Кафедрасының меңгерушісі

БЕКІТЕМІН

«Экономика және басқару»

Кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к Айтжанова А.Э._____________

Ж.

Лттық экономика» пәні бойынша

Аралық бақылау

I – нұсқа

1. Ұлттық экономиканың салаларын, құрылымдарын, жүйелерін және олардың ерекшеліктерін қарастыратын пәнді атап көрсетіңіз:

A) Экономика

B) Макроэкономика

C) Өндіріс саласындағы экономика

D) Микроэкономика

E) Ұлттық экономика

 

2. Экономиканың даму модельдері ұлттық белгілері бойынша неше топқа бөлінеді?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

 

3. Ұлттық экономиканың даму модельдерінің түрлерін атап көрсетіңіз:

A) Американдық, Батыс Еуропалық, Жапондық

B) Либералдық, Еуропалық, Француздық

C) Американдық, Жапондық, Олигархиялық, Қытайлық

D) Американдық, Жапондық, Скандинавиялық

E) Жапондық, Кореялық, Таяу Шығыс елдерінің модельдері

 

4. Экономика қандай секторларға бөлінеді?

A) Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар

B) Мемлекеттік басқару және үй шаруашылықтары

C) Қаржылық корпорациялар

D) Қаржылық емес корпорациялар

E) Барлық жауап дұрыс

 

5. Ұлттық экономиканың даму тенденциясына әсер ететін негізгі факторды атап көрсетіңіз:

A) Қор қайтарымы

B) Бәсекелестік

C) Әлеуметтік саясат

D) Техникалық прогресс

E) Халықтың саны

 

6. Меншік түрлерін атап көрсетіңіз:

A) Мемлекеттік меншік, жеке меншік

B) Әлеуметтік меншік, экономикалық меншік

C) Ірі меншік, шағын меншік

D) Заңды тұлғалар меншігі, жеке тұлғалар меншігі

E) Жер иеленушілер меншігі

7. ЖҰӨ мен ЖІӨ көрсеткіштері төменде атап көрсетілгендердің қайсысының көлемі негізінде есептелінеді?

A) Жұмыссыздар көлемі

B) Таза пайда көлемі

C) Ұлттық табыс көлемі

D) Салықтар көлемі

E) Экспорт пен импорт көлемі

 

8. Экономикалық өсудің түрлерін көрсетіңіз:

A) Еңбектік

B) Экстенсивті және интенсивті

C) Экстенсивті

D) Интенсивті

E) Шикізаттық

 

9. Экономикалық потенциалдардың түрлерін атап көрсетіңіз:

A) Инновациялық, инвестициялық, интеграциялық

B) Демографиялық, нормативтік, ғылыми, аумақтық

C) Инвестициялық, экономикалық, өндірістік, құқықтық

D) Табиғи, демографиялық, ғылыми, инновациялық, инвестициялық

E) Экономикалық, құқықтық, демографиялық

 

10. Адам даму индексі төменде атап көрсетілген потенциалдардың қайсысының көрсеткіші болып табылады?

A) Демографиялық

B) Табиғи

C) Құқықтық

D) Инвестициялық

E) Аумақтық

 

11. Мемлекетте ақшаның құнсыздануын, тауарлар мен қызметтер тапшылығын және олардың сапасының төмендеуі – бұл:

A) Стагнация

B) Құлдырау

C) Стагфляция

D) Сенъораж

E) Инфляция

 

12. ЖҰӨ, ЖІӨ, Ұлттық табыс, Аралық өнім, Таза ұлттық өнім қандай көрсеткіштер болып саналады?

A) Микроэкономикалық

B) Макроэкономикалық

C) Экономикалық

D) Ұлттық экономикалық

E) Статистикалық

 

13. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру үрдісі қандай кезеңдерден тұрады?

A) Жаппай және шағын

B) Жаппай

C) Шағын

D) Жаппай, шағын, дербес жобалар

E) Дербес жобалар

14. Аумақтық экономикалық потенциалға жатады?

