Ысқа мерзімді жоспар 1 страница

Математика 1-сынып

1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
1А Сандар мен цифрлар 1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 **біртаңбалы сандардың құрамын анықтау 1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну 1.1.2.5 ** біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту орындау 1.3.3.1 сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау 1.4.3.1 **10-ға дейінгі сандар тізбегін құру 1.5.2.1 цифрды саннан ажырата алу, біртаңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу: сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т.б 1.5.1.2 **сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану 1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық сәулені қолдану 1.5.2.2** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» белгілерін, цифрларды пайдалану 1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу және азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану 2A 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту   1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамайқосу кестесін құру, білу және қолдану 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану 1.1.1.1 натурал сандардың және нөл санының жасалуын түсіну; 10/11-20 шегінде тура және кері санау; натурал сандар қатарындағы санның орнын анықтау 1.1.1.2 ** 11-ден 20-ға дейін сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 **20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу 1.1.1.4 санның ірі бірлігі - ондықты құру; 100-ге дейін ондықтармен санау, жазу, салыстыру 1.4.3.1 **20/ондықтан 100-ге дейін тізбекті құру, суреттердің, фигуралардың, белгілердің, 100-ге дейінгі сандардың тізбегіндегі заңдылықтарын анықтау 1.1.2.5 ** 20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындау 1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну 1.2.1.1 ** сандық өрнектерді құру, оқу, жазу және тану (қосындылар, айырмалар) 1.5.2.2 ** «+», «-», «=» белгілерін пайдалану 1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану 3A Сандармен амалдар орындау 1.1.1.1 ** натурал сандар мен нөл санының түзілуін түсіну; 10/11-20/21-100 шегінде тура және кері тәртіптерде санау; санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтау   1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды/11-ден 20-ға дейінгі сандарды салыстыру 1.1.1.3 ** бір таңбалы сандардың құрамын/екі таңбалы сандардың разряд құрамын анықтау, разрядты қосылғыштарды қосындыларға бөлшектеу 1.5.2.2 ** «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін қолдану 1.2.1.6 екі амал арқылы орындалатын жақшамен және жақшасыз берілген өрнектердің мәнін табу, амалдардың ретін анықтау 1.1.2.2 қосу мен азайтудың бір-біріне кері амалдар екенін түсіну, осы амалдардың компоненттері,нәтижелері арасындағы байланысты анықтау 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1 қасиетін қолдану 1.1.2.5 ** бір таңбалы/ондық/бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау   4A Күнделікті өмірдегі есептеулер   1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау 1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдерді салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану 1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу 1.5.1.3 қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару 1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосуға, азайтуға қатысты есепті шешу әдісін түсіндіру
1В. Геометриялық фигуралар   1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) 1.3.1.1 геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық тұйықталмаған емес сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру 1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау   2B Сандар мен заңдылықтар   1.1.1.5 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура және кері санау; 2,4,6,8,10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табу 1.4.3.1 ** 20 көлеміндегі сандардың/ 100-ге дейінгі ондықтардың тізбегін дейін құру, суреттер, фигуралар, белгілер, 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды анықтау 1.4.3.2 табиғаттағы әрекеттердің және күйлердің тізбегін анықтау, сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құру және заңдылықтың бұзылуын анықтау 1.4.2.2 **бірдей цифрлары, фигуралары, ребустары бар жұмбақтарды шешу 3B Шамалар. Уақытта бағдарлану   1.1.3.5 сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтау/ уақыттың өлшем бірліктерін ажырату: минут, сағат, күн, апта, ай 1.1.3.1 **шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 **өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу: сағат   4B Жиын. Логика элементтері   1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру, құру 1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау 1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу 1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) 1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау 1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу 1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру 1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларыy ажырату; өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.3 ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л/ уақыт: сағат шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау
1С. Шамалар мен олардың өлшем бірліктері   1.5.1.2** заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану 1.1.3.1 ** ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 ** см/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу 1.1.3.3 ** ұзындық: см/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау 2C Шаманы өлшеу     1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш) жан-жағын өлшеу, салыстыру 1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.2 ** см, дм/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу 1.1.3.3 ** ұзындық: см, дм/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау 1.1.3.4 ұзындықтың см, дмөлшем бірліктерінолардың арасындағы қатынас негізінде түрлендіру 3C Теңдік пен теңсіздік. Теңдеу   1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату 1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу 1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік пен теңдіксізді құру, оқу, жазу және білу 1.2.1.2 әріптің мәні берілген бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу 1.2.1.3 қосу мен алу арасындағы байланысты әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану: а+b=с, c–a=b, c-b=a 1.2.1.4 қосу мен алуда 0-дің қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету: a+0=a, a-0=a 1.2.1.5 жақшасыз берілген әріптік, сандық өрнектерді салыстыру 1.5.2.2 «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілерін/ цифрларды /белгісіз санның символын қолдану (􀂅) 1.5.1.1 есепті схема, сурет, қысқаша жазу түрінде үлгілеу; есепті шешуге қажетті тірек схеманы таңдау 1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару 1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, азайту, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу 1.5.1.5 қосу мен алудың белгісіз компоненттерін табуға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу 4C Нысандардың орналасуы мен бағыты   1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырату және оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру 1.3.2.1 тура, қисық, үзік, тұйық және тұйықталмаған сызықтарды/ қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш) нүктелі қағаздың жазықтығында бейнелеу 1.3.2.2 берілген ұзындықта кесінді сызу 1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау 1.3.2.4 геометриялық фигуралардың арасындағы негізгі арақатынасты анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке) 1.5.1.2 **заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану

