Студенттердің білімін қадағалауға арналған тест тапсырмалары

 

1. Естімейтін балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесін зерттеу теориясы мен практикасын қарастыратын ғылым –

А) Сурдопедагогика міндеті

В) Сурдопедагогика обьектісі

С) Сурдопедагогика мақсаты

D) Сурдопедагогика пәні

Е) Сурдопедагогика субьектісі

 

2. Естімейтін тұлғаларды тәуелсіз және өз бетінше өмір сүруге қол жеткізу

мен дамуындағы кемістікті түзету бұл:

А) Сурдопедагогиканың мақсаты

В) Сурдопедедагогиканың міндеті

С) Сурдопедагогиканың обьектісі

D) Сурдопедагогиканың субьектісі

Е) Сурдопедагогиканың пәні

 

3. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеуді

қарастыратын арнайы педагогиканың саласы бұл:

А) Логопедия

В) Тифлопедагогика

С) Сурдопедагогика

D) Олигофренопедагогика

Е) Дефектология

 

4. Есту қабілеті зақымдалған балаларды анықтау, топтастыру және негіздеу

бұл-сурдопедагогиканың

А) Мақсаты

В) Міндеті

С) Пәні

D) Обьектісі

Е) Субьектісі

 

5. Есту қабілеті зақымдалған балаларды қоршаған ортаға бейімдеу бұл –

сурдопедагогиканың

А) Мақсаты

В) Міндеті

С) Субьектісі

D) Обьектісі

Е) Пәні

 

6. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесін

қарастыратын пән қалай аталады?

А) Сурдопедагогика

В) Логопедия

С) Тифлопедагогика

D) Психология

Е) Олигофренопедагогика

 

7. Естімейтін балалардың қабылдау диапазонының жиілігін неше топқа

бөлеміз?

А) 1

В) 3

С) 4

D) 5

Е) 2

 

8. Естімейтіндердің қабылдау диапазонының жиілігі 250 Гц болатын қай

топтағы балалар?

А) 3 топ

В) 2 топ

С) 4 топ

D) 1 және 2 топ

Е) 1 топ

 

9. Естімейтіндердің қабылдау диапазонының жиілігі 100Гц шамасында

болатын қай топтағы балалар?

А) 1 топ

В) 2 топ

С) 1 және 2 топ

D) 3 топ

Е) 4 топ

 

10. Естімейтіндердің қабылдау диапазонының жиілігі 500Гц шамасында

болатын қай топтың балалары?

А) 1 топ

В) 4 топ

С) 3 топ

D) 2 топ

Е) 1 және 2 топ

 

11. Естімейтіндердің қабылдау диапазонының жиілігі 200 Гц шамасында

болатын қай топтың балалары?

А) 4 топ

В) 3 топ

С) 2 топ

D) 1 топ

Е) 1және 2 топ

 

12. Мануэль Болирез де Коррион және Хуан Пабло Бонет қандай еңбектерін

қалдырған?

А) Естімейтіндерді оқытуда әдістемелер жайында еңбектер қалдырған.

В) Естімейтіндерді топтастырған

С) Естімейтіндер жайында трактаттар жазып кеткен

D) Көрмейтіндерді топтастырады

E) Естімейтіндерді және көрмейтіндерді топтастырды

 

13. Сурдопедагогика ғылымында арнайы мектептер қай ғасырда құрылды?

А)XVIII ғасырдың ІІ жартысы ХІХ ғасырдың басы

B) XX ғасырдың аяғы

C)XV ғасырдың басы

D) ХІ ғасырдың ІІ жартысы

E) ХІІ ғасырдың І жартысы

 

14. Европада ең алғаш қай жылы мектептер құрылды?

А) 1550-1560жж

В) 1690-1705жж

С) 1780-1820жж

D) 1515-1615жж

E) 1834 – 1922жж

 

15.Бүкіл әлемге әйгігі сурдопедагогиканың тарихшысы кім?

А) Л. С.Выготский

В) И. П. Шуман

С) Ж. И. Шиф

D) К. М. Назарова

Е) Л. П. Носкова

 

17. «Естімейтіндерді оқыту көрмейтіндерге қарағанда қиын жұмыс, бірақ

оқытуға жол жоқ деп саналмаған»-деген сөздің авторы кім?

