Taқыpыбы: ЖАҚСЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУҒА ҮЙРЕНЕМІЗ

Мақсаты: балаларды өзара жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Міндеттері:

- күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету;

- айналасына жағымды қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру;

- жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Oқy ic-әpeкeтiнiң көpнeкiлiктepi :дәптер, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасы, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс:

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Тәрбиеші музықа жетекшісінің сүйемелдеуімен Ә. Дүйсенбиевтің «Қуыршақ» өлеңін балалармен бірге қосылып орындайды. Өлеңнің нотасы қосымшада берілген. Қуыршак Сөзін жазған Ә. Дүгісенбиев Әнін жазған Т.Ізтаев Ай қуыршақ, қуыршақ, Жуынбайсың жуынсақ. Беті, қолдың батпағын Елең қылмай жатқаның. Қашан адам боласың? Ай қуыршақ, қуыршақ, Біз қуырдақ қуырсақ, Отырасың бұртиып, Шікірейіп-шіртиіп, Қашан адам боласың? Ай қуыршақ, қуыршақ, Су әкел деп бұйырсақ, Бетті теріс бұрасың, Бедірейіп тұрасың, Қашан адам Балалар тәрбиешімен бірге қосылып қуыршақ өлеңін орындайды.     боласың?
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу - Балалар, қазір орындаған «Қуыршақ» өлеңінен не түсіндіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл өлеңнен «Қуыршақтың» қырсық мінезін, ешкіммен тіл табыса алмайтындығын байқадық. - Өмірде осы «Қуыршақ» сияқты балалар бола ма? Болса олармен достасу, бірге ойнау сендерге көңілді ме? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қоры-тындылайды: - Біз «Өзін-өзі тану» сабақтарында адам бойындағы жақсы қасиеттермен танысып, ол жақсы қасиеттерге үйренудеміз. Ендеше, біз бүгінгі сабағымызда адамдармен, айнала қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынас жасаудың сырымен танысып, сол қасиеттерге үйренеміз. Әңгімелеу ТәрбиешіВ. А. Сухомлинскийдің «Жалғызалма»әңгімесін балаларға оқып береді.Жалғыз алма В. А. Сухомлинский Күздің ашық бір күнінде апалы-сіңлілі Оля мен Нина бақта қыдырып жүрді. Алма ағашының барлық жапырақтары жерге түсіп, аяқ астында судырап жатыр. Алма бұтақтарында бірен-саран ғана сарғайған жапырақтар көрінеді. Қыздар үлкен бір алама ағашының қасына келді. Олар сары жапырақтар арасында тұрған қызыл алманы көрді. Оля мен Нина қуанғаңдарынан айқайлап жіберді. - Қалай ғана қалып қойды екен? - деді Оля таңданып. - Қазір біз оны жұлып аламыз, - деді Нина. Қыздар алманы жұлып алды. Әрқайсысы оны қолына ұстап қарағысы келді. Оля алманы өзі алғысы келді, бірақ оны айтуға сіңлісінен ұялды. - Нина, алманы сен ала ғой, - деді Оля. Нина да алманы өзі алғысы келді, бірақ оны айтуға апасынан ұялды. - Оля, алманы сен ала ғой, - деді Нина. Алма қолдан-қолға өтті. Қыздар келісімге келмей-ақ қойды. Ақыры олар шешесіне жүгіріп келді. Алманы соған ұсынды. Шешесі алманы қақ бөліп, әрқайсысына жарты алмадан берді. - Қыздар неліктен алманы бөлісе алмады? Қыздардың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер? Сұрактар бойынша балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. Өзіммен-өзім - Енді барлығымыз көзімізді жұмайық, бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. (Жай әуенді музықа ойналады.) Енді барлығымыз өте тату тұратын «Татулық еліне» келдік деп ойлаңдар. Не сезіндіңдер? Ал маған бұл елден жып-жылы жел есіп тұр. Өйткені бұл елдің тұрғындары бір-біріне тек қана жақсылық тілейді, сыйлайды, жақсы көреді. Сендер де осы елдегі жылылық пен сыйластықты сезініңдер. Барлық көргендерің үшін рахмет айтайық. Тәрбиеші балалардың ойларын түйіндейді. - Бұл елдің тұрғындары өте тату-тәтті екен. Үнемі бір-біріне тек қана жақсылық ойлап, көмектесуге дайын тұрады. Сол себепті де «Татулық, сыйластық елі» деп аталады екен. Балалардың жауаптары. Тыныштық сәті - Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ойын. «Қуыршақ сөйлейді». Ойынның мақсаты: топтағы балалардың жақсы, жағымды қарым-қатынастарын қалыптастыру. Ойынның шарты: Ойын музықамен сүйемелденіп отырады. Музықа нотасы қосымшада берілген. Музықаның басталуымен бірге тәрбиеші қолына қуыршақ алып, топтың бір бұрышына барып тұра қалады да, қуыршақты кұлағына апарады. Балалар да тәрбиешінің соңынан еріп жүреді (олар қуыршақ тәрбиешіге не айтып жүр екен деп ойлайды). Сол уақытта тәрбиеші балалардың біреуіне: «Қуыршақ сенімен ойнағысы келетінін маған айтты, ал ойнаңдар», - деп топтың ішіндегі бір балаға береді. Қуыршақты алған бала өз бетімен әр түрлі би қимылдарын жасай жүріп, тәрбиешінің көрсеткен қимыл-әрекеттерін жасап, басқа балалардың біріне қуыршақты ауыстырып отырады. Балалардың бәрімен сөйлесіп шыққан қуыршақты тәрбиеші қайта қолына алып, құлағына апарып, аз уақыт тыңдаған болады да: «Қуыршақ маған енді бәріңмен билегісі келетінін айтты», - деп хабарлайды. Балалардың бәрі қуыршақтың қолынан ұстай жүріп, үлкен шеңбер құрады да музықа біткенше қуыршақпен бірге билейді. Ойын осы тәртіппен жалғасады. - Татулық. Жақсы көру. Сыйлау. Келісу. Түсінісу. Тіл табысу. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Татулық. Жақсы көру. Сыйлау. Келісу. Түсінісу. Тіл табысу.     Өз-өз тобымызға оралайық. Көзімізді ашамыз. Балалар өз сезімдерімен, ойларымен бөліседі.   Біз өз тобымызда, отбасымызда бір-бірімізді сыйлап, тыңдап, құрметтесек осындай татулық орнаған ортаны жасай алады екенбіз. Барлығы біздің өз қолымызда.
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Біз бүгінгі сабағымызда жақсы қарым-қатынас жасаудың құпиясы бір-бірімізді түсіну, өзара сыйластық екенін түсіндік. Күнделікті өмірде балалар бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйласса қарым-қатынастың жақсы болатыны сөзсіз. Жүректен жүрекке Тәрбиеші бұл әдістемелік тәсілді төмендегідей нысанда ұйымдастыруына болады:   - Ыңғайланып отырып, қолдарыңды алға қарай созыңдар. Енді сенің алақаныңда кішкентай «Күн» жатыр деп ойла. Оның сәулесі сенің саусақтарыңның арасынан өтіп, бойыңа жылылық құйғанын сезін. Балалар бір-біріне жақсы тілектер білдіреді.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:«Бақыт»сөзінің мағынасын білуі тиіс.

Tүciнiгi:«бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» туралы түсінінеді.

Kөpceтe бiлyi: Жағымды қасиеттер көрсете біледі.

 

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.