Ысқа мерзімді жоспар 6 страница

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқыту ресурстары
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері   1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау   Тиындар. Жинау және айыру (С,М,қ) Теңге монеталары (1, 2, 5,10, 20) бар қалтаны алыңыз және тиындардың шылдырын есту үшін оны сілкіңіз.. Оқушылардан қалтада не бар екендігін сұраңыз. Оқушылардың монета туралы бұған дейін алған білімдерін еске түсіретін тақырыптарды талқылаңыздар, қалыптастырушы бағалау жүргізіңіз. Ең кішісінен бастап тиындарды біртіндеп алыңыз. Тиындардың белгіленген құны/қасиеттерін білетінін/білмейтінін сұраңыз. (С) Әр тиынды көрсетіп және талқылап болғаннан кейін, оларды бір ретке белгіленген құнды өсуіне байланысты бір сызыққа орналастырыңыз. Оқушылардан не көріп тұрғанын түсіндіруді сұраңыз. Тиындарды өлшемі мен түсіне байланысты салыстырыңыз. Неге кейбір сандардың тиындары жоқ екеніне назар аударыңыз. Мысалы, 3, 30. Неге олай? (С) Оқушылардан тиындарды тани ма, оларды қашан пайдаланады, қолдарында монетаның бірі болса, онымен не істеуге болады сұраңыз. (Ж/Т) Әр түрлі тиындары бар сөмкені оқушыларға беріңіз, олардан бір тиынды алып шығып және қарамай тұрып тиында қандай «көмекші сөздер» бар екенін сұраңыз. Қараңыз және тексеріңіз. Бұл көздері нашар көретіндерге немен көмектесуі мүмкін? Шотты төлеу. Ақшаны есептеу және қайтарымды алу (С) Кафедегі тамақ пен сусындарға төлейтін тиындарды / теңгені қалай қолдану керектігін талқылаңыз. Құны жазылған бәліштің суретін көрсетіңіз, мысалы 18 тг. Оқушылардан бәлішке қандай тиындар төлейтінін сұрап алыңыз. Бір тиыннан көп тиындар комбинациясы болуы мүмкін бе? (Ж/Т,қ) Мәзірді құрастыру үшін ойын үшін түрлі заттар (пластмасса жемістер, бөлке мен бәліш үлгілері, пластмасса ыдыс) немесе Интернет, журналдан алынған суреттерді қолданыңыз. «Кафеде» ойын ұйымдастыру үшін бірнеше шын бөлкелер, жемістер, сусындар қолдануға болады. Оқушыларға бір атаудан тапсырыс жасауға және оны төлеуге рұқсат етіңіз. Төлеу үшін қандай тиындар қолданады? (Ж/Т) «Кафеде» ойын жағдайында оқушыларға екі немесе одан да көп атаулар үшін төлемді қарау үшін әдістерді жоғарылатыңыз. (Ж/Т) 10 тг тиынды тапсырысты төлеуді зерттеу үшін оқушылардың әдісін жоғарылатыңыз. Қанша тиын алу керек? Қайтарым беріледі ма? (С,қ) Сыныппен бірге олардың нені білгенін талқылаңыз? Қай соманы төлеу қиындық тудырды? • Тиындардың дүкендегі тәжірибе жүзінде қолданылуы - төлеу және қайтарымды алу үшін • Оқушылардың ақшаның қолданылуын зерттей алатын «Тамақ және сусындар» тақырыбының мәнмәтінінде рөлдік жағдайлар (дүкен, кафе) құрастыру Екі немесе одан да көп заттардың сатып алынуына қосу амалының байланысын түсінуге бағытталған есептре мен оқу жағдайлардың шешімі мен таңдауы; өрнек түрінде қосу амалын жазу және әмияннан төленген ақша мен кассадан берілген қайтарым барлық ақшасының санын азайту амалының байланысы; өрнек түрінде қосу амалын жазу   Пластмасса немесе қатты қағаздан жасалған монеталар олардың дәл көшірмесін бергенімен, нағыз монеталарды пайдалану оларды шынайы өмірмен байланысты екенінен хабар береді. Оқушыларды жалпы құны 28 тг болатын монеталар жиынымен қамтамасыз ету. Тиындар әрқашан айналымда болады. Олар ақшаға құрметпен қарап, монеталарды оқу үшін пайдаланатындықтарын және сабақтың соңында қайтарып беруге тиіс екендіктерін түсінулері керек. Кейбір оқушылар қағаз тиындарды талқылағысы келеді. Қазір бұл қазіргі оқыту мақсаты емес, бірақ ой-пікірлермен бөлісу керек. Содан кейін, бұл тақырыптың кейіннен оқытылатынын айтуға болады.   