Информацияның өлшем бірліктері

Информацияның жалпы теориясының қағидаларына сүйенсек, информацияны өлшеу үшін қажетті өлшем эталоны ретінде қандай-да бір абстракты объект таңдап алынады. Ол объект мүмкін екі жағдайдың, мысалы, “иə” жəне “жоқ”, “ашық” жəне “жабық”, “қосылған”жəне “қосылмаған”, бірінде болуы керек.Бұл жағдайлардың біріншісі 1 жағдайы, ал екіншісі 0 жағдайы деп қарастырылады.

0 мен 1 сандарының ұзын комбинациялары арқылы кез-келген санды, мəтінді жəне басқа да информацияларды көрсетуге болады.

Сандарды, информацияларды 0 мен 1-дің комбинациясы арқылы көрсетуді екілік көрсету деп атайды. 0 жəне 1 цифрлары бұл жағдайда екілік цифрлар немесе екілік разрядтар болып есептелінеді. Сандарды екілік цифрлармен көрсету жүйесін екілік есептеу жүйесі деп атайды.

Клод Шеннон информация бірлігі ретінде 1 битті (ағылшынша bit – binary digit екілік цифр) қабылдауды ұсынды.

Информация теориясында бит дегеніміз ықтималдылығы екі хабарды бірдей (“иə” –“жоқ”, “тақ” – “жұп” жəне т.с.с.) ажырата білу үшін қажетті информация мөлшері. Есептеу техникасында бит деп мəліметтер мен командаларды машина ішінде көрсету үшін пайдаланатын “0” жəне “1” белгілерінің бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз ”порциясын” айтады.

Биттер тізбегі компьютер жадында əртүрлі сандарды, символдар мен кез-келген басқа информацияларды көрсетеді. Битөте кішкентай өлшем бірлігі болғандықтан, іс жүзінде көбінесе одан үлкен бірлік - байтқолданылады. Байт 8 биттен тұрады.Компьютер пернетақтасының алфавитіндегі 256 символдың кез-келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Информация өлшем бірлігінің ірі туындылары:

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

 

Өңделетін информацияның көлемі ұлғаюына байланысты соңғы кездері өлшем бірлігінің келесі туындылары да қолданыс табуда:

1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Санау жүйесi. Санау жүйесінің түрлері. Бір санау жүйесінен екіншісіне өту жолы.

 

Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн қатенi анықтайды.

Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.

Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.

Санау жүйесi төртке бөлiнедi:

1. ондық санау жүйесi;

2. екiлiк санау жүйесi;

3. сегiздiк санау жүйесi;

4. оналтылық санау жүйесi.

 

Ондық санау жүйесi

Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Мыс: 234=200+30+4

2 жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.

Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткенi ондық санды жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.

Екiлiк санау жүйесi

Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады. Мысалы, 1001,11 екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады:

1*23+0*22+0*21+1*20+1*2-1+1*2-2