Ескерту:

С = бүкіл сыныптық жұмыс

Т= топтық жұмыс

Ж = жұптық жұмыс

Д = дербес жұмыс

Т = оқушылардың тәжірибесі

М = ұстаздың көрсетуі

қ= қалыптастырушы бағалау

Орта мерзімді жоспардың «Оқыту ресурстары» бөлігінде кейбір ресурстар ағылшын тілінде оқытушыға арналған қосымша ақпарат ретінде берілген


Орта мерзімді жоспар

 

 

Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
1А бөлімі: Сандар мен цифрлар
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
Оқушылардың балабақшада меңгерген сандары мен есептеп үйренген тәжірибесіне негізделу керек.
Мәнмәтін
Тақырыпты меңгеру нәтижесінде оқушылар келесілерді түсінеді: алдыңғы саннан және бірліктен бастап санауда (+1), келесі саннан және бірліктен бастап санауда (-1) әр санның жасалуын; келесі санның алдыңғы саннан қаншалықты үлкен екенін (1-ге), ал алдыңғы санның келесі саннан қаншалықты кіші екенін (1-ге); 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қатарында әр санның орны қандай, олар қандай саннан кейін және қандай санның алдында аталады; әр сан қалай аталады және ол баспа түрінде, жазбаша цифрлармен қалай белгіленеді; екі қосындының сандық құрамы. Осылайша, оқушыларға таныс сандардың атаулары мазмұнмен толықтырылады, сандардың арасындағы байланыстар ашылады, сандық қатардағы натурал сандар туралы түсінік қалыптаса бастайды. Санау арқылы оқушылардың бойында математиканың негізін құрайтын негізгі дағдылар қалыптасады. Осыған орай оқу жоспарының барлық бөлігінде жүргізілетін тиісті жұмыстың негізінде санау жүйесі туралы түсінік дамитын болады.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттар: · өз пікірін және ұсынылған амал әдістерін айтуда математикалық білімді және математикалық терминологияны («сан», «»цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» және т.б.) қолдану; · мұғаліммен, сыныптастармен диалогқа, мәселелерді ұжыммен шешуге қатысу, өз ойын айтуға бастама білдіру және тырысып, белсенді болу; · сөйлесу барысында жұбын тыңдау (тапсырмада); · өз ойын дәлелді жеткізу.
Пән бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік оқу мақсаттары Пән лексикасы және терминология Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
· Санау дағдыларын қалыптастыру; бастапқыда 10-ға дейін, · бізді қоршаған заттарды санау (Қанша?Қайсысы?), · сандарды оқу, цифрды жазу, цифрды, цифрдың атауын және заттардың тиісті санын сәйкестендіру (1-ден 5-ке дейін, сандардың құрамы), · сандық қатарда келесі және алдыңғы санды құру, санау заңдылықтарын анықтау, · сандық кесіндіні меңгеру. · «Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде заттарды санау: түймелер, қызыл киімдегі достардың саны және т.б · Сандарды оқу, жазу және салыстыру барысында «сан», «цифр», «теңдік», «қосу», «азайту» сияқты математикалық терминологияны; амалдардың атауын, «=», «>», «<» белгілерін, қарапайым математикалық өрнектерді қолдану; өз ойын және ұсынылатын амал әдістерін айту, · сөйлеу барысында реттік сан есімдерді пайдалану, сұрақтар қою. · Қарапайым тұжырымдарды құру, оларды қарапайым түсінікті логикалық пікірлер ретінде рәсімдеу. · Әртүрлі пікірлерді ескеру, келісу және ортақ шешімге келу. Бұған кіреді: · 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы, · санау, санап шығу, барлығы · Қанша? Саны бойынша нешінші? · сан және цифр · алдыңғы сан, келесі сан · санның құрамы · сандық кесінді · жанындағы сандар Талқылау:
· Қалай ойлайсыз? Менде қанша бұршақ бар? Қатардағы … қаншасыншы? · Мұны қалай біле аламыз? · Қанша бұршақты ұстай аласыз? Неліктен… екенін айта аласыз ба? · Бұл санды алдыңғы/келесі сан деп атаймыз. · …осындай заңдылық бар. Жазу: · Цифр... көмегімен санды жаза аласыз ба? · ... санынан кейін,… алдында, … арасында, алдыңғы, келесі санды жаза аласыз ба?
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Тақырыпты меңгеру барысында оқушылар келесілерді үйренеді: 1-10 дейінгі натурал сандарды тура және кері ретте атау, санды санау кезінде келесіні (алдыңғыны) атау. сан мен цифрды, арифметикалық амалдардың белгілерін ажырату; 3 + 2 = 5, 4 – 2 = 2 түрінде цифрлармен, жазбалармен жазылған сандарды 10 көлеміндеоқу заттарды, (артық, кем) өлшемдері бойынша заттарды, (артық, кем, қарағанда артық, қарағанда кем) сандарды ұқсастық пен айырмашылықты табу мақсатында салыстыру; «артық», «кем» арақатынасын үлгілеу; жиын элементтерін берілген белгі бойынша топқа жіктеу; оқу және практикалық есептерді шешу: заттарды санау, алынған нәтижелерді сандармен көрсету, сандарды цифрлармен жазу. Оқушылар сандық түзулерді және кесінділерді меңгеру арқылы сандардың жүйесі туралы түсініктерін дамытады; шамаларды салыстыру, өлшеу үшін сандардың шамалары туралы өзіндік түсінігін қолданады. Санның үлгісін құру. Сандарды салыстыруды, реттеуді талап ететін жағдайларды зерттеу. 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды жазу. Өрнек түрінде жазу («+», «-», «=» пайдалану арқылы), сандардың жасалуы, өрнекті оқу, оларды шешу.

 


 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер 1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 **біртаңбалы сандардың құрамын анықтау Сандар қайдан пайда болды? (Т) Оқушылардан өздеріне ұнайтын түстегі заттарын жинауды сұраңыз. Оқушылар оларды санап, топқа немесе сыныпқа ұнататын түстері қандай екенін және табылған заттардың санын айтуы керек. (Ж/Т,қ) Оқушылардың 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысалдарды табуы үшін жұпта немесе кішігірім топтарда жұмысты ұйымдастырыңыз. Мысалы, «1» - сыныптағы мұғалімдердің саны болуы мүмкін, «2» оқушылардың көздері болуы мүмкін. Оқушылар осы жұмысты суреттер түрінде бір парақтың бетінде әр цифрға бос орын қалдырып бере алады немесе өз ойларын айта алады. (С) Осы сандардың қайдан пайда болғаны туралы талқылау жүргізіңіз. Мысалдардың тиісті санын табу мүмкін болмайтын сан бар ма? Біз «натурал сандарды» қарастырып жатырмыз. Бір нәрсені санау барысында натурал сандарды қолданамыз. Натурал сандар туралы талқылау үшін өлшеудің санаумен байланысын талқылау керек. Өлшеуіш лента өлшеу мен сандық осьтің арасындағы жақсы визуалды байланыс болып саналады. Оқушылар 1-сыныптың бағдарламасында осындай өлшеу құралдарымен таныспаса да, олардың кейбіреуі бұрын калькуляция жасап көрген болуы мүмкін және сіз мұның санаумен байланысы туралы талқылай аласыз.     Әртүрлі әрекет жасап жатқан әртүрлі киім киген Қазақстандағы балалардың суреттері (талқылау үшін). 10 көлеміндегі сандарды көрсету, қабырғадағы және едендегі сандық түзулер, цифрлар жазылған пазлдар/ цифрдан жасалған кішкене кілем (төменде сурет берілген)  
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер     1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау 1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру     Заттарды санау. Реттік санау (С) Оқушыларды 10 санының маңыздылығын табу үшін саусақпен санауға қатыстырыңыз (себебі бұл есептеудің ондық жүйесінің негізі). (Ж) Оқушылардың жұптағы жұмысын ұйымдастырыңыз: әрқайсысы сол қолдарына бір уыс асық алады. Содан кейін олар асықтарды санайды және кімде асықтың көп екенін анықтайды. Содан кейін олар өз нәтижелерін басқа жұппен салыстыра алады және қайтадан ең үлкен санды табады. (Д, Ж, Т) Оқушылар сыныптық бөлмені зерттейді, ондағы заттардың санын анықтайды және осы санды сандық түзуде белгілейді. (Ж) «Барлығы өзім туралы» тақырыбында есепті зерттеу, киімдегі түймелердің саны, үстелдегі бордың саны және т.б   А4 қағазынан көрсетілетін сандық түзуді жасаңыз. Әр оқушыға сандары белгіленбеген сандық түзуді жасауға және цифрлар жазылған қиылған карточкаларды қолдануға болады. «Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде осы оқу мақсатымен жұмыс істеу көрсетілуі мүмкін.   көріністер (1 ат, 2 мысық және т.б.) Есептеуге арналған практикалық материалдардың алуан түрі, мысалы, бұршақ, ұсақ моншақ, санау таяқшалары, плиткалар, кірпіштер, түймелер, жұмыс тастар. Киімдердің бөлшектерін санау, суреттегі балалардың әрекеттерін сипаттау үшін әртүрлі киім киген балалар бейнеленген суреттерді даярлаңыз. Өлшеуіш лента, сызғыш, «математика сабағындағы суреттер» http:|//le-saychen.uncom.ru/ «Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер. Сыныптық бөлме бойы керілген жіп, 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған бөлек карточкалар, киімге арналған қысқыштар немесе жіпті қысуға арналған қыстырғыш. Санауға арналған ресурстар: түймелер, бұршақ, тиындар, кішігірім ойыншықтар және т.б Сандар жазылған карточкалардың жинағы: 1-10 Сандық түзу жазылған ойнауға арналған кішкене текше, өзіндік сандық түзуді жасауға қажетті оқушыларға арналған қағаздың кесінділері. «Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер. Практикалық есептеуге арналған кішігірім ойыншықтар, кірпіштер, есептік материал және т.б  