Оқушыларды жай есептерді шешумен таныстыруды бастаңыз. Оларды шешім алгоритмімен, жауапты қалай жазу керектігімен таныстырыңыз. Есептің жазбаша түрде рәсімделуін көрсетіңіз. «Кафе» рөлдік ойынның құрастырылуы оқыту әдісінің бағалысы болар ма еді, және де ол «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтінінде басқа заттарды үйренуде қолданылатын еді.   Мектеп оқу жоспары шеңберінде бөлкелердің үлгісін жасап және олардың әдістерін ұйымдастыруға болады.   Келесі зерттеулер үшін тауарлардың құнын үйрену үшін мектеп асханасына саяхат ұйымдастырыңыз. Ішінде (1, 2, 5, 10, 20, ) тиындар/теңгелері бар қалта, әр оқушы жұптарына бір-бірден. Монеталардың суреттері, жүктеу және тақтада көрсету үшін: http://en.wikipedia.org/wiki/File:Tenge_coins.jpg   «Кафе» рөлдік ойынына арналған ресурстар – үстел, орындықтар, асхана аспаптары, майлықтар және т.б. Тамақ және сусындар – шынайы тағамдар немесе пластмасса үлгілер / сұреттері бар карточкалар Бағалықтары Тиындар/теңге (тиындар үлгілері) 10 тг тиындар.    
      Есептің шешімі (С) Оқушылардың есіне қосу мен азайту нәтижелерін табу жолдарын зерттегеніңізді түсіріңіз. Бір тағамнан көп тағам сатып алатын болып кафеде тапсырыс берілгенде, қосуды қалай қолданатынымызды талқылаңыз. Және біз қайтарым алғанда/бергенде, азайтуды қалай қолданамыз. (Ж) Оқушыларды кафеде алма-кезек даяшы болуларын сұраңыз. Клиент 2-3 зат сатып алу керек және 100 теңге тиынмен ақша төлеу керек. Жалпы сомасын есептеу керек және даяшы қайтарым беру керек. Есептің дұрыс жүргізілгенін екеуі да тексеру керек. (Д, қ) Оқушылар өз тапсырысын/таңдауын қағаз тәрелкеге оны жазып алады, және барлық сомасы мен 100 теңгеден алынған қайтарымды көрсетеді. (С) Салыстыру амалын оқушылардың есіне түсіріңіз, теңсіздікті зерттей отырып олар қандай таңбалар қолданды. ( <;>, =, ≠) салыстыру таңбалары бар карточкаларды қолданыңыз және салыстырмалы мәнін көрсету үшін заттардың немесе зат топтарының орналасуын ұйымдастырыңыз. Бұл жаттығуды барлық сыныппен немесе топта/жұпта/жеке зерттеу ретінде өткізуге болады.     Тамақтар толық ондықтар құнында болу керек, яғни оқушылар толық ондықтарды қосу мен азайтуында жұмыс жасау керек. Тиындар - 100 тг Әр түрлі тиындар (ұсақ), қайтарымды беру үшін Касса немесе тиындарды сұрыптау үшін ұяшықтары бар қораптар Қағаз тәрелкелер немесе бояуға арналған қағаздар және атаулардың жазбасы мен тапсырыстың құны Бағалары жазылған тағамдардың суреттері Таңбалары бар карточкалар; «<;>, =, ≠»  
