О природе вещей» поэмасына кіріспе

Адамдардың өшпестей бабын табатын, Энеевтердің анасы,

Көрнектi Шолпан! Жылжымалы шоқжұлдыздардың ең жарқыны,

Сен өмiрдегі барлық теңiздерді толтырасың,

Құнарлы жерлер барлық маңызды мақұлықтар - сен

Өмiр сүре бастайды күн көруге дүниеге келген жарық.

Жел, Құдай, сенің алдыңда жүгiредi; сенiң жақындауыңмен

Бұлттар әуен салып, жер көркейеді,

Гүл кiлемiн жайып, теңіз толқындары езу тартады,

Көкшiлдiң көк күмбезi төгiлген жарықпен жарқырайды.

Сенің келуіңмен көктемнің күні ашылады,

Сені көрген Фавоний де сілкініп кетер,

Сенің келуің туралы ең алғашқы хабарды,

Сенімен жараланған құстардың әуенінен естисің,

Ізіңнен жайылып жүрген малдар ереді.

Сенің сұлулығыңа тамсанып, көлдерді жүзіп өтер.

Қайда барсаң да құмартып артыңнан жүрер,

Ақырында теңіздерден, биік таулардан асып

Жүрекке тәтті махаббат сезімін қондырып,

Ұрпақты жалғастыруға нәзік сезім оятасын.

 

Сөздік.

Aeneadum – Эней тегі. Шолпан Эней тегінің анасы деп саналды. Бұл жерде Эней деп отырғаны римдіктер. Эней тегі римдіктердің шығі тегі болып саналды.

Alma – қасиетті, құдіретті деген мағынаны білдіреді.

Concelebras– етістік – бірге бару, тірілту, өзінің қатысымымен толтыру.

Concipitur – пайда болу, туындау.

Tibi – саған, сен үшін.

Diffuse lumine – төгілен жарық.

Primum – ең алдымен, бастапқы,

Significant – белгілейді, алдын ала айту.

Efficis – Шолпан дегенді білдіреді.

Generatim – үстеу қызметін атқарып тұр, яғни әрбір өзінің тегі.

 

 

Публий Овидий Назон

(б.з.б. 43ж – б.з. 18ж)

Августтың уақытындағы атақты ақын – Овидий Сульмон (Орталық Италия) қаласында дүниеге келді. Белгілі рим ораторларының (әкесі оны адвокат болуға дайындаған) шешендік мектептерінде білімін тәмәмдап, Грекия, Кіші Азия және Сицилияға сапарға шықты. Содан соң Овидий өзінің ақындық шеберлігін ерте жастан көрсетіп, өзін толық әдеби шығармашылыққа арнаған. Б.з.д. 8 жылы Август оны белгісіз жағдайлармен, Овидий өмірінің соңына дейін болған, Қара теңіз жағалауында орналасқан – Дунай өзеніндегі грек колониясы, Том қаласына жіберген.

Ертедегі Овидий өзін Махаббат әншісі ретінде көрсеткен. Оның сол кездегі шығармалары – «Махаббат туралы өлеңдер жинағы», «Героидтар»(мифтегі тастанды әйелдердің арнаулары), «Махаббат ғылымы», және «Средства от любви» поэмалары. Оның әдеби шеберлігінің ең озық туындысы – «Метамарфозы» поэмасы. Бұл поэмада адамдарның және құдайлардың жануарларға, өсімдікьерге, жұлдыздарға және т.б. әртүрлі заттарға айналып кету туралы 200-ден астам мифтер жинақталған. Өте қызықты көрсетілген осы мифтер – жиі көз алдында жеке Новелла ретінде көрсетіліп, көбісі кеңінен таралған. Мысалы: судағы өз бейнесіне қарап тұрып, өз-өзіне ғашық болып гүлге айналып кеткен Нарцисс туралы мифтер; Икар мен Дидалдың ұшуы турал; өз әйелі Эвридикалы іздеп, жердің астындағы патшалыққа түскен Орфей туралы және т.б. Рим мерекелері мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеген Овидийдің «Фасты» деген поэмасы да белгілі. Жер аударылған уақытында Овидий «Печальные элигий» және «Письма с Понта» (Қазіргі Қара теңіз) шығармаларын жазды. Овидийдің элигияларын барлық шығармаларынан да биік екеніне А.С.Пушкин жоғары баға берген.

