Стандарт: «Бауыр шаншуының» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету

Мақсаты: «Бауыр шаншуының» ұстамасын жою.

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, КБУ, дәрілік заттар: 2 мл но-шпа, папаверин 2%-2,0 мл, атропин 0,1%- 1,0 мл, 10 мл 2,4% или 1 мл 2,4% эуфиллин ертіндісі, 10 мл 40% глюкоза ертіндісі, 2,0 мл 1% морфин ертіндісі және 0,5-1 мл 0,1% атропин ертіндісі.

 

Іс-әрекет альгоритмі:

1. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық беру және қатаң төсек режимі;

2. Но-шпа 2%--2 мл б/е, папаверин 2%-2 мл б/е, атропин 0,1%-1,0 мл б/е;

3. Баралгин 5,0 мл ертіндісін к/т енгізу;

4. Эуфиллин 2,4%-10 мл немесе 24% -1 мл ертіндісін 40%-10 мл глюкоза ертіндісімен к/т 5 минут ішінде жәймен енгізу;

5. Морфин1%-1-2 мл ертіндісін және 0,1%-0,5-1 мл атропин ертіндісін т/а енгізу;

6. Пациенттің жалпы жағдайын бақылау;

9. Хирургия бөліміне жатқызу.

 

Стандарт: «Бүйрек шаншуы» ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою.

Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.

Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ

Мүмкін болатын асқынулар:жедел обструктивті пиелонефрит,жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Керекті заттар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, КБУ, дәрілік заттар: баралгин 5 мл ертіндісі, атропин 0,1%- 1,0 мл, промедол 1- 1 мл, платифиллин 0,2% -1 мл ертіндісі.

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты физикалық және псикхикалық тыныштандыру.

2. Беліне, ішіне жылтқыш беру.

3. Баралгин 5мл к/т жәймен енгізу.

4. Атропин сульфат 1 мл 0,1% ертіндісін, промедол 2%-1 мл ертіндісімен к/т енгізу.

5. Платифиллин гидротартрат -0,2 %-1-2 мл ертіндісін б/е енгізу.

6. Но-шпа 2 %- 2мл б/е енгізу.

7. Көмектеспесе 10-15 минуттан кейін наркотикалық аналгетиктер: морфин 1%-2 мл ертіндісін немесе промедол 1%-2 мл ертіндісін енгізу.

8. Науқастың жағдайын бағалау.

9. Хирургия бөліміне немесе урология бөліміне жатқызу.

,

Ескерту: егер ұстамаға жылы су процедуралары , спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе, наркотикалық дәрілер, новокаин блокадасы қолданылады. Ауруханада емделуге жедел жатқызу.

 

 

Стандарт: Гиперкликемиялық (диабеттік) комада жедел көмек көрсету.

Мақсаты: Қандағы қант мөлшерін түсіру.

Керекті құрал жабдықтар:тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, КБУ, дәрілік заттар: натрий хлор 0,9% -400 мл ертіндісі, инсулин.

 

Алгоритм іс – әрекеттері:

1. Науқасты тез арада жерге дұрыс жатқызып, басын бір жағына бұру.

2. Инсулинді 0,1-0,2 ЕД кг салмағына есептеп к/т , т/а енгізу.

3. Натрий хлор 0,9-%-400 мл ертіндісін к/т тамшылату (тез арада сұйықтық жоғалтқаннан кейін мидың ісінуі мүмкін.)

4. Артериальды қан қысымын, пульсті қадағалау.

5. Көп салалы аурухананың қабылдау бөліміне бармай бірден жан сақтау бөліміне жатқызу,

6. Науқасты зембілге жатқызып тасымалдау.

 

Стандарт: Гипогликемиялық комадағы жедел көмек көрсету.

Мақсаты:. Қандағы қант мөлшерін көтеру.

Керекті құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, КБУ, дәрілік заттар : глюкоза 40%- 40 мл

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Глюкоза 40%- 40 мл ертіндісін бірден енгізу.

2. Көмектеспесе глюкоза 40%- 40 мл ертіндісін қайталап к/т енгізу.

3. Науқас жағдайы жақсарғаннан кейін тәтті шаймен нан беру (қайталамас үшін).

4. Науқас жағдайына байланысты зембілмен немесе жүргізіп тасымалдайды.

 

Стандарт: Анафилактикалық шокта жедел көмек көрсету.

Мақсаты:тыныс алу жүйесі және жүрек қан тамыр жүйесі жұмысының жедел бұзылуын жою, дәрілік-аллергендердің қанға түсуін тоқтату. Өмірлік маңызы бар мүшелердің жұмысын қолдау.

Көрсеткіші: жоқ

Қарама-қарсы көрсекіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулары:жедел көмекті уақтылы көрсетпеуде, негізгі мүшелердің функциясының төмендеуі, жүрек қызметінің бұзылуы, өлім.

Кеш кездесетін асқынулар: (аллергииялық миокардит, гепатит, гломерулонефрит, неврит, жүйке жүйесінің диффузды зақымдануы), науқастың өліміне себеп болады. Шоктан кейін 1-2 аптадан соң бронх демікпенсі,қ айталанған есекжем, Квинке ісігі пайда болады, ал дәрілік аллергендермен жиі байланыста болса-«коллагенді аурулар» (жүйелі қызыл волчанка, түйінде периартерит).

Қажетті заттар: тонометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, этил спирті 70%, қолғап, дез.ертіндегі пинцет, лоток, КБУ,

дәрілер: адреналин гидрохлориді 1%-1 мл ертіндісі, физ.ертінді 0,9%-400 мл, преднизолон 30-60 мг, глюкоза 5%-10-15 мл, супрастин 1%-2-4 мл немесе димедрол 1%-1 мл, эуфиллин 2,4%-10 мл, строфантин 0,5%-1 мл ертіндісі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Тез арада реакция шақыратын аллергенді тоқтату, инъекции салған жерден жгут салу.

2. Науқасты кушеткаға жатқызу (басын төмендету),басын бір жағына бұру тіліне тұншықпау үшін тілін ұстау керек және құсығына тұншықпау үшін,төменгі иегін алға жылжытыңыз,тіс протезін анықтау;

3. Төсектің аяқ жағын көтеру керек.

4. Таза ауа беру, ылғалды оттек беру.

5. Дәрілік- аллергендерді ауыздан ішкенде жағдайы келсе асқазанды жуу керек.

6. Адреналин 0,3-0,5 мл 0,1 % ерітіндісін бұлшықетке енгізіңіз (балаларға 0,05-0,1 мл /жасына), адреналинді физерітіндімен 10 рет ерітіп (0,01% ерітіндіалу үшін ) көктамырға енгізу

7. Преднизолон 30-60 мг ертіндісін ,глюкоза 5%-10-15 мл ертіндісімен к/т енгізу.

8. Супрастин 1% -2-4 мл ертіндісін немесе димедрол 1% 2-5 мл ертіндісін к/т енгізу.

9. Эуфиллин 2,4%- 10 мл ертіндісін к/т енгізу.

10. Строфантин 0,05%-0,5 мл физ. ертіндісімен к/т енгізу.

11. Науқастың жағдайын қадағалап, АҚҚ және пульсті өлшеу.