Ндірістің жалпы технологиялық схемасы

Арматуралық элементтер: сеткалар, каркастар ГОСТ 8478-82 бойынша жасалынады. Қолданылатын арматуралардың класы А-I, А-II, А-III, A-IV МеМСТ 5781-82 бойынша және кәдімгі сым класы В-I ГОСТ 6727-80 бойынша жасалынады.

Көтергіш ілгіштерді арматураның класы А-I Ст3 маркісінен МеМСТ 5781-82 бойынша жасалынады.

Керілетін арматуралар арматура цехында дайындалады.

Қойылатын бөлшектер класы А-III периодты профильді арматура болатынын маркісі Вст3 жазық сызықты болатынын маркасы ПС-5 бұрыштық болаттан жасалынады.

Монтажды ілгіштер класы А-I маркасы Ст3 жұмыр дөңгелек болаттан жасалынады МеМСТ 5781-61.

Темірбетон конструкцияларын дайындаудың технологиялық процесіне: қалыпты дайындау, арматуралау, қалыптау, жылумен өңдеу, ұстау, маркілеу деген өндірістік операциялар кіреді. Осы технологиялық процестер белгілі бір жұмыс орнында – технологиялық бойлық посттарда жүргізіледі.

Технологиялық процесс 6 жұмыс постына бөлінеді:

1 –пост – бұйымды қалыптан босату;

2 –пост – қалыпты бетондауға дайындау;

3 –пост – арматураны салу (қарапайым немесе алдын – ала кернеуленетін арматура);

4 –пост – қалыпты бетонмен толтыру және оның нығыздалуы;

5 –пост – жаңадан қалыпталған бұйымды жетілдіру ( тегістеу, өңдеу, артық бетонды алу, салатын бөлшектерді тазалау және т.б.);

6 –пост - ЖЫӨ постысы – қалыпталған бұйымдарды ЖЫӨ камерасына орнату және одан бұйымды алып шығу.

Кейбір операциялар параллель орындалады: қалыпты босату, даярлау, арматураны салу, қалыптауғ

Элемент циклының ұзақтығы элементтік процестердің құрамына кіретін операциялардың ұзақтығымен орын ауыстыру арқылы анықталады.

 

Бұйымды босату және қалыпты дайындау

Бұйымды қалыптан алғаннан кейін келесі қалыптау циклына дайындалады. Бұйымды қалыптан жіберілетін маркалық беріктігін алғаннан кейін алынады. Бұйымды қалыптан алудың алдында қалыптың борттары ашылып, кернелген арматураның кернеуі босатылады. Бұйымды кранмен қалыптан алып кранмен ұстау постына жіберіледі.

Бұйымды қалыптан ағаннан кейін қалыптың ішкі беттері тазаланып майланады. Бұл операция әрбір циклдан кейін жасалынады. Қалып тазаланып, майланып болғаннан кейін қалыпқа жұмысшы арматура керіліп, арматура қаңқалары орнатылады.

 

Арматуралау тәртібі

Қалыпты тазалап, майлап болғаннан соң арматураны және арматуралы бөлшекті қалыпқа жайғастыру, арматураны керу алдын-ала кернелген бұйымдар үшін жүргізіледі.Темірбетон бұйымдарын А-ІV, А-ІІІ класты алдын ала кернелген арматурадан тоқылған торлар мен каркастардан құрастырылады. Ал арматураны кернеу электротермиялық әдіспен іске асырылады.

Арматураны дайындауда негізгі технологиялық процестер төмендегідей:

- болаттың шығынын төмендету үшін заводтық өлшемдегі ленталы стержндерді дәнекерлеу арқылы дайындау;

- лентаны жобаланған өлшемдегі стержндерге кесу,

- стержндердің соңына анкерлі ұштамалар орнықтыру немесе шайбамен қысу (алдын-ала кернелген армирлеу үшін қолданады);

- стержендерді немесе соңғы кеңістік каркастардан дайындалған дайын торларды майыстыру;

- керу арқылы болатты беріктендіру немесе электротермиялық әдіспен;

- стержндерді торларға немесе кеңістік каркастарға жинау.

Ауыр арматуралық элементтерді қалыптарға орнату механизацияланған әдіспен орындалуы керек. Бұл үшін бекеттерде армирлеу қондырғылары кран-укасиндермен, тельферлермен және тағы басқа механизацияланған қондырғылармен жабдықталады. Ең тиімдісі өзіжүретін жайғастырғыштар. Темірбетон бұйымдарын армирлеу – арматуралауды жай және алдын-ала кернеу деп жіктейді. Жай армирлеу - жобаланған жағдайына арматуралық торларды, каркастарды, закладной деталдарды жайғастыру арқылы орындайды. Жеке жағдайларда бетон араласпасын жайғастыру және нығыздау кезінде араласу болмауы үшін бұл элементтерді бекітеді. Алдын-ала кернелген армирлеу қатайған бетонға кернеуді беру арқылы және арматураны кернеу бетонның қатуына дейін және қатудан кейін жүргізу арқылы орындалады.

