Прогрессивті технологияның теория негіздері» пәні бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесі

Апта
Бақы лау түрі ТЖ-1 ТЖ-2 ТЖ- ТЖ-4   Р-1 Р-2 ӨЖ-1 АБ-1 ТЖ -5 ТЖ -6 ТЖ-7   Р-3 Р-4 ӨЖ-2 АБ -2
Аптал. бақыл. саны
ӨЖ-өздік жұмыс, Р-реферат, АБ-аралық бақылау

 

Студенттердің білімі, білігі мен дағдыдысы төмендегі жүйе бойынша бағаланады.

 

Кесте

Студенттердің білімдерін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл (пайызбен %) Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D 70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49

Модульдар бойынша және аралық бақылауға арналған сұрақтар тізімі

Модуль. Прогрессивті химиялық технологияның мазмұны

1. «Технология» деген ұғымға сипаттама.

2. Технологияның түрлері.

3. Қазіргі химиялық технологияның негізгі мақсаттары.

4. Техникалық-экономикалық көрсеткіштер.

5. Химиялық өндірістің материалдық балансы.

6.Химиялық өндірісте материалдық ағыстың түрлері.

7.Шығын коэффициенті, өнім шығымы, өнімділік, өндіріс қуаты.

8.Процесс және ақпарат қарқындылықтары.

9.Еңбек өнімділігі мен өзіндік құн.

10.Технологиялық схеманы болжағанда орындалатын шарттар.

11.Химиялық техниканың дамуына әсер ететін жолдамалар.

12.Аппарат жұмысын қарқындандырудың жолдары.

13.Химиялық технология процестерінің қарқындау жолдары.

14.Өндірістік технологиялық схема.

15.Судың химиялық өндірісте алатын орны.

16.Судың сапасын анықтайтын шамалар.

17.Судың кермектілігі.

18.Судың кермектілікке байланысты жіктелуі.

19.Суды тазартудың химиялық әдістері .

20.Суды тазартудың физикалық әдістері.

Модуль. Химиялық-технологиялық процестерде қолданылатын физика-химиялық заңдылықтар

1.Химиялық-технологиялық процестің негізгі үш сатысы.

2.Химиялық-технологиялық процестердегі диффузиялық аймақ, кинетикалық аймақ, ауыспалы аймақ.

3.Фаза. Фазалар ережесі.

4.Агрегаттық күй диаграммасы.

5.Термодинамиканың І заңы.

6.Термодинамиканың ІІ заңы.

7.Жүйенің күй функциялары.

8.Энтальпия, энтропияға түсініктеме.

9.Реакцияның өздігінен жүру шарты.

10.Тепе-теңдіктегі химиялық процестер.

11.Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Ол қандай факторларға тәуелді?

12.Активті энергия.

13.Ле-Шателье ережесі.

14.Тепе- теңдік константасының мәні.

15.Қысымның тепе-теңдікке әсері.

16.Температураның тепе-теңдікке әсері.

17.Концентрацияның тепе-теңдікке әсері.

18.Катализатордың жылдамдыққа әсері.

19.Массалардың әрекеттесу заны

20.Тура реакцияның жылдамдығы.

 

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

1. Химия өндірістерінің маңызы және дамуы.

2. Прогрессивті технологияның теория негіздері пәнінің мақсаты мен міндеті.

3.Химия өндірісінің өндіргіш күштердің дамуына әсері.

4.Химиялық өндірістің даму тарихы.

5.Қазақстандағы химия өндірісінің дамуы.

6.Химия өндірісінің дамуына үлес қосқан қазақстандық ғалымдар.

7.Бейорганикалық заттар өндірісін жіктеу.

8.Органикалық заттар өндірісін жіктеу.

9.Химиялық заттар өндірісін жіктеудің басты технологиялық түрлері.

10.Үздіксіз технологиялық процестердің ерекшеліктері, артықшылықтары.

11.Химиялық өндірістің энергиялық балансы.

12.Химиялық өндіріс үшін энергия үнемдейтін технологияның мәні.

13. Химиялық өндірістегі энергияның түрлері

14.Энергияны ұтымды пайдалану.

15.Энергия көзі

16.Мұнай өнімдерінің құрамдары мен қасиеттері.

17.Мұнайды жіктеу.

18.Мұнайды және мұнай өнімдерін өңдеу әдістері.

19. Қалдықсыз технология

20.Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі жолдары.

Саясаты және процедурасы

«Прогрессивті технологияның теория негіздері» пәнін зерделеу кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймын:

1. Сабаққа кешікпеу;

2. Сабақты орынды себепсіз босатпау, ауырған жағдайда – анықтаманы, басқа жағдайда түсіндірме хатты ұсынуды сұраймын;

3. Оқу үрдісіне белсене қатысу.

НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

Курстың тақырыптық жоспары

«Прогрессивті технологияның теория негіздер» пәнін оқып-үйрену міндеті - дәрістік (2кредит) сабақтан, тәжірибелік сабақтан (1кредит), сонымен бірге студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ және СОӨЖ) тұрады. Бұл сабақ курсты меңгеруді қамтамасыз етеді және студенттердің іргелі білім алуына жан-жақты көмектеседі.

Пәннің тақырыптық жоспары тақырыптардың атауымен және білімнің барлық түрінің (тақырыптары бойынша) академиялық сағаттарының саны 5 кестеде көрсетілген.

Кесте