5.1 Есептер және математикалық үлгі   1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын анықтайтын сандарды, заттарды, тауар бағасын/терминдерді салыстыруда қолданылатын ұғымдарды қолдану 1.5.1.4 сандарды бірнеше бірлікке арттыру, кемітуге, айырымдық салыстыруға берілген есептерді талдау және шешу, кері есептерді құру және шешу 1.5.1.3 ** қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау; кері есептер құрастырып, оларды шығару 1.5.1.6 амалдарды таңдауын негіздеу және қосу мен азайтуға арналған есептерді шешу амалын түсіндіру     Есептің шешіміне түрлі амалдар (С) Сыныпқа есептің әр түрлі шешімін қарастыруға болатынын түсіндіріңіз. Кейде Біз шартты білеміз және жауап табуға тырысамыз, бірақ кейде жауапты біле тұра есептің шартын құрастыруға тырысамыз. (С,Ж) Сыныптан келсілерді қарауды сұраңыз: Менде 20 теңге бар. Мен оны 100 теңгеден қайтарым ретінде алдым. Сіз қалай ойлайсыз, мен кафеде не сатып алдым? Оқушыларға шешімді әр түрлі орындау үшін жұпта жұмыс жасауды сұраңыз. Жауаптың бір ғана варианты бола ма алде көп пе? (Ж,қ) Оқушылардан бір-бірлеріне ұқсас есептер құрастыруды сұраңыз. Мысалы, Мен 50 теңге, 5 теңге, 1 теңге тиындарды қолданып төледім. Мен не сатып алдым? Олар достары құрастырған есепті шеше алады. Олардың қызықты ойын құрастырудағы ойларын қызықты ойындардың «Мәзір» жасауға және «Кафе» рөлдік ойында қолдануға болады және таңдап алынады.   Жанама сұрақтары бар есептер (С)Келесідей ойлаулары бар түрлі салыстыруға арналған есептерді шешуді ұсыныңыз. Тапқаннан кейін, басқасынан қанша санға жоғары екендігін, қарастырылған жиынтықтардың әр заты бойынша оқушылар не білетінін айту керек. Мысалы, есеп: Саматтың 70 теңге, ал Мараттың 90 теңге ақшасы бар. Мараттың ақшасы қаншаға артық? Есепті шығарған соң: Мараттың ақшасы туралы не айтамыз? - деп сұраңыз. Саматтағы ақша саны туралы айтуды сұраңыз. (Ж)Жанама түрде көрінетін санның бірнеше бірліктерге өсуімен байланысты жаттығулардың тәжірибе жүзінде орындалуы. Оқушыларға бірінші қорапқа 40 теңге салуын сұраңыз. Бұл қорапта екіншіге қарағанда 10 теңге артық екендігін айтыңыз. Екінші қорапта қанша теңге бар? 40 теңгеден артық па, әлде кем бе? Неге? Қандай тапсырманы орындадыңыз? Қалай ойлау керек? (Егер бірінші қорапта 10 теңге артық бола, онда екінші қорапта 10 теңге кем болады. Олай болса, екінші қорапта 30 теңге бар). Сұрақтан есепті талдау – бұл пікір, есептің сұрағына жауап алу үшін бір немесе түрлі шамалардағы екі сандық өрнекті таңдау үшін құралады. Бір немесе екі мән белгісіз болуы мүмкін, оларды табуға басқа екеуі таңдалынады. Шамалардың белгілі сандық мәнін тапқанша дейін осылай жалғаса береді. Сұрақтан есепті талдау нәтижесінде оқушылар шамалардың сандық мәні арасында бағыныштылық орнатады, және есепті талдайды және шешімі үшін жоспар құрайды. (« талдау әдісі».) Сандық мағлұматтардан есепті талдау екі сандық мағлұматқа сұрақ келістірілетінінен тұрады. Келесі екі мағлұматқа, бірінші әрекеттің нәтижесі болып табылатын біреуіне тағы да бір сұрақ қарастырылады. Есептің сұрағына жауап алынбайынша осылайша жалғаса береді (« жинақтау әдісі»)   Айтылып отырған есептерді талдаусыз шешуге болмайды Әдетте оқушылар, елеусіз белгілерге, соның ішінде жеке сөздерге назар аударады(осы жағдайдағы сөз «артық»), өрескел математикалық қате жібере отырып қосудың амалын орындауға асығады. Тәжірибелік жаттығулар орындау кезінде осы жаттығулардың меңгерілуіне көп көңіл бөліңіз. Оқушының келесіде меңгерілуін жеңілдететін және жанама түрдегі өрнектерді құрастыратын есептерді орындай алуы маңызды.      

