Леуметтану ғылым ретінде

Әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуы. Әлеуметтанудың объектісі мен зерттеу пәнінің ерекшелігі.

Әлеуметтанудың қоғамдык ғылымдар жүйесіде алатын орны. Әлеуметтанудың философиямен, тарихпен, психологиямен, экономикамен, саясаттанумен және баска да ғылымдармен байланысы.

Әлеуметтанулык теория, оның негізгі дәрежелері. Жалпы әлеуметтанулық теория, арнаулы әлеуметтанулық теория, салалық әлеуметтанулык теориялар.

Әлеуметтанудың қызметтері. Әлеуметтанудың әдіснамалық, танымдық, бейнелеу, жалпы мәдени және басқа да қызметтері. Әлеуметтанудың қоғамда алатын орны.

Әлеуметтанулык перспектива. Әлеуметтанулык ойлау. Қазіргі зерттеулердің негізгі бағыттары.

Леуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері

Әлеуметтанулык білімнің тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Әлемдік әлеуметтанудың институционализациясы.

Әлеуметтану ғылымының калыптасуына дейінгі кезең. Ежелгі дүние, ортағасыр және жаңа заман ойшылдарының әлеуметтік идеялары.

Әлеуметтанудың дамуының классикалык кезеңі. О.Конттың позитивистік доктринасы. Әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика туралы ілім. Позитивистік және эволюционистік теориялардың дамуы (Дж.Ст.Милль, Г.Спенсер, Г.Тард, Э.Дюркгейм, Ф.Теннис және т.б.).

Э.Дюркгеймнің әлеуметтік деректер және әлеуметтанулық әдістер туралы ілімі. М.Вебердің түсіндірмелі әлеуметтануы. Г.Зиммельдің әлеуметтанулык теорияны дамытуға косқан үлесі. К.Маркстің әлеуметтанулық идеялары.

Азіргі әлеуметтану теориялары

1920 жылы АҚШ-та эмпирикалык әлеуметтанудың эмпирикалық мектебінің дамуы. Чикаго мектептің негізгі идеялары.

Әлеуметтанулық білімнің негізгі парадигмалары: құрылымдык функционализм, дау-жанжалдык ыңғай, символикалык интеракционизм.

Әлеуметтанудағы құрылымдык функционализмнің негізгі тұжырымдары. Т.Парсонс әлеуметтік тәртіп пен әлеуметтік жүйе туралы. Р.Мертон әлеуметтік жүйенің функциялары мен дисфункциясы туралы.

Дау-жанжалдық парадигма. Ч.Р.Миллс, Р.Дарендорф, Л.Козердің идеялары. Р.Дарендорф билік пен әлеуметтік даулар туралы.

Символикалық интеракционизм теория ретінде. Дж.Г.Мид әлеуметтік өзара әрекет туралы. Г.Блумердің идеялары. Кеңестік қоғам кезеңі. Қазакстандағы әлеуметтанудың институционализациясы. Қазіргі кезең: мәселелер және зерттеу бағыттары.

Леуметтанулық зерттеудің әдіснамасы

Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтік шындықты тану кұралы ретінде. Әлеуметтік деректер және әлеуметтік акпарат. Әлеуметтанулық зерттеулер классификациясы: фундаменталдық және қолданбалы, теориялык және эмпирикалық зерттеулер.

Әлеуметтанулық зерттеудің ғылыми ұйымдастырылуы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасының кұрылымы және негізгі элементтері.

Проблема ұғымы, зерттеудің объектісі және пәні, максаты мен міндеттері, гипотезасы. Ұғымдар операционализациясы. Зерттеудің жұмыс жоспары.

Әлеуметтанулық зерттеудегі іріктеу. Іріктелген жиынтыктың мәні. Негізгі және іріктелген жиынтык. Репрезентативтік.

Леуметтанулық акпаратты жинау әдістері

Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы. Әдіс, әдістеме, техника және процедура әлеуметтанулық зерттеудің кұрамдас бөліктері ретінде. Зерттеудің жалпығылыми және әлеуметтанулық принциптері. Әлеуметтанулық зерттеудің этикасы. Әлеуметтанушының алдында тұрған этикалық мәселелер.

Негізгі әлеуметтанулық әдістер және олардың қолданылу ерекшелігі. Сұрау алғашкы әлеуметтанулық акпарат жинау әдісі ретінде. Оның жетістіктері мен кемшіліктері. Сұраудың негізгі түрлері. Анкета әлеуметтанулық әдіс ретінде. Сұхбат әдіс ретінде.

Құжаттарды зерттеу әлеуметтанулық әдіс ретінде. Құжат әлеуметтанулық
хабардың маңызды көзі. Құжаттар классификациясы. Контенттік-талдаудың
ерекшелігі. Алғашқы әлеуметтанулық акпарат жинаудың тәсілі ретіндегі
бақылаудың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтанулық бақылаудың ерекшелігі.

Әлеуметтанудағы эксперимент. Әлеуметтанулық зерттеулердегі эксперименталдық әдістің негізгі сипаты.