АШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қашықтықтықтан оқыту – білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына іріктеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты:Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

- бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

- құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент – сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда [3-4].

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептеледі, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде. Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген студенттердің кәсіби бағыттыдығын жетілдіруді, танымдық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.

XX ғасырдың ортасында АҚШ-та білім берудің жаңа түрі – қашықтан оқыту жүйесінің алғы шарты жасалды. Аудиовизуалды құралдар, телевидение,бейнетехника, компьютер Интернет, ақпаратты мәліметтер базасы түрінде мәліметтерді сақтау мен өңдеудің жаңа технологияларының шығуы және дамуы қашыұтан оқытудың құралдарын қолдану мүмкіндіктерін байыта және кеңейте түсті. Бұл оқыту жүйесі төмендегі 1 суреттегідей жүзеге асырылады.

 

 

Сурет 1. Оқыту технологиясы

 

Англияда қашықтан оқыту «ашық университеттер» жүйесінде іске асырылуда. 1990 жылдардың өзінде онда 40-қа жуық ашық университеттер жұмыс жасады. Канада, Германия, Франция, АҚШ, Англия, Жапония және басқа да елдерде жетекші ЖОО-ның өзіндік жеке телекомпьютерлік жүйелері немесе желілері бар. Францияның қашықтан оқыту ұлттық орталығы әлемнің 120 елінен осы оқу түрімен білім алушыларды біріктіреді. Испанияда қашықтан оқытудың ұлттық университеті 1998 жылы құрылып, ел ішінде және шет елдерде көптеген оқу орталықтарын ашқан. Осы тұста Қытай телеуниверситеті, И.Ганди атындағы Ұлттық ашық университет (Индия), Корей ұлттық ашық университетін және басқа да мега университеттерді атап өтуге болады.

Қашықтан оқытуға қатысты мәселелер Д.М.Джусубалиева, Г.К.Нұрғалиева, Б.Холмберг, О.Петерс, Дж.Боат, Дж.Даниел, К.Смит және басқа да ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.

Д.М.Джусубалиеваның зерттеуінде елімізде қашықтан оқытудың дамуына талдау жасалған. Мұнда Қазақстанда қашықтан білім беруге сырттай, ашық түрдегі, телебайланыс арқылы, виртуальды түрлерін біріктіріп, көрсетілген және сырттай оқу түрінің жолға қойылғаны, сондай –ақ, жоғары оқу орындарында білім беру жүйелерінің барлық түрлерінде тиімді пайдаланылатындығы айтылған.

Р.Деллинги, А.Ведемеер еңбектерінде қашықтықтан оқыту мәні мен ерекшеліктері, ұйымдастыру тәсілдері ашылған.

О.Петерс еңбегінде қашықтан оқыту педагогикалық жүйесінің мақсаты, мазмұны, оқыту құралдары мен тәсілдері және басқа да элементтерінің артықшылықтары көрсетілген.

Б.Холмерг қашықтан оқыту үдерісіне қатысушылар арасындағы әрекеттер жүйесін сипаттап, оқыту құралдарына қойылатын талаптар мәселесін қарастырған.

Сонымен қашықтан білім беру дегеніміз – белгілі бір қашықта отырып, спутникті теледидар арқылы немесе радио, компьютерлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталары көмегімен танымдық оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара алмасу тәсіліне негізделген, мамандандырылған білім беру орталарының қалың бұқараға көрсететін танымдық іс-әрекет жиыны.

Қашықтан оқыту – ақпараттық, компьютерлік телекоммуникациялық құралдар көмегімен ғылыми тұрғыда негізделген тәсілдер арқылы білім беру түрі.

Қазақстан Республикасында қашықтан оқытуды дамыту үшін Білім беру жүйесін басқарудың ақпараттық инфрақұрылымын жасау ұсынылған. Ол құрылымның телекоммуникациялық жүйесі республикалық білім беру саласының ақпараттық ғылыми – әдістемелік орталығының, 16 облыстық, 210 аймақтық және қалалық ақпарат орталықтарының ашылуына мүмкіндік берді. Жалпы орта білім беретін мектептерді ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасына (1997-2002жж.) сәйкес Республикалық білім беруді ақпараттандыру орталықтарының көмегімен орта мектептер компьютерлермен толық жабдықталып, олардың бүгінгі таңда олардың көбі Интернет желісіне қосылды.