 


 

Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
4B Бөлім: Жиындар. Логика элементтері
Ұсынылатын алдын ала берілген білім
Сандар жүйесін түсіну және заңдылықтар мен тізбектерді зерттеу тәжірибесі
Мәнмәтін
Заңдылықты табу – ғылымда көп қолданылатын амал; логикалық амалдарды жүйелеу және қолдану мүмкіндігі – оқуда қажет бағалы білімдер.
Оқу жоспарының осы бөліміндегі пән бойынша тілдік мақсаттары Оқушылар үшін тиісті ғылыми тілді қолдану бойынша тілдік мақсаттары төменде көрсетілген.
Пән бойынша оқыту мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер сериясы
• Өлшемдерді түсіну негізінде көптеген элементтердің тәжірибе жүзінде жасалуы және зерттелуі • «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтініндегі заттардың топтастырылуы, мысалы: жемістер, көкөністер, тәттілер, ащы тағамдар және т.б. • Пиктограмма мен гистограмма түрінде зерттеудің мағлұматтарын жинау және оларды таныстыра білу • Сандардың заңдылығына байланысты үш-үштен топтастырылудың зерттелуі • «Дені саудың – жаны сау» тақырыбы мәнмәтінінде зерттеу және Кэролл диаграммасы түрінде нәтижелерді көрсету     Оқушылар жасай алады:   зерттеудің шарттарын ескере отырып, неге бұл комбинациялардың дұрыс немесе бұрыс екендігінің себебін анықтау.     • комбинациялар, тізбек, тармақ, элемент, заңдылық, шешім. Талдау:  
Әрбір комбинация неден тұрады? • Сіз барлық мүмкін болатын комбинацияларды таба аласыз ба? • Барлық комбинацилардың табылғанын қайдан білесіз? • Біздің жұмыстың жүйесі немен қорытындыланады? • Қандай тізбектер мүмкін болмайды? Неге екенін айта аласыз ба…? … бұл мүмкін/дұрыс шешім? • … бұл шешім бұрыс па? • … барлық комбинациялар құралғаны бізге таныс па? Жазылым: • Сіздің нәтижеңізді түсіндіретін сөйлемдер жазыңыз. • Өзіңіздің жеке логикалық есебіңізді жазыңыз. • Осы жірде тіркелуге болатын пункттер тізімі.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Тақырыпты меңгеру кезінде оқушылар: шама мен оның сандық мәні секілді ұғымдарды ажыратады бір атаудың ұзындығын өлшеу бірлігінен екі атаудың ұзындығының өлшеу бірлігіне өтуді және керісінше амалдарды пайдалана отырып, оқу және тәжірибелік есептерді шығарады; шаманы өлшеу құралдарымен қолдану біліктерінкөрсетеді. Жиындарды дұрыс құрастыру үшін заңдылықты анықтағаннан кейін, оқушылар ақпаратты түрлі әдістермен көрсететін болады. Олар алынған ақпаратты комбинаторлық және логикалық есептерді шешуде қолданатын болады.

 

 

Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
5.2 Математикалық тіл   1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері     1.5.2.5 деректерді жинау, кестелерді, пиктограммаларды, диаграммаларды күнделікті материалдардың көмегімен жүйелеу, жасап бітіру, құру   1.1.3.1 ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу 1.1.3.3 ұзындық: см/ масса: кг/ сыйымдылық: л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу, азайту амалдарын орындау Пиктограмма мен бағандық диаграмма құрастыру (С)Шағын тізімнен оқушылардың ұнататын жемістер мен жидектерін атауын сұраңыз. Мысалы: алма, банан. бүлдірген, апельсин, қаражидек және т.б. Әр оқушы өзінің таңдауын жасайды және пиктограмма сала отырып тақтада бағана бойына жемістер мен жидектердің суреттері бар жапсырмаларды жапсырады (немесе тақтаның бағдарламалық жабдықтамасын пайдалана отырып, электрондық түрде суретті қойыңыз). Нәтижелер мен суреттің құрастырылу әдісін талқылаңыз. (Д,ОТ) Оқушылардың азық-түлік және сусындар туралы мәліметтерді қалай жинайтынын ойлануын сұраңыз. Оқушылар жоғарыда оқытушы құрастырған сұрақтарды қоя бастайды. Суреттер жапсырма қағазға басып шығарылуы мүмкін немесе қағаздан қиып алынады. Әр оқушыға өзінің сұрағын құрастырып оны сұрау үшін, сосын мәліметті көрсетіп таныстыру үшін уақыт керек. (С) Сыныпта басқа зерттеулер жүргізіңіз. Мысалы, оқушылардан мектеп алдында таңертеңгісін не ішетінін сұраңыз. Оқушылар түсті шаршы көмегімен өзінің таңдауын көрсетеді және олардан мұнара жасайды. Мұнаралар гистограмма түрінде бірінің қасына бірі орналасады. Сосын, гистограмманы интерактивті тақтада бағдарламалық жасақтама көмегімен көрсетуге болады. (Д, қ) Оқушыларға тор көз қағаз беріңіз және гистограмма секілді мағлұматтарды жинап өзінің нәтижесін көрсетуін қалай қалайтыныңызды түсіндіріңіз. Кэролл диаграммасын құрастыру (С) Кэролл диаграммасын құрастыруды үлгілеңіз. Әсіресе әр жағында бөлімдердің келесідей белгіленгенін көрсетіңіз: «өлшемге сәйкес» және «өлшемге сәйкес емес». Осылайша, «қызыл» және «қызыл емес» деп белгілеуге болады. Бірақ кейбір оқушылар «қызыл» және «сары» деп белгілеуге болады деп ойлауы мүмкін. Бұл дұрыс емес. (С) Флипчарт қағазының бетінде бейнеленген Кэролл үлкен диаграммасын қолданыңыз және оқушыларға біз ойыншықтарды сұрыптаймыз деп айтыңыз. Екі жақ үшін қандай өлшемдер ұсына алатынын сұраңыз. Мысалы: егер бір өлшем «жұмсақ» болса, онда екіншісі «жұмсақ емес» болады. Келесі екі өлшем де ойыншықтарға сәйкес ойлап табылады. Мысалы: «үлкен», «үлкен емес». Ойыншықтарды сұрыптамас бұрын, диаграмманың әр төрт торының қасиеттері туралы сөйлесіңіз. Оқушыларды біртіндеп ойыншық таңдауға және оны торға орналастыруға шақырыңыз және олар оны қасиеттерін көрсетеді деп