Ндірістің негізгі факторлары: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет

Кіріспе. Экономикалық теорияның даму кезеңдері.

Экономикалық заңдар және категориялар.

Экономикалық теорияның әдістері және атқаратын қызметтері.

Ресурстардың шектеулілігі және қажеттіліктердің шексіздігі мәселесі.

ндірістің негізгі факторлары: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1. Экономикалық теорияның даму кезеңдері

1.Меркантелизм байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл- ауқаттылығы

тауар, ақша айналым саласында. Меркантилистік саясат елге барынша көп

мөлшерде алтын мен күмісті жинақтауды көздеді. Өкілдері: Вильям Стаффорд,

Томас Мен.

2. Физиократтар - ұлттық байлықтың қайнар көзі – ауыл шаруашылығының

еңбегі деп есептейді. Өкілдері: Франсуа Кенэ, Антуан Тюрго.

3.Классикалық – ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылықтың

еңбегімен шектелмейді, барлық өндіріс саласындағы еңбекте екенін дәлелдейді.

Өкілдері: Уильям Петти, Адам Смит, Д Рикардо.

4.Марксизм – экономикалық дағдарыстармен ұдайы өндіріс теориясы,

қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастыру. Өкілдері: К Маркс, Ф Энгельс.

К Маркстың басты еңбегі – «Капитал».

5.Маржинализм – басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік,

шекті шығындар, сұраныс пен ұсынысқа талдау жасау. Өкілдері: Менгер, Бем

Баверк, Стенли Джевонс, Леон Вальрас.

6.Кеинсиандық – мемлекеттің экономикаға араласуын қажет етті. Өкілдері: Д

Кейнс.7.Неоклассикалық – экономикалық субъектілерге экономикалық еркіндік берілуі тиіс, сол кезде тиімді қызмет атқаратын болады деген. Өкілдері: Д Кларк, А

Маршалл, А Пигу.

8.Институционализм – экономикалық дамуда әлеуметтік институттардың

ролін күшейту қажет. Өкілдері: Веблен, Тинберген, Гэлбрейт, Митчел,Вебер.

2. Экономикалық теория ғылым ретінде. Экономикалық заңдар және

экономикалық категориялар.

Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет

«экономия» термині біздің дәуірімізге дейін III ғасырда ертедегі грек ойшылдары

Ксенофонт және Аристотель еңбектерінде пайда болды. «Экономика» грек тілінен аударғанда «ойкос» - үй шаруашылығы, «номос» -заң, яғни үй шаруашылығын

басқару заңы дегенді білдіреді . Экономикалық теория пәні материалдық

қажетіліктерді қанағаттандыру мақсатында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану

жолдарын зерттейді.

Экономикалық теория әр түрлі шаруашылық деңгейде экономикалық

заңдарды зерттейді:

1.Микроэкономикада кәсіпорындардың, фирмалардың, бірлестіктердің

қызмет етуі талданады. Мысалы сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс шығындары.

2.Мезоэкономика ұлттық экономиканың белгілі бір жүйелерінің

заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, агроөнеркәсіп кешені, әскериөнеркәсіп кешені,

аймақтық экономика.

3.Макроэкономикада белгілі бір елдің экономикасы толығымен зерттеледі.

Макроэкономикада шешілетін мәселелер: жұмыссыздық, инфляция, экономикалық

өсу қарқыны.

4.Мегаэкономика әлемдік экономиканың жалпы заңдарын зерттейді.

Экономикалық теорияда экономикалық заңдар және экономикалық

категориялар түсініктері қолданылады.

Экономикалық заңдар – экономикалық процестердің тексерілген және бекітілген жалпы ережелері.

Экономикалық заңдар жалпы және ерекше болып бөлінеді:

Жалпы экономикалық заңдар – барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді. Мысалы, уақытты үнемдеу заңы, еңбек өнімдерін жоғалту заңы т.б.

Ерекше экономикалық заңдар - әрбір жеке алынған формацияларға тән. Мысалы, құлиеленушілік немесе феодализм кезде материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Экономикалық категориялар – белгілі бір құбылыс туралы ғылыми

түсініктің болуы. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке т.б.

3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері және әдістері

Экономикалық теория келесідей қызметтерді атқарады:

1.Танып білу қызметі қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан жақты зерттеу және түсіндіру.

2.Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

3.Сындық қызметі – құбылыстарды сын тұрғысынан қарастырып, олардың

жетістігі мен артықшылығын күнделікті өмірде қолдану мақсатында және

кемшілігінде көрсетеді.

4.Методологиялық қызметі – барлық экономикалық ғылымға қажетті әр түрлі

әдістер мен құрылыстарды қолдану, әр түрлі түсініктер мен категорияларды

ажырата білу.

Экономикалық теорияның әдістері:

- Тарихи және логикалық

- Ғылыми абстракция

- Индукция және дедукция

- Гипотеза

- Талдау және жинақтау

- Экономика математикалық модельдеу.

1.Тарихи әдіс - белгілі бір құбылыстардың пайда болуы, дамуы және өзгеру

жүйелерін талдайды.

2.Логикалық – белгілі бір құбылыстарды логика арқылы терең түсіндіру.

3.Ғылыми абстракция дегеніміз зертеліп отырған құбылыстардың келеңсіз

жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Экономикалық теорияның әдістері жалпы ғылыми және жеке әдістер болып

бөлінеді:

Жалпы ғылыми әдістер:

1.Тарихи

2.Логикалық

3.Ғылыми абстракция

Жеке әдістер:

талдау, жинақтау, индукция, дедукция, гипотеза, экономика математикалық

модельдеу.

Индукция – белгілі бір фактілерден теорияны ойлап табу (дәлелдеу)

Дедукция – жалпы талдаудан жеке қортындыға келу.