Қашықтан оқыту технологиясы арқылы пән мазмұны игеріледі, педагогикалық үдеріс мақсаттары жүзеге асырылады. Студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің құрамы, құрылымы және дамуы реттеледі. Дәлірек айтқанда, білім беру технолгиясының қашықтан оқыту кезеңінде оқытушылар мен студенттердің іс-әркеттері жүйеленеді. Қашықтан оқыту технологиясы ғылыми білімді дидактикалық түрде қолдануға бағытталуы керек және студенттердің тұлға ретінде тәрбиеленуіне және дамуына, білім алуына, нақты нәтижелерге жетуіне ықпал етуі тиіс. Оқытушының іс-әрекеті оқыту үдерісіне жетекшілік жасауға бағытталады және өзара байланысты екі үдерістен тұрады: студенттердің іс-әрекеттерін ұйымдастыру мен осы іс-әрекеттерді басқару және бақылау.

Педагогикалық үдерістер әлеуметтік объектілердің технологизациялаудағы негізгі жағдайларына сай әлеуметтік үдерістің бір бөлігі болғандықтан, оларды өзгеріске әкеледі. Қашықтан оқытуда бұл үдерістер былайша жүзеге асады:

Қашықтан оқыту құралдары белгілі бір дәрежеде күрделі «адам машина» жүйелеріне жатады;

Қашықтан оқыту құралдары құрылым элементтері, олардың құрылу ерекшелігі және атқаратын заңдылықтары;

Білім беру үдерісінің басқару субъектілері (оқытушылар, әкімшілік), басқарылатын объектілер (студенттер) нақты үдеріс құрып, оны процедуралар мен операция түрінде көрсетуге, ортаны жаңғыртуға және білім берудің қажетті басқару үдерісін құруға мүдделі.

Қазіргі қашықтан оқыту құралдары келесі ерекшеліктерімен айқындалады:

шектеу, бөлшектеу, үдерістерді кезеңдерге процедураларға, операцияларға жіктеу;

мақсатты нәтижеге жетудегі іс – әркеттерді координациялау және кезеңдерге жіктеу;

танымдық іс – әрекеттер мен операцияларды орындауда жүйелілікті сақтау.

Қашықтан оқытатын білім беру мекемесіне түсу келесі іс –әрекеттерден тұрады: білім беру мекемесінің ережелерімен, мүмкіншіліктерімен танысу, мамандық таңдау, құжаттарды тапсыру, оқу төлемақысын анықтау.

Қашықтықтан оқытуда орындалатын келесі кезең – серверде көрсетілген оқу – әдістемелік оқулықтарға рұқсат алу, оларды оқып үйрену, электрондық поштамен кеңестер алу, бақылау жұмыстарын орындау.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруды бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Технологизациялау объектісі теория жүзінде нысанды анықтаумен және білім беру үдерісін құрайтын, байланысын анықтайтын элементтермен де байланысты.

Әдістеме – оқыту түрін таңдаумен, қолданылатын әдіспен, техникалық құралдармен және оқыту құралдарымен жасалады. Процедуралық тұрғыдан, қашықтан оқыту технолгиясы іс- әрекеттерді жүзеге асырумен байланысты болады.

Қашықтан оқыту жүйесінің құрылымдық – мазмұндық моделінің негізгі компоненті көздеген мақсатқа жету болуы тиіс. Мақсатқа жету – студенттің танымдық қызығушылығын дамытудан туындайды.

Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде ғылыми – техникалық прогрестің дамуы және оның қоғамға әсер етуі білім беру жүйесіне айтарлықтай құрылымдық өзгерістер әкелді. Шетелдік тәжірибелер мәліметі бойынша (2002ж) әрбір жұмыс істейтінадам өз тіршілігі үшін ең аз дегенде жоғары білімді қажет етеді екен. Студенттердің мұндай легін күндізгі бөлімде оқыту ең бай деген мемлекеттің өзінің бюджеті көтермейді. Сол себепті соңғы он жылдықта дәстүрлі емес технологиялар бойынша оқитындардың саны күндізгі бөлім студенттері санына артық бола түсуі кездейсоқтық емес.

Жоғары және үзіліссіз білім беру қажеттілігінің өсуіне орай интернационалдық білім беру құрылымының әр түрлері мен мақсаттарын құру тенденциялары күшейе түсуде. Білім беруді интернационализациялау процесі тек мазмұны жағынан ғана емес, оқыту әдістемесі, ұйымдастыру формасы бойынша дамуда. Сондықтан қазіргі заманғы технологиялық жетістіктер арасында қашықтан оқыту әдістемесі жетекші орын атқарады. Қазіргі кезде әлемде телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланып қашықтан оқыту жүйесінде айтарлықтай бай тәжірибе жинақталған. Компьютерлік желілер жүйелері мен тікелей теледидарлық хабарламалар жүйесі маңызды орынды алады.

