Азіргі көзқарастар

ТАРАУ. IСIККЕ ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ

 

Жасушалардың қатерлі iсiкке айналу механизмдері жайлы қазіргі көзқарастар. Ісік жасушаларының антигендік құрамы. Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері. В-жүйенің қатерлі ісікке қарсы иммунитеттегi рөлi. Онкологиялық аурулардың қан сарысуындағы кедергi факторлары. Қатерлі ісікке қарсы иммунитеттiң жасушалық механизмдері. Қатерлі ісіктің иммунды диагностикасы. Қатерлі ісікке қарсы қазіргі заманғы емдеу әдістері. Қатерлі ісікке қарсы вакциналар.

 

Қатерлі iсiктермен күрестің жетістігі қалыпты жасушалардың қатерлi iсiк жасушаларына ауысу механизмін білу болып табылады. Бұл - маңызды сұрақ. Бір жағынан - ол обыр кезіндегi иммунды жүйенiң терең зерттелуiмен, ал екінші жағынан дерттi анықтау және емдеу тәсілдерін жетiлдiруге әкеледi. Ісік иммунологиясын зерттеу, ең алдымен генетика, вирусология, ісіктің молекулалық биология аймағындағы жетістіктерге сыбайлас, сонымен қатар, жаңа иммунологиялық тәсілдердiң ашылуы арқылы жасушалық және гуморалдық факторлардың маңызы, жасуша- аралық белсендi нәруызды медиаторлардың маңызды әсерлерiмен және ісікпен иммунды жүйенің өзара ықпалдастығы терең зерттелуiмен анықталады.

 

Жасушалардың қатерлi iсiкке айналу механизмдері жайлы

азіргі көзқарастар

XX ғасырдың 80-шi жылдарына дейiн канцерогенездiң (обыр пайда болуы) молекулалы механизмдерi туралы түсiнiктер толық емес болған. Зерттеушiлер ағзадағы көптеген қатерлi жасушалар пайда болу себебiнiң алуан түрлерiн дәлелдедi. Бұл мәселе жұртшылықтың “қатерлі ісік (обыр) – көп себептi” деген тұжырымын айқындады. Расында, зерттеушiлер дәлелдегендей, обыр ДНҚ өзгеретiн кең спектрлi химиялық және физикалық обыр туғызатын заттармен (канцерогендермен) шақырылады. 60-70-шi жылдары қатерлi iсiктердiң тұқымқуалаушылық себептерi дәлелденiп, iсiк тудыратын бiрқатар вирустардың тiзбегi ашылған.

60-шы жылдардың ортасында, Л.А. Зильбер ашқан вирусты-генетикалық теория жасушалардың қатерлi iсiкке айналу себебiн және оны зерттеуге бағытталған жаңа механизмдердi түсiндiруде аса маңызды рөл атқарды. Бұл теорияның негiзгi жағдайлары кейiн бiрқатар зерттеулермен дәлелдендi. Қазiргi кезде, көбiнесе, кездейсоқ пайда болған қатерлi iсiктер онкогендi вирустармен шақырылады деп саналады. Онкогендi вирустың жасушаға әсерi - ДНҚ құрылымында өзгерiс шақырады. Бұл өзгерiстер жасушаларды реттейтiн жүйелер арасындағы қатынасты бұзады, соның әсерiнен олар қадағалаудан шығып, реттеуге бағынбай дамылсыз өнiп-өсiп, яғни көбейiп, iсiк ұясына соқтырады.

Соңғы 20 жыл iшiнде өткiзiлген көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары, бұл теорияны анықтайтын бiрқатар дәлелдердi тапты және сонымен қатар, молекулярлы генетика, биохимия, иммунология салаларының үлкен жетiстiктерi канцерогенездiң молекулярлы-генетикалық негiздерi жайлы жаңа тереңделген көзқарасқа тіреп отыр. Айтатын болсақ, қалыпты жағдайда жасуша бөлiнуiн қадағалайтын гендер ашылған, сонымен қатар, осы алынған гендер жұмысына көмектесетiн тағы басқа да ұсақ молекулярлы заттар ашылған. Iсiк гендерiнiң белгiлi бiр тобында мутация, яғни жасушалардың өзгеруi арқылы обыр жасушаларының туылымы дәлелденген. Мұндай мутациялар өз бетiнше кездейсоқ жағдайда пайда бола алады, бiрақ канцерогендер олардың жиiлiгiн жоғарылатады.

Барлық геномның аз ғана бөлiгiн құратын гендердiң екi тобы iсiк үрдiстерiн реттеуде аса қызмет атқарады. Өздерiнiң жалпы қалыпты дене құрылысында олар жасушаның өмiрлiк циклын қадағалайды; ол күрделi үрдiс және ағзаның реттеу қасиетiне бағынбайтын биохимиялық серпілістерден тұрады.

Гендердiң 1-шi тобы - протоонкогендер, олар жасушаның бөлiну үрдiсiн арттырады; 2-шi тобы - iсiк тежеушi (супрессиялаушы) гендер, олар бұл үрдiстi кейiн қайтарып, басып отырады. Мутацияның (өзгерудiң) нәтижесiнде протоонкогендер карциногендi онкогенге айналуы мүмкiн, олар жасушалардың аса артық көбеюiн шақырады.Мутация онкогендердi реттейтiн белоктардың түзiлуiн шақыруы мүмкiн және оны одан да зор белсеңдi түрде жүргiзедi.

