Тері бұйымдарына арналған материалдар

 

Жұмыстың мақсаты:Тері бұйымдарына арналған материалдар ассортиментімен танысу.

Теріден жасалған барлық бұйымдарды тері бұйымдары деп атайды. Ондай заттарға аяқ-киім, киімнің терілік акссесуарлары – биялай (перчатки), сумкалар, белдіктер, белдікшелер және техникалық бұйымдар жатады.

Химияның дамуы және терілік шикізаттың жетіспеушілігі әлемдік нарықта (табиғи) теріні жасанды материалдарға ауыстыруға алып келеді. Кейбір жеке жағдайларда бірқатар бұйымдар мен бөлшектерге (бұйымдарды) теріні ауыстырып қана қоймай, олардың сапасын жақсартып, өзіндік құнын төмендететін жаңа материалдар жасалынады. Сонымен теріден жасалынған деген терминді негізгі элемент ретінде немесе киіну акссесуар ретінде адам тұрмыста пайдаланылатын тек қана теріден жасалған бұйымға қолдануға болады.

Теріден жасалынған бұйымдар үшін сондай-ақ 3 негізгі материалдарды қарастыруға болады: тері, текстиль және жас материалдары.

Теріден жасалған бұйымдарды өндіруге пайдаланылатын барлық материалдарды негізгі және қосымша болып бөлінеді:

Негізгі материалдар бұйымның бөлшектенген немесе бүтін бір бұйымдарды (оң) өндіру үшін қолданылады. Қосымша материалдар негізгі бөлшектерді біріктіру үшін және бұйымды өңдеу үшін қолданылады. Біріктіретін материалдарға жіптер, винттер, шегелер, шпилькалар және желімдер жатады.

Ал өңдеуші материалдарға: бояулар, аппреттер және әртүрлі тігістегі материалдар жатады. Қосымша материалдардың ассортименттері, олардың қасиеттері және қолдану тәртіптері теріден жасалатынбұйымдардың технологиясы мен конструкциясын зерттеу кезінде қарастырылады. Көбінесе қосымша материалдарға фаьрикаға дайын түрде келетін ұсақ бөлшектер жатқызылады. Мысалы, сыдырма (молния), пряжка (қапсырма), кнопка, баулар, сонымен қатар бұйымдарды әсемдеуге арналған бөлшектер жатады, бір сөзбен бұлар фурнитура деп аталады. Және де бұйымның конструкциясын оның технологиясын зерттеу кезінде қарастырады.

Аяқ киімдер, биялайлар (перчатки), сумкалар, футлярлар, және белдік бұйымдарын өндіру кезінде пайдаланылатын негізгі материалдар бір-біріне құрылысы және бастырылады заттары бойынша ұқсамайтын айрықша 3 материалға бөлінеді. Осы материалдың жалпылық қасиеттері болады. Бұл қаттылықтың аз мөлшерде болуы, яғни оңай деформациялануы және сыртқы күштердің әсерінен иілуі. Материалдардың иілуі теріден жасалған бұйымдарды адамның көп мәрте (миллион рет) пайдаланылатын кезде пайда болады. Сонымен қатар адам денесін түйісетін бөлшектер гигиеналық қасиеті жағынан жоғары болуы қажет. Яғни адамды табиғаттың сыртқы әсерінен қорғау қажет. Осы материалдардың кейбір түрлері үйкеліске шыдамды болуы қажет. Негізгі материалдар қолданылуына байланысты 3 классқа бөлінеді.

ұлтандық қатты материалдар

ұлтарақтық каркастық материалдар

жоғарғы жұмсақ материалдар

Бірінші класс материалдары үйкеліске төзімді және ылғалдың әсеріне шыдамды, қайта-қайта бүктеуге шыдамды болуы қажет. Мұндай материалдардың қалыңдығы 12 мм дейін келеді.

Екінші класстық материалдары көп мәрте бүктеуге шыдамды, бүктелу радиусы 1 классты материалдармен салыстарғанда азырақ, бірақ үйкеліске төзімді болуы қажет. Негізінен бұлар төсегіш материалдар: футляр, белдіктер жасалатын материалдар және де жұмсақ материалдардан жасалатын бөлшектердің бүктелген жерін қатайтатын қаңқа (каркас) түріне қолданылатын материалдар жатады: аяқ-киімнің артқы, қатты жақтары және бас жақтары және чемоданның қабырғалары, футлярлар т.б жатады.

Үшінші класс материалдар қаттылығы азырақ және аз радиусты бүктеуге шыдамды келеді. Осы классқа кіретін барлық материалдардың сыртқы түрі жақсы болып келеді. Осы әрбір материалдар классификациясына байланысты өзінше сипатталады, ұлтардық (табандық) былғары – 1 класс әртүрлі жан-жануарлардың терілерін өндіреді. Осы жануарлардан алынатын терінің атаулары төмен көрсетілген:

өгіз тері

бұқа

сиыр

терінің артқы бөлігі

хряк

шошқа терісі (9 кг-нан кем емес)

түйе

Теріні өңдеудің операциясы ол илеу. Илеуде әртүрлі заңдарды қолданады, бұған терінің қалыңдығы, терінің спецификалық құрылысына екеуі: илеуге қаттылық, кеуектілік (пористость), ылғалды сіңіру қасиеті және осыған байланысты әр түрлі деңгейде өлшемін өзгертуге болады.

Класстардың былғарыларды илеу заттарын қолдану бойынша 4 топқа бөлуге болады.

өсімдік илеу

синтетикалық илеу

тұз қосылған (хром, алюминий, цирконий)

қиыстырылған илеу