М. Жұмабаев шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

І Деңгей

Деби шығармашылық пәнінің мақсаты мен міндеттері

“Әдеби шығармашылыққа үйрету” пәнінің негізгі мақсаты- көркем шығармашылықтың өзіндік спецификасы, шығармашылық түрлеріне тән жалпы заңдылықтар, әрқилы сипаттары жөнінде жан-жақты мағлұматтар беру. Бұл курсты оқып-үйрену кезінде мынадай міндеттер алға қойылады:

- әдеби көркем шығармашылық ізденістердің туу, пайда болу заңдылықтары мен себептері нақты мысалдармен түсіндіріледі;

- жазушылықтың өзіндік ерекшелігі, сөз өнері мен басқа өнер түрлері арасындағы байланыс, өзіндік орны сараланады;

- жазушылық әрекеттің барлық сатылары, атап айтқанда алғашқы әсерленіп, түйсініп қабылдаудан бастап, шығарма мәтінінің біржола қағаз бетіне түскеніне дейінгі аралықты пайымдап айту;

- шығармашылықтың жазушы психологиясымен, қоғамдық ортамен байланысын зерделеу, көркем шығарма жазу барысындағы амал-тәсілдермен, толғаныстармен таныстыру;

- сөз өнерінің эстетикасы, психологиясы туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру, атақты классиктердің тәжірибесі, жұмбақ сыры туралы жас талапкерге ақыл-кеңес беру, өнердегі адалдық, азаматтық парыз мәселесі қарастырылады

Біш Кекілбаевтың шығармашылық портретін жасау

Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілдерін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімдерін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы терең толғап жеткізеді.

Әбішті оқу барысында осы айтылған пікірге тағы бір көзім жеткені «Шыңырау» повесін оқи отырып, ондағы әрекеттер мен Еңсептің прототипі Әбіштің анасы ма деп те тұжырым жасадым. Олай дейтінім, Әбіштің анасы Айсәуле әжемен болған Әлия Бөпежанованың сұхбатында әжеміз:

«Соғыс кезінде жеті қабат жер астына шахтаға түстім, соғыстың аз-ақ алдында Маңғыстауда көмір өндірісі ашылып, оған ауыл-ауылдан шартпен адамдар жиналды. Әбіштің әкесі де біресе Қарабұғазға барып, тосап шығарсты, біресе Жем, Сағыз бойына барып, темір жол салысты. Елден көмір ашылғанда, шартпен шахтаға түсті» – деп, атап көрсеткен болатын. Дәл детальдармен көрсетпесе де, Әбіштің «Шыңырау» повесін жазуда анасының өмірінің бір сәттік қиыншылығы мен тартқан тауқыметінің көрінісін суреттегені аян. Еңсептің жер қазып жер қойнына кіруі оның тұрмыстық қажеттілікті талап еткенінен болып отыр. Әкесінің ізін басқаны ол оның өмірлік ұстанымы болып қала бермек. Бұл жерде «шахта» мен «шыңырау» екеуінің бір типтік байланысы. Екеуі де қазылған жер қойнау. Бірі – су, бірі – көмір дейтін қажеттілікті шығарып отырған қазба байлықтар. Әбіштің психологиялық ойлау тәсіліндегі астарлы идеяның ұшын сондай жұқалап, нәзіктікпен жеткізе білуіне шек келтіруге болмас.

Біз қазақ әдебиетін оқу бағдарламасында ендігі жерде тек рухани азық ретінде ғана емес, танымдық негіз ете отырып оқыту керекпіз. Нарықтық заманда зерттеу мен оның нәтижесіне жету басты мақсат.

М. Жұмабаев шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

Мағжан Жұмабаев та ауыз әдебиеті үлгілерін аса бағалы рухани байлығымыз ретінде бағалап, оны сақтауға, қастерлеуге ерекше мән береді. «…Бірақ, талайлар ұмытылып қалды деп қанша өкінгенмен, әлде болса да ауызда аман қалған әдебиетіміз талай елдердің ауыз әдебиетінен бай. Әлі де болса ауыз әдебиетіміз, бір елдің жазба әдебиетіне негіз болуға жарарлық. Өзінің ауыз әдебиетін негіз қылмай ешбір елдің жазба әдебиеті өркендемек емес. Біздің де жазба әдебиетіміз ауыз әдебиетін негіз қылуға міндетті. Негізі берік өз еліміздің әдебиеті боламын десе, өзіміздің ауыз әдебиетімізге қайтуға міндетті», — деген Мағжан пікірінен жаңа дамып келе жатқан қазақ әдебиетінің алдына нақты, қомақты да сындарлы міндет қойғанын көреміз

4. Жазушы еңбегіндегі білім мен танымның орны

Талант және тәлім-тәрбие қаламгер шығармашылығындағы басты орын алатыны сөзсіз. Жазушының қоғамдық тұлғасын, кескін-келбетін, оның сенімі, білімі мен өмірлік тәжірибесі айқындайды. Өмірдегі белсенділік қана жазушыға өмірлік процестерді терең жан-жақты білуін қамтамасыз етеді.Психологиялық тұрғыдан мәдениетті адам тұрақты даму процесінде оның санасы барлық жағынан үздіксіз өзгеріп отырады. Үздіксіз даму процесі адамның шығармашылық қызығушылығының өсуіне әкеледі. Жазушы бір шығармадан кейін екіншісін жазып қана қоймайды, ол шығармашылық кезеңдерді басынан кешіреді. Қаламгер бір шығармадан екінішісіне өткен сайын түсінік-танымын тереңдете түседі.