Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері

Сабақтың мақсаты:

Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымын, негізгі теорияларын қажет, алған білімді Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға кіруінің мәселелерін талдауда қолдана алуға дағдылану.

Талқылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары

2. Әлемдік шаруашылық.

3. Дүниежүзілік сауданың мәні, түрлері және құрылымы. ҚР-ның әлемдік экономикаға енуінің мәселері.

4. Еркін экономикалық аймақ.

5. Қазіргі кездегі әлемдік валюта нарығы.

Категориялар бойынша сұрау. Студенттерге төмендегі негізгі экономикалық категориялар бойынша анықтама беру керек: Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар; Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция.

АҒЫМДЫҚ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар.

Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсыралары

1. Қай мектеп өкілдері экономикалық теорияның тарихи даму жағынан бірінші:

A) Марксизм.

B) Меркантилизм.

C) Кейнсиандықтар.

D) Физиократтар.

E) Классикалық саяси экономиия.

2. Егер экономика бір жүйе ретінде зерттелетін болса , онда ол жүйе:

A) Микроэкономикалық.

B) Макроэкономикалық.

C) Позтивтік.

D) Нормативтік.

E) Сипаттамалық.

3. Экономикалық теория пәніне қатысты емес мәселелер:

A) Ресурстарды тиімді бөлу.

B) өндірістік ресурстардың шектеулілігі.

C) Қажеттілікті максималды қанағаттандыру.

D) Байлықтың тапшылығы.

E) Білімге қажеттілікті қанағаттандыру.

4. Экономикалық теория нені зерттейді?

A) Адамдардың шаруашылық жөніндегі қатынастары.

B) Адамдардың өндірістік қызметі.

C) Қоғамдағы адамдардың материалдық игіліктер мен қызметтер .

D) Өндіргіш күштерге адамдардың ықпалы.

E) Адамдардың тауарлардың арасындағы қатынастары.

5. Меркантелистердің неізгі тұжырымы:

A) Байлықтың көзі тек сауда саттықта.

B) Байлық тек ақшамен алтынды қорландыруда.

C) Халықаралық саудада мемлекет протекционистік саясат жүргізуі керек.

D) Мемлекет халықаралық сауданы кеңейтуі керек.

E) Меншіктің түрлерін дамыту керек.

6. Төмендегілердің қайсысын микроэкономика оқытады:

A) Экономиканы біртұтас жүйе түрінде зерттеу.

B) Мемлекет экономикасындағы жұмыспен қамтылғандар санын.

C) Бағаның жалпы деңгейін.

D) Ресурстарды тиімді бөлу.

E) Жеке тұлғалардың іс-әрекетін.

7. Экономикалық теория төмендегілердің қайсысын оқу үшін тиімді?

A) Тек нарықты экономиканы.

B) Барлық экономикалық жүйелерді.

C) Экономикалық бағытты.

D) Экономиканың дамуын.

E) Барлық жауаптар дұрыс емес.

8.Физикраттардың негізгі қағидалары:

A) Ұлт байлығы-бұл ауыл шаруашылығы тауарлары.

B) Байлықтың көзі ауылшаруашылығы еңбегінде.

C) Экономиканың нарықпен реттелуі.

D) Экономика субьектілеріне еркідік беру.

E) Байлық тек ақшамен алтынды қорландыруда.

9. Позитивті экономика:

A) «Не бар».

B) «Не болу керек».

C) Экономика дамуындағы негізгі жағдайларды.

D) Бағалық талдау.

E) Экономика дамуындағы нақты деректер мен құбылыстарды.

10.Төменделілердің қайсысын макроэкономика зерттемейді:

A) Бағаның жалпы деңгейі.

B) Қызметтер мен тауарлардың жалпы деңгейін.

C) Қызметкерлерің жалақысын.

D) Инфляция қарқының.

E) Мемлекеттік бюджетті.

11. Кейнсиандық мектептің экономистері ақша-несие саясатын ең бірінші мынаған қолдану керек дейді:

A) Сыртқы саудаға енуі.

B) Мемлекеттік бюджетті тапшылық қаржыландыру.

C) Банктік жуйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

D) Ақша ұсынысы динамикасына бақылау орнату.

E) Кірістерді басқару.

12. Төмендегі түсініктердің қайсысы экономикалық теория пәнінің анықтамасына қатысты емес?

A) Ресурыстарды тимді қолдану.

B) Шектелмеген өндірістік ресурстар.

C) Қажеттіліктерді максималды қанағаттандыру.

D) Материялды және рухани қажеттіліктер.

E) Экономикалық қорлардың шектеулілігі.

13. Экономикалық заңдарға қатысты емес:

A) Құн заңы.

B) Ақша қатынастарының заңы.

C) Сұраныс және ұсыныс заңы.

D) Бәсеке заңы.

E) Салық заңы.

14.Жалпы баға деңгейі мен жұмыссыздық экономикалық жүйенің қай курсында оқытылады?

A) Макроэкономика.

B) Микроэкономика.

C) Менеджмент.

D) Халықаралық қаржы.

E) Маркетинг.

15. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатады?