Пәннің сағаттарын бөлу

Жалпы мәліметтер

1.1 Жоғарғы оқу орнының атауы: С.Ж.Асфендияров атындағы КазҰМУ

1.2 Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау

1.3 Пәні, пәннің коды OZ-3225, Қоғамдық денсаулық сақтау

1.4 Мамандандығы - 051102 – Қоғамдық денсаулық сақтау

1.5 Оқу сағаттарының/кредиттерінің көлемі – 360 сағат (8 кредит)

1.6 Дәрістер – 36 сағат

Практикалық (семинарлық) сабақтар – 84 сағат

Студенттердің оқытушымен бірге жүргізілетін өзіндік жұмысы (ОCӨЖ) – 56 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы (CӨЖ) – 184 сағат

Оқыту курсы - 5 курс, оқыту семестрі - 9,10

1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер

 

Оқытушының аты-жөні Қызметі Оқу дәрежесі, оқу атағы Ғылыми қызығушылығы, жетістіктері
Камалиев Максут Адильханович Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Профес- сор Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы. 370 ғылыми еңбегі бар.
2. Айтманбетова Акмарал Аршабаевна доцент м.ғ.к.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 50 ғылыми еңбегі бар.
3. Талкимбаева Найля Ануаровна   доцент м.ғ.д.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 50 ғылыми еңбегі бар.
4. Кожекенова Жанат Асетовна   доцент м.ғ.к.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 30 ғылыми еңбегі бар.
5. Шахиева Адиля Маратовна доцент м.ғ.к.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 85 ғылыми еңбегі бар.
6. Буздаева Сауле Сагатовна аға оқытушы м.ғ.к.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 30 ғылыми еңбегі бар.
7. Нурбакыт Ардак Нурбакыткызы аға оқытушы м.ғ.к.   Қоғамдық денсаулық және қоғамдық денсаулық сақтау саласының, медицина тарихы саласының маманы 22 ғылыми еңбегі бар.
8. Дармен Нургуль Жарылкасымовна аға оқытушы медицина ғылымдарының магистрі   Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихы саласындағы маман , 5 ғылыми еңбегі бар.
9. Абиырова Назым Бейсеновна стажер- оқытушы Медицина магистрі   Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихы саласындағы маман , 5 ғылыми еңбегі бар.
10. Баймолдин Нургиса Мусипович оқытушы     Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихы саласындағы маман , 19 ғылыми еңбегі бар.
11. Мусина Майра Сакыпкереевна оқытушы     Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, медицина тарихы саласындағы маман , 2 ғылыми еңбегі бар.

1.8 Байланыс ақпараты:

Кафедраның мекен-жайы: Толе би көш., 88. 1-ші оқу ғимараты, IV интро, екінші қабат, сол қанат. Телефон 3387090

1.9 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

· шығармашылық, жеке бас ерекшелік және креативтік таныта отырып оқу үрдісіне белсенді қатысу;

· аудиторлық сабақтардың барлық түрлеріне қатысу (дәрістер, практикалық сабақтар);

· әрбір сабаққа дайындалу (берілген материалдарды оқып, олар бойынша тапсырмаларды орындау),

· жұмысты дер кезінде орындап, қатаң түрде күнтізбелік график бойынша тапсыру;

· сабаққа кешікпеу, белгілі себептермен жіберілген аудиторлық сабақтарды құжатпен дәлелдеу;

· сабақ уақытында алаңдамау;

· ұялы телефонды сөндіру;

· мәдениетті болу;

· кафедраның оқытушылық құрамы мен көмекші песоналына сыйластық таныту;

· кафедра мүлкіне мұқият болу;

· сырт келбетіне және жүріс-тұрысына ұқыпты болу;

Жұмыс бөлімдерін орындамаған жағдайда қолданылатын шаралар: студент өз міндеттерін орындамаған жағдайда тәрбиелік және тәртіптік сипатты шаралар қолданылуы мүмкін.

Бағдарлама

2.1.Кіріспе

Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін негіздейтін интегралды теориялық-қолданбалы ғылым болып табылады.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша (1995 ж.), жаңа қоғамдық денсаулық сақтау – денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын-алуға, қоғамның тұрақты дамуындағы әлеуметтік теңдікті қолдаудағы денсаулық сақтау саясатына бағытталған қоғамның ұйымдастырылған күштері.

Қазақстан Республикасы халқының қолайлы жағдайының өсуінің басты басымдылықтарының бірі – қолжетімділікті, өз уақытында, сапалы медициналық көмек көрсетуде біртұтас, дамыған, әлеуметтік бағыттағы жүйенің дамуы.

Қоғамдық денсаулық сақтауда болашақ мамандар денсаулық сақтау жүйесінің дамуының стратегиясы мен тактикасын біртұтас жүйе ретінде қабылдауы қажет. Қазақстанда инвестициялар мен адами ресурстарды максималды дамытуда, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының денсаулық жағдайын жақсартуда және еліміздің әлеуметтік-демографиялық тұрғыда тұрақты дамуын қамтамасыз етуде қолдағы бар ресурстарды тиімді қолдану.

 

2.2. Пәннің мақсаты:

Қоғамдық денсаулықты бағалауда және оны анықтайтын факторларды оқып білуде мамандарды дайындау; білім жүйесін қамтамасыз етіп сақтауда, тұрғындар денсаулығын нығайтып қайта қалпына келтіруде; ұйымдастыру медициналық технологиялар мен басқару процестерінде; шет мемлекеттердің ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде денсаулық сақтаудың дамуын сараптау және қалыптастыру.