Төменде Метамарфозы поэмасында Мидаса патшасы туралы Әнгіме көрсетілген.

Уши Мидаса

Met. XI, 146-193

Белгілі, байлықты жек көріп өмір сүргені,

Құрмет тұтты әрқашан үнгірде өмір сүргенді.

Бірақ, ондайға жол бермеді туа біткен таланттық,

Мұндай мидың иесі болу қайта келсек ақымақтық.

Биікке көтерілген жолдар алыстан теңіздей көз тартады,

Тау жоталары кеңінен таралған биік шыңдардың ирегі –

Хипэпис – Сардалидан кішігірім қалашық.

 

КВИНТ ГОРАЦИЙ ФЛАКК

( б.з.д 65-8 ж)

Августтың уақыттарындағы керемет ақын Гораций Венузияда туылған( Италияның оңтүстігі). Римдегі оқуын аяқтаған соң, Гораций ертеректегі грек философиясын үйрену үшін Грецияға аттанады. Ол Афинада Брутқа қосылып,Филипптерге қарсы соғысқа араласады ( б.з.д 42ж) . Республиканың жеңілісінен кейін Гораций Римге қайтып келеді. Осы уақытта оның әдеби шығармашылығы басталады. Вергилий оны өнердің киесі және Августтың досы Жебеуші ( Меценат) үйірмесіне кіргізеді, А.С. Пушкин байқағандай, республикашылдықтан « Август әншісіне» айналады. Алайда, Гораций ресми қызметтен бас тартып, уақытының көп бөлігін Римнен жырақта, Жебеуші (Меценат) сыйлағансабин жерінде өткізуді жөн санайды. Горацийдың бастапқы шығармалары «Эпода» ( ерте грек тілінен аударғанда эпод- қайырма) және «Сықақтар» (немесе «Әңгімелер»). Ең көп таралған шығармасы – «Од» жинағы ( ерте грек тілінен ауларғанда ода- «өлең»). Бұл өлеңдер құрылымы жөнінен әрқилы келетін лирикалық шығармаларды танытады. Горацияға ерте грек ақындары Сапфо, Алкей, Анакреонттың (б.з.б VII-Vғ) өлеңдері көмектеседі. Оның өлеңдерінің негізгі мотиві - махаббат және вино- басты тақырыптары болмаса да «Одада» көрнекі орындарды алады. Төменде орналасқан Горацийдың қазіргі уақытқа сай, сұранысқа ие болған 3-кітаптағы 30 - одасы кеңінен танымал (А.С.Пушкиннің «Ескерткіш»). Гораций сонымен қатар биік дәрежеде болмаса да, арнау жанрына да көңіл бөледі. «Поэзия ғылымы» деп аталатын «Арнаудың» бөлімі XVII ғасырдағы Француздік классицизм теориктерінің көңілін аударды. Гораций жаңару кезеңінің сүйікті ақыны болды. Оған деген қызығушылық кейінгі ғасырларда да сөнген жоқ.

 

Одалар I, 30

Книди Пафиг - ардақты ханым,

Кипрді сүйген жек көрді жаным.

Өшпестей жарасын Глицере салып,

Жандарың барады шіркеуге жол тартып.

Қуатым бойымда, батыл бір жанмын,

Әр ісім / әсерім Нифмге тиеді әр күн.

Жалғыздық жаулады бір мені күні-түн,

Ювентус Меркурий - өзіңсің өмірім!!!

