Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі дипломатия

1943 жылы 19-30 қазан айында Мәскеу қаласында алғашқы рет АҚШ, Ұлыбритания және КСРО елдерінің сыртқы істер министрлігінің қатысуымен конференция өтті. Соғыстан кейінгі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фашизм одақтастарын толық жеңгенге дейін соғыс қимылдарын жүргізу мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысына Қытай сыртқы істер министрі қатысып, Ұлттар бірлігі арқылы ынтымақты дамытуға келісті. Конференцияда «Австрия туралы» декларация қабылданды. Үш ұлы держава елдері Германияның Австрияны жаулап алуын ешқашан мойындамайтындығын, тәуелсіз Австрия мемлекетін құруға келісетінін білдірді. «Италия туралы» декларацияда «фашизмді жеңгеннен кейін демократия негізінде Италия мемлекетін қайта құруға келісті».

Конференцияның соңғы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы атынан декларация қабылдады. Германияны талқандағаннан кейін соғыс бастаған фашистерді, оның басшыларын халықаралық трибуна арқылы соттауға шешім қабылдады. АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер министрлері өздерінің үкімет басшылары атынан 1944 жылдың жазында Еуропада екінші майдан ашуға ниет білдіргенін мәлімдеді. АҚШ делегаттарының басшысы Сталинге Жапонияға қарсы соғыста көмек көрсете алады деген сенім білдірді. Сталин Жапонияны талқандауға толық көмек көрсететінін айтты. Герман мәселесі де конференцияда сөз болды. АҚШ және Ұлыбритания Шығыс Еуропада федерация құру туралы ұсыныс енгізді. КСРО делегациясы мұны қолдамады. 1943 жылы қараша желтоқсан айында Тегеран қаласында тұңғыш рет АҚШ, Ұлыбритания және КСРО үкімет басшылары Рузвельт, Черчилль және Сталиннің қатысуымен конференция өткізуге шешім қабылдады.

Тегеран конференциясы. 28 қараша – 1 желтоқсанда Тегеран қаласында АҚШ (Рузвельт), Ұлыбритания (Черчилль) және КСРО-ның (Сталин) қатысуымен конференция өз жұмысын бастады.

Черчилль екінші майдан ашудыБалқан түбегінен бастау керек деген ойын білдірді. Ондағы ойы Қызыл Армия әскерлері Еуропа елдерін азат еткенге дейін екінші майдан әскерлерін енгізу болды. Рузвельт пен Сталин бұл ұсынысты қабылдамады. Тегеран конференциясында екінші майданды 1944 жылы мамыр айында Солтүстік Францияның Нормандия жеріне десанттар түсіріп, Германияға қарсы американ ағылшын әскерлері соғыс қимылдарын бастауға келісті. Екінші майданның біріккен Бас штабын АҚШ генералы Эйзенхауэр басқаратын болды

Соғыстан кейінгі Германия туралы Рузвельт пен Черчилль ұсынысы қабылданбады. Сталин Еуропаны бөлшектеуге қарсы болды. Польша мәселесі қаралды. Польшаның шығыс шекарасын Керзон сызығы арқылы жүргізуге келісті, ал батыс шекарасы Одер өзені арқылы өту керек деп мақұлданды. Батыс Польша жері Польшаға қайтарылуы керек, бірақ Польша мәселесі кейбір келіспеушіліктерге байланысты кейінге қалдырды. Тегерандағы конференцияға қатысушы үш елдің басшылары антигитлерлік бірліктің нығайып отырғанын, Германия мен Жапонияны жеңгенге дейін біртұтас майдан арқылы күрес жүргізуге бел байлап отырғандықтарын паш етті.

Тегеран конференциясы аяқталғаннан кейін, Рузвельт пен Черчилль Каир қаласына келіп. Қытай үкіметінің басшысы Чан Кайшимен кездесті. Бас қосуда Жапонияға қарсы соғыста бірігіп, күресетінін білдірді. Жапонияны жаулап алған елдерден кетуге мәжбүр ететінін, Қытайға Жапонияныңбасып алған жерлерін қайтаратынына келісті.

Қырым (Ялта) конференциясы. 1945 жылы 4-11 ақпанда Ялта қаласының Ливадий сарайында өтті. Қырым (Ялта) конференциясына АҚШ (Рузвельт), Ұлыбритания (Черчилль), КСРО (Сталин) қатысты. Соғыстан кейін Германияда демократияландыру, демилитаризациялау және денацификалау жүргізу келісілді. ДДД формуласы пайда болды. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы мәселе қаралып, оның құрылымы бекітілді. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі дауыс беру арқылы шешіліп, оның мүшелеріне «вето» дауыс беру құқығы берілетін болды. Қырым конференциясы БҰҰ-ның құрылуын 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясына қалдырды

Сонымен қатар, Ялта конференциясында Польша мәселесі де қаралды.Польшаның шекара мәселесі Тегеран конференциясындағы келісімге тоқталды. Польша уақытша үкіметінің құрамына эмиграциялық үкіметтің басшылары да кіретін болды. АҚШ пен Ұлыбритания Польша уақытша үкіметін мойындайтын болды. Үш елдің басшыларының, бұдан бұрын келісілгендей, Германияны талқандағаннан кейін Жапонияға соғыс жариялайтынын бір ауыздан мақұлдады. КСРО өз жағына Сахалин, Куриль аралдары қайтарылған күнде, Жапонияға соғыс жариялайтынына сендірді. Антигитлерлік бірлік елдері фашистік Германияның жеңіліс табатынына ешқандай күмән қалмағанын түсінді. Еуропада жеңіс күні жақындап қалды.

Берлин (Потсдам) конференциясы. Фашистік Германия талқандалғаннан кейін, 17 шілде – 2 тамызда Берлин (Потсдам) конференциясы ашылды. Конференцияға АҚШ (Трумэн), Ұлыбритания (Эттли), КСРО (Сталин) және осы елдердің Сыртқы істер министрлері АҚШ (Дж.Бирнс), Ұлыбритания (Иден, Бевин), КСРО (Молотов) қатысты. Мұндағы басты мәселе Германия болды. Қырым конференциясында үш елдің басшыларының келісімі бойынша, Германия дағдарысын шешу Еуропалық консультативтік комиссия мен Бақылау кеңес ұйымына тапсырылды. Германия демократиялық біртұтас болып құрылуы керек еді. Неміс халқы өз мемлекетін құру құқығын алу керек. Ол үшін денацификация және демилитаризациялануы қажет. Берлин конференциясында соғыс қылмыскерлерін соттау, қарулы күштерін және соғыс өнеркәсіп орындарын одақтас елдердің бақылауына өткізу туралы мәселе қозғалды. Германия жерін төрт оккупациялық бөлікке бөліп, әр бөлікті төрт елдің қарулы күштерінің басшылығына беру жөнінде айтылды . АҚШ, Ұлыбритания, КСРО және Франция оккупациялық бөліктерде болашақ Германия мемлекетін құру үшінкелісім бойынша Бақылау кеңес ұйымы жұмыс атқару керек. Батыс Германия жері үш зонаға бөлінді, яғни АҚШ, Ұлыбритания және Франция, ал Шығыс Германия – КСРО-ның оккупациялық зонасына бөлінді.

Польша герман шекарасы туралы мәселеде, көп талас тартыстан кейін, КСРО ұсынысы жеңіп шықты. Берлин конференциясының шешімімен Польшаның батыс шекарасы Одер, Батыс Нейсе өзені арқылы өтетін болып шешілді. Батыс Польша жеріндегі немістер Германияға көшірілетін болды. Сонымен қатар денацификация шараларын жүргізу барысында фашистік ұлттық социалистік партияға тыйым салуға, соғыс қылмыскерлерін анықтап, халықаралық трибунал арқылы соттауға шешім қабылдады.

Берлин (Потсдам) конференциясында АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшылары Жапонияға соғыс ашуға келісті. КСРО (Сталин) өз жағының Жапонияға соғыс жариялайтынына тағы да сендірді. Конференцияның соңғы күні АҚШ президенті Трумэн өз елінде атом бомбасын жасағанын және оның 21 шілдеде АҚШ-та сынаудан ойдағыдай өткенін хабарлады.

Атом бомбасы туралы хабарлай отырып, АҚШ президенті Трумэн өзінің күш көрсету ойын білдіріп отырды. Бұл хабарды АҚШ соғыс министрі Г.Стимсоннан естігеннен кейін, Черчилль «бұл жаңалықты Сталинге хабарлау керек» - деді. 24 шілдеде Трумэн Сталинге АҚШ-та атом бомбасы дайын екенін, оны Жапонияға пайдаланатынын айтқанда, Сталин «бұл жаңалыққа ешқандай мән берген жоқ», - деп мойындайды Трумэн. АҚШ-тың «атом дипломатиясы» осылай пайда пайда болды. Бұл дипломатия соғыстан кейін АҚШ-тың КСРО-ға қарсы «суық соғыс» және «күш көрсету» саясатын бастауға әкелді

Сан-Франциско конференциясы. Қырым конференциясының шешіміне сәйкес, 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылды. Конференция жұмысына 46 елден 300 делегат қатысты. Украина ССР мен Белорусс ССР-ының делегаттары да қатысты. 26 сәуірде БҰҰ-ның жарғысы (уставы) қабылданды. «Біріккен Ұлттар Ұйымы – делінді жарғыда – дүниежүзінде бейбітшілік және қауіпсіздік орнату, соғысқа қарсы бірігіп күресу, халықаралық құқықты сақтай отырып әділеттік пен ынтымақты дамыту, халықаралық дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу; адамдардың құқығын қорғау, барлық адамдарға еркіндік, тілге және дінге бостандық беру, ұлттардың тең өркендеуіне келісімге жетуді қолдайды».

БҰҰ-ның құрылымы бекітілді. БҰҰ-ның толық мүше елдерінің қатысуымен жалпы жиналысы – Бас Ассамблея. БА-ның жыл сайын сессиясы өткізіледі. БҰҰ-ның тұрақты ұйымы – Қауіпсіздік Кеңесі. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін барлық мүше елдердің орындауы міндетті. Қауіпсіздік Кеңеске тұрақты мүше бес ел – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай. Бес мүше елдің жеке дауыс беру құқығы (вето) бар. БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі, Халықаралық сот, Секретариат және басқа комитеттер, комиссиялар, арнаулы ұйымдары бар. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы дүниежүзі қауымдастықтарының ірі жеңісі болды