1.2 Сандармен амалдар орындау   1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде және азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну 1.1.2.5 ** біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту орындау Артық,кем,тең (Ж)Оқушыларға заттар бейнеленген суреттерді қарастыруды ұсыныңыз. Оқушылар заттарды ортақ белгі бойынша топтастыруы керек, яғни заттарды біріктіруі (мысалы, музыкалық аспаптар) қажет. Топтағы заттардың санын санаңыз. Содан кейін затты топтан өзіндік белгі бойынша алу, жою, мысалы, музыкалық заттар тобынан ішекті аспаптарды алу. Қанша зат қалғанын санаңыз. Көбейді ме? Әлде азайды ма? Неліктен? (Ж)Жұптағы жұмысты ұйымдастырыңыз. Бір оқушыға 4 шаршы, басқасына 3 шаршы беріңіз. Олардан фигураларды біріктіруді сұраңыз. Фигуралар көбейді немесе азайды. Неліктен? Көбейді немесе математикада мұндай жағдайда келесіні айтады: фигуралар саны көбейді. Енді осы фигуралар санынан 2 фигураны алып тастауды сұраңыз. Фигуралар көбейді ме? Әлде азайды ма? Неліктен? Фигуралар саны азайды деп қорытынды жасаңыз. (С,М) Бірнеше ойыншықтан құралған екі жиынды көрсетіңіз, мысалы 5 және 4. Әр топтағы ойыншықтарды санаңыз және оларды санмен белгілеңіз. Ойыншықтарды біріктіріңіз және жаңа біріккен топта санаңыз. Содан кейін «осылайша, бес және төрт бірге тоғыз болады» деп айта аламыз (осы мысалда). Оқушылардан заттарды біріктірген кезде олардың саны азайды ма, әлде көбейді ме деп сұраңыз. Математикада заттарды қосу үшін жазу барысында «+» белгісі қолданылатынын және осы амал қосу деп аталатынын айтыңыз. Бірнеше заттарды алып жатқаныңызды көрсетіңіз. Оқушылардан сұраңыз: заттар азайды ма? Әлде көбейді ме? Математикада жазу барысында заттардың азаюын «-» белгісімен көрсету керектігін, бұл амалдың азайту деп аталатынын айтыңыз. Осы тапсырманы оқушылар мағынаны түсінгенше әртүрлі мөлшердегі ойыншықтармен қайталаңыз. амалдарды орындау барысында жасалған өрнектерді жазып алыңыз. (М) Екі топты біріктіру амалының жалпы санды құруын және оның жалпы саннан бір топты жоюмен қалай байланысты екенін көрсетіңіз. Оқушыға түсінікті тілді қолдану арқылы оқушыларға азайтудың қосуға кері болатын амал екенін түсіндіріңіз. (Д / Ж / Т, ОТ, қ) Оқушылардың жеке жұмысын немесе кішігірім топтағы жұмысын топтарды қосу, заттардың жалпы санын табу үшін ұйымдастырыңыз. (С)Сандық кесіндімен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылармен бірге солға, оңға жылжығанда, санның қалай өзгеретінін бақылаңыз. Мұны «+», «-» белгілерімен байланыстырыңыз. (Ж)Әр оқушыға жұпта бірнеше қарындашты алуды, содан кейін қарындаштарды бір топқа біріктіруді, жалпы санын санауды ұсыныңыз. Қандай амал орындалғанын сұраңыз. Содан кейін әрқайсысынан өз қарындаштарын алуын, жұбымен қарындашты алмасуын және қарындаштарды қайта бір топқа біріктіруін, оларды санауын сұраңыз. Сұраңыз: Қандай амал орындалды? Біріншісінде қандай сан пайда болды? Екіншісінде ше? Нені байқадыңыз? Неге бұлай болды? Жіптердің біреуі қаншалықты ұзынырақ екенін көрсетуі керек. Жіптің осы бөлігін кесіңіз, оны азайту амалымен байланыстырыңыз. (С)Оқушыларға әртүрлі ұзындықтағы екі жіпті көрсетіңіз. Екеуінің қайсысы ұзынырақ екенін сұраңыз. Мұны дәлелдеудің жолын сұраңыз. (Д,Ж)Оқушыларға әртүрлі түстегі дөңгелектердің жиынын беріңіз, мысалы, 5 көк және 3 қызыл. Олардан осы дөңгелектердің қайсысы, қаншаға көбірек екенін санамастан анықтауын сұраңыз. Мұны азайту амалымен байланыстырыңыз.   Егер оқушылардың киімі мен заттарында айырмашылықтар аз болса, киімдегі түймелер, белгілер, суреттер (өрнектер), қалтадағы қарындаштар сияқты санауға болатын көптеген заттары бар оқушы бейнеленген үлкен сурет дайындауға болады. Әр жаңа санды оқып-үйрету бірдей схема бойынша жүргізіледі: 1)жаңа санның жасалу әдісі; 2) оның атауы; 3) белгіленуі (баспа цифрымен); 4) сандарды салыстыру; 5)қосылғыштардың сандық құрамы; (6)осы санды білдіретін цифрды жазу.     Санды зерттеу реті. 1. Санды анықтау. 2.Сандық сәуледе санның орнын анықтау (оның жанындағы сандар, алдыңғы сан). 3. Цифрді жазуды үйрену. Оқушылардың санау дағдылары жеткілікті түрде дамымаған болса, олардан сандық түзуде сандардың орналасуын анықтауды сұраңыз. Бірге 1-ден бастап берілген санға дейін санаңыз, заттардың санына сай болуын белгілеңіз. Әр оқушының сандардың реттілігін, сандық қатардағы сандардың орнын нақты білуіне назар аудару керек. Оқушылар дәптерлерінде 1 цифрын жазуды үйренеді. Оқушылар дәптерлерінде 2 және 3 цифрын жазуды үйренеді. Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз, мысалы,
 
 

Суреттердің көмегімен тақырыптардың контексіндегі заттардың санын санау. Оқушылар дәптерлерінде 4 және 5 цифрларын жазуды үйренеді, кесіндіні сызады. Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

 
 
 

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз.

Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

«Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде осы оқу мақсатымен жұмыс істеу көрсетілуі мүмкін.

Қабілетті оқушылармен жұмыс істеу үшін асыққа қарағанда кішірек болатын келген басқа заттарды алуға болады.

Сандардың құрамын зерттеу цифрларды зерттеумен бірге параллель жүреді (2 - 5 сандарының құрамы)

Оқушыларға алдыңғы және келесі сандарды атауға мүмкіндік беріңіз; 3-тен асатын сандар және т.б.

Сандық түзуде 2-ден 5-ке дейінгі сандардың қалай жасалатынын көрсетуге болады.

+ 1

1 2 3

Оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жүзге дейін санау мүмкіндігін беруге болады.

Практикалық санау бойынша қабілеті төмен оқушыларға заттарды дауыстап санау үшін көмек қажет болуы мүмкін (сандардың атауын айту).

Қабілетті оқушыларға санауды 1-ден басқа сандардан бастап жалғастыруға ұсынуға болады. Мысалы, 7-ден бастап санаңыз. Санау дағдылары сандардың жүйесін түсіну үшін өте маңызды. Есепке, өлеңге, ырғаққа және т.б қатысты көптеген тапсырмаларды барлық тоқсан бойы оқушылардың санау дағдыларының толығымен дамығанына көз жеткізу үшін бірнеше рет қайталау керек.

 

0 цифрін жазу. Меңгерілген сандардың құрамын қайталаңыз, «Сандардың құрамы» кестесін толтырыңыз.Сандық кесінді дегеніміз екі мәндердің арасындағы сан. Содан кейін оқушылар математикадағы берілген кесіндінің соңындағы сандардың қамтылуын анықтауға қолданылатын терминдерді біледі.

1-сыныпта оқушылар сандардың арасындағы «аралықты» сандық түзуді бойлай қадамдардың санын санау арқылы таба алатынымызды түсінеді. Бұған старттағы сан кірмейді (себебі біз старттағы саннан бастап бірінші қадамды санаймыз), бірақ соңғы сан кіреді (соңғы қадамдағы сан болып табылады). Бұл азайтуды үлгілеуді нақты түсіну үшін маңызды.

 

 

 


Оқушылар 6 және 7 цифрларын дәптерде жазып үйренеді, теңдік пен теңсіздікті, сандық өрнектерді жазады.

+1 +1

1 2 3 4 5 6 7

Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

 
 
 
 

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

Оқушылар дәптерлерінде 8 және 9, 10 цифрларын жазуды үйренеді. Кесіндіні сызады.

+1 +1

 


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

 

Сөздер жазылған карточкаларды қолданыңыз

 

 