 

Сөздік

1. Gallia omnis – бүкіл Галлия.

2. Hi omnis – халық, тайпалар.

3. Qua de causa – осы себеп бойынша.

4. Belgae – белгиялықтар аумағы.

5. Perfacileesse… potiri – ол айтты.

6. Persuasit – көндіру.

7. His rebus – осы жағдайға байланысыты.

8. Belli atquefortitudinis – соғыстағы батылдық.

9. Etiam – тағы.

10. In medium proferam – сіздің алдыңызда айтамын.

11. Huius generis – осы сияқты.

12. Orationem – сөз.

13. Concludamatquedefiniam – мен қорытынды жасадым.

14. Fere – пожалуй.

15. Conferte – салыстыру.

16. Imperatoris – император.

17. Libidines – жеңілтек қылықтыр.

18. Maximam – өлшемі.

19. Pulcherrimam – көркемдік.

20. Ex omniaditu – әр жақтан.

21. Ad aspectum – түріне қарағанда.

22. Qui – кіру.

23. Aditus – теңізге кіру жолы.

24. In exitu – теңізден шығу жолы.

25. Ponte – көпір.

26. Quattuorurbibus – шешендік қасиеттер.

27. Efferent – мақтау.

28. Argumentа – сюжеттер.

29. Eadetrahendacuravitonia – бәрін жұлуға бұйрық берді.

30. Gorgonisos – Горгонаның беті.

31. Ettamen – и при этом...

32. Bullas – есіктің әшекелеу бұйымдары.

33. Postero die – алдында бұзылған байланыс.

34. Latrocinii – бұзықтық.

35. Sicut … ita – сонша...соншалықты...

36. Perventumest – қол жеткізді.

37. Temereinitae – алыс жерлер.

38. Biduum – екі күн ішінде.

39. Sequendo vestigial – ізден қалмай.

40. Fessistaedio tot malorum – бақытсыздықтан шаршау

41. Ostentat – көрсетеді.

42. Cetera, plana, proclivia fore – қалғаны жақсы өтеді

43. Multo – қиын.

44. Lubrica – тайғанақ.

45. Germania omnis – бүкіл Германия.

46. Sarmatisdacisque – сарматтар.

47. Montibus –Карпат таулары.

48. Nuper – жақында.

49. Montisabnobae – қазір Шварцвальд.

50. Silvis horrid – ормандар.

51. Noricum –римдік аймақ.

52. Suus – өзіміздікі.

53. Estvidere – болады, рұқсат бар.

54. Quae humofinfuntur – саз балшықтан жасалған ыдыстар.

55. Agnoscunt – біледі.

56. Probant – қолдайды.

57. Serratosbigatosque – подразумевается.

58. Sequuntur – соңынын ереді.

59. Aeneadum – Энеадов деген ақын.

60. Alma –қорек беретін, алатын.

61. Concelebras – бірге бару.

62. Concipitur – басталады.

63. Nubile – бұлт.

64. Tibi – сен үшін.

65. Primum – ең басынан.

66. Inde – кейін.

67. Cnidi – Книда. Кариядағы қала.

68. Paphi – Пафа. Кипрдегі қала.

69. Sperne – бас тарт.

70. Glycerae – Гликеры. Грекше тәттілер.

71. Gratiae – Грации. Гректерде үш көркемдік ханшайымдары.

72. Mercurius – Меркурий жұлдызы.

73. Postera … laude – келесі атақпен.

74. Dum Capitoliumscandet cum tacitavirginepontifex – Рим болғанша.

75. Ille – яғни Мидас.

76. Рingue – бірлесіп жұмыс істеу.

77. Domino – иесіне.

78. Freta – проливы.

79. Tmolus – Тмол тауы.

80. Sardibus – Сардами.

81. Leve – оңай.

82. Auresliberatarboribus – құлақты босатады.