Жасуша бөлiнуiн реттеуге қатысатын гендердiң 2-шi тобы 1-шi топ гендерiнiң әсерiн басып тастауды қамтамасыз етедi. Оған митоз циклына кiретiн жасушалардың қосылуын бәсеңдететiн гендердiң өнiмдерi кiредi. Бұл гендерiсiк тежеушi (супрессиялаушы) гендер деп аталады. Iсiк супрессиялаушы (тежеушi) гендер мутация арқылы белсендiлiгi азайып, iсiк өсуiне көмектеседi. Бұл жағдайда, жасушалардың шамадан тыс өнуiн алдын алатын бақылайтын супрессиялы нәруыздар белсеңдiлiгi не төмендейдi, не мүлде жойылады.

Пролиферацияны «қоздырушы» және “тоқтатушы”гендердiң қарым-қатынасы дұрыс болса, ол жасушалық бөлiнудің аса нәзiк реттелуін қамтамасыз етедi: жасушаға сыртқы ортадан берiлген кез келген уақытта түсетiн белгi, жасуша бөлiнуiне әкелетiн қосылу және өшу (белсендiру және бәсеңдету) үрдiстерiн, қамтамасыз етедi. Мұндай iсiк супрессиялаушы гендер тобының бұзылуы немесе жабылуы қатерлi iсiк туындататын жасушалардың сансыз өсуiне әкеледi.

Қатерлi iсiк дамуы үшiн жасушалық өсудi қадағалаушы бiрнеше гендер iске кiрiсуi тиiс. Протоонкоген мен iсiк супрессиялаушы гендерiнен басқа, iсiкке айналу үрдiсiнде басқа гендер топтарының мутантты түрлерi де қатысуы мүмкiн. Бiрiншiден, ол - жасушаның инвазивтi (қатыгездiк) өсуiн шектеушi және метастаздану (бөгелме iсiк беру) қабiлеттiлiгiн шектеушi гендер, т.б.

Әдетте, жаңадан пайда болатын iсiктiң қатерленуiне, көп жылдар қажет. Бiрақ, көпшiлiк жағдайда, бұл үрдiс мутантты онкогендер мен iсiк тежеушi гендердiң ата-аналарынан балаларына берiлу арқылы үдейе алады. Онкогендердi тасымалдаушы болып құрамына осы гендерi бар онковирустар жатады, сонымен бiрге сол гендердi жасушалар ДНҚ тiкелей (ДНҚ-құрамды онковирустар бар жағдайда) немесе қайталама транскриптаза арқылы (РНҚ-құрамды онкогендi ретровирусы бар жағдайда) онковирустар тасымалдай алады.

Мысалы, тік ішектің обырының тұқымқуалаушылық түрі бар, ол АРС ісік супрессиялаушы геннің мутантты түрімен беріледі. рRB геннің дефектілік версиясы тұқым қуалайды, ол балаларда ретинобластома (көздің тор қабығы обырын) тудырады. р53 геннің (ісік супрессиялаушы гендер) мутантты түрі көптік обыр тудырады (Ли-Фраумени синдромы). Соңғы кезде ашылған ВRCA1 мен ВRCA2 гендер сүт безінің обырына келтіреді. Осы генмен байланысты сүт безінің обырының, отбасының аналық без обырының жиілігі барлық осындай обырларға және отбасының аналық без обырына қарағанда 20% құрады.

Қатерлi iсiкке бейiмдiлiк тудырушы гендердiң тiзiмi күннен күнге өсуде. Сонымен қатар, ғалымдар тұқымқуалаушылықтың себебiн iздестiруде, бұл жағдай қатерлi iсiктi ерте анықтауда тиiмдi болады. Дерттiң емiнде жаңа тәсiлдер iздестiрiлуде, олар жаңа ашылған канцерогенездiң (обыр пайда болу жолдары) молекулярлық механизмiне негiзделген және ғалымдар қазiргi кезде iсiктiң гендi емiн iздестiруде.

Соңғы 20 жыл iшiнде, жаңа бiлiмдерге қарамастан, қатерлi iсiктiң пайда болуы, дамуы, сонымен қатар жаңа емдеу тәсiлдерiн қарастыру жақтары дамылсыз зерттелуде. Осыған қарамастан, обыр емiн табуда үлкен үлес әлi де жоқ.

Оның бiрден-бiр себебi – iсiк жасушаларының сау жасушалардан айырмашылығының өте аз болуы. Обырды емдеу кезiнде, арнайы емес емдер жиi қолданылады. Iсiк жасушаларына қарсы емдеу сау тiндердi де жарақаттайды, сөйтiп дәрiлiк зат немесе қолданған сәуле мөлшерi, белгiлi бiр зиянсыз деңгейде болғаны жөн. Бiрақ, бұл жағдайдың аумағындағы да өзгерiстер жақсаруда.

Осы жоғарыда айтылған мәлiметтерден, мынадай тұжырым шығаруға болады: обыр жасушалары генетикалық құрылым жағынан сау жасушалардан айырмашылығы шамалы. Ол айырмашылықтар онша бiлiнбеуi мүмкiн, бiрақ, олар бар. Обырдың осындай маңызды сипаты iсiкке қарсы арналған емнiң арнайы тәсiлiне әкеледi. Бұл мәселенi шешуге және түсiнуге әкелетiн қадамдарды, қиыншылықтарды түсiну үшiн қатерлi iсiк дамуындағы иммунологиялық өзгерiстерге тоқталу қажет.