Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Медициналық симуляция сценарийі

 

Клиникалық жағдай: «Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы».

Жағдайлық есеп: Сіз- №1 қалалық емхананың жанұялық дәрігерісіз. Сізді жедел түрде ауыр ағымды тұмауға байланысты амбулаторлық ем алып жатқан науқастың іс-әрекетінің бұзылуына байланысты үйге шақыртты.

Ø Туысқандарынан бақылаудағы науқас жағдайы туралы мәліметтерді жинаңыз;

Ø Психикалық және соматикалық жағдайын анықтау мақсатында науқасты қарап тексеріңіз;

Ø Синдромалдық диагноз құрастырыңыз;

Ø Емдеу жоспарын және науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

Ø Науқасты қарап тексеру, сұрау және физикалық зерттеу;

Ø Науқастың психикалық жағдайын клиникалық (синдромалдық) бағалау;

Ø Клиникопсихопатологиялық мәліметтерді талдау;

Ø Синдром құрылымының айқындылығына байланысты көмек көрсету;

Ø Ауыр ағымды тұмаумен асқынған делириймен науқасты жүргізу тактикасы.

Бағалау парағы (check-list)

«Ауыр ағымды тұмаумен негізделген психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай

 

 

Қадамдарды бағалау критерийі Баға балл бойынша
Дұрыс орындады Ескертулермен орындады Орындаған жоқ
Науқастың жүріс-тұрысын бағалау 1,0 0,5
Аурудың басталуын нақтылау 1,0 0,5
Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау 1,0 0,5
Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау 1,0 0,5
АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау 1,0 0,5
Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу 1,0 0,5
Спонтанды баяндауларды интерпретациялау 1,0 0,5
Психикалық жағдайды синдромалды бағалау 1,0 0,5
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу 1,0 0,5
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу 1,0 0,5
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу 1,0 0,5
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу 1,0 0,5
Ажырату диагностикасы 1,0 0,5
Мүмкін болатын асқынулар 1,0 0,5
Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау 1,0 0,5
Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу 2,0 1,0
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау 1,0 1,0
Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы 2,0 1,0
БАРЛЫҒЫ БАЛЛ      

Максималды балл - 20

Стандартталған әртіске (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның рөлінің сипаттамасы

Сұрақтың мәні Әртіске арналған сұрақ құрастыру Жауап
Психикалық сферада өзгерістер пайда болғанға дейінгі науқастың физикалық жағдайы нашарлауының басталуын нақтылау Дене температурасы нешеге дейін жоғарылады және физикалық жағдайында өзгеріс байқалды ма? 40-410С дейін, ұйқысы бұзылды, тұмау
Психикалық жағдай өзгерісінің басталуын нақтылау Психикалық жағдай өзгерісі қандай бұзылыстардан басталды? Шағымдары әлсіздік, бас айналуы, ентігу, сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық, ұйқының бұзылысы, қорқынышты түстер көру, кешкі уақытта пайда болатын белгісіз үрей.
Симптомдарды анықтау Науқастың психопатологиялық жағдайы қалай көрініс берді? Кешкеқарай науқастың психикалық жағдайы күрт өзгерді, мазасызданып, күшті қорқынышты сезді, үнемі қалпын өзгертеді, бірдеңеге ұмтылады, үстінен бірдеңелерді қағады, біреуді итергендей болады, қорғанады, тұруға тырысады, біресе отырады, біресе бетін жабады. Дәрігер сұрақтарына: «жылан», «адамдар», «аңдар», «тістемеңдер», «жақындамаңдар» деген жауаптар береді. Науқас тез шаршайды, қорқыныш абдыраумен алмасады, бірақ психомоторлық қозу тез жаңарады.
Науқаспен байланыстың болуы Делириозды тип бойынша сананың қарауытуы туралы не айтады? Назарын аудару қиындық туғызады және «саған не болды», «атың кім», «сен не көресің», «сен не істейсің» деген қысқа сұрақтардан кейін өзінің тегін,атын айтады, бірақ қайда отқанын, бүгін қай күн екенін, кіммен сөйлесіп отқанын түсінбейді. Содан кейін көрінбейтін, қорқынышты образдарға, көрінбейтін әңгімелесушісіне қорқынышпен жауап бере бастайды. Қысқа жауаптарынан науқастың оған шабуыл жасайтын қорқынышты адамдар, аңдар көретінін түсінуге болады.
Делирийдің психопатологиялық көріністері немен жойылады. Психомоторлық қозу және галлюцинаторлық симптоматика қандай препараттармен жойылады? Реланиум, тизерцин, галоперидол, ұйықтататын дәрілер тағайындаумен.
Делирийдің тез жойылуына не ықпал етеді? Делирийді психофармакологиялық емес заттармен емдеудің негізгі жолдары Негізгі ауруды интенсивті емдеу, дезинтоксикациялық терапия, ноотроптардың С және В топтарының үлкен дозасын тағайындау.

 

Анамнезінде:

Психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық асқынбаған. Аллергиялық реакцияларға бейім болған. Аталған аурумен ауырғанға дейін физикалық сау болған, психикалық сфера жағынан ауытқулар байқалмады. Психика жағынан өзгерістің алғашқы көріністері соматикалық жағдай нашарлауы, ұйқының бұзылуы, температураның жоғарылауы фонында байқала бастады.