Дәрігердің қойған болжам диагнозы?

А) Обструктивті бронхит

В) Жедел бронхит

С) Созылмалы бронхит

D) І ші дәрежелі тыныс тапшылығы

Е) ІІ ші дәрежелі тыныс тапшылығы

 

Жедел жәрдеммен қалалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 айлық ұл бала келіп түсті. Қарағанда: баланың жағдайы ауыр, әлсіз, басы шалқайған, аузы ашық, кеуде қуысының бұлшықеттері тыныс алу актісіне қатысады, айқын цианоз дамыған, жүрек соғысы әлсіз, ТАЖ-60рет/мин.

Балада тыныс тапшылығының қай дәрежесі дамыған?

А) І

В) ІІ

С)ІІІ

D) ІV

Е) компенсациялық саты.

Жедел жәрдеммен аурухананың қабылдау бөліміне 14 айлық ұл бала келіп түсті. Ауырғанынан 2 күн бұрын баланы ашық құрғақ жөтел мазалаған,дауысы қарлыққан, мазасызданған, ентіккен. Қарағанда: баланың жағдайы өте ауыр,терісі бозғылт, есінен танған, цианоз дамыған. Қосымша зерттегенде: брадикардия, афония, АҚҚ төмен, аритмиялық тыныс. Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Ларингит, ІV сатысы

В) Жедел бронхит

С) Ларингит,ІІІ саты

D) Созылмалы бронхит

Е) Ларингит, ІІ саты.

 

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 9 айлық ұл баланы анасы алып келді. Шағымдары: ысқырықты құрғақ жөтел, мазасыз,дене қызуы жиі жоғарылайды. Қарағанда: терісі бозғылт, дем алып, дем шығаруы қиын, тахикардия, дене қызуы-39градус, инспираторлық стридор. Дәрігердің қойған болжам диагнозы?

А) Өткір ларингит

В) Эпиглоттит

С) Фарингит

D) Трахеит

Е) Өткір бронхит.

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 10 жасар ұл бала келіп түсті. Шағымдары: әлсіз,мазасыз, терлегіш, ентігеді, тез шаршайды, дене қызуы жоғарылаған.

Анамнезінде: 2 апта бұрын баспамен ауырған. Қарағанда: бала әлсіз, мазасыз, терісі таза, бозғылт, дене қызуы өзгермелі. Үлкен буындары ісінген, қызарған, қозғалғыштығы төмендеген, ауырсынады. ҚЖА: С-реактивті белок анықталды.

Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Дерматомиозит

В) Жүйелі қызыл жегі

С) Ревматизм

D) Подагра

Е) Миокардит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 11 жасар қыз бала келді. Шағымдары: Аяқ бұлшықеттері қатты сырқырап ауырады, әлсіз, үлкен қадам тастай алмайды, дене қызуы көтерілген, жұтыну қиындаған. Қарағанда: терісі бозғылт, буын аймағы ісінген, қызарған.

ЖА: ЭТЖ жоғары, лейкоцитоз, С-реактивті белок. ҚБА: креатинфосфокиназа, трансаминаза жоғары, НЖА: креатинурия.

Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Дерматомиозит

В) Полиартрит

С) Жүйелі склеродермия

D) Геморрагиялық васкулит

Е) Миокардит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 13 жасар қыз бала анасымен келді. Шағымы: басы ауырады, әлсіз, аяқ-қол буындары ауырсынады, шашы түскіш, таңертеңгі құрысу бар, беті ісінеді. 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарағанда: дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашар, бетінде және мойнында көбелек пішінді қызыл түсті нүктелер бар.

ЖА: протеинемия, ЭТЖ, С-реактивті белок жоғары, лейкопения, тромбоцитопения. LE-клеткалар табылды. НЖА: альбуминурия, гематурия. Дәрігердің қойған диагнозы?

А) Жүйелі қызыл жегі

В) Дерматомиозит

С) Жүйелі склеродермия

D) Геморрагиялық васкулит

Е) Миокардит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 14 жасар ұл бала келді. Шағымдары: тәбеті төмен, жүрегі айниды,майлы, қуырылған тамақ жегеннен соң іш аймағы ауырсынады, «кофе қойыртпағы» құсады, құсқаннан кейін жеңілдейді. Диагноз қоюға ең тиімді тексеру жоспары?

А) Кеуде торының шолу рентгенографиясы

В) Ларингоскопия

С) Ирригоскопия

D) ФГДС

Е) Колоноскопия

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 15 жасар қыз бала келді. Шағымы: ащы, тұзды, майлы тамақ жегеннен 20-30 минуттан соң оң жақ қабырға асты ауырсынады, тершең, әлсіз, тәбеті төмен, аузында қышқыл дәм сезіледі. НЖА: микрогематурия және микроальбуминурия. Копрологиялық зерттеу: стеаторея, аминорея, аздаған қан құрамдастары. Клиникалық диагнозыңыз?

А) Ішек тітіркену синдромы

В) Асқазан жарасы

С) Дизентерия

D) Жедел гастрит

Е) Жедел холецистит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 12 жасар қыз бала келді. Шағымдары: Мазасыз, әлсіз, тәбеті төмен,жиі, ауырсынумен зәр шығарады, ауырсыну шат пен тік ішек аймағына таралады.

Арағанда: Терісі бозғылт, дене қызуы көтерілген, уретраның айналасы қызарған. НЖА: лейкоцитурия, бактериурия, эпителий талшықтары бар, микрогематурия. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Цистит

В) Гломерулонефрит

С) Нефротикалық синдром

D) Нефритикалық синдром

Е) Пиелонефрит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 8 жасар ұл бала келді. Шағымы: әлсіз, тез шаршайды, басы ауырады,ұйқысы бұзылған, тәбеті төмен, іші кебеді, физикалық күш түскенде бел аймағы ауырсынады, зәр шығарғанда уретра аймағы ашып, қышиды, түнде дәретке 3-4 рет шығады. Қарағанда: дене қызуы 38,5 градус, терісі, көз алды ісінген. ҚЖА: лейкоциттер-9,6*109л, эритроциттер-4,5*1012л, гемоглобин-135г/л, ЭТЖ -13мм/сағ. НЖА: бактериурия, лейкоциттер- 7-8 к.а. эритроциттер-3 к.а. Дәрігер қандай диагноз қойды?

А) Цистит

В) Гломерулонефрит

С) Нефротикалық синдром

D) Нефритикалық синдром

Е) Пиелонефрит

Алалық аурухананың қабылдау бөліміне 6 жасар ұл бала келді. Шағымы: әлсіз, мазасыз, ұйқысы бұзылған, тәбеті төмендеген, аяқ-қол буындары сыздап, іш аймағы жиі ұстамалы түрде ауырады. Қарағанда: дене қызуы көтерілген, аяқ-қолында, бөксе аймағында симметриялы, ұсақ нүктелі бөртпелер бар,басқанда ағарады, тізе буындары ісінген, қызарған. Іш бұлшықеттері қатайған, пальпациялағанда ауырады. Ауруханада дәрігер гепарин бергеннен соң нүктелер 2 сағаттың ішінде жойылды.