ойлауы мүмкін. Орын ауыстырумен келісетінін әрқашан сұрап тұрыңыз. (С,қ) Залда немесе балалар алаңында Кэролл үлкен диаграммасын жасау үшін арқан қолданыңыз. Оқушыларға топқа бөлінетінін айтыңыз. Қандай белгілеріне байланысты жасай алатынымызды сұраңыз. Басқа қасиеттері «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбымен байланысты болуы керек. «Биік» және «төмен» өлшемдері ұсынылуы мүмкін бірақ бұл жеткілікті емес. Нақтысы «100 см-ден жоғары» и «100 см-ден төмен» болуы мүмкін. Басқа қасиеттері жеке таңдауға көрсетуі мүмкін. Мысалы: «спортты жақсы көреді» және «спортты жақсы көрмейді». Белгіленуі анықталған кезде, карточкада көрсетіңіз, сосын оқушылардың дұрыс жиынтыққа кіруін сұраңыз. (Ж, қ) Оқушыларға жұппен жұмыс істеп, Кэролл диаграммасын құрастыруды сұраңыз. Олар сынып бөлмесінде табылған объектілерді немесе ойыншықтарды қолдануы мүмкін еді. Олар ««Дені саудың – жаны сау!» тақырыбы мәнмәтінінде өздерінің өлшемдерін ұсынуы мүмкін.     Гистограммада кейбір оқушылардың сусындары көрсетілмеген болуы мүмкін. Осылайша, күтпеген жағдайларды бейнелейтін «тағы да бірдеңе» және «мүлдем ештеңе» категорияларына талап пайда болады. Бұл тапсырмаларды «Тамақ және сусындар» тақырыбы мәнмәтінінде қолдануға болады, егер бұл тақырып әлі аяқталмаған болса немесе «Дені саудың – жаны сау!» тақырыбы мәнмәтінінде болса (жаңа тақырып бастамасы).   Дәлбедерлер немесе шынайы жемістер. Суреттері бар жапсырмалар немесе жемістердің электронды суреттері.   Гистограмманы суреттейтін шаршылар жиынтығы немесе гистограмма жасауға арналған интерактивті тақтаның бағдарламалық қамтамасыз етілуі.     Флипчартта Кэролл үлкен диаграммасы. Мектеп залында немесе балалар алаңында улкен диаграмма салу үшін арқан немесе бор.    
4.2 Тұжырымдар   1.4.2.1 дұрыс пен бұрыс тұжырымдарды анықтау 1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу     Логикалық есептерді зерттеу мен шешу (С) Оқушыларға келесі түрдегі есептерді шешуді ұсыныңыз: қатар бойында тұрған төрт тәрелкеде алма, тоқаш, апельсин және шоколад бар. Алма қатардың бір шетінде тұр. Шоколад ешқандай жемістің қасында тұрған жоқ. Тоқаш апельсиннің жанында тұр. Әр зат қандай тәрелкеде тұр? Біз қолдана алатын есептердің шешімінің амалдарын талқылаңыз. Тиімді бастау үшін диаграмма салыну мен әр заттын орналасқан жерін көрсету болар еді. Тексеріңіз, есеп шешімінде есеп шартының сақталатынын – бұл шешімнің басқа басты амалы болып табылады. Шешімнің соңғы амалы – бір дұрыс шешімнен кейде көп шешім болуы мүмкін. (Д, Ж, қ) Оқушыларға жай есептерді шешуді ұсыныңыз, бірінші олар кішкене топтарда, содан кейін жұптасып немесе жеке жұмыс жасаулары қажет. Есеп шығарылғаннан кейін, оқушының қалай тексергенін және дұрыс шешім екендігіне сенгенін сұраңыз.

Логикалық есептің мысалы: (әрқайсысы бөлісіп және талқылау үшін топтың әр мүшесіне арналған жеке карточкаларда мағлұматтарды орналастыру мүмкін)

Кафе ақ немесе қара нанмен бутербродтар дайындайды. Олар ірімшікпен немесе етпен жасалған. Адамдар топтары бутербродтар үшін келеді:

6 адам ақ наннан жасалған бутерброд қалайды

2 адам ақ наннан және ірімшік қосылған бутерброд қалайды

8 адам ірімшік қосылған бутерброд қалайды

Қара нанмен және етпен бутерброд қалайтын адамдардың екі еселенген саны және соншалықты етпен және ақ нанмен бутербродтар қалайтын адамдар саны.

Қандай түрдегі бутерброд жасау керек екендігін білу үшін сіз қалай жұмыс жасайсыз?

Кесте саламыз. Оны мәліметтермен толтырамыз. Бірінші нені табуға болады? Ойлан.

  Ірімшік Ет  
Ақ нан ?
Қара нан ?    
     

 

 

Интернет - логикалық есептерге бай дереккөз, мысалы, (ағылшын тілінде): http://www.primaryresources.co.uk/maths/mathsD3.htm
4.4 Объекттер комбинациясы   1.4.4.1 қоршаған ортадағы заттардан «екі-екіден» комбинациялар жиынын құрастыру   Объектілер комбинациясы (С) Оқушыларды комбинаторлы есеппен таныстырыңыз: дәмханада стақанға салынған дәмі әр түрлі үш шариктен тұратын балмұздақ сатады. Мысалы, ең төменге ваниль, оның үстіне шоколад, жоғарыда құлпынай дәмі.Үш шарикті біріктіру бойынша неше әдіс бар? Шешімді кеңейтіңіз: біз шоколадты төменге, ортасына, үстіне сала аламыз. Осындай типті есептерді шешу бойынша тәсілдемені диаграмма немесе жүйелі зерттеу түрінде көрсетіңіз, барлық мүмкін комбинацияларды анықтау бойынша стратегияға акцент жасап отырыңыз. (Д,қ) Заттарды үш үштен үйлестіруге және зерттеу жүргізуге болатын қарапайым есетерді ұсыныңыз.    
4.1 Жиындар, олармен жүргізілетін операциялар 1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) 1.4.1.3 заттар жиындарын жұп құру арқылы салыстыру; тең жиындарды, бос жиынды анықтау 1.4.1.1 екі жиынның қосылуын және жиын бөлігін жоюды көрнекі түрде бейнелеу Жиын (С,Ұ) Оқушылармен топтастыру мен қосуды зерттеген кезде топтар немесе заттарды жинақтау идеясын қалай пайдаланғанымызды қайталаңыз. Екі шеңберді алып, біреуін «жеміс», екіншісін «көкөніс» деп қағаздармен (стикерлермен) белгілеңіз. Ойыншық немесе шынайы жеміс-көкөністерді пайдаланып, оларды екі шеңберге бөліп салып әр затты қай шеңберге салғанын сұрау керек. Жиындардың тең болуын қадағалаңыз. «Тең жиындар» ұғымын қарастырыңыз. Қасына тағы бір шеңбер орналастырыңыз және «Жидектер» деген жиын белгілеңіз. Осы жиынға кіретін заттарды табуды сұраңыз. «Бос жиын» ұғымын қарастырыңыз. (Т/Ж) Оқушыларға сынып бөлмесіндегі заттарды анықтап, оларды шағын топтарға бөлуді тапсырыңыз. Мысалы, ойыншық автомобильдердің жиыны. Оларға қандай топтастыру критерилерін ұстанатыны туралы келісіп алулары керек екендігін айтыңыз. (Ұ) Жемістер мен көкөністер жиынына қайтып келіңіз. Біз оларды қалай салыстырғанымызды талқылаңыз.Бұл жиындарда заттардың саны бірдей ме? Әлде бір-бірінен артық па? Оларды көрсету үшін қандай белгілер пайдалануымыз мүмкін? (Ұ,Ж,Т) «Тағам және сусын» тақырыбындағы заттар жөнінде ойландырыңыз. Олар заттарды, ойыншықтарды, тағамдардың суреттерін және сусындар арқылы жиындар құрастыра ала ма? Осы тақырыпта оқушылар шағын топтарда тағамдар жиыны мен сусындардан заттардың жиынын құрастырып, оларды салыстыру тәсілдерін ұйымдастырыңыз.(Ұ,Қ) Түрлі зат топтарын алып және топтастыру үшін қандай қасиеттерді пайдаланғанын қарастырыңыз. Алдында құрылған жиындардан үлкен жиындарға қалай жинақталатынын көрсету керек. Мысалы, біз пайдаланатын азық-түліктің үлкен жиыны.     Біздің сын-бағамдармен келісуге тиіс екенімізді түсіндіріңіз. Біз бұл жерде жемістің дәмі туралы ойлауымыз керек, әдетте олардың дәмі тәтті болып келеді, бұдан басқа оқушылар өсе келе түсінетін биологиялық ерекшеліктері де бар. Сақиналара/шеңберлер, подностар немесе қораптар жапқышы, заттарды топтарға бөлуге арналған   «Көше» пазлы: http://nrich.maths.org/5157