Менің саяси әлеуметтенуім

Қоғамдағы адам – саясаттың субъекітісі. Саяси әлеуметтену – ең алдымен индивидтің саясатқа, қоғамның саяси өміріне араласу, құндылықтар мен нормаларды игеру, шығармашылық белсенді қатынас процесі. Қазіргі қоғамда саяси әлеуметтену процесі – ең алдымен демократиялық құндылықтарды, нормаларды және мәдени үлгілерді игеру. Саяси жүйенің әлеуметтендіру процесіне көпшілік пен БАҚ әсер етеді. Әлеуметтендіруді тұлға аралық байланыс деп түсіндірген – Дж.Т.Мид, терминді 19 ғ енгізген – Ф.Гидденс, теориясы алғаш АҚШ пайда болды. Әлеуметтену латынша қоғамдық дегенді білдіреді.

Макроорта – қоғамдық өмір тәртібі, саяси дәстүрлер, рухани мәдениет; Микроорта – оқу орны, жұмыс, отбасы, қоғамдық ұйым; білім және тәрбие; әлеуметтік қызмет; әлеуметтік тағдыр. 1959 ж Гербер Хаймен саяси жүріс-тұрыс психологиясына енгізген.

Осы жерде әлеуметтену деген терминнің жалпы мағынасын ескерген жөн. Социологияда, философияда және психологияда бұл ұғым адамның тұлғаға айналуын, әр адамның бойында тұлғалық қасиеттердің толық қалыптасуын суреттеуге қолданады: адам туып -өсіп әр түрлі сатыдан өтеді, бірақ кенеттен адам болып шыға келмейді, тұлға болып қалыптасу үшін әр адам қоғамның мүшесі ретінде өзінше «пісіп» жетілуі керек. Басқа түрде айтқанда, адам болу үшін сол адамзаттық қоғамға бірте –бірте кіріп араласып, тиісті әлеуметтік қасиеттерге ие болу, яғни әлеуметтенуі қажет. Онсыз адам, адам болмайды. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі – адамның саяси «Мен- мендігінің» қалыптасуы деуге болады; ол «мен –мендік» адамның өзімен бірге тумайтын, тек өмір бойы ғана пайда болып, дамып қалыптасатын құбылыс. Саяси әлеуметтену процесі екі жолмен жүзеге асады. Біріншіден ол бұрынғы тарихта өшіп кеткен ұрпақтардың саяси мәдениет болып қалыптасқан саяси тәжіриебесін жаңа жас ұрпақтарға жеткізуге мүмкіндік туғызады. Мұндай процесс отбасы –жанұядағы тәрбие арқылы, мектепте оқу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы орын алады. Екіншіден, саяси әлеуметтену процесі арқылы әр жеке адам бұрын тарихта кездеспеген жаңа саяси тәжіриебеге ие болады. Сонымен бірге саяси әлеуметтену процесі әр түрлі кезеңнен өтетін азаматтық кемелдену процесі деуге болады. Саясаттанушылар үш кезеңді атап айтады. Бірінші –адамның 3-5 тен 12-13 ке дейінгі жасы. Бұл кезеңде балалар бастапқы саяси мәліметтерді ата-аналарынан, туғандарының ортасынан алып, солардың көзқарастарына еліктейді. Дегенмен, осы кезеңді алғанда балалардың саяси ақпарат жөнінде хабарлары көбейіп, кейбір жалпы саяси ұғымдарды түсінуге мүмкіндіктері пайда болады. Екінші кезеңде (13-18 жастардың арасы) тұлғада жеке саяси сана – саяси «мен-мендік» қалыптасады, әр түрлі саяси фактілер, құбылыстарға деген сезімдік көзқарас саяси жүйенің көлемінде әр түрлі институттар мен өкілдердің рөльдері және функциялары туралы біліммен толықтырылады. Үшінші кезеңде (18 жастан бастап) тұлға саяси өмірге толық мағыналы түрде қатысады.Біздің елімізде адам 16 жасында мемлекеттің азаматы ретінде төл-құжатқа ие болады. Алайда саяси әлеуметтену паспорт алумен тоқтатылмайды, ол өмір бойы жалғаса беретін процесс. Саяси әлеуметтену процесінде адамға оны қоршайтын бүкіл әлеуметтік ортаның ықпалы әсер етеді. Бұл ортаға саяси және саяси емес факторлардың қатысы бар. Саяси факторлар – бұл мемлекеттің түрі, оның құрылымының ерекшеліктері саяси режимі, саяси институттар, партиялар, жастар ұйымдары, оқу орындарындағы саяси саяси білім беретін пәндер т.б. Саяси емес факторларға отбасы, мектеп, жұмыс, шіркеу, мәдениет, әдебиет, өнер, әлеуметтік-экономикалық қатынастар т.б. Саяси әлеуметтену процесінде мектептің де ролі зор. Оқушыларға, біріншіден, оқытушы ұстаздардың пікірі мен көзқарастары, екіншіден оқу бағдарламаларына енгізілген мемлекеттік билік органдарының саяси принциптері әсер етеді. Кейбір елдерде саяси әлеуметтену процесінде шіркеудің ықпалы күшті орын алады. Мысалы, Польшада жастарды коммунистік партия мен үкіметке қарсы тәрбиелеуде, «Солидарность» ұйымын қолдауда католик көсемдерінің атқарған ролі әлемге белгілі. Күнделікті өмірде саяси және саясаттан тыс факторлар араласып шиеленісіп, бірімен-бірі байланысып жатады. Мысалы, көп елдерде жүздеген-мыңдаған адамдар саясаттан тыс фактор – табиғатты қорғау қозғалысына қатысу арқылы араласады. «Жасылдар» қозғалысы біраз елдерде бірте-бірте саяси партияларға айналғаны да белгілі. Саяси әлеуметтену процесінің нәтижесінде тұлғаның саяси құрылымы қалыптасады. Мұндай құрылымға бірнеше элементтер кіреді: саяси сана, саяси талап, мұқтаждық, мүдделер, саяси жігер, саяси қимыл. Қорыта келгенде, саяси әлеуметтендіру ерте балалық шақтан басталып, адамның бүкіл саналы ғұмыры бойына жалғасады. Өйткені, бастапқыда қол жеткізген түсініктер, бағыт-бағдарлар, мақсаттар мүлде өзгеріссіз қалмайды, олар әр түрлі факторларға байланысты, тәжірибе мен қоғамның саяси институттарының әсерімен кемеліне келген шақта да өзгеруі, түзелуі мүмкін.