http://www.topmarks.co.uk/maths-games/7-11-years/ordering-and-sequencing-numbers http://nrich.maths.org/150 «Артық/кем» белгілерін көрсететін сандар жазылған карточкалар. Жұптық жұмыста пайдалану үшін оқушыларға берілетін тиісті өлшемдегі карточкалардың жиыны http://www.ictgames.com/counting. Қоңырау шалу діңгектері (жоғары берілген суретті қараңыз), қоңырау, сабын көпіршігі. Цифрлар жазылған карточкалар Сандық дискілер, кішкене текшелер Цифрлардың және заттардың сәйкес болуын табуға арналған ойындар/ домино
3.3 Нүкте координаттары мен қозғалыстың бағыты   1.3.3.1 сандық түзуде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау Сандық сәуле (С) Сандар жазылған карточкаларды көрсету үшін жіптерді қолданыңыз. Сан жазылған карточканы көрсетіңіз және сұраңыз: «Келесі сан қандай? Алдыңғы сан қандай?» 1 және 3 арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы көбірек?» (Д, Т) Оқушыларға сандық жыланды немесе жұлдызқұртты жасау әдісін көрсетіңіз: дөңгелек форманы сызыңыз (тиынды қолдануға болады) және дөңгелекке бірінші санды жазыңыз. Жанында келесі дөңгелекті қойыңыз, келесі санды жазыңыз және осылайша жалғастыра беріңіз. Ең ұзын жыланды/жұлдызқұртты кім жасай алады? (Ж) Оқушылардан цифрлар жазылған карточкаларды сандық сәулеге қоюын сұраңыз. Оқушылар 10-ға дейін тура және кері санауды үйренеді, қажетті цифрларды қояды. (Ж) Оқушылардың жұптағы жұмысын ұйымдастырыңыз: әрқайсысы сол қолдарына бір уыс асық алады. Содан кейін олар асықтарды санайды және кімде асықтың көп екенін анықтайды. Содан кейін олар өз нәтижелерін басқа жұппен салыстыра алады және сандық сәуле көмегімен қайтадан ең үлкен санды табады. (С) Оқушылардан сыныптық бөлмені қарап шығуды және ондағы заттарды санап, қайсысы көп екенін айтуды сұраңыз: балалар көп пе? кітаптар көп пе? әлде қарындаштар ма? т.б (Д, Ж, Т) Оқушылар сыныптық бөлмені зерттейді, ондағы заттардың санын санайды және осы санды сандық сәуледе белгілейді.   Сандар жазылған карточкалардың жинағы: 1-10 Сандық түзу жазылған ойнауға арналған кішкене текше, өзіндік сандық түзуді жасауға қажетті оқушыларға арналған қағаздың кесінділері. Цифрлар жазылған қиылған карточкалар  
5.2 Математикалық тіл 1.5.2.1 цифрды саннан ажырата алу, біртаңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу: сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т.б 1.5.1.2 **сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық түзуді қолдану 1.5.2.2** «+», «-», «=» белгілерін, цифрларды пайдалану 1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану Сандарды оқу, цифрды оқу оқу, цифрды, цифрдың атауын және заттардың тиісті санын сәйкестендіру (1-ден 5-ке дейін, сандардың құрамы), Сандар мен цифрлар ұғымы. 1 саны және цифры. (С) Сандық сәуледе санды көрсетіңіз, оның қандай сан екенін сұраңыз. Оқушылардың осы санға дейін санай ала ма екенін сұраңыз. Тура және кері ретте санаңыз. (Д) Цифрлар жазылған карточкаларды көрсетіңіз, осы санды атауды сұраңыз. Оқушылардың санды заттардың тиісті санымен байланыстыра алуын тексеріңіз. Оқушыларға жаттығу мүмкіндігін беріңіз. (Д, қ)Сәйкестікті табу тапсырмасын орындау үшін нұсқары, кішігірім текшесі бар айналмалы дискті,домино текшесін қолданыңыз. Оқушылар цифрларды және заттардың санын қарастырады. Оқушылар жазба жасайды, цифрды және заттардың нақты санын белгілі бір бетте ара қатынаста белгілейді. (Т) Ойын ойнаңыздар, мысалы, домино, оқушылар көріністердің нысандар мен цифрдің белгілі бір санына қатынасын табуы керек. 2 саны және цифры. 2 санының құрамы 3 саны және цифры. 3 санының құрамы (К) Оқушылармен келесі сандардың қалай жасалатынын талқылаңыз. Сұраңыз: Келесі сан қандай? Алдыңғы сан қандай? 1 және 3 арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы көп? Аз? 4 саны және цифры. 4 санының құрамы 5 саны және цифры. 5 санының құрамы Сабақ «2 саны және цифры. 2 санының құрамы. 3 саны және цифры. 3 санының құрамы» тақырыбына ұқсас жүргізіледі.   Санау материалы арқылы оқушылармен бірге 2 санын, содан кейін 3, 4, 5 санын алуды қайталаңыз. (Д) «Барлығы мен туралы» тақырыбында санауды зерттеу, киімдегі түймелердің саны, үстелдегі бордың саны және т.б   Санды зерттеу реті. 1. Санды сандық түрде анықтау. 2. Сандық сәуледе санның орнын анықтау (оның жанындағы сандар, алдыңғы сан). 3. Цифрды жазуды үйрену. Оқушылардың санау дағдылары жеткілікті түрде дамымаған болса, олардан сандық түзуде сандардың орналасуын анықтауды сұраңыз. Бірге 1-ден бастап берілген санға дейін санаңыз, заттардың санына сай болуын белгілеңіз. Әр оқушының сандардың реттілігін, сандық қатардағы сандардың орнын нақты білуіне назар аудару керек. Оқушылар дәптерлерінде 1 цифрын жазуды үйренеді. Оқушылар дәптерлеріне 2 және 3 цифрын жазуды үйренеді. Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз, мысалы,
 
 

Суреттердің көмегімен тақырыптардың контексіндегі заттардың санын санау. Оқушылар дәптерлерінде 4 және 5 цифрларын жазуды үйренеді, кесіндіні сызады. Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

 
 
 

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз.

Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

«Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде осы оқу мақсатымен жұмыс істеу көрсетілуі мүмкін.

Қабілетті оқушылармен жұмыс істеу үшін асыққа қарағанда кішірек болатын келген басқа заттарды алуға болады.

Сандардың құрамын зерттеу цифрларды зерттеумен қатар жүреді (2 - 5 сандарының құрамы)

Оқушыларға алдыңғы және келесі сандарды атауға мүмкіндік беріңіз; 3-тен асатын сандар және т.б.

Сандық түзуде 2-ден 5-ке дейінгі сандардың қалай жасалатынын көрсетуге болады.

+ 1

1 2 3

Оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жүзге дейін санау мүмкіндігін беруге болады.

Қабілеті төмен оқушыларға практикалық есептеуде заттарды дауыстап санау (сандардың атауы айту) үшін көмектесуге болады.