Қоғамның даму қозғалысы мен оның қазіргі заманға сипаты психолог, педагогтар мен білім беру саласындағы барлық мамандар алдында жаңа міндеттер мен мақсаттарды қояды. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:

өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;

өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;

ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;

әртүрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;

өзінің өз бетінше ой-өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын.

Жоғарыда келтірілген мәселелерден мынандай тұжырымдар жасауға болады:

1. Оқыту мен білім беруде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны біріктіруге арналған оқу бағыттарын дамыту;

2. Неғұрлым жақсы технология пайдаланушыларын дайындау кепілі ретінде оқытушылардың екпінділігін арттыру;

3. Жаңа технологияны қолдануды сапалы түрде талдау;

4. Университеттер арасында және университетке кіретін бөлімдермен (гимназия, колледж, бакалавр т.б.)

Оқыту тәжірибесінің негізгі сипаттамалары жеке қабілеттілікті арттыру, сынмен талдау, шығармашылық түрде ойлай білу, студенттерге білім алудағы қабілеттіліктерін дамытуға жәрдемдесіп алуға дайындауға арналуы қажет.

Келешекте білім беру мемлекеттік бақылаудан босап, жеке мекемелер шеңберінде дамитын болады. Бұл оқуға төленетін бағаның арзандап, сапасын арттыруға және оқытуды түрлендіруге мүмкіндік береді. Яғни, білім беруде ренессанс болады деп күтілуде. Технологияның дамуы жаңа типтегі (ауқымды, виртуалды, қашықтан оқыту т.б.) оқу орындарының пайда болуына әкеледі, оқытушылардан оқу жоспарының сапасы мен студенттер қажеттілігін есепке алуды талап етіледі.

Жоғары білімді дамытудың барлық салаларындағы басты мәселелердің

бірі қашықтан оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту білім беру процесінде ең алдынғы қатарлы дәстүрлі және инновациялық әдістемелер, компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқыту құрал жабдықтары қолданылатын технология болып табылады.

Білім беру жүйесінде қашықтан оқыту гуманистік принциптерге сай келеді,жетіспеушілік салдарынан, географиялық, әлеуметтік қорғалмаған, білім беру мекемелерінде оқу мүмкіндігі жоқ немесе кәсіби не жеке іспен қолы бос емес болғанына қарамастан ешкім де оқу мүмкіндігінен айырылмайды.

Қашықтан оқыту қоғамды ақпараттандыру және білім беру объективті процесінің жалғасы ретінде басқа оқыту түрлерінің жақсы жерлерін пайдалана отырып, анағұрлым болашағы бар, синтетикалық гуманистік, интегралды білім алу формасы ретінде ХХI ғасырға аяқ басты.

Қашықтан оқытуды ендіруге байланысты бастапқы сатыда оқытушының ерекшеліктері мен оқыту сапасын анықтау қажет. Өйткені, қашықтан оқыту процесі жүргізілетін аймақта білім беру жүйесінде білікті мамандарды дұрыс таңдау, сондай – ақ сол процестің өзін терең түсіну талап етіледі.

Қашықтан оқытудың ең бастысы ақпараттық тасымалдаудағы құралдар мен технология емес, ақпаратты игеру формасы мен мазмұны болып табылады. Осы және басқа да мәселелерді шешу қашықтан оқыту жүйесі қызметінің жандануын және жоғары білімді қайта құру бағытын жүзеге асыруды жақсартады.

Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуді салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Орта мектепте оқушылар білімдерінің негізі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болу, әлемде болып жатқан өзгерістерден тыс қалмау үшін, ауқымды желіге қосылу, қажетті ақпаратты іздеп табуға дағдылануы, ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс. Бүгінгі күніде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу » әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуға, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді.

Оқу орындарында да қашықтан оқыту жүйесі қазір қарқындап дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен салыстырғанда, бұл өте маңызды, пайдалы оқыту жүйесі болып табылады. Сонымен қатар демократиялық оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез - келген адам осы жүйенің арқасында салыстырмалы түрде аз ғана материалды жұмсау арқылы өзіне мамандық ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің білімін жаңа білім орталықтарымен толықтыра алады.

Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады. Себебі мұғалімнің мұнда сабаққа қатысуы міндетті емес. Яғни оқушы бейнекассеталармен, компакт дискілермен жұмыс жасайтын бағдарламалармен өзі сабақ өтеді. Бұдан педагогикалық жүйені ешбір мәні өзгермейді. Тек айырмашылық – оқытушымен оқушының арасындағы алшақтық. Бұл жүйеде басқа білім беру жүйесіндегі сияқты барлық компоненттер қарастырылады (мақсат, тапсырмалар, мазмұны, әдісі, оқыту құралдары), бірақ олар арнайы интернет – технология құралдары арқылы жүзеге асады.Қашықтан оқыту бұл – оқытудың сырттай, күндізгі түрлерімен қатар келе жатқан оқытудың жаңа түрі. Оқытуда, адамды тәрбиелеуде қандай форма қолданылса да, ол педагогика ғылымының заңдылықтарына, педагогикалық психологияға сай болу керек. Сондықтан қашықтағы педагогиканы ғылым орталығынынан бөлек қарастыру дұрыс емес. Қашықтан білім алу немесе оқыту ол базалық және қосымша болуы мүмкін (қашықтағы семинарлар ұйымы, конференциялар, олимпиадалар). Егер қашықтан оқыту жүйені өзіндік жүйе ретінде қарасақ, онда логикалық түрде бірегей ақпараттық білім беру жүйесін міндетті түрде құру керек деп қорытындылауға болады. Себебі ол барлық мүмкіндіктегі электронды ақпарат көздерін өзіне бағындырады: виртуалды кітапханалар, әр түрлі мәліметтер қорын, электронды оқыту жүйелері, әдістемелік бірігулер.

Қазір біз біздің елмен, шетел мемлекеттері қашықтан оқыту жүйесін толық қолдап отыр деп анық айта аламыз. Бұдан біз қашықтан оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуіміз қажет: электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технологияларды өндіру, яғни педогог – координаторларды немесе тьютер дайындау, оқыту түрлері мен әдістері [6-8].

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар.

Кейс технология (ағылшынның case – портфель, оқытуда жасалған әдістемелік материалдармен жүзеге асырылады) – қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология.Оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологияға арналған материалдардың келесі түрлері бар:

1. Әдістемелі нұсқаулар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарларындағы пәндер бойынша электрондық тасмалдаушыда (CD-ROM) оқу әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер оқушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға болады.

2. Жұмыс дәптері.

3. Анықтама.

4. Оқу, аудио, бейне материалдары.

5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

Терминдермен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

Пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім матеиалдарды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін траңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалдарын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар;

Кең тараған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слад – шоу пайдаланылады;

Оқушы оқулықтың кез-келген бетін баспаға шығара лады;

Оқушы оқу материалдарына кез-келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM);

Оқулыққа енгізілген білімді тексеру жүйесі бар;

Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

Желілік технология – білім алушы, оқытушылар арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу – әдістемелік құралдарымен жабықталуын қамтамасыз етеуде телекоммуникациялық желінен қолдану негізделген.

Оқытудың желілік – технологиясына:

Интернет желісін пайдалану;

Электрондық поштаны пайдалану;

Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;

Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желілік компьютерлік класс.

Электрондық пошта арқылы ақпаратты жоғарғы жылдымдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында оқушыға көмек дер кезінде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен оқушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады. Қашықтықтан оқыту – оқытушымен оқушының оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология (ереже бойынша компьютерлік техника).Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты орналастыру; оқу процесін бақылау.

Қашықтықтан оқыту артықшылықтары төмендегідей болып табылады:

- кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;

- кәсіби қызметпен қатар білім алуға болады;

- оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен оқытушылар арасындағы белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

- білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар;

Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік материалдармен білім алушының мақсатты және бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған.Қашықтықтан оқытудың компонеттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.Желілік технология – білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.Жаңа тұжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мұғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты – кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балаларересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жылдам қол жеткізе бастайды.Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек – олар практикалық қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік береді.Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни, бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» – делінген. Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.Қорыта келе айтарым, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауга зор мүмкіндік алады.Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалық бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпдеңгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудың материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық – педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды оқушыларға жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасымен әдістемесін, жоғары деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс істей білуі керек.Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың, сонымен бірге ұстаздардың да білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге мүмкіндік туатынына сенімдіміз және болашақта бағалы нәтиже алатын секілді сезінеміз.