәйкес келеді.Алайда топаралық қақтығыс қатысушылардың көптігімен,өту процесімен,қамту масштабының зардаптарымен ерекшеленеді. Әлеуметтік бірлестіктер келесі топтарға бөлуге болады:1.еңбек бөлінісі негізінде туындайтын топтар(адамдардың әлеуметтік кәсіби дифференциясы);2.Өндіріс құралдарына қарым-қатынасы әртүрлі топтар(таптар);3.Тілі территориясы ,мәдени ерекшелігі негізінде біріккен топтар(этнос,ұлт);4.Әлеуметтік демографиялық топтар(,жасы,отбасылық жағдайы бойынша бөлінуі);5.Аймақтық топтар(қала,ауыл,аймақтық).Көптеген әлеуметтік топтар адамдардың мақсатты түрдегі талаптарына байланысты туындайды:саяси партия,кәсіподақ,жастар бірлестіктері,діни конффессиялар және т.б.Әрқайсысы бірнеше әлеуметтік топтарға мүше болғандықтар ,топтардың қызығушылықтары да сан түрлі ,осыдан келіп олардың арасындағы қарым-қатынастар жанжалға әкеледі.Топаралық қақтығыстың негізгі факторларының бірі болып бір топқа біріккен және орасан өзгеріске ұшыраған кездегі индивидтің іс әрекеттері жатады.Топаралық қақтығыстың арнайы ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:-адамдардың тобын қақтығысқа кірістіре алу қабілеті;-қақтығыстың мақсаты мен мәнін түсінбестен адамдардың еркіннен тыс оларды қақтығысқа араластыру;-қақтығыстың инистиуционализациялануы;-құрылымдық зорлықтың болуы ;-қандайда бір әлеуметтік топтар тиістілік түріндегі қақтығыстың қосымша қайнар көздерінің пайда болуы;-ақтығыстың ситуацияны сақтауға деген айтарлықтай үлкен инерция,тіпті қақтығыстың негіздері орын алмаған жағдайларда болады.;

48. Топаралық жанжалдың пайда болу механизмдерін атаңыз және шешу жолдарын баяндаңыз:Индивидтерді топқа біріктіру барысында олардың жүріс тұрысы айтарлықтай өзгереді .Әлеуметтік психология топтың индивидке,оның мінез құлқының қайта қалыптасуына,әсер етуінің бір қатар факторларын көрсетіп өтті.Солардың қатарына:-әлеуметтік фаслитация .-әлеуметтік жалқаулық.-деинвидуализаця.-топтық поляризация.-көзқарастың топталуы.-топтық фаворитизм.-топтық қысым.Бұл топтық әсерету сипаттамаларының мәнін көрсетеді.1. Әлеуметтік фаслитация-басқа адамдардың қатысуымен басым болып тұрған реакцияның эффектісі.Яғни жай ғана басқа адамның қатысуы біздің әректіміздің белсенділігін арттырады.Басқа адамдардың қатысуы индивидтердің қарапайым міндеттері(дұрыс жауап)шешуіне жағымды әсер етеді.Ал қиын міндеттерді шешу ,керісінше басқа адамдардың қатысуында қиындық туғызады,дегенмен индивидтің мінез-құлқы өзгереді.2. Әлеуметтік жалқаулық бұл-адамдардың ортақ мақсатқа орай бірігіп,алайда соңғы нәтижесіне жауап бермейтін, өз қабілет мүмкіндіктерін төмендету функциясы.Іс-әрекеттердің ұжымға жұмылдыруында ортақ мақсат аса маңызды немесе индивидуалды нәтиже айқын болуы ұжымның әлсіреуіне алып келмейді,тек осындай жағдайда «барлық күш –бірлікте»деген тұжырым айтуға болады.3.Деиндивидуализация-топтық жағдайда индивидтің жеке индивидуалдық сезімін және өзін-өзі бақылау нормаларын жоғалтуы.Тұлғалық қасиеттің болмауы,индивидтің анонимділігі топта әлеуметтік кедергілер туғызуы мүмкін.Топ үлкен болған сайын , деиндивидуализация күшейеді және топта зорлық зомбылық ,вандализм және өзге ассоциалдық әректтер көрініс табады.4.Топтық поляризация-топтың әсерімен индивидтің өте сақ немесе тәуекелді шешімдері туралы бастапқы көзқарасына басылымдылық беру.Топтық ақылдасу индивидтің көзқарасын жалпылай қарастырмайды,керісінше оны мүмкін полюстердің біріне біріктіреді.Егер топ мүшелері тәуекелдікке барып,белгілі бір кәсіпкерлікке ақша қоюға бел буса,сол тақырыптағы дикуссиядан соң талпыныс одан сайын күшейеді.Топтың бар тенденцияларын полоризациялау топтың агрессивті ойларының күшейуіне әсер етеді.5.Көзқарастың топтасуы-шынайы жағдайды обьективті бағалауға кедергі жасайтын ,топтың біркелкі ойлау тенденциясы.6.