Қабілетті оқушыларға санауды 1-ден басқа сандардан бастап жалғастыруға ұсынуға болады. Мысалы, 7-ден бастап санаңыз. Санау дағдылары сандардың жүйесін түсіну үшін өте маңызды. Есепке, өлеңге, ырғаққа және т.б қатысты көптеген тапсырмаларды барлық тоқсан бойы оқушылардың санау дағдыларының толығымен дамығанына көз жеткізу үшін бірнеше рет қайталау керек.

Киімдердің бөлшектерін санау, суреттегі балалардың әрекеттерін сипаттау үшін әртүрлі киім киген балалар бейнеленген суреттерді даярлаңыз.   Өлшеуіш лента, сызғыш, «математика сабағындағы суреттер» http:|//le-saychen.uncom.ru/     «Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер.     Сыныптық бөлме бойы керілген жіп, 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылған бөлек карточкалар, киімге арналған қысқыштар немесе жіпті қысуға арналған қыстырғыш. Санауға арналған ресурстар: түймелер, бұршақ, тиындар, кішігірім ойыншықтар және т.б  
5.2 Математикалық тіл     1.5.2.1 цифрды саннан ажырата алу, біртаңбалы сандарды түрлі әдістермен көрнекі бейнелеу: сандық түзуде, нүктелердің, таяқшалардың жиынтығы түрінде және т.б. 1.5.1.2 **сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану 1.5.2.3 сандарды қосуды, алуды, салыстыруды (артық/кем), көрші сандарды, сандық аралықтарды, сандар тізбегін көрсету үшін сандық түзуді қолдану 1.5.2.2** «+», «-», «=» белгілерін, цифрларды пайдалану       6 саны және цифры. 6 санының құрамы 7 саны және цифры. 7 санының құрамы. Сабақ «2 саны және цифры. 2 санының құрамы. 3 саны және цифры. 3 санының құрамы.» тақырыбына ұқсас етіп өткізіледі. 8 саны және цифры. 8 санының құрамы 9 саны және цифры. 9 санының құрамы Сабақ «2 саны және цифры. 2 санының құрамы. 3 саны және цифры. 3 санының құрамы.» тақырыбына ұқсас етіп өткізіледі.   0 саны және цифры. 10 саны. 10 санының құрамы (С) «Сиқырлы қаптарды» көрсетіңіз, 5,4,3,2,1 заттан тұратын қарапайым сөмкелер. Оқушыларға сөмкелерді ұстауға және ондағы заттардың санын болжауға мүмкіндік беріңіз. Содан кейін олар заттарды сөмкеден алады, санайды және өздерінің болжамдарын тексереді. Содан кейін оқушыларға бос сөмкені беріңіз. Сөмкені төңкеріңіз, сілкіңіз, ішінде еш нәрсенің жоқ екенін көрсетіңіз. Оқушыларға сөмкеден 5 затты бір-бірлеп алу арқылы санауды көрсетіңіз. Содан кейін нөлі бар сандық осьте кері санауды көрсетіңіз. (Ж,қ) Оқушыларға 1-10 сандары бар карточканы таңдауды және 0-ден бастап таңдалған санға дейінгі сандық кесіндіні табуды ұсыныңыз.   Сандық кесінді дегеніміз екі мәннің арасындағы сан. Содан кейін оқушылар математикадағы берілген кесіндінің соңындағы сандардың қамтылуын анықтауға қолданылатын терминдерді біледі. 1-сыныпта оқушылар сандардың арасындағы «аралықты» сандық түзуді бойлай қадамдардың санын санау арқылы таба алатынымызды түсінеді. Бұған старттағы сан кірмейді (себебі біз старттағы саннан бастап бірінші қадамды санаймыз), бірақ соңғы сан кіреді (соңғы қадамдағы сан болып табылады). Бұл азайтуды үлгілеуді нақты түсіну үшін маңызды.   2 jV+H/fWyu5+Oi4/vfUxKPT9N2zUIT5P/e4Zf/IAORWA62xtrJ1oFs1WY4sM9WYIIfrpIUhBnBclL BLLI5f8BxQ8AAAD//wMAUEsBAi0AFAAGAAgAAAAhALaDOJL+AAAA4QEAABMAAAAAAAAAAAAAAAAA AAAAAFtDb250ZW50X1R5cGVzXS54bWxQSwECLQAUAAYACAAAACEAOP0h/9YAAACUAQAACwAAAAAA AAAAAAAAAAAvAQAAX3JlbHMvLnJlbHNQSwECLQAUAAYACAAAACEAW8aQux4FAABYJQAADgAAAAAA AAAAAAAAAAAuAgAAZHJzL2Uyb0RvYy54bWxQSwECLQAUAAYACAAAACEAvVIH2eAAAAAIAQAADwAA AAAAAAAAAAAAAAB4BwAAZHJzL2Rvd25yZXYueG1sUEsFBgAAAAAEAAQA8wAAAIUIAAAAAA== ">   Оқушылар 6 және 7 цифрларын дәптерде жазып үйренеді, теңдік пен теңсіздікті, сандық өрнектерді жазады. +1 +1 1 2 3 4 5 6 7 Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.
 
 
 
 

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

Оқушылар дәптерлерінде 8 және 9, 10 цифрлерін жазуды үйренеді. Кесіндіні сызады.

+1 +1

 

1 2 3 4 5 6 7 8 910

Санның құрамы бойынша жұмыс істеңіз, «Санның құрамы» кестесін толтырыңыз.