Арматураны керу уақыты алдын-ала кернелген конструкцияның негізгі түрі анықтайды:

- арматураны керу бұйымды бетондауға дейін стендтердің тіркетерінде немесе қалыптарында орындалады;

- арматураны керу уақыты бетонның қатуы кезінде, ұлғаюшы цементте дайындалған конструкциялар;

- арматураны керу қатайған бетон бұйымдарында, кернелген арматураның қысу күшін қабылдайтын конструкцияларда жүзеге асады.

Бетондауға дейін кернеу кезінде арматураны кереді және металл қалыптың тіректерінің немесе қалыптаушы стендтерге бекітеді; содан кейін бетондайды және бетонның қажетті беріктікке қол жеткізуінен кейін арматураны тіректерден босатады. Содан ол қысқаруға әрекет жасайды, және ол бетон конструкциясын қысады.

Бетонның қатаю кезінде арматураны керу ұлғаюшы цементке негізделген, содан кейін бетон 10-20МПа беріктікке ие болады. Бұл периодта керілуші арматура бетонмен жеткілікті ұстасуға ие, оны қысады және өзікерілетін әсермен (эффект) қамтамасыз етеді.

Бетондаудан кейінгі арматураны керу кезінде арматураның керу күші бетонның беріктігін алғанға беріледі, бетонда қысылған кернеуді тудырады. Арматураны кергенде еркін ұзаруы үшін оны конструкцияның сыртқы және ішкі каналдарына орналастырады.

Арматураны керуден кейін оны коррозиядан сақтау үшін каналдарға цемент қамыры толтырылады, сыртқы арматураны бетонның қоғаушы қабатымен қаптайды.

Арматуралық каркастарды дайындаудың екі әдісі бар:сызықты (линейные) және үздіксіз армирлеу.

-керілген сызықты армирлеу біреулік (одиночный) сымтемір және қажет ұзындықтағы стержндермен орындалады, сонымен бірге белгілі бір ретпен біріктірілген топтық сымдармен және стержндермен, жеке сымдармен пакеттер, өрімдермен дайындалады.

- кернелген үздіксіз армирлеу кезінде арматуралық каркастарды үздіксіз сымдық жіптерді қажетті керу күшімен ширатады.

 

Бүгінгі таңда алдын-ала кернелген конструкцияларда арматураларды керудегі әдістері: механикалық, химиялық, электртермо-механикалық және электротермиялық әдістермен орындалады. Соңғы әдіс жағынан салыстырылмайтындай техника-экономикалық лайықты, бірақ ұзын бұйымдарды, ұзын стендтерді өндіруде қолдануға шектеу қойылады.

Механикалық әдіспен керу-механикалық немесе гидравликалық домкраттармен жүзеге асырылады.

Химиялық әдіспен керу – арнайы цемент түрін қолдану арқылы, яғни, ұлғаюшы цемент көмегімен жүзеге асырылады.

Электротермиялық әдіспен арматураны керу автогенмен немесе электродәнекерлеумен аппаратпен кеседі. Арматураны электротермиялық керу қажетті ұзындыққа дейін арматуралық стержндерді электр тогымен қыздыру және оны тіректерге қатаң бекітумен қорытындыланады. Суыту жағдайына байланысты стержн қысқаруға әрекет етеді, бірақ тіректер бұл қысқаруға кедергі жасайды және ол созылған (керілген) жағдайында қалады. Электротермиялық әдіс пакетке жиналған стержндер мен сымтемірлік арматураларды керуге қолданады. Бұл әдісте кернеудің күшін төмендету үшін механикалық керуде қосылады (электротермомеханикалық әдіс). Қыздыру температурасы арматуралық болаттың түріне және маркасына байланысты және ол 300-4000С және 400-5000 аралығында болады. Арматура класы АІІ температура 300-4000С, АІІІ-350-4500С, АІV-400-5000С, диаметрі 3мм жоғары берікті сымдар 300-3500С, ал диаметрі 8мм 450-5000С.

Арматуралық болаттың А класын қыздыру уақыты шектелмейді, ал басқа кластар үшін В және П үшін 15-20 сек аралығында болу керек. Осы шарттарға байланысты электроқыздырғыш қондырғылардың қуаттылығы таңдалады.

Арматураларды электротермиялық керу қолмен, жартылай автоматтан-дырылған және толықавтоматтандырылған әрекеттермен орындалады. Соңғысы темірбетон бұйымдарын сымтемірлік арматурамен үздіксіз электротермиялық армирлеуге қолданады.

Стержндерді қыздыру бұйымды дайындайтын тікелей қалыпта немесе қалыпта емес жағдайда дайындауға болады, схемада көрсетілгендей. Екінші әдіс қарапайымдылау, ол болатты қалыптардың тіректерін арнайы электроизоляциялауды қажет етпейді.

Жобада арматураны электротермиялық керу кезінде қыздыу қондырғысы электрқыздырғыш қабылданды.