Гипотеза – алдын ала дәлелденбеген, болашақта шығарылатын қорытынды.

Талдау (анализ) – белгілі бір категорияның, құрылымының бөліктерін зерттеу.

Мысалы, тауар – категория, ал тауарды зерттеу оның қасиеттерінің тұтыну құны

және құндылығы.

Жинақтау (синтез) – бюелгілі бір категориялардың көмегімен түсініктердің

біріктіріп зертелуі.

Экономика математикалық модельдеу әдісі – графиктер және математикалық

теңдеулер арқылы құбылыстарды зерттеу.

4. Өндірістің мәні, мақсаттары, нәтижелері, тиімділігі.

Адамның өмірі мен қоғамның негізі ретінде белгілі бір шаруашылық іс-әрекет

- өндіріс қарастырылады. Өндіріс дегеніміз бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі

үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді өндіру процесі. Өндірістің

негізгі мақсаты адамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында белгілі бір өнім

көлемін өндіру. Өндіріс материалдық және материалдық емес болып екіге бөлінеді.

Материалдық өндіріс саласында заттай құндылықтар (өнеркәсіп, ауыл

шаруашылығы, құрылыс, т.б.) өндіріледі және материалдық қызметтер (көлік, сауда,

тұрмыстық қызметтер, т.б.) көрсетіледі. Материалдық емес өндіріс саласында

рухани, адамгершілік және басқа да құндылықтар (білім беру, денсаулық сақтау,

мәдениет, өнер) орын алады.

Өндіріс келесі процестерді қамтиды:

1. Өндіру

2. Бөлу

3. Айырбас

4. Тұтыну

Өндіріс теориясы ең алдымен қолданылатын ресурстар көлемі мен

шығарылатын өнім көлемі арасындағы қатынасты талдайды. Мұндай талдаудың

негізі ретінде өндірістік функция қолданылады. Өндірістік функция дегеніміз бұл

белгілі бір фирманың максималды өндіре алатын өнім көлемі мен жұмсалған

ресурстардың мөлшері арасындағы тәуелділікті бейнелейтін функция.

Q = f (L, K ) - өндірістік функция

L – еңбек , K – капитал, Q - өндіріс көлемі, f – функция

Өндірістік функция техникалық тиімділік пен экономикалық тиімділікті қамтиды.

Техникалық тиімділік – қолда бар ресурстарды пайдалану нәтижесінде туындайтын

өндірістің максималды мүмкін көлемі.

Экономикалық тиімділік – белгілі бір өнім көлемінің минималды шығындармен

өндірілуі.

Өндіріс процесінің нәтижесі өнім болып табылады. Өнім жалпы, орташа және шекті

болып бөлінеді. Жалпы өнім – тұрақты ресурстың бекітілген көлемі жағдайында

өзгермелі ресурстың белгілі бір көлемін пайдалану көмегімен өндірілген игілік

мөлшері.

TP – жалпы өнім

TP = Q

Орташа өнім – жалпы өнім мен өзгермелі фактордың арақатынасын көрсетеді.

AP – орташа өнім

AP = TP/L AP = TP/K

Шекті өнім – қосымша бірлікке белгіленген ресурсты көбейту нәтижесінде

алынатын жалпы өнімнің өзгеруі.

МP – шекті өнім

МP = TP/L МP = TP/K

5.Өндірістің негізгі факторлары. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.

Өндіріс процесінде көптеген факторлар қолданылады, оларды өндіріс факторлары

деп атайды. Өндіріс факторларын анықтауда көптеген тұжырымдар қалыптасқан:

Классикалық теория бойынша өндіріс факторларына жер, еңбек, капитал жатады.

Жер – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін пайдаланатын табиғи игіліктер

(су, орман ресурстары, қазбалы байлықтар).

Еңбек – бұл өнімді өндіруге бағытталған адамның дене және ақыл-ой қабілеттерінің

жиынтығы. Еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Қажетті еңбек – бұл

адамның өмір сүруі үшін қажетті өнім өндіру мақсатында жұмсалатын еңбек.

Қосымша еңбек – бұл қажетті еңбектен артық жұмсалған еңбек. Еңбек еңбеке

өнімділігімен және еңбеке интенсивтілігімен сипатталады. Еңбек өнімділігі белгілі

бір уақыт ішінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді. Еңбеке интенсивтілігі белгілі

бір уақыт ішінде жұмыс күшінің жұмсалу дәрежесімен анықталады.

Капитал – бұл адамдармен өнім өндіру процесінде қолданылатын өндіріс құрал-

жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Маркстік теорияға сәйкес өндіріс процесінде еңбек заты, еңбңе құрал-

жабдықтары және жұмыс күші қажет.

Еңбек заты – дайын өнім шығару үшін адамның ықпал ететін заты. Мысалы,

құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мата, т.б.

Еңбек құрал-жабдықтары - еңбек затына ықпал ететін құралдары. Мысалы,

механизм, машина, тетіктер, т.б.

Жұмыс күші - адамның еңбегі (дене және рухани).

Маржинализм теориясы бойынша өндіріс факторларына жер, еңбек, капитал,

кәсіпкерлік жатады.

Батыстың қазіргі экономикалық теория мектептері аталған өндіріс

факторларынан басқа ақпараттық, экономикалық және экологиялық факторларды

қарастырады.

Өндіріс өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды қамтиды. Бұлар бір-бірімен

тығыз байланысты. Өндіргіш күштердің дамуы өндірістік қатынастардың жетілуіне

ықпал етеді. Өз кезегінде өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді тоқтатуы немесе

дамытуы мүмкін. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі өндіріс

әдісін құрайды. Әрбір өндіріс әдісіне экономикалық қатынастары сай келеді.