Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарына СӨЖ тапсырмалар

1. «Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы: философиямен, этнопсихологиямен, этнографиямен, этнософиямен»;

2. «Этнопедагогиканың негіздері: философиялық, мәдениеттанушылық, психоло гиялық»;

3. «Халықтың педагогикалық мәдениетінің мазмұны»;

4. «Педагогиканың классигі К.Д.Ушинскийдің мұраларындағы халықтық тәрбие мәселелері»;

5. «В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы»;

6. «Ш.Уәлиханов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие және этнопедагогика мәселелері»;

7. «В.А.Сухомлинскийдің халықтық педагогикасы»;

8. «М.Дулатұлының этнопедагогикалық идеялары»;

9. «М. Жұмабаевтың этнопедагогикалық идеялары».

10. «Ұрпақтар ұласымдылығы – халықтың рухани өрлеуінің факторы»;

11. «Табиғат – халық педагогикасындағы тәрбие құралы»;

12. «Еңбек - халық педагогикасындағы тәрбие құралы»;

13. «Ойын-тәрбие құралы»;

14. «Сөз- тәрбие құралы»;

15. «Қазақ жанұясындағы ер балалар­ды тәрбиелеу ерекшеліктері»;

16. «Қазақ жанұясындағы қыз бала­ларды тәрбиелеу ерекшеліктері»;

17. «Діннің тәрбиелік рөлі»;

18. «Қазақ ойшылдарының өнегелілік идеяларының мәні»;

19. «Қазақ халқындағы азаматтық, патриоттық тәрбиенің ерекшелігі».

20. «Салт-жоралар мен рәсімдер»;

21. «Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие»;

22. «Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі»;

23. «Отбасында балаларды кәсіби даярлау».

24. «Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері»;

25. «Халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтарындағы ұлтаралық мәселелері»;

26. «Қазақстан Республикасындағы халық педагогикасы бойынша қазіргі бағдарламалар»;

27. «Жалпы білім беретін мектептерде халық педагогикасының элементтерін сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланудың жолдары мен тәсілдері».

Білім алушылардың оқытушының қатысуымен өздігінен орындайтын жұмыстарының (СОӨЖ)

Лгі тақырыптары

1. Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.

2. XV-XIX ғ қазақтың ақын-жыраударының тәрбиелік мектебі.

3. Классик – педагог Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұраларындағы халықтық тәрбие.

4. Ы.Алтынсарин мұраларын халықтық педагогикасы тұрғысынан ғылыми түрде қарау.

5. Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі.

6. Орыс және Батыс Европалық ғалымдар қазақтың халықтық тәрбиесі жөнінде.

7. А.Байтұрсыновтың этнопедагогикалық идеялары.

8. Көпэтностық Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие.

9. Ұрпақтар ұласымындағы тұлғаның әдеуметтік дамуының және халықтың рухани процесінің факторы.

10. Халық ойындары- тәрбие құралы.

11. Сөз халық педагогикасында – тәрбиенің құралы.

12. Жаңа заманға сай туындаған салттар мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні.

13. Патриотизмнің модельдері (жобалары).

14. Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың балаларды шынықтыру тәсілдері.

15. Бейнелеу өнеріндегі этнопедагогикалық идеялар.

16. Халық күнтізбесі, жыл мезгілдері және айға бөлу.

17. Этнопедагогиканың жалпы адамзаттық негіздері.

18. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасы.

19. Қазақстан мектептерінің халық педагогикасы бойынша жұмыс тәжірибесі.

Білімгердің оқу әрекетінің нәтижесін бағалау (баллмен)

Курс компоненттері Тапсыр саны Бағаның салмағы % Максималды балл
Реферат 5% 2*100=200
Эссе немесе тақырып бойынша шолу 5% 2*100=200
Глоссарий 5% 2*100=200
Презентация 5% 2*100=200
Лекция конспектісімен әзірлік 37,5% 15*100=1500
Семинар сабақтарына әзірлік 37,5% 15*100=1500
Рубеждік бақылау 5% 2*100=200
  Барлығы 100% (4000/40)*0,6=60

Баға қою саясаты

Бақылаудың 3 түрі қолданылады:

- ағымдық (семинар сабақ және ОБӨЖ (СРОП) негізінде апта сайын өтіледі);

- рубеждік (деканат кестесі бойынша өтіледі);

- аралық (промежуточный, академиялық кезеңнің соңында бір рет өтіледі);

Балл төмендегідей бөлінеді:

-ағымдық бақылауға – 1500 балл;

- рубеждік бақылауға – 200 балл;

- аралық бақылауға - 100 балл.

Барлығы - 1800 балл.

Білімгерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Білімгер әр сабаққа өз конспектісін, және де сол тақырып аясында орындалуға тиіс барлық тапсырмаларды орындауы тиіс.

Барлық жеке, рейтингтік, реферативті және т.б. тапсырмалар бекітілген бір уақытта өткізілуі тиіс.

Білімгер семинар сабақтарда өз білім деңгейін әр түрде көрсете алуы тиіс: баяндау, толықтыру, басқа білімгерлер орындаған тапсырмаларды рецензиялау және т.б. жұмыстар.

Білімгерлерді мадақтау:

Сіздерге өз бетінентабылған материал, қызықты ғылыми жаңалық үшін, практикалық сабақтағы ең жақсы проблемалық сұрақ, дискуссияда ең белсенді білімгер болсаңыз 100 балл қосылады.

Практикалық сабақтардағы белсенді жұмыс үшін 100 қосылады. Рефераттың сапалы орындалуы үшін, оның уақытында тапсырылуы және қорғалуы үшін 100 балл қосылады.

БӨЖ-ді орындауға қойылатын талаптар:

Бір семестр ішінде сіздер бірнеше БӨЖ тапсырмасын орындауларыңыз тиіс. Олардың әрқайсысы үшін 100 балл беріледі

Рубеждік бақылаудың талаптары:

Әр рубеждік бақылау 100 баллмен бағаланады. Қорытынды баға 200 баллды құрайды.

Аралық бақылауға қойылатын талаптар:

Аралық бақылау емтихан жазбаша түрде өткізіледі.

Білімгерлерге емтихан сұрақтары алдын бұрын беріледі. Емтихан өтілген материалды құрайды. Емтиханда білімгер курс жоспарын қолдана алады, бірақ ол глоссарий, анықтамалықтарды, т.б. қолданбауы тиіс. Егер де ол рұқсат берілмеген көмекші құралдарды қолданса, онда емтиханнан шығарылып жіберіледі.

Рубеждік бақылау

Рубеждік бақылау ОБӨЖ кезінде мынадай формада өткізіледі:

- ауызша жұмыс – 1 сағат.

- ауызша жұмыс – 2 сағат.

Барлық жұмыстарды бағалау ережесі:

- Баллдар білімді бағалау графигіне сәйкес қойылады.

- Егер білімгер семестр барысында бірде-бір семинар сабағына келмей қалмаса, онда ол жағдайда мадақтау баллы қосылады.

- Егер білімгер себепсіз сабақтардан қалып, оларды қайта өтпесе 1 сабақтан қалғаны үшін баллы кемиді.