Азақстанға демократия қажет пе?

Қай заманда да ел басына күн туған жаралы жылдар ұлттың рухын шыңдап, шынықтырып, шамырқандырып кететіні мәлім. Осындай жылдардарды басынан біршама өткізген қазақ елі қазірге күнде тәуелсіздігін алған демократияны ұстанған мемлекет. Уақыт қарқыны зымыран. Талай-талай асуларды артта қалдырдық, күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті. Ең алдымен демократия деген не? Демократиялық саяси режимді қазірге күнде шамамен 50 елде таралған. Мен Қазақстанның демократиялық жолында екенін нақты айта аламын, себебі мен халық пікірінің əр-алуандығын бейнелейтін, жəне абақтыға жауып тастайды деп қорықпай, көзқарастарын ашық талқылауға салатын жеке азаматтардың, беймемлекеттік жəне мемлекетке қарасты ұйымдардың əлеуметтік белсенділігі жоғары екеніне көзім жетті. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Линкольн: халық сайлаған және халық үшін сайланған басқару. “Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет – ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрбылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы.