ААЖ классификациясы. ААЖ жобалау

Деректер қоры-ақпараттық жүйелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпараттық жүйе өз алдына басқару функциясын орындау үшін әр алуан денгейдегі жұмыстарды ақпаратпен жабдықтаған объект туралы ақпаратты жинау, тасымалдау, қайта өңдеу бойынша қатынас жүйесін білдіреді.

Деректер қоры деп-компьютер жадында сақтайтын, арнайы түрде ұйымдасқан, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығын айтамыз.

Ақпараттық жүйелердің мысалына: банктік жүйелер, кәсіпорындарда, автаматты түрде басқару жүйелері, авияция немесе темір жол билеттерін, мейрамхана номерлерін алдын ала белгілеу және тағы басқа жатады.

Пайдалану облысы бойынша келесі класстарды бөліп айтуға болады:

1)Ғылыми зерттеуге арналған;

2)Автоматталған жобаларға арналған;

3)Ұйымдастырушы басқарудағы ақпараттық жүйелер;

4)Техналогиялық процессорды баспаға арналған.

Деректер қорын басқару жүйесін көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.

Деректер қоры дегеніміз – мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрылымына ақпаратпен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді [1].

Деректер қоры деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.

5.

6. Ақпараттық жүйенің Жизненный цикл информационных систем.

7. ААЖ-дегі кұрылғылар мен әдістердің қолданылуы. Методы и средства, используемые в жизненном цикле АИС.

8. ААЖ-дағы негізгі анықтамалар және терминдер. Основные определения, термины в области автоматизированных информационных систем.

9. ДҚБЖ-дегі негізгі түсініктер. Басты нысандар. Основные понятия СУБД. Основные объекты.

10. ААЖ құрудағы бағалау және сапа басқармасы. Оценка и управление качеством при разработке АИС.

11. Жобаны жүзеге асырудағы қажетті ресурстарды бағалау. Оценка необходимых ресурсов для реализации проекта.

SQLserver деректер қорына қосылу. Access жобасын құру. Подключение к БД SQLserver. Создание проекта Access.

12. ААЖ-ны жобалау.Проектирование АИС.

 

 

Деректер қоры. Күрделі көпкестеге сұрау салу. Базы данных. Сложные многотабличные запросы. Деректер қорын жобалау технологиясын жаңа түрде келтіру

Сұраныс - сақталынған мәліметтерді өшіру немесе түрлендіру, таңдау бойынша амалдарды анықтайтын, арнайы түрде сипатталатын қажетті құрал болып табылады. Сұраныстарды орындау нәтижесі жауап деп аталатын жаңа кесте немесе жаңартылған кесте болып табылады. SQL сұраныстар тілі айнымалы реляциялық есептеулерге негізделген. SQL -тілі кестелерге амалдар қолдануға (құру, өшіру, құрылымын өзгерту) және кесте мәліметтеріне (таңдау, қосу, өшіру, өзгерту) амалдарын орындауға арналған. SQL тілі процедуралық емес тіл болып табылады. Сондықтан ішкі программадағы ұйымдастыру, енгізу- шығаруды басқару операциялары қамтылмайды. SQL-ді пайдаланудың екі әдісі бар:

1) Статистикалық

2) Динамикалық

Бұл тілдің негізгі міндеті: сұраныстарды даярлау мен орындау болып табылады.

Деректер қорын жобалау техникасы жүйесінің тиімділігі.

Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент -сервер архитектурасы пайдаланылады.

Архитектура коорпоративті деректер қоры және дербес деректер қорын қосатын компьютерлік желі. Соған қатысты бұл архитектура таратылған деректер қорының мәліметтерін талап коорпоративті деректер қоры копьютер серверінде орналасады, ал дербес деректер қоры коорпоративті деректер қоры клиенті болып табылады. Ақпараттық жүйелердің клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коорпоративты ақпарат ұйымы болып табылады [4].

 

13.

14. Деректер қоры. Сұраусалуды құру. База данных. Создание запросов

15. Деректер қоры. Кестені құру және өзгерту.

MS Access бағдарламасында кестелер құру.

Кестелер деректер қорының негізі болып табылады, нақты соларда барлық деректер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені алуыңыз қажет.

Кестелерге орналасатын кестені немесе деректі тиянақты жоспарлау талап етіледі. Бұл тақырыпта талаптарыңызды қанағаттандыратын кестені құруға мүмкіндік берер кестені жобалаудың негізгі кезеңдерін қарастырамыз.

Access-те «кесте» термині нені білдіреді ?

Кесте – бұл деректеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтайсыз. Мысалы, мекен – жай, аты немесе телефон номері. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы, әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон номерін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. (21-сурет). Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.

 

 

21-сурет. Кесте режимінде кестені көру.

Кестелер құрылымы

Кестелер құрылымын құрар алдында деректер қорын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз.

Егер біркестелік деректер қорын құрсаңыз, онда кестенің құрылымын айқындау қиын емес.

Көпкестелі деректер қорын жобалау мәселелері келесі тарауда қарастырылады.

Кестенің құрылымын құру процесін мысал ретінде қарастырайық. Қайсы бір адамдар тобының атынан және тегінен тұратын деректер қорын құру керек болсын. Сонымен қатар, деректер қорында номері, мекен-жайы, өнеркәсіп аты және кредит және т.б. қосымша деректер бар болуы тиіс. Мұндай деректер қорын арнайы «Телефондық анықтамалық» болып есептеледі. Бұл мысал келесі тарауларда жиі қолданылады.

Қазір қойылған есепті шешу үшін Телефонды – мекен жайлық кітап деп аталатын біркесте жеткілікті. Кестеге барлық қажет ақпаратты қосу үшін оның құрылымы келесі өрістерден тұруы тиіс:

Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, MS Access-те оны құруға кірісеміз. MS Access-те кестені құру деректер қоры терезесінде жзүзеге асырылады:

1. Өзіңіз құрған деректер қорының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.

2. Деректер қорының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.

3. «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:

· Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.

· Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

· Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

· Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

· Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

4. Осы диалог терезесінде кестеңізді құруға сәйкес нұсқаны таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

5. Таңдалған құралдың көмегімен кесте құрылымын құрыңыз.

6. Кестені оның ішіндегі ақпаратпен байланыстыру үшін әрбір кестеге оның аты меншіктеледі. Кесте атын «Сақтау» диалог терезесінде беріп, ОК батырмасын басыңыз.

Біз кестені құрудың негізгі қадамдарын қысқаша қарастырдық, ал енді кестенің құрылымын құрудың жекелеген тәсілдерін барынша толығырақ қарастырамыз.

 

16.Деректер қоры. Макростар құру. Макросты мәлімет ерекшелігімен байланыстыру. База данных. Создание макросов. Связывание макроса со свойством события.