Стационарда 8 жасар ұл бала Минковский- Шоффар анемиясы диагнозымен ем қабылдауда.Осы аурудан кейін апластикалық криз пайда болды. Гемоглобин - 65 г/л

Бұл жағдайға жалпы қан анализіндегі қандай өзгерістер тән?

А)Сфероцитоз

В)Тромбоцитопения

С)Түс көрсеткішінің жоғарылауы

D)Эритропения

Е) Лимфопения

 

Аймақтық дәрігерге 7 айлық нәресте анасымен келді. Дамуы нашар, жиі ауырады. Жүктіліктің 38-39 аптасында туылған. Айран және сиыр сүті беріледі. Қосымша тамақ берілмейді. Диспансерлік зерттеуде анемия байқалды. Нb - 92 г/л, эр. - 3.9х1012/л.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А)Алиментарлық анемия

В) Минковский- Шоффар гемолитикалық ауруы

С)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Шала туылған баланың ерте анемиясы

Е)Шала туылған баланың кеш анемиясы

 

Аймақтық дәрігерге 7 айлық нәресте анасымен келді. Дамуы нашар, жиі ауырады. Жүктіліктің 38-39 аптасында туылған. Айран және сиыр сүті беріледі. Қосымша тамақ берілмейді. Диспансерлік зерттеуде анемия байқалды. Нb - 92 г/л, эр. - 3.9х1012/л.

Алиментарлық анемияға тағы қандай лабораториялық көрсеткіш тән?

А)Түс көрсеткіші төмен

В)Түс көрсеткіші жоғары

С)Ретикулоцитоз

D)Эритроциттің осмотикалық тұрақтылығының төмендеуі

Е)Бос билирубин деңгейінің жоғарылауы

 

Стационарда 1 жас 9 айлық ұл балаға Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы диагнозы қойылған. Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л.

Бұл анемияға қандай лабораториялық көрсеткіштер тән?

А)Микросфероцитоз

В)Ретикулоцитопения

С)Тікелей билирубиннің жоғарылауы

D)Эритроциттің гипохромиясы

Е)Лимфоцитоз

 

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 7,5 айлық ұл бала анасымен келді, екінші жүктіліктен, 38-аптада туылған. Анасының сүтімен тамақтанады, қосымша тамақ берілмеген, тістері жоқ, отыра алмайды, зерттеу кезінде анемия байқалды. Нb - 85 г/л, эр. - 3.7х1012/л, түс көрсеткіші - 0.69.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А)Шала туылған баланың ерте анемиясы

В)Шала туылған баланың кеш анемиясы

С)Тапшылық анемиясы

D)Минковский –Шоффар гемолитикалық анемиясы

Е) Нәрестенің резус-факторлы гемолитикалық ауруы

 

Аймақтық дәрігердің қабылдауына 8 айлық ұл бала анасымен келді. Жүктіліктің 38-39- аптасында туылған. Жасанды түрде тамақтандырады.Тамақты нашар жейді.Отит және диспепсиямен ауырған. Диспансерлік зерттеуде алиментарлық анемия деп диагноз қойылды.

Бұл жағдайда қандай ем тиімді болып келеді?

А)Эритроциттік масса

В)Антибиотикотерапия

С) В6 витаминін егу

D)Темір препараттарын алу

Е)Гемотрансфузия

 

Жас 9 айлық қыз бала ауруханада анасымен ем қабылдауда. Туылған кездегі салмағы 1800г, бойы 43 см. Ана сүтін ембейді, бейімделген қоспалар қабылдайды. Статикалық функциялары кеш жетілген. Стационарда тұмау кезінде қыз балада анемия анықталды. Тері жамылғысы сарғыш реңді бозғылт, көкбауыр қабырға асты доғасынан 4 см шығыңқы.Қан анализінде: Нb - 70 г/л, эр. - 2.1х1012/л, түс көрсеткіші - 1,0.

Бұл жағдайда анемияның қандай түрі?

А)Минковский-Шоффар гемолитикалық ауруы

В)Алиментарлық анемия

С)Жаңа туылған нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Шала туылған баладағы кеш анемия

Е)Геморрагиялық анемия

 

Аймақтық дәрігерге 7,5 айлық ұл бала анасымен келді. Балаға нәрестенің кеш анемиясы деп диагносика жасады. Тамақтануы дұрыс. ЖРВИ-мен бірнеше рет ауырған.

Бұл жағдайда анемияның дамуына не себеп болды?

А)Туылған кезінде феталды гемоглобин құю

В)Темірдің тағаммен жеткіліксіз түсуі

С)Гем синтезіне қатысатын ферменттің белсенділігінің төмендеуі

D)Туылған кездегі темір тапшылығы

Е)Сүйек кемігінің функционалды жетілмеуі

 

Күндік шала туылған ұл балада анемия анықталды. ”NAN”қоспасымен тамақтанады. Бала диспепсия және отитпен ауырған. Қан анализінде Нb - 90 г/л, эр. - 2.5х1012/л, түс көрсеткіші - 1,1, ретикулоциттер саны - 0,8%.

Бұл жағдайға қандай анемия тән?

А)Шала туылған баладағы ерте анемия

В)Шала туылған баладағы кеш анемия

С)Нәрестенің гемолитикалық ауруы

D)Гемолитикалық тұқым қуалайтын анемия

Е)Алиментарлық анемия

 

Аймақтық дәрігерге 3,5 айлық қыз бала анасымен келді. Бірінші жүктіліктен, шала туылған. Туылған кездегі салмағы 2100 г. Тамақтануы ретсіз. Анасының сүті мол. Салмағы жақсы қосылып жатыр. Жалпы қан анализін зерттеу кезінде кездейсоқ анемия бар екені анықталды. Қан анализінде Нb - 80 г/л, эр. - 3.3х1012/л, түс көрсеткіш - 0,7. Бауыры және көкбауыры ұлғайған.