 

2.3. Оқыту міндеттері:

- тұрғындар денсаулық жағдайын сақтау, нығайту және қалпына келтіру мақсатында әдістемелік әдістерді үйрету;

- тұрғындарға медициналық-профилактикалық көмектерді және медициналық ұжымдар туралы ұсыныстарды қалыптастыру;

- тұрғындар денсаулығы туралы ақпараттарды сараптау және емдеу-профилактикалық, санитарлы-профилактикалық мекемелердің қызметін, сонымен бірге алдын алу шараларын сапасын күшейту және медициналық-профилактикалық көмектің нәтижесі туралы білім беру;

- экономика негіздері бойынша, маркетинг, жоспарлау және қаржыландыру, менеджмент, денсаулық сақтаудағы инновациялық процесстер, медициналық қызметтегі құқықтық және этикалық аспектілер туралы білім беру.

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттердің білімін қалыптастыру:

· Қазіргі кездегі ҚР тұрғындарының денсаулықтарының жағдайы жөнінде;

· Азаматтардың денсулығын қорғау туралы заң, Қазақстан Республикасының санитарлық, табиғатты қорғау туралы заңы, медициналық мекемелер мен ұжымдардағы мамандар қызметінің құқықтық негіздерін;

· Адам денсаулығын қалыптастыратын факторларды (әлеуметтік, экологиялық, табиғи-климаттық, генетикалық);

· Қолайсыз жағдайлармен байланысты әлеуметтік экономикалық аурулар, климаттық факторлар және т.б. сәйкес келетін сауықтандыру шаралары, қоршаған ортаға қолайсыз әсер ететін организмге қарсы тұратын бағыттарды көтеру, денсаулық жағдайын және физикалық жағдайды жақсарту, жұмыс қабілетін көтеруді;

· Тұрғындар денсаулық жағдайын зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану негізін және медициналық көмекті ұйымдастыруды;

· Тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастыру негізін. Тұрғындардың жеке топтарына медициналық көмек ұйымдастыру принциптерін. Профилактикалық шараларды жүргізу және ұйымдастыруды;

· Медицина қызметкерлерінің этикалық және деонтологиялық аспектілерін;

· Медициналық сақтандыру негізін; әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қаматамыз етілуін;

· Денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі мекемелердің негізгі көрсеткіштері

· ҚР түрғындарының табиғи қозғалысы жөнінде;

· Алғашқы аурушылдықтың таралуы, деңгейі, мүгедектік;

· Халық денсаулығының жас-жыныстық, кәсіби және аймақтық ерекшелігі;

· Маңызды аурулардың медициналық және әлеуметтік алдын алудың негіздері;

· Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;

· Денсаулық сақтау саласындағы экономика, қаржыландыру, жоспарлау негіздері.

Студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру:

· Демографиялық, аурушылдық, мүгедектік, физикалық даму көрсеткіштерді есептеп, сараптау жүргізіп, салыстыру;

· Тұрғындар денсаулығының статистикалық нәтижелерін сараптау;

· ЕПМ жұмысының тіркеу және есеп беру құжаттарын сараптау;

· МСЭҚБ және СЭСО жұмысының тіркеу және есеп беру құжаттарын сараптау;

· Медициналық мекемелердің жұмыс қөрсеткіштерін есептеу және сараптау;

· Денсаулық сақтау мекемелердің жұмысына экономикалық сараптау жүргізу

Студенттердің коммуникативті дағдыларын қалыптастыру:

· Курстастар мен позитивті қарым-қатынаста болу;

· Басқа студенттердің көзқарасы, ой-тұжырымына сыйластықпен қарау;

· Топта жұмыс істей білу;

· Айналадағылармен байланыс орната отырып, құбылысты модельдеу.

Студенттердің құқықтық біліктіліктерін қалыптастыру:

· ҚР азаматарының денсаулығын қорғаудың және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының құқықытық негіздерін анықтайтын заңдылық актілердің негізгі ережелерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Студенттердің өз білімін жетілдіруді қалыптастыру:

· Компьютерлік технологияларды кең қолдану;

· Жұмыста зерттеудің аналитикалық әдістерін қолдану;

· Компьютерлік технологияларды кеңінен қолдану;

· Өзіндік оқуда Интернет-ресурстарды қолдану;

· Өзіндік білімді жетілдіруде оn-line оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар және т.б. қолдану;

· Нормативтік-анықтамалық әдебиеттер және статистикалық жинақтармен өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

2.5 Алғы реквизиттері:жалпы гигиена, экология, биостатистика, қоғамдық денсаулық, коммуникативті дағдылар.

2.6. Соңғы реквизиттері: эпидемиология, еңбек гигиенасы

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны

Қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі бөлімдері: медицина және денсаулық сақатудың тарихы; денсаулық сақтаудың теориялық негіздері және ұйымдастырушылық ұстанымдары; дәрігерлік этика және деонтология; медицина және денсаулық сақатудың теориясы; медициналық статистика (биостатистика); халық денсаулығы және оны зерттеу әдістері; халықтың аурулығы; емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру; ана мен баланы қорғау; әлеуметтік және медициналық сақтандыру; дәрігерлік-еңбек сараптамасы; маңызды аурулар және олардың медициналық-әлеуметтік маңызы; санитарлық-эпидемиологиялық қызмет; санитарлық ағарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық сақтау экономикасы; денсаулық сақтауды жоспарлау, денсаулық сақтау қардыландыру; денсаулық сақтауды басқару, денсаулық сақтау макетингі; денсаулық сақтау менеджменті; медициналық білім беру, халықаралық денсаулық сақтау.

2.8. Тақырыптық жоспар: тақырыптары, әр сабақты жүргізу формасы мен ұзақтығы (дәрістер, практикалық, семинарлық, өзіндік жұмыс).

Пәннің сағаттарын бөлу