Топтық фаворитизм-топқа мүшелігін сол топқа тәуелділік екенін мойындау.Мұндай жағдайда барлық жастағы адамдар мен ұйымдар арасында көрінеді.Бірақ,индивидуалды мәдениетке қарағанда ұжымдық мәдениетте ол аз көрінеді.7.Топтық қысым нәтижесіндегі конформизм-топтың шынайы немесе ойлап тапқан нәтижесінде немесе іс-әрекеттеді өлшеу тенденциясы.Топаралық қақтығыстың туындауында түрлі топқа жататын адамдардың бірін бірі қабылдауының өзгеріске ұшырауы маңызды рөл атқарады.Мұндай бұрмалауға бір топқа мүшелілік және соған сәйкес мінез-құлық ерекшелітері негіз болады.Топтық фаворотизм,яғни өз тобына ыңғайлану тобымызды күшті,адамгершілікті,сенімді етіп көрсетуге бағыттайды,ал бөтен топты өз кезегінде төмендетіп, жаман пиғылды етіп көрсетеді.Мұндай тұжырымдардың таралуы «топтық ойлау»туралы феноменнің тұрақты стреотипке айналуын қамтамасыз етеді.Топтық поляризацияда жанжалға қатысушылардың мақсаттарының сәйкессіздігі өте үлкен болмауы мүмкін.Бірақ топтық қабылдаудың бұрмаланған кеңістігінде ол ойға жеткісіз көлемге өзгереді.Екі қарсыласушы жақтардың қабылдауының бұрмалануы бірдей болғандықтан,олар айна тәрізді болады.Әрбір топ мүшелерін мейірбан ретінде танып,ал барлық жаман пиғылдарды қарсыластарына сілтеп отырады.Осылайша,топтық қарсыластық табиғатымен механизмі туралы жалпы қортынды мынандай:1.Топтық қақтығысты талдау топтың өмір сүруінің элементерін Әлеуметтік психологиялық зерттеусіз:өзара қабылдау,комуникация өзара әсер етусіз мүмкін емес.2.Топтық өзара әректтесудегі қақтығыс адамдардың мінез-құлқын өзгертуге себеп болатын топтарға бірігуімен анықталады.3.Әрқашан әлеуметтік қақтығысты шешуге топ көсбасшылары жауапты деп тұжырымдау дұрыс емес ,себебі адам бірнеше әлеуметтік топқа жатқандықтан ,тоаптық қақтығыстар бір адамның өзіне байланысты болады.4.Топтық қақтығыстың басқарылмауы көбінде топтың индивидке әсер ету механизмдерінің көлеңкелілігі,жасырындылығына негізделеді.5.Топтық қақтығыстан арылу мүмкін емес,бірақ,топ арасындағы байланысты қабылдауды реттеу арқылы оны азайтуға болады.

49.Топаралық жанжалдардың жіктелуін және жалжалға қатысушы субъектілерді атаңыз, сипаттама беріңіз:Топаралық қақтығыстарды ресми түрде қақтығысты қатынастар субьектілері бойынша таптық,жітік ,ұлттық,территориялық,әлеуметтік –кәсіби,элиталық,ұрпақтық,туыстық және т.б. деп жіктеуге болады.Бірақ,бұл қақтығыстардың мазмұнын топтар емес,оларды бөліп тұрған ресурс,мәртебе,құндылық ретінде болатын қақтығыс обьектісі береді.Сәйкесінше,адам өмірінің негізгі үш саласындағы қақтығыстың негізі үш түрі бар деген сөз.-әлеуметтік –экономикалық(ресурстар бөлінеді);-саяси құндылық (билік пен үстемдік бөлінеді);-рухани идеологиялық (құндылықтар).Осы қақтығыстардың түрлерінің әрқайсысының ішінен әрі қарай әртүрлі негіздерге сүйене отырып ішкі градияцияларды бөліп қарастырады:-көріну деңгейіне байланысты (айқын және жасырын);-саналы ұғынуға байланысты (адекватты немесе адекватты емс ұғыну);-мақсатты сипаты бойынша(конструктивті және деструктивті);-әр тапқа нәтижелілігі бойынша(жеңіс-жеңіліс,жеңіс нәтижесі бар қақтығыс);-қатысушылардың бірыңғайлылық деңгейі бойынша(гомогенді,гетерогенді);-құрылымдану немесе институциализация деңгейі бойынша(толық және бөлшектену);-қадағалау түрі бойынша (басқару,келісу шешу)және т.б.Қазіргі кезде топаралық қақтығыстардың көпшілігі бір орталыққа саяси,мемлекеттік билікке жиналуға тырысады.Әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қақтығыс ертеме,кеш пе саяси деңгейге ұлғаяды.Бұрынғы қоғамдағы әлеуметтік ұйым құрылымының күрделілігі сонша,мемлекттің араласуын экономикалық,әлеуметтік,тіпті рухани процестер қажет етеді.Бұл топтардың мүдделерінің мәселелерін шешуде саяси иниституттар қарастырады.

