Жетілген гидромелиоративтік жүйелердің бір беткей желісі

Шаруашылықтың ішіндегі кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тізбектің бір-беткей желісі А.Н. Костяков атындағы Бүкіл Одақтық гидротехника және мелиорация ғылыми - зерттеу институты жасаған. Шаруашылықтың ішіндегі кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тізбектің принципті схемасы, суару, тыңайтқыш енгізу және кәрізді – қашыртқы суын бер – екі ауыспалы егістің алқабының ауданында пайдалануға (сурет 8) арналған. Олар кәдімгі звенолардан басқа жаңа блоктарды қосқан химиялық, кәрізді – қашыртқы суын пайдалану, жүйесінің жұмысын бақылау және басқару.

 

 

1-суаратын канал,2- диспетчерлік пункт, 3-басқару кабелі,4- таза су сорап бекеті, 5-суармалы тізбекке агрохимикаттар беретін құбыр, 6-химияландыру түйіні, 7,9,12,18 «Волжанка» , «ДНК-80» «Фрегат» немесе «Кубань» түріндегі жаңбырлатқыш машиналар, 8-суармалы тізбек, 10-кәрізді тізбек, 11- тазаланған кәрізді- қашыртқы суының суармалы тізбегі, 14- пайдаланған кәрізді- қашыртқы суын жинайтын қойма, 15-жинау-бассейінді кәрізді – қашыртқы суын тазалайтын және деминерализацияланатын түйін, 16- байқау құдығы, 17-шаруашылықтың ішіндегі коллектор, 19- топырақ ылғалдылығы датчигі, 20- сигнал беретін кабель.

 

Сурет 8 - Кең алымды жаңбырлатқыш машиналы суармалы тізбектің бір-беткей желісі

Химиландыру бөлігіминералды, органикалық және бактериалды тыңайтқыштарды енгізу, суарылатын сумен бірге пестицидтерді және химиялық мелиоранттарды енгізуге арналған. Оларды суармалы тізбекке немесе суару техникасына су арқылы қоректендіргіштердің көмегі тыңайтқыш, химиялық мелиоранттар және арнайы машиналар гербигиторлар пестицидтер арқылы беріледі. Тыңайтқыштар мен пестицидтер өсімдіктің өміп- өнуі кезеңінде суаратын сумен енгізіледі, ал химиялық мелиоранттар – шайылатын сумен. Микротыңайтқыштарды енгізу үшін анодты металл мырыш, молибден, медь, кобальт ерітіндісі қондырғысын қолданады.

Кәрізді қашыртқы суын пайдаланылатын блок жинау, өңдеу және оларды суаруға қайта пайдалану үшін қызмет етеді. Ол, жинау- басейіннен, тазарту және тұздан тазартатын түйіндерден, пайдаланылған кәрізді- қашыртқы суын жинайтын қоймадан, тазаланған суды беретін сорап бекетінен, суару тізбегінен және қосымша суармалы ауданды суаруға арналған суару техникаларынан тұрады. Кәрізді- қашыртқы суын тазалау және олардың сапасын жақсарту үшін әр түрлі тәсілдермен техникалық құралдарды пайдаланып ионитті сүзгі, таза сумен араластыру, қысқы жаңбырлату және көлемді мұздарды қатыру, биохимиялық тазалау, суаратын суға химиялық мелиоранттар кіргізу. Әзірге барлық әдістер экспериментальді және тәжірибеде тексерістерден өтуде. Тазартылған кәрізді- қашыртқы суымен әртүрлі ауылшаруашылығы дақылдарын суарады, оның ішінде тұзға төзімді және галофиттер.

Суармалы жүйенің жұмысын бақылау және басқару блогі жүйедегі технологиялық үрдістерді және суармалы жердің мелиоративтік режимін басқару, сонымен қатар жүйедегі технологиялық өлшемдерді бақылайды. Ол: Метеобекеттерден, топырақтың ылғалдылығын өлшейтін құралдардан (ылғалдылық датчиктері, нейтронды ылғал өлшеніштер, тензиометрлер және басқалар) , су өлшейтін қондырғылардан ( байланысымы, радио каналы және басқалар) , пакет программасы мен жеке ЭЕМ және тағы сол сияқтылар. Айтылған бөлім агрометеоөлшемдерді, топырақтың ылғалдылығын, суаратын және кәрізді- қашыртқы суының көлемі мен шығынын, агрохимикаттардың концентрациясы мен мөлшерін, жер қыртысы және кәрізді – қашыртқы суларының тұздылығын өлшейді, сорап бекеттерін қосады және ажыратады. Суаратын және кәрізді - қашыртқылы тізбектердегі арматуралар, суару техникасы және тағы сол сияқтылар.

Шаруашылықтың ішіндегі тамшылатып суару жүйесінің ВНПО «Радуга» жасаған бір-беткей желісі 9 –суретте көрсетілген.

 

 

1-бас сорап бекеті, 2-басқару-есептеу кешені, 3-метеобекет, 4-модульді бөлімше,5,9 және 14 - танаптық бөлгіш және магистраль құбырлар, 6- ілмекті – реттеуші арматура, 7- сүзгі компакт, 8- тыңайтқыш енгізетін қондырғыға қосылатын түйін, 10- тыңайтқыш енгізетін қондырғы, 11- сорап бекеті, 12- су тазалайтын сүзгі, 13- реттейтін жинайтын бассейн.