Сабақты жүргізу кезінде топтық, жеке, жұптық жұмыстарды ұйымдастырыңыз. Жұмыстың барлық түрлері мен орындалуы практикалық бағытта болуы керек.

 

Сөздер жазылған карточкаларды қолданыңыз

Сандар жазылған карточкалардың жинағы: 1-10 Сандық түзу жазылған ойнауға арналған кішкене текше, өзіндік сандық түзуді жасауға қажетті оқушыларға арналған қағаздың кесінділері. «Сиқырлы қаптар» дегеніміз кез келген ескі сөмкелер/қаптар немесе қағаз пакеттер.   Практикалық есептеуге арналған кішігірім ойыншықтар, кірпіштер, есептелінетін материал және т.б.сөздер, амал компоненттерінің атаулары жазылған карточкалар
      Оқытушы нешеуін көрсету керектігін, оқушылардың жеке зерттеу жұмысына қанша уақыт бөлуі қажеттігін шешуі керек. Оқытушы оқушыларды топтарда қалай біріктіру керектігін шешуі керек. Кішігірім топтар қабілеті төмен оқушыларға көмектеседі. Дегенмен, егер қабілеті бірдей оқушылар жұптарда жұмыс істейтін болса, материал жылдамырақ меңгеріледі. Әртүрлі заттарды қолдану арқылы осыған ұқсас зерттеу жүргізіңіз. Әр кезде талқылауды ұйымдастырыңыз. Қорытынды жасауды сұраңыз. Егер оқушылар амалдың әдісін ұсына алмаса, олардан дөңгелектерді жұптармен қоюды сұраңыз. Талқылауды ұйымдастырыңыз.   «Үйшіктер отырып қалды» ойыны, «Жетпей тұрған санды тап» ойыны. · Заттық (суреттер мен заттармен берілген амалдар). · Ауызша (орындалатын амалдардың ауызекі сипаттамасы). · Графикалық (сандық сәуледегі қосудың бейнесі) · Символдық (сандық өрнектер мен теңдіктер)  
5.2 Математикалық тілі   1.5.2.4 өрнектерді оқу және жазу кезінде қосу, азайту амалдары компоненттерінің атауларын пайдалану   Сандық кесіндіні қарастыру (С) Оқушыларға бастапқыдан 10-ға дейін берілген карточкалардың жиынынан сандар жазылған екі карточканы таңдауға мүмкіндік беріңіз. Осы сандық сәуледегі сандардың орнын анықтаңыз. Оқушыларға карточкалардың арасында қанша санның бар екенін білгіміз келетіні айтыңыз. Сандардың артуын/кемуін анықтау үшін тура ретте санаңыз. (Ж) Оқушыларға 2 ойын текшесін және сандық түзуді беріңіз. Әр оқушы ойын текшесін лақтырады және нүктелерді санын санайды. Олар түскен ұпайдың санын көрсету үшін сандық түзуде белгі жасайды (мысалы, тиынмен), содан кейін әрқайсысы келісіп, оларды сандық кесіндіні анықтау арқылы санайды. (Т,қ) Оқушыларды сандық кесінділер туралы диалогқа олардың түсініктерін бағалау үшін қатыстырыңыз: екі сандық кесіндіні көрсетіңіз, олардың біреуінде сандық мәндер көбірек, ал екіншісінде азырақ болады. Осы сандық кесінділер туралы не айта аласыз? Неліктен осы сандық кесінді үлкенірек болады? (Сандық кесіндідегі бірінші сан келесіден гөрі азырақ болады. Сондықтан бұл кесіндіде элементтер саны көбірек болады) Осы сандық кесінді неліктен азырақ? Кесіндінің шегіндегі сандардың екі түрлі жұптары бірдей сандық кесіндіні көрсете ала ма? (С) Оқушыларды салыстыруға қолданылатын белгілермен таныстырыңыз: «< »,«>» - «көбірек» және «азырақ». Оларды екі бір қатарлы сандарды салыстыру үшін қалай қолдану керектігін көрсетіңіз. (Ж,ф) Оқушыларға сандар мен « =, ≠, >, < » белгілері жазылған карточкалардың жинағын беріңіз. Олардан сандар жазылған екі карточканы таңдауды сұраңыз және сандардың қатынасын көрсету үшін тиісті белгісі бар карточканы қолдану керектігін айтыңыз. Қосу және азайту амалдарының компоненттерінің атауларымен танысу (С) Суреттің немесе ойыншықтардың көмегі арқылы (заттарды жәшікке салыңыз), оқушылардан келесілерді сұраңыз: заттарды біріктіру үшін оларды жәшікке саламыз ба? әлде жәшіктен аламыз ба? Қосу амалын орындап, заттарды қабаттап жатқанымызды айтыңыз. Өрнекті жазып алыңыз. Компоненттерді атаңыз. Жәшіктегі заттардың санын санаңыз. Тақтадағы заттардың санын жазып алыңыз (мысалы, 6). Содан кейін жәшіктен бірнеше затты алып тастаңыз. Оқушылардан сұраңыз: заттардың санын азайтамыз ба? Әлде көбейтеміз бе? Яғни, 6 – азаятын сан, ол азайғыш деп аталады. Қанша затты алып тастадыңыз? (мысалы, 4). Ол азайтқыш деп аталады. Жәшікте қалған заттардың саны айырма деп аталады.