50(60). Саяси жанжалдардың құрылымы мен субъектісін атаңыз және сипаттама беріңіз:Саясат қоғамның өз қызығушылықтары бойынша түрлі топтарға бөлінген кезде пайда болады.Қоғам бір тұтастығынан кезде түрлі әлеуметтік топтардың қарым-қатынасын реттеп отыратын құрал керек болады.Мұндай құрал мемлекет болды,яғни белгілі бір аймақта жоғарғы билігі бар саяси бірлестік.Саяси процестің мәні түрлі әлеуметтік топтардың мемлекеттік билікті жаулап алумен қолдануда.Осының айналасында барлық саяси қақтығыстар белең алады. Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайда болады. Ал билік бәрімізге белгілі, адамдардың іс-әрекеті үшін мықты ынталандыру күшіне ие. Сондықтан әлеуметтік мүдделермен қозғалатын саяси жанжалдар көбінесе билікті ұстау мен ие болу мәселесін қозғайды.Саяси жанжал теориясының негізін қалаушылар болып К.Маркс пен А.Токвиль саналады. Олар бұл мәселеге әр түрді жақындады, бірақ бір нәрседе бірге болды: әлеуметтік одақтың ішінде ынтымақтастық та, жанжал да шарасыз. Егер К.Маркс саяси жанжалда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А.Токвиль демократия жанжал мен консенсус күштердің арасындағы балансты көрсететіні туралы идеяны бірінші ұсынды.Саяси жанжалдың қайнар көзі, ереже бойынша саяси қайраткерлердің рөлдері мен мәртебелерінің әр түрлілігінен және осы әлеуметтегі қажеттіліктерімен сәйкес келмеуінен, сондай-ақ адамдарда билікке байланысты әр түрлі құндылықтары мен сенімдерінің бар болуынан бастау алады. Осылайша саяси жанжалдар, әлеуметтік сияқты объективті және субъективті жақтарына ие. Объективті жағы - бұл субъектілердің терең мүдделері және олардың арасындағы қарама-қайшылықтар. Объективті қарама-қайшылықтарды субъект ретінде ұғыну - бұл жанжалдың субъективті жағы. Міне сондықтан, саяси жанжалда объективті бастаудың рөлі ерекше жоғары. Осыдан оның бір өзіндік ерекшелігі бар жағын көруге болады.Негізінен саяси қақтығыстың субьектісі болып:әлеуметтік топтарды және оларды ұсынатын саяси иниституттарды,сонымен қатар жеке адамдарды,индивидтер саналады.Марксизм тұрғысынан қарағанда саяси процесс субьектілерінің иерархиясы:масса-партия-көсем.Мұның негізінде саяси белсенділіктің бастауы болып табылатын үлкен әлеуметтік топ тұрады,демек ол саяси қақтығыстың шынайы субьектісі,XXғ қоғамның әлеуметтік құрылымы едәуір күрделене және тарамдала бастады.Қоғамның әлеуметті құрылымы субьектілерінің марксистік топтың модельі қарапайым болып көрінеді және саяси жағдайдың өзгеруін талқылау қиынға түсті.

