Халыкты эвакуациялау ушин коликтин барлык турин пайдалану. Жумысшылар мен кызметшилерге орналастыратын аймакты алдынала азирлеу

Эвакуацияланган барлык халык маршрутта, орналастырылган пункттерде, бытыранкы орналастырылган орындарда тиршилик кызметине камтамасыз етилуге тиис. Ондиристик кызметин одан ари жургизип отырган объектлер узилсиз ари туракты жумыс истеуин камтамасыз етилуге тиис.

Осы замангы закымдау куралдарын колдану кауипи тонген кезде ондиристе истемейтин жане кызмет корсету саласындагы халыкты (зейнеткерлер, жогары оку орындарынын студенттери, колледждердин, мектеп – интернаттардын окушылары, балалар уйлери тарбиеленушилер, мугедектер мен карттар уйлеринде орналаскандар, акимшилик пен олардын отбасы мушелеримен бирлесе отырып) колик жумысынын кестесин бузбастан эвакуациялык шаралар басталганга дейин жарым – жартылай эвакуациялауга жатады.

Тотенше жагдайлар кауипи туындаганда халыкты кауипти аймактардан кауипсиз жерлерге уакытша коширу жузеге асырылды.

Эвакуация мумкиндигинше кыска мерзимде жургизиледи. Халыкты кауипти аймактардан тыс жерлерге жеткизу (шыгару) мерзими онын аякталуы болып саналады.

Кауипти аймакта эвакуацияланатын халык оз облысынын аумагында орналастырылады. Арбир уйымга орналастыру ауданы (пункти) белгиленеди.

Халыкты согыс кезинде орналастыру аудандары (пунктери) куни бурын белгиленеди, жергиликти аткарушы органдармен келисиледи, жане солардын шешимимен (каулысымен) бекитиледи. Осы шешимдер, (каулылар) негизинде арбир уйымга ордер бериледи, онын коширмеси тиисти кызметтерде сакталады.

Жарым-жартылай эвакуациялау кезинде халыкты орналастыру аудандарын (пунктерин) Республика Укимети, жергиликти аткарушы органдар белгилейди.

Жарым-жартылай эвакуация- осы замангы закымдау куралдарын колдану кауипи тонген кезде ондиристе жане кызмет ету саласындагы истемейтин халыкты колик жумысынын кестесин бузбастан эвакуациялык шаралар басталганга дейин жарым-жартылай коширеди.

Эвакуацияланатын халыкты бир облыстын кауипсиз аудандарына толык орналастыру мумкин болмаган жагдайда, онын бир болиги облыс акимдеринин келисими бойынша корши облыстарга жеткизилуи мумкин.

Бытыранкы орналастыру – согыс кезинде ондиристик кызметин одан ари жургизип отырган уйымдардын жумысшылары мен кызметшилерин категорияланган калалардан уйымдаскан турде акету жане кауипсиз аймакка орналастыру.

Категорияланган калаларда согыс кезинде жумысын токтатпаган уйымдардын жумысшылары мен кызметшилери кауипсиз аймакка орналастырылады. Ар уйымнын жумысшылар ауысымын жумыс объектилерине аз уакытта (2-3 сагаттан коп емес) барып келуине тасымалдауды ескере отырып, темир жолга, автомобиль жане су жолына жакын орналаскан орналастыру орындары болинеди.

24.

25.

26-23.

27. Қоршаған ортаны қорғау[1][2] – қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау.

28. Технологиялық үрдіс (ор. технологический процесс) - бір текті немесе сол сияқты бұйымдарды өңдеуде уақытпен кеңістікте жоспарлы және бірізділікпен орындалатын өндірістікүрдістің бөлшегі. Мысалы, пісіру технологиялық үрдіс келесі операциялардан тұрады: дайындау операциясы, орнату, тетіктерді пісіру және пісірілген түзілімді тазалау

29.

30-?

31-23-26

32. Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі Үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі Үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі Үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі Үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл Үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады. Алғашқы көмек көрсеткенде үсіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шай не кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға (температура 37 — 40°C) малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. ҚҚ — ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.

Күйік

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)

Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аспирин ішіңіз.

Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)

Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз.

Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз.

Инфекция түскендіктің белгілері — ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз). Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады (371-бет), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.

Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік

Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз.

Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары

Қатты күйік шалған кез-келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.

Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет. Күйген адамға мүмкіндігінше суды кеп ішкізіңіз. Егер күйген жердің аумағы үлкен болса (қолының мөлшерінен екі есеге жуық үлкен болса), онда мынандай сусын дайындаңыз:

Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды.

Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ.

Буындардың айналасындағы күйіктер

Дененің буындарға жақын бөліктері күйген жағдайда (саусақтардың арасы, қолтық), бұлардың арасына жазыла бастаған кезде екі беті бір-біріне жабысып тілініп қалмауы үшін вазелин жағылған дәке қабатшаларын салып қою керек. Сол сияқты, жарақат жазылып келе жатқан кезде саусақтарды, аяқ-қолды күніге бірнеше мәрте барынша созып, көріп отырған дүрыс Ауыртса да бұл процедура кейіннен еркін қозғалып, қимылдауға кедергі жасайтын қалың тыртықтың қалмауына әсерін тигізеді. Әбден жазылғанға шейін саусақтарды көп бүкпей ұстау керек.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі бар.

Жарақаттардың түрлері:

1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.

3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.

4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).

- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).

- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).

- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)

- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).

Жарақаттанушылықтың түрлері: 1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік), 2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық), 3) балалық, 4) тұрмыстық, 5) спорттық, 6) көшелік, 7) әскерлік, 8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.

Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.

Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т.б.

Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.

Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды.

