Білімді бақылау және бағалау

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы Төлендина Акмарал Кәрімқызы

х.ғ.к., доцент

Байланыс түрі 257-71-94 (74-43)

Кафедрада болатын уақыты 1000 -1700

 

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Прогрессивті технологияның теория негіздері

Кредит саны 3

Өткізу орны_______­­802, 822, 904, 1002, 1004 (БОҒ)________________

 

Кесте

Оқу жоспарының көшірмесі

 

Курс Семестр Кредиттер Аптадағы академиялық сағаттар Бақылау түрі
Дәрістер, 1 аптадағы академиялық сағаттар   Тәжірибе лік сабақтар СӨЖ* СОӨЖ* Барлығы
емтихан

 

Алдыңғы реквизиттер

Прогрессивті технологияның теория негіздері курсын меңгеру үшін студенттер орта білім деңгейінде алған химия, математика, физика, пәндері білімдеріне сүйенуі қажет.

Соңғы реквизиттер

Прогрессивті технологияның теория негіздері пәнінен алған білімдері физикалық, органикалық, коллоидтық, жоғары молекулалық қосылыстар химияларын меңгеруі үшін қажет. Сонымен бірге, химиялық өнеркәсіптегі, өндірістегі технологиялық процестерді химиялық тұрғыдан талдау үшін осы курстан алған білім мен біліктерін пайдаланады.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Дәріс курсының мақсаты – прогрессивті технологияның теория негіздерін, химиялық-технологиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтарын, процестердің және аппараттардың теориясын зерттеп білу, химия өнеркәсіптерін ұйымдастыру, оны жоспарлау болып табылады. Қазіргі жағдайда ғылым мен өндіріске мамандарды даярлауға қойылатын талап өзгерген. Жоғары оқу орындары жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, бәсекешіл, жаңаша ойлауға қабілетті таңдаулы мамандар дайындауы қажет. Ол үшін студенттерді теориялық білімдермен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, шығармашылық еңбекке, өздігінен білім алуға үйрету шарт.

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және оларды орындау кестесі

Студенттің семестр кезіндегі жүйелік және қалыпты жұмысы ағымдық және аралық бақылау арқылы бағаланады.

Семестр кезінде тестілеу әдісі бойынша екі аралық бақылау жүргізіледі. Семестрдегі жұмыстардың орындалу графигі 2- кестеде көрсетілген.

Кесте

Тапсырмалардың түрі және олардың орындау мерзімі

Бақы лау түрі Жұмыс түрі Жұмыстың тақырыбы (нақты бетін көрсету керек) Ұсынылатын әдебиетке сілтеме Тапсыру уақыты
    Ағым- дық бақылау 1- Тәжірибелік жұмыс Химия өндірістерінің ғылыми негіздері. Химиялық өндірістерінің маңызы және дамуы 1нег.[8-11] 2нег. [3-16] 4 нег. [8-19] 7 қос. [7-10] 1 апта
2- Тәжірибелік жұмыс Қазақстанда химия өндірістерінің дамуы 1 нег. [11-14] 8 қос.[10-15] 2 апта
3- Тәжірибелік жұмыс Техникалық - экономикалық көрсеткіштер 1 нег. [14-18] 7 қос. [42-44] 3 апта
4-Тәжірибелік жұмыс Химиялық техниканың негізгі даму жолдары 1 нег.[18-24] 7 қос.[25-30] 4 апта
Реферат - 1 Химиялық технология процестерінде материалдық балансты анықтаудың негізгі принциптері 1 нег.[24-29] 2нег. [50-59] 7қос.[35-40] 8қос. [81-90] 5 апта
Реферат - 2 Шикізатты байыту принциптері 1 нег.[29-38] 7 қос. [31-45] 6 апта
1-Өздік жұмыс Табиғи және өнеркәсіп суларына сипаттама 1 нег [38-53] 7қос. [28-32] 7 апта
Аралық бақылау   1-тестілеу Прогрессивті химиялық технологияның жалпы мәселелері 1 нег.[8-54] 3 нег.[105-121] 8 қос.[19-127] 8 апта
  Ағым- дық бақылау 5- Тәжірибелік жұмыс Химия өндірісіндегі энергияның түрлері. Энергияны ұтымды пайдалану 1нег. [53-60] 4 нег. [68-101] 7 қос. [10-11] 9 апта
6- Тәжірибелік жұмыс Фазалар ережесі. Агрегаттық күй диаграммасы 1 нег [60-63] 7 қос. [86-90] 10 апта
7- Тәжірибелік жұмыс Химиялық-технологиялық процестердің термодинамикасы 1 нег.[63-70] 4 нег.[82-95] 7 қос.[10-15] 11 апта
Реферат -3 Тепе-теңдіктегі технологиялық процестер. 1 нег.[70-79] 7 қос.[16-24] 12 апта
Реферат -4 Мұнай өнімдерін өңдеу әдістері. 1 нег.[89-101] 7 қос.[110-114] 13 апта
2-Өздік жұмыс Қалдықсыз технология 3 нег.[300-316] 7 қос.[65-67] 14 апта
Аралық бақылау II –Тестілеу Химиялық экология. Қоршаған ортаны қорғау 2 нег.[330-339] 7қос.[62-65] 15 апта
Қорыт. бақылау Емтихан   Пәннің барлық оқытылған тақырыптары   График бойынша

Дебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1. Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов, Ү.Ә.Садықов, Ә.Қ.Қоқанбаев, Ж.Х.Ташмұхамбетова. Химиялық технология негіздері. – Алматы, 2011,-296 б.

2. Т.К.Ахмеджанов, А.Т.Қартабай, Б.Т.Ақашев. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы. - Алматы, 2011, - 463б.

3. Т.О.Өмірәлиев. Мұнай және газды өңдеудің химиясы мен технологиясы. - Алматы, «Білім», 2001, - 396 б.

4. Г.Майлыбаева. Мұнай және газды өндіру техникасы мен технологиясы. - Астана, «Фолиант», 2011, - 185б.

 

Қосымша әдебиеттер:

5. Ғ.М.Нұрсұлтанов, Қ.Н.Абайұлданов. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу. - Алматы, «Альманах», 1999.

6. Қ.Н.Аманиязов, Қ.Ж.Игібай, С.М.Черкенова. Мұнай-газ кендері кәсіпшілігінің геологиясы. – Алматы, 2001.

7. И.П. Мухленова. Основы химической технологии. - М. : Высшая школа, 1991. – 552 с.

8. Соколов Р.С. Химическая технология: (оқу құралы) –М. : Гуманит. Изд. Центр ВЛАДОС, 2003. – 704 с.

 

Білімді бақылау және бағалау

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ семестр кезінде студенттің оқу жұмысын жүйелік және қалыпты бақылаумен қамтамасыз ету үшін білімнің рейтингтік бақылауы қолданылады.

Пәннің қосынды қорытынды рейтингі 100 балға тең. Емтихан (сессия кезінде) қорытынды бақылау болып табылады, ол максималды 40 балмен бағаланады.

Ағымдық бақылаудың нәтижелерін тапсыру уақыты оқу процесінің (3-кесте) күнтізбелік кестесінде келтірілген.

Кесте