Көзінде кемістігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту

Көз өмір айнасы.Көз арқылы жер бетіндегі барлық адам баласы қоршаған орта туралы көптеген мәлімет алады.Адам көз көру қабілеті арқылы заттардың түсі,көлемі,пішіні туралы түсінікті,олардың өзара орналасуын біледі,әрі 80%ақпаратты алады.

Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау,өзінің қозғалыс аймағын кеңейту,әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет.Көру адамдардың қызмет түрінің әр түрлі болуына байланысты басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуында да маңызды рөл атқарады.

Көру мүмкіндігі шектелген жандарға осындай өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін терең біліп қызмет ету үшін тифлопедагогиканың басты мақсаты.

Тифлопедагог (typhlos(грек сөзінен –зағип,logos-оқыту немесе ғылым) негізгі мәселеге талдау жасай отырып,көру мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық,педагогикалық,медициналық зерттеу жолдарын айқындап,көру қабілетінің бұзылу себептерін ,психикалық және педагогикалық ауытқуларын анықтау,оларды толықтыру ,кемістігі бар сезім мүшелерін түзету және қалпына келтіру жолдарын анықтап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына көмектеседі.[12-15].

Тифлопсихология сенсорлық кемістігі бар балалардың психологиялық дамуын қарастывратын арнайы психология бөлімі.Тифлопсихологияның негізгі бөлімдері:

1.Көру кемістігі бар балалардың психикалық көріністері мен даму заңдылықтарын ашу.

2.Соқырлар мен нашар көретіндерге тән өзіндік құбылыстарын ажырату.

3.Көру кемістігінің пайда болу уақыты мен паталогиялық белгілерін,деңгейін анықтау және оның психикаға енетін әсерін зерттеу.

Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.

Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады [46-51]. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу–тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді.

Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршағанәлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау , қарым-қатынас жасаумен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың психикалық дамуы көретін балалардың дамуы сияқты заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай үлкен әсер етеді. Көруі бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы.

Соқырлық — сезім мүшелерінің (талдағыштардың) бірінің кемістігі. Соқырлармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде мұға-лімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) одан әрі дамыту қажет десе онда олар қателеседі. Ғылыми әдебиеттерде, ел арасындагы аңыз-әңгімелерде соқырлардың музыкаға бейімділігі, ал олардың кейбіреулері туғаннан музыкаға бейім екендігін көрсетеді. Бұл пікірдің шындығы әрине асыра айтушылық. Соқырлар осы уақытқа дейін бірде-бір музыкалық шығарма авторы емес, олар тек шіркеуде, көшелерде жалбарынды өлең айтумен ғана шектеледі. Дене мүшесінің кемістігі биологиялық жағынан өзге мүшелерімен толықтырылады және ол бұл дүниеден өткенінше сақталады деген лакап сөз ел арасында кең тараған. П.Трошин кемтар балаларды зертгеп, олардың сау мүшелерінін ерекше артық дамымайтындығын анықтаған.

Соқыр балалардың мінез-құлқы тіршілік ету жағдайына икемделіп, олармен тәрбие істерін жүргізу нәтижесінде сыртқы ортамен шартты байланыс жасалып, олардың кеміс мүшесіне өзге қызметін өзге сау мүше атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің психологиялык механизмі кеміс балалар да дені сау балалардікімен бірдей. Соқыр баланың сипау сезімі, саңыраудың көру мүшесінің жоғары түрде жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден екінші мүшеге ауысып отыратындығы. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.

Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок.

Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына байланысты. Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес. Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «көзімен естуді» үренеді. Мұңдай ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде

Туа болған соқырдың қайғысы жүре біткен соқырдың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші өшпейді, -дейді Щербина (1916, 39 б.). Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға тоқталады. Соқырлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген (бұл да сонда, 40 б). Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес соқыр баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен бірге ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек ондай балаға көзің соқыр екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай соқыр бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды (бұл да сонда). Соқырға жарық сәулені білу қажет пе? деген сұраққа өзі соқыр А.В.Бирилев педагогикалық тұрғыдан қорытынды жасап «жарық сәулені білу 9 қажет», — дейді. Өмірден көзі көретін баланың ұғымын соқыр 5 бала да білуі керек. Соқыр балаға терезесінің ар жағында перде жабулы тұрғанда оның көрінбейтінін, ал үйде шам жанып тұрғанда перде жабылмаса оның ар жағынан көрініп тұратынын түсіндіру керек. Яғни ол жарык сәуленің қандай болатындығын білуі керек.

Брайль әліппесінің бір нүктесін тесу үшін оқушы (Б.К.Тупаногов)400 граммнан 1200грамм күш жұмсайды,ал бес бет шығарма жазғанда 3000 тоннаға дейін күш жұмсайтынын естен шығармау керек,сондықтан,тактильді жүктеменің ұзақтығы -10минуттан аспау керектігін білу және саусақтарды демалдыратын әр-түрлі жаттығулар (мысалы «қоян,ит,санамақ,т.б»)жасау керек.Коррекциялық бағытты оқыту-балаға бірден-бір көмек,әрі улкен рөл атқарады.

Көзі нашар көретін оқушыларға арналған білім беру жүйесін теориялық негіздеп тәжірибеде тиімді әдістермен толықтыру,нәтижені жинақтау арнаулы мектеп-интернаттың мұғалім,тәрбиешілерінен үнемі ізденуді,шығармашылықпен жұмыстануды қажет етеді.

мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.

Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған.Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады.

Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу – тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту.Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк тус беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады.

Нашар көретін балаларға арналған мектепте, мектеп аймағында өткізілетін экскуссияларға, саябаққа қыдыруға көп көңіл бөлінуі керек. Нашар көретіндерге арналған мектепте елестету мен қабылдау қорын кеңейтетін жүйелік жұмыстар жүргізіледі. Көру қабілетінің қатысуын керек ететін оқыту жұмыстры, ауызша сабақтар мен ауысып отырады. Нашар көретіндердің көру жүйесін сақтауда 10-15 минут сайын үзіліс жасау керек [71-85].