A) Өндіріс орындарының географиялық орналасуы

B) Өндіріс орындарының экономикалық жағдайы

C) Өндіріс орындарының саяси жағдайы

D) Өндіріс орындарындағы кадрлар біліктілігі

E) Барлық жауап дұрыс

 

15. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдардың бірігуі экономиканың қандай секторына жатады?

A) Үй шаруашылықтары

B) Қаржылық корпорациялар

C) Қаржылық емес корпорациялар

D) Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар

E) Мемлекеттік басқару секторы

 

16. Акционерлік қоғамдар неше топқа бөлінеді?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

 

17. ҚР-дағы жекешелендіру үрдісі неше кезеңнен тұрады?

А) 3

В) 4

C) 5

D) 6

E) 7

 

18. Қара және түсті металлургия төменде атап көрсетілгендердің қайсысына жатады?

A) Экономика секторларына

B) Жеңіл өнеркәсіптің құрылымдық саласына

C) Ұлттық экономика жүйесіне

D) Өнеркәсіптің кешенді салаларына

E) Шаруашылық түріне

 

19. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік процесс қандай кезеңдер арқылы жүзеге асырылады?

A) Өнімді өндіру – Өнімді жылжыту

B) Ресурстарды пайдалану – Өнімді өндіру – Өнімді жылжыту

C) Ресурстарды пайдалану – Өнімді өндіру

D) Ақпарат ағымын басқару – Ресурстарды пайдалану – Өнімді жылжыту

E) Өндірісті ұйымдастыру – Өндірісті басқару

 

20. Отандық экономиканы шетелдiк бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясаттың түрін атап көрсетіңіз:

A) Экономикалық саясат

B) Халықаралық сауда саясаты

C) Сыртқы сауда саясаты

D) Еркін сауда саясаты

E) Протекционистік саясат

 

21. ҚР-ның сыртқы саудасының даму бағыттарын атап көрсетіңіз:

A) Импорт құрылымын рационализациялау

B) Жергiлiктi өндiрушiлердi ынталандыру үшiн протекционистік саясат жургізу

C) Өндiрiстi жаңарту үшiн қазiргi заманғы технологияларын пайдалану

D) Өндiрiстi жаңарту үшiн инновациялық құрал-жабдықтар импортын ынталандыру

E) Барлық жауап дұрыс

 

22. ҚР-ғы өндіріс орындарын жекешелендіру үрдісінің әдістерін атап көрсетіңіз:

A) Жартылай жекешелендіру

B) Шағын жекешелендіру

C) Кезеңдік жекешелендіру

D) Мүліктік жекешелендіру

E) Өндірістік жекешелендіру

 

23. ҚР-да төменде атап көрсетілгендердің қайсысы кәсіпкерлік қызметінің субъектісі бола алады?

A) Қазақстан Республикасының азаматтары

B) Еңбекке жарамсыз азаматтар

C) Кәмелеттік жасқа толмаған жастар

D) Тұтынушылар

E) Барлық жауап дұрыс

 

24. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:

A) Инвестициялардың салымы жəне оларды іске асыру жөніндегі практикалық іс-қимылдар

B) Адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді және дербес шаруашылық қызметі

C) Белгілі бір əлеуметтік жүйедегі материалдық жəне материалдық емес элементтерінің құрылуы

D) Ұлттық экономика мен қоғамдық ұдайы өндірістің экономикалық мүмкіндіктері

E) Өндірісті тұрақты түрде жаңғыртуға бағытталған іс-әрекеттер

 

25. Еңбек нарығының модельдерін атап көрсетіңіз:

A) Еуропалық, Американдық және Азиялық

B) Американдық, Жапондық және Қытайлық

C) Шведтік, Финдік және Нидерландық

D) Испандық, Француздық және Италияндық

E) Американдық, Жапондық және Шведтік

 

 

БЕКІТЕМІН

«Экономика және басқару»

кафедрасының меңгерушісі

э.ғ.к Айтжанова А.Э._____________

Ж.