Дәріс №13. Ұйымдардың банкрот болу ықтималдығын талдау

Дәрістің мақсаты:Ұйымдардың банкрот болу ықтималдығын болжамдауды үйрену

Жоспар:

1.Банкрот түсінігі және оны реттеу

2. Банкроттықтың қағидалары

3.Банкроттықты болжамдау

Негізгі ұғымдар:банкрот, санкциялау

Иллюстрациялық материал:схема, кесте, слайд, үлестірме материал

1. «Банкрот» сөзі – бұл дәрменсіз борышкер немесе күйреуге ұшыраған, белгілі бір нәрсеге дәрменсіз боп шыққан дегенді білдіреді. Корпорацияның өзіне алған қаржылық міндеттемелерді орындауға қабілетсіздігімен туындаған күйреуін коммерциялық банкроттық деп атайды.Корпорацияның банкроттығы – бұл корпорация активтерінің нарықтық бағасының оның міндеттемелерінің бағасынан төмен болған жағдай.

Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясаттың тиімсіз болуынан туындайды.

Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері:

1) Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері.

2) Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер.

Банкрот жүйесінің мақсаты:

А) Экономикада рынок қажеттілігінесайқұрылымдық және қайта құруларды жүзегеасыру; Ә) Санкциялау; Б) Болдырмау;В)Жою.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. ҚР-ның «Банкроттық туралы» 07.04.1995ж. № 2173 заңы және ҚР-ның 2001ж. №238911 шілдеден «Банкроттық туралы» заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.Осы заңға сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Шаруашылық субъектінің қарызды төлей алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерд өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

ҚР-ның «Банкроттық жайында» заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті және еріксіз түрде қабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде немесе өзінің банкроттығы жайында соттан ресми түрде кредиторларымен келісімге келе отырып ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады.

Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады.Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесін зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс.

 

2. Банкроттық саласында бай практикалық тәжірибесі бар шетел ғылымында банкроттықтың негізгі қағидалары шығарылады:

· Жеке тәсілдеме қағидасы – мүмкін , себеп тиімсіз басшылыққа болуы ықтимал, сондықтан жаңа адамдар нәтижелі жұмыс істей алады.

· Несиегерлермен барынша есептесу қағидасы – шын мәнінде банкроттық үлкен несиегерлік қарыз нәтижесінде пайда болады және бірінші кезекте солармен есептесу мақсатында жүргізіледі.

· Шынайы уәждеме қағидасы – банкротқатері шынайы дәрежеде болуы қажет, компания менеджерлерінің басшылық етуден босатылуы бір балама түрінде болса да қарастырылуы шарт.

· Әділеттік қағидасы – банкроттық тәртібі несиегерлерге қатысты әділеттекті қамтамасыз етуі тиіс: егер несиегерлер арасында заңды немесе жеке тұлғаларбар болса және олар басым деп саналатын болса, онда банкроттық тәртібі қарыздардың өтелуі кезекпен іске асырылуы тиіс.

· Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы кезегіндегі шығыстардың бөліну қағидасы – заңнамада қала құрушы кәсіпорындардың банкроттығына жеке көзқарас айқындалған.

· Тиімділік қағидасы – банкроттық тәртібіне негізгі талап ретінде тиімділік шығуы қажет. Мұнда қызметтерді қайталауға, банкроттықтың мерзімін созуға және себепсіз ұзартуға жол берілмейді.

· Банкроттық нысандарының әртүрлілігі қағидасы – бұл қағиданың маңыздылығы – кәсіпорындардыңбанкроттық тәртібі мен заңы сыртқы басқарудың әртүрлі нысандарын қарастырады:бақылау сауықтыру және т.с.с.

· Банкроттықты оңтайландыру қағидасы – банкроттық тәртібінде кезеңдер саны бұл процедураның аса ұзақ болмайтындайболуышарт.

· Қолданылатын өлшемдердің мақсатқа сай қағидасы – бұл қағида алдыңғы оңтайландыру қағидасын дамытады,себебі оңтайлылық мақсатқа сай және соның негізінде таңдалады.

· Салалық ерекшелікті ескеру қағидасы - әр саланың өзінің жеке қызметінің ерекшелігі болады, осының өзі олардың банкроттығына әсер етеді. Бұл әсіресе ауылшаруашылық кәсіпорындарына қатысты, себебі олардың әрекетмерзімдік сипатта.

 

Банкрот жүйесінің принциптері:

1) Қатысушылардың теңдігі, сенімділігі және тұрақтылығы;

2) Банкрот жағдайында қауіпсіз шараларды жүзеге асыру;

3) Бизнестің қайта өрлеуін қолдау;

4) Құқықтық қарқынды құрылым;

5) Барлық қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз етуі;

6) Әлеуметтік қорғау.

3. Қазіргі экономика ғылымының өзқарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әртүрлі әдістерімен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

А) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

Б) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;

В) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

Г) қаржылық ағымының құйылуын талдау.

Келтірілген көрсеткіштерден дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде жиі несиеге қабілеттілік индексін қолданады. Банкроттықтың ықтималдылығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э.Альтман ұсынған Z модельдері. Бұл индекстің есебі келесі формула бойынша беріледі:

 

Мұндағы:

меншікті айналым қаражаттарымен барлық активтер қатынасымен анықталады.

бөлінбеген табыс пен барлық тактивтер қатынасымен анықталады.

Пайызбен салық төлеуге дейінгі табыспен барлық активтер қатынасымен анықталады;

Меншікті капиталдың нарықтық бағасы мен тартылған капитал қатынасымен анықталады.

Өткізуден түскен табыспен барлық активтер қатынасымен анықталады.

 

Алынған Zмоделінің мағынасы кәсіпорынның бергі 12 жылда банкротқа ұшырау мүмкіндігінің дәрежесін төмендегіше айқындайды:

1) Z= 1,8 және төмен: банкроттық ықтималдылығы өте жоғары;

2) Z=1,81-ден 2,7 дейін:банкроттық ықтималдығы жоғары;

3) Z=2,71-ден 2,9дейін: банкроттық ықтималдығы бар;

4) Z= 3,0 және жоғары: банкроттық ықтималдығы өте төмен.