51. Саяси жанжалдардың ерекшеліктері мен түрлеріне тоқталар отыры, түсіндіріңіз: Саяси жанжал әлеуметтіктің: биліктің, ықпалдың, абыройдың әр түрлілігі болып табылады. Билік ресурсы биліктің себептерінен пайда болады. Ал билік бәрімізге белгілі, адамдардың іс-әрекеті үшін мықты ынталандыру күшіне ие. Сондықтан әлеуметтік мүдделермен қозғалатын

саяси жанжалдар көбінесе билікті ұстау мен ие болу мәселесін қозғайды.Саяси жанжал теориясының негізін қалаушылар болып К.Маркс пенА.Токвиль саналады. Олар бұл мәселеге әр түрді жақындады, бірақ бір нәрседе бірге болды: әлеуметтік одақтың ішінде ынтымақтастық та, жанжал да шарасыз. Егер К.Маркс саяси жанжалда барлық саяси процестің өзегін көрсе, А.Токвиль демократия жанжал мен консенсус күштердің арасындағы балансты көрсететіні туралы идеяны бірінші ұсынды.Саяси жанжалдың қайнар көзі, ереже бойынша саяси қайраткерлердің рөлдері мен мәртебелерінің әр түрлілігінен және осы әлеуметтегі қажеттіліктерімен сәйкес келмеуінен, сондай-ақ адамдарда билікке байланысты әр түрлі құндылықтары мен сенімдерінің бар болуынан бастау алады. Саяси жанжалда стратегияны алып жүруші әлеуметтік макро жәнемикротоптардың, қоғамдық саяси құрылымдардың мүдделерін қозғайтын кез келген мәселе бойынша өмір сүретін саясат пен заң шығару билігін өзгерту мақсатымен саяси құрылымдарға қысым болып табылады. Жанжалдың бұл түрінің өзіне тән ерекшелігі - ол қоғамның барлық саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік, этносаралық қатынастар саласынан өтеді дегеннен тұрады. Саяси жанжалды шартты түрде екі негізгі түрге бөлуге болады. Біріншіден, - билік құрылымында ұсынылмаған немесе тіпті басып тасталған қоғамдық күштермен билік арасындағы жанжал. Екіншіден,- билік өкілеттілігінің бөлінуі үшін саясат ішіндегі күреспен байланысты билік ішіндегі жанжалдар.Сондай-ақ көлденең және тік саяси жанжалдар бөлініп көрсетіледі.Біріншісі - индивидтердің, топтардың және таптардың арасындағы (биліктің орталық және жергілікті органдары арасында, азаматтар мен әр түрлі мемлекеттік құрылымдар арасында) жанжал. Саяси талдауда объективті белгісі бойынша жанжалдарға шек қою маңызды мәнге ие, дәлірек айтсақ:объективті қарама-қайшылықтармен туындаған, “шынайы” жанжал,“кездейсоқ” - әзірге оның қатысушыларымен ұғынылады;“орнынан алынған” - ол объективті себептермен жанама түрде байланысты болғанда;“жазылып қойылған”, алысу жағдайындағылар емес, тіпті басқа субъектілер жанжалға түскен кезде;“жалған” - шынайы себебі жоқ, алайда билік үшін күресте күрделі саяси атмосфера жасауға бағытталған.Саяси жанжалды талдай отырып, кейде билік үшін күреске қарағанда идеологиялық мақсаттар үшін күрес қызу сипатты қабылдайтынын ойдан шығармау керек. Ресейдің бұрынғы президенті Б.Н. Ельциннің оның имиджі үшін ыңғайлы мазмұндағы конституцияны қабылдаудан бас тартқан парламентке қарсы күресін еске түсірудің өзі жеткілікті. Бұл күрес, соңында Мәскеудегі Ақ үйді атумен және парламентті күштеп таратуымен аяқталды. Кейін мәлім болғандай, идеологиялық айтыс Ресейдің дамуының әр түрлі стратегияларының: социалистік және капиталистік арасындағы жанжал болды. Тәжірибе көрсеткендей саяси жанжал ереже бойынша, екі деңгейде:бір жағынан, оппозиция мен билік арасында, екінші жағынан билік құрылымдарының ішінде өріс алады.Атап кетерлік жәйт, жанжалға қатысушылардың орны жоғары билікте болса, онда билік үшін күрес қызу болады. Әрі биліктің жоғары тізгініндегі билік үшін күрес жасырын түрде өтеді. Бұл жерде әрбір қатысушы табысты мақсатқа, өзінің командасының немесе топтарының құқығын кеңейтуге қол жеткізу үшін көп нәрсемен құрбан етуге дайын.Саяси жанжал екі ауыспалы полюске (күштеу және қарқынды) ие.Жанжалдық полюс бір жағынан, соғыс, бүлік, көтеріліс, төңкеріс болып табылады, басқаша айтқанда, адам өмірі үшін қауіпті қаруланған күрес.Екінші жағынан, - өркениетті кеңес беру, пікірталас және келісім болуы мүмкін. Топтар арасындағы соқтығыстың азды-көпті күштеу формасы -ереуіл, бәсеке, қызу пікір таластар, талап қою, саботаж және тәни күш қолдану.Осылайша саяси жанжалдар, әлеуметтік сияқты объективті және субъективті жақтарына ие. Объективті жағы - бұл субъектілердің терең мүдделері және олардың арасындағы қарама-қайшылықтар. Объективті қарама-қайшылықтарды субъект ретінде ұғыну - бұл жанжалдың субъективті жағы. Міне сондықтан, саяси жанжалда объективті бастаудың рөлі ерекше жоғары. Осыдан оның бір өзіндік ерекшелігі бар жағын көруге болады. Саяси жанжалдың тағы бір ерекшелігі бар. Ол нормативтік-құндылықты өлшемге ие. Саяси ойынның ережесін анықтайтын саяси құндылықтар конституция нормасында бекітілгені мәлім. Ал құндылықты аспект ереже бойынша, жанжалдың үдемелі дамуында және оларды реттеуде жұмылдырушы рөл атқаратын идеологиямен бекітіледі