Шоктың төрт дәрежесi бар.

І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.

Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.

ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.

Денеден қан көп кетсе немесе ағза салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда көлікпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.

Мұндай жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса, тез уақытта тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, ондай жағдайда герметикалық таңғыш салады. Ал сүйек сынса, сүйек қозғалып кетпейтiндей етiп таңады, зақымданған болса, онда ыстық кофе мен шай беру керек. Жарақат қай жерде болса да, ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.

Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:

1. Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау.

2. Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою).

3. Зембiлге жатқызу.

4. Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады.

5. Дәрi-дәрмектен амидопириндi 0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылын 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.

6. Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.

Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы. Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды. Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс. Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады

33. Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де,иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]

Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.

Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.

Жеке аптечка

Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар.

Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады:
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.

2-ші ұяда — фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады.

3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.

4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды.

5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды.

6-ші ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді.

7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды.

Ескерту! 8 жасқа дейінгі балаларға таблетканың 4/1 бөлігін, 8 жастан 15 жасқа деиінгі бплаларға 2/1 бөлігін береді.

35.-33

36. Тұншықтырғыш әрекетті улағыш заттар ФОСГЕН - сыртқы температура 8°С жоғары болғанда түссіз, қызған шөптін немесе шіріген алманың иісіне ұқсас иісі бар, ауадан 3,5 есе ауыр газ. Бұдан тыныс алу жолдарының зақымдануы, өкпенің ісінуі, оттегінің жетіспеуі және соның салдарынан газ алмасу үрдісінің бұзылуы мүмкін. Фосгеннің ерекшелігі: білдірмей әрекет ететін -жасырын кезеңі мен кумулятивті (жинақталу) әсірінің болуы. Ұрыстық күй і- бу. Зақымданудың алғашқы белгілері: буымен дем алғанда аузының іші кермек татиды, алқымында бірнәрсе жыбырлағандай сезінеді, аздап бас айналады, әлі құриды, жөтеледі, қеуде қысылады, жүрек айниды (құстырады). Зақымданған ошақтан шыққаннан кейін бұл белгілер жойылады. Зардап шеккен адам зақымданғанын білместен 4-24 сағат бойында өзін ештеңе болмағандай, сезінеді. Шын мәнінде жасырын әрекет кезеңі басталып, осы уақыт ішінде өкпе ісінуі өрбиді. Көп ұзамай тынысы тарылады, демігеді, ауа жетіспейді, жөтел тоқтамайды, көп қақырық түседі, тері мен кілегейлі қабықтары күннен-күнге көкшіл тарта береді, дененің қызуы көтеріледі, яғни асфиксияның (тұншығуының) көкшіл түрі түзіледі. Кейде уланудың аса ауыр түрлері (асфиксияның сұрғылт түрі) де кездесіп қалады, мұндайда күйзелген адамның бет-жүзі мен дене терілері күлгін-сұрғылт тартады, тамыры қылдай жіңішкеріп, жиі соғады, қиналып тыныс алады, қысымы күрт төмендейді, есінен айырылады . Алғашқы медициналық көмек: газқағар кигізу, зақымдау ошағынан шығару, оттегімен дем алдыру, толық тыныштық сақталуын қамтам

37. Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы жәнетехногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

38. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

— ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

— ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,

Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

— «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).

40. Су тасқыны нөсерлі жаңбырдың, қар мен мұздардың күннің ысып кетуіне байланысты шұғыл еруінің әсерінен болады. 2002 жылы болған глобалды күннің жылынуы және нөсер жаңбыр Еуропалық елдерін су алып кетуіне әкеліп соқты. Су тасқын таулы аймақтарында да көп болып тұрады. Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы 5-10 м\с дейін жетіп, екпіндеп аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатып әкетеді.

Сел[1] (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

· Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.

· Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.

· Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.

Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу, шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар,спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Алдын алу шаралары

Тұмауға нақтылы диагноз қойып, науқасты оқшаулап, ауруханаларда не басқа тиісті мекемелерде карантин жарияланады. Тұмауға қарсы вакцина егіледі, оның ішіндегі ең тиімдісі – тазартылған вириондық вакцина. Алдын-ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.

Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмаувирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау асқынғанда науқасты ауруханаға жатқызып, кешенді емдеу шараларын жүргізеді. Арнайы дәрілер (оксолин, амантадин, ремантадин, интерферон, т.б.), антибиотиктер, қызу басатын, организмнің улануын азайтатын дәрі-дәрмектер беріледі.

41-?

42 . Қар және мұз көшкіні[1]– тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Түрлері

· Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

· беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;

· жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;

· ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;

· тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.

· Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:

· ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыста болады);

· тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте,көктемде болады).

· Қар және мұз көшкінін бақылайтын арнаулы стансалар жұмыс істейді, онда қар және мұз көшкіні үнемі зерттеледі:

· қар және мұз көшкінінің қалыптасу жағдайы мен олардың таралуының негізгі заңдылықтары, қар жамылғысының режимімен физикалық-механикалық қасиеттерінің құбылу ерекшеліктері анықталады;

· қар қатқабаты күйінің алмағайып жағдайлары анықталып, көшкінді болжаудың тәсілдері жасалады;

· қар көшкіндерінің гидрологиялық мәнінің есептік сипаттамалары жасалады;

· көшкіндердің тасқын сулар мен селдердің қалыптасу режиміне тигізетін әсері анықталады;

· қар өлшеу маршруттары бойынша қар және мұз көшкіндері картаға түсіріледі.

· Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халық шаруашылық нысандарын қар және мұз көшкіндерінен дер кезінде қорғау шаралары жасалынып, сел ме көшкінге қарсы ғимараттартұрғызылады.