Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу

 

“Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы қарашаның 29-ғы Заңында Салық кодексінің 279 бабына сәйкес, жер қойнауын пайдалану үшін келісім-шарт жасалады, ал оны пайдаланушылар төмендегі салықтарды төлеуі керек:

1) үстеме пайда салығын;

2) экспортталатын шикі мұнайға рента салығын;

3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:

а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);

ә) роялтиді;

б) өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді.

Техногендік минералды құрамдардан пайдалы қазбалар алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілері болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, келісім-шарттардың негізгі түрлеріне қарай екі үлгіге бөлінеді:

1) бірінші үлгі – жер қойнауын пайдаланушының жаңа салық кодексінде көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді;

2) екінші үлгі – жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін, сондай-ақ салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін көздейді, оларға:

а) экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығы;

ә) газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциз;

б) үстеме пайда салығы;

в) жер салығы;

г) мүлік салығы қосылмайды.

Салық режимінің бірінші үлгісі, салық режимінің екінші үлгісі белгіленетін өнімді бөлу туралы келісім-шарттарда көрсетіледі.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарға қол қойылғанға дейін, олар Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейтін тәртіппен және мерзімдерде міндетті салық сараптамасынан өткізілуге тиіс.

 

Бонустар

 

Бонустар ­ жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады.

Жер қойнауын пайдаланушы, жер койынауын пайдалануын жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерін:

1. қол қойылатын;

2. коммерциялық табу бонусын төлейді.

Қол қойылатын бонус – жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы тіркелген төлемі.

Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерін, пайдалы қазбалар көлемі мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерілген есеп негізінде Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді.

Қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін жер қойнауын пайдалануғы құқық алуға өткізілген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелері бойынша комиссия белгілейді. ол жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кенорындарының экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледі, бірақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.

Коммерциялық табу – келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің қорлары. Коммерциялық табу бонусы – келісім-шарт аумағында әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кенорындарына қосымша барлау жүргізу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткізетін пайдалы қазбалардың табылғаны үшін төленеді.

Коммерциялық табу бонусының мөлшері – салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып белгіленеді.

Коммерциялық бонустың мөлшерін есептеу үшін:

1. Кенорнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының өкілетті мемлекеттік орган бекіткен, осы мақсаттағы көлем салық салу объектісі болып табылады;

2. Алынатын пайдалы қазбалар қорының бекітілген көлемінің құны, төлемді есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны – осы пайдалы қазбаның төлемі жүзеге асырылған күнгі Халықаралық (Лондон) биржада белгілеген биржалық бағасы бойынша есептеледі.

Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгіленбеген жағдайда, шығарылатын қордың құны құзыретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалған жоспарлы шығындардың, жоспарлы пайдалылық мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады.

Коммерциялық табу бонусы – есептеу базасының 0,1% ставкасы бойынша төленеді.

Роялти

 

Жер қойнауын пайдаланушы роялтиді өндірілетін пайдалы қазбалардың әр түрі бойынша, оның сатып алушыларға өткізілгеніне немесе өз қажетіне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейді.

Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгіленген роялти, ақшалай нысанында төленеді немесе Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен құзырет органымен қосымша келісімде белгіленген тәртіппен, заттай нысанымен ауыстырылуы мүмкін.

Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есепті кезеңде олардың өткізілген-өткізілмегеніне қарамастан, роялти төлеушілер болып табылады.

Роялти мөлшері – салық салу объектісі, есептеу базасы мен ставка негізінде алына отырып айқындалады.

Роялти төлеу тәртібі:

1) пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімінің көлемі, салық салу объектісі болып табылады.

Алғашқы тауарлы өнім мыналар болуы мүмкін:

а) пайдалы қазбалардың өзі:

- мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;

- көмір және жанғыш тақтатастар;

- тауарлы кендер;

- жерасты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;

- слюда, керіш (асбест), құрылыс материалдарын өндіруге арналған шикізат;

- металлургияға арналған руда емес шикізат;

ә) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;

б) қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;

в) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық (самоцветный) тас және пьезооптикалық шикізат;

г) басқа пайдалы қазбалары бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат.

2) пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшін салық базасы болып табылады;

3) пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша роялти (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда):

а) мұнай бойынша – қызметтің әрбір қүнтізбелік жылы үшін мұнайдың жинақталған өндірілімінің көлеміне байланысты айқындалған пайыз ретінде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:

2 млн т дейін – 2 %;

2 млн-нан 3 млн дейін – 3 %;

3 млн-нан 4 млн дейін – 4 %;

4 млн-нан 5 млн дейін – 5 %;

5 млн-нан жоғары – 6 % ставка бойынша төленеді.

Газ тәріздес көмірсутектердің 1 мың текше метрі шикі мұнайдың 0,857 т сәйкес келеді;

ә) алтын, күміс, платина, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша – Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайтын ставкалары бойынша төленеді;

б) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар, оның ішінде пайда қазбалардың басқа түрлерін өндіруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындар мынадый тіркелген ставкалар бойынша төлейді (9.1-кесте).

9.1-кесте

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша роялтидің ставкалары

 

Р/с № Пайдалы қазбаның атауы Роялти ставкасы %
Металлургияға арналған руда ем ес шикізат
Қалыпқа салынатын құм, глиноземді жыныстар (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары
Тамақ өнеркәсібіне арналған әк
Басқа да руда емес шикізат 3,5
Отқа берік саз-балшықтар, каолин, вермикулит 3,5
Ас тұзы 3,5

9.1- кестенің жалғасы

 

Р/с № Пайдалы қазбаның атауы Роялти ставкасы %
Жергілікті құрылыс материалдары 4,5
Ауа кіретін кеуек жыныстар, малта тас пен қиыршық тас, гипс, ангидрит, саз-балшық, аргилиттер, бор, мергель, кермнийлі жыныстар, кварцты-далалық шпатты жыныстар, шойтас, шөгінді, атқылаудан кейінгі және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), тас, құм, табиғи пигменттер, ұлутас 4,5
Жерасты сулары

 

Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі мынадай

 

1. Роялтиді есептеу мақсатында, алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілетін мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.

2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірілген алтынның, күмістің және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңі ішінде қалыптасқан осы металдың орташа құны негізге алына отырып есептеледі.

 

Экспортталатын шикі мұнайға салатын рента салығы

 

Шикі мұнайды экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалар, өнімді бөлу туралы келісім-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға салынатын рента салығының төлеушілері болып табылады. Экспортқа өткізілген шикі мұнайдың көлемі, экспортталатын шикі мұнайдың рента салығын салу объектісі ретінде саналады.

Рента салығын есептеу тәртібі:

1) экспортқа іс жүзінде өткізілетін шикі мұнай көлемі және шикі мұнайды тасымалдауға кететін шығыстарды шегергеннен кейінгі оның сапалық сипаттамалары ескерілген нарықтық бағасы негізге алынатын, экспортталатын шикі мұнай құны рента салығын есептеу базасы болып табылады,

2) сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы – халықаралық мұнай саудасында сатылатын шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тізбесіне қатысты есепті кезеңінде рынокты сату кезеңде басым болған бағалардың орташа есеппен алынған бағасы ретінде қалыптасады.

3) егер жер қойнауын пайдаланушының шикі мұнайы сапасының көрсеткіштері, магистральдық құбыр арқылы тасымалданатын шикі мұнай қоспалары көрсеткіштерінен жоғары болса, шикі мұнай сапасына үстеме баға қойылады. ал олар төмен болса, арзандату белгіленеді.

4) Шикі мұнайдың ұқсас сорттарының тізбесін ҚР-ның үкіметі айқындайды.

 

Экспортталатын шикі мұнайдың 1 баррелі үшін рента салығы ставкасының мына мөлшерінде белгіленеді:

 

Биржалық баға деңгейіндегі нарықтық баға, АҚШ доллары Ставкасы, %

 

* 2008 жылдың 2-ші тоқсанынан бастап экспортталатын шикі мұнайдың 1 тоннасының салығы 109,9 АҚШ доллары деп белгіленген.

 

Стеме пайда салығы

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша таза табысының бір бөлігі – үстеме табысқа салық салу объектісі болады.

Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі, әрбір жекелеген келісім-шарт бойынша таза табыстың салық кезеңінің аяғына Салық кодексінiң баптарында көзделген шегерімдер сомасының 20 %-дан асқан бөлігі – салық базасы болып есептеледі.

Үстеме пайда салығы ставкалары салық төлеушінің таза табысының шегерімге қатынасының 20 %-нан асатын мөлшерге пайыз есебімен мынадай мөлшерде белгіленеді: