Мыңқұдық уран кен орнының геологиясы

 

 
 

 

 


 

Кенорнындағы қатпарланған іргетас 2-3 км тереңдікте жатады. Ол терригенно-кремнийлі, кембрийлі және ордовикті қабаттардан пайда болған, ертепалеозойлық базит интрузиясы мен габбродиориттермен бұзылған.

Аралық құрылымдық қабат көпсітіленген қабықпен 220 метр шығыста, 450 м дейін батыста тереңдікте жатады. Субплатформалы шөгінді комплекспен көрсетілген. Кенорнының шығыс бөлігінде (Шығыс, Ақдала, Лагерь бөлімдері) әктасты негізді қабаттар астында, Аранды биіктігінін ортасында қызыл және ала түсті құмдар, конгломераттар, алевролиттер және доломиттелген бестөбе свитінің әктас, ал енді қанатында сұрғылт түсті әктастар, алевролиттер, құмдықтар. Кенді алқаптың қалған жерінде, бор шөгінділерінің үстінде, желдетілген (жер үстінен) қоңыр және сұрғылт алевролит-аргилметтер және жиделісай қабатының құмдары таратылған.

Кейінгі бор шөгіндісі барлық үш деңгей жиекте (деңгейжиек үсті) Мұңқұдық (K2t1), Інқұдық (K2t1km-f1) деңгейжиегімен көрсетілген. Мыңқұдық деңгейжиегі кенорнындағы негізгі, бас кен орналасқан деңгейжиек.

Солтүстік-шығыстан аллювиальды жүйе мен жақын меридиандық өзен ағыны арасына орналасқан. Деңгейжиекте екінші дәрежелі, 2-5 элементтар циклден (ритмнен) тұратын, екі айналым анық көрсетілген. Әдетте соңғысы әртүрлі түйіршікті топырақтан қиыршық майда таспен басталып, орта және ұсақ түйіршікті құмдар мен сазбен аяқталады (аливропелитпен).

Төменгі айналым (төменгі деңгейжиек) опырылғыш материалдың дифференциациалануы өте жақсы көрсетілгеп сипатталады. Оның құрамында сұр түсті әртүйіршікті қиыршықтасты құм, кварц және кремний жынысындағы (русловостержневые фации) малта таспен кең түрде анықталған. Арнаның шекті фациясы ұсақ -орташа түйіршікті құмдармен қабатшалар мен ескі линзалар мен ат-атымен сұрғұлт түсті саз балшық және алевролиттен тұрады. Ертетуронды бедердің көтеріңкі бөлігіндеде шұбар түсті саз балшықтар мен алеврепелиттер орныққан, әсіресе кенорнының батыс бөлігінде кең таралған. Төменгі деңгейжиектің қалыңдығы кенорнының шығыс бөлігінде 15-20 м-ден орталық және батыс бөлігінде 35-40 м дейін жетеді.

Жоғарғы айналым (деңгейжиек) төмендегіден айырмашылығы сынғыш материалдың шамасы кішіреіп, кіші-орта түйіршікті құмға айналуында. Жоғарғы деңгейжиекте элементар айналымдар онша дәл анықталмаған, қысқа аралықта жайылады. Жоғарғы айналым көп жағдайда бозғылт және алевропелит қабаттармен аяқталады, 4-5 м қалыңдықтағы бас жағында Мыңқұдық деңгейжиегінің жоғарғы шегі көрінеді. Жоғарғы деңгейжиектің қалыңдығы 25-40 м шамасында өзгереді, ал барлық деңгейдің қалыңдығы Лагерлік және Шығыс бөліктерінде 30-40 м-ден, 60-70 м -ге дейін кенорнының басқа бөліктеріне жетеді.

Інқұдық деңгейжиегі Мыңқұдық ойпатына жиектеліп кейбір бөліктерде терең (15-20 м-ге) жарлар жасай жалғасады. Ол жер шөгіндінің ірісынықты құрамымен айқындалып, жасыл-сұрғылт (алғашқы қызылтүсті) аз темірлі болып келеді. Кенді Орталық және Құмды бөлемдірінде іс жүзінде, геохимиялық түрдегі сұрғылт түсті құмдар таралған. Кенорнының басқа де аудандарында кенбақылаушы тотығу белдемі жасыл-бозша шөгінділерге еніп, уран түзілмейді.

Мыңқұдық жазықтығы сияқты, қиманың төменнен жоғары бойымен сынатын материалдың кішірейілуімен сипатталатын, бірнеше айналымды салынған қораппен анықталады. Жалпы алғанда кенді аймақтың инқұдық жазықтығында тіліктің екі негізгі түрі бар: бірінші тік қимада гравийлі-малтатасты шөгінділермен ірітүйіршікті қиыршықтасты құмдар 50-80% құрайды, екінші бұл шөгінділер 50% аспайды, ал топырақтың ұсақ-орта түйіршіктерінің айырмашылығы 80% дейін болады.

Сұр түстілеп, көмірленген - өсімдік қалдықтарымен жазықтықтың төменгі бөлігіндегі топырақтар барлық жерде бірдей кездеспейді. Олар кенді аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығысында кеңінен тараған. Ақдала бөлімшесінде Жалпақ жазықтығы кенді болып табылады. Кенорнының жалпы қалыңдығы жазықтығында 50-70 м аралығында өзгереді.

Палеогендердің шөгінді жыныстары деңгейжиегі уванас, ұйық, икан, ынтымақ жазықтарында жатыр.