А) Герадот

В) Ж. Ж. Руссо

С) И.Г. Песталоции

D) Аристотель

Е) Х. Л. Вивес

 

18. Ежелгі кезеңдерде естімейтін тұлғаларда оқытудағы басты кедергі.

А) Көрмеуінде

В) Естімеуінде

С) Сөйлемеуінде

D) Жүре алмауында

Е) Ақыл-ой кемдігінде

 

19. Аристотель естімейтіндерді оқыту мүмкін емес десе де Педро Понсе

естімейтіндерді оқытқан деп тасқа қай ғасырда жазылған?

А) ХІ ғ. Италяндық монах

В) VI ғ. Грециялық монах

С) Х ғ. Германдық монах

D) ХІІ ғ. Испандық монах

Е) ІХ ғ. Аргентиналық монах

 

20. Тит Лукреций Кардың тұжырымдамасын көрсет.

А) Естімейтіндерді оқытуда ешқашан мақсатыңа жетпейсің

В) Естімейтін балаларды оқыту ең оңай жол

С) Көрмейтіндерді оқыту өте оңай болып табылады.

D) Естімейтіндерді ойнауға үйрету керек

Е) Естімейтіндерді оқытуда ең бірінші тілге үйрету керек

 

21. Естімейтіндерді оқытуға алғаш қадамды қай ғасырда, кім бастаған?

А) ХІ ғасырдың жартысында ағылшын ғалымы

В) ХVІ ғасырдың ортасында неміс аббатисі

С) VІІІ ғ басында испандық беледиктинец

D) ХV ғ ІІ жартысында грек ғалымы

E) ҮІІ ғ ІІ жартысында

 

22. 1602 ж Франц Фон Соль монах алғаш кімді оқытуға қадам жасаған?

А) Руссо атты қызға

В) Карл атты ұлға

С) Мартин атты балаға

D) Ригина атты қызға

E) Миллер атты қызға

 

23. Окклюзиялық тестілеу дегеніміз не ?

А) Жалпы тест

В) Қатты дыбыстарды сыртқы жабық есту жолында қабылдауды

тестілеу

С) Сыбырлап айтылған дыбыстардың естілуін тестілеу

D) Өте қатты және жай дыбыстарды ішкі құлақ арқылы есту

Е) Барлығы дұрыс

 

24. Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке оқыту пәні

А) Техникалық білімдері мен еңбек дағдыларын қалыптастыру

туралы арнайы пән

В) Арнайы педагогиканың бір бөлімі

С) Сөйлеу тілін қалыптастыру туралы пән

D) Көру қабілетін дамыту туралы пән

Е) Барлығы дұрыс

 

25. 1540 ж бастап Педро Понсе де Леона қанша естімейтін балаларды

оқытқан?

А) 10

В) 12

С) 13

D) 5

Е) 1

 

26. Б. С. Преображенская нашар еститіндердің классификациясында

жалаңаш құлақтан 1 м қашықтықта қай топқа кіргізген?

А) 1 топ жеңіл

В) 2 топ орташа

С) 3 топ мүлдем естімейтін

D) 4 топ

E) 5 топ

 

27. Халықаралық классификация бойынша мүлдем естімеушілік қанша дБ-

ге тең?

А) 26-40 дБ

В) 50-70 дБ

С) 91-ден жоғары

D) 41-55Дб

E) 30-35 дБ

 

28. Сурдопедагогика тарихы қанша кезеңді құрайды?

А) 10

В) 5

С) 8

D) 4

E) 3

 

29. Сурдопедагогиканың мақсаты дегеніміз:

А) Естімейтін тұлғаларды тәуелсіз және өз бетінше өмір сүруге қол

жеткізу мен дамуындағы кемістікті түзету

В) Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу

С) Естімейтін балаларды қоршаған ортаға бейімдеу

D) Естімейтін балаларды анықтау, топтастыру және негіздеу

E) Барлық жауап дұрыс

 

30. Естімейтін балалардың қабылдау диапазонының жиілігін неше топқа бөлеміз?

А) 1

В) 3

С) 4

D) 5

E) 6

 

31. Кохлеарлы импланттың есту аппаратынан ерекшелігі

A) Дыбысты күшейтеді

B) Дыбыстық сигналдарды электр импульстеріне айналдырады

C) Жұмыс істеу принциптері бірдей

D) Тек сөздік сигналдарды қабылдайды

E) Берілген жауаптың барлығы дұрыс

 

32. Кохлеарлы имплантталған балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жұмыстың ерекшелігі

A) Ешқандай ерекшелігі жоқ

B) Жесттік сөйлеу тілін қолдану керек

C) Глобальды оқу (қима сөздер) қолданылмайды

D) Есту-көру арқылы жүреді

E) Дактильды қолдануды талап етеді

 

33. Кохлеарлы имплантты кай кезде жасаған тиімді?

A) Ерте жастағы балаларға

B) Мектеп оқушыларына

C) Ерте естімей қалған ересектерге

D) Ерте естімей қалған оқушыларға

E) Барлық жауап дұрыс

 

34. Аналық мектеп әдісінің ерекшелігі

A) Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу

B) Арнайы мекемелред тәрбиелеу

C) Басты жауапкершілік сурдопедагогқа жүктеледі

D) Отбасында ата­-анасын үйрету арқылы тәрбиелеу

E) Жалпы балаларға арналған мекемелерде тәрбиелеу

 

35. Верботональды әдістің элементтеріне қайсы жатады?

A) Дактилология, глобальды оқу

B) Фонетикалық ритмика, музыкалық стимуляция

C) Дыбыс күшейткіш аппаратуралар, қима сөздер

D) Ырғақ, жесттік сөйлеу тілі

E) Барлық жауап дұрыс

 

Глоссарий

Естімейтін балалар– ерте жастан немесе туғаннан есту қабілетінің терең екі жақты зақымдалуы салдарынан арнайы педагогикалық әсер етусіз сөйлеу тілін меңгере алмайтын балалар.

Нашар еститін балалар– сөйлеу тілін меңгеруде және сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасау қиындықтары бар есту қабілеті зақымдалған балалар. нашар еститін балалардың сөйлеу тілінің жағдайы есту қабілетінің жағдайына, оның пайда болған уақытына, естуінің жағдайын ескеріп тәрбиелеу жағдайына және баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Сенсоневральды кереңдік– есту жүйесінің қабылдаушы аппараты болып табылатын ұлу тітіркендіргіштері мен есту жүйкесінің зақымдалуы. Сенсоневральды кереңдік ең алдымен түкті клеткалардың зақымдалуы салдарынан болады.

Кейіннен естімей қалған балалар–3-4 жас және одан кейін сөйлеу тілі қалыптасқан соң есту қабілетін жоғалтқан балалар.сөйлеу тілінің сақталуы есту қабілетінің зақымдалуының пайда болу уақыты мен баланың даму жағдайына байланысты. Баланың қалыптасқан сөйлеу тілін сақтап қалу үшін жүйелі арнайы жұмыс жүргізілуі керек.

Аудиометрия– естудің жағдайын әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдау табалдырығын анықтау жолымен тексеру. Аудиометрия арнайы электроакустикалық құрылғының көмегімен жүргізіледі.

Кохлеарлы имплантация– естуді протездеудің бір түрі болып табылады. Кохлеарлы имплантация дегеніміз есту жүйкесін тікелей электрлік стимуляциялау жолымен естуін қалпына келтіру мақсатында электродтар жүйесін ішкі құлаққа ендіру.

Верботональды әдіс– естімейтін және нашар еститіндердің сөйлеуі мен естуін диагностикалау және оңалту үшін қолданылады. Оның негізін салушы Хорватиялық лингвист, қарым – қатынас жасауда қиындықтары бар адамдардың сөйлеу тілін қабылдауын зерттеумен айналысқан доктор Петар Губерина болған. Ол 1954ж. Загреб қаласында (Хорватия) «СУВАГ» верботональды орталығын ашты. Қазіргі таңда 70-тен асқан елде 600-ге жуық верботональды орталықтар бар, «СУВАГ» халықаралық орталықтар Ассоциациясының штаб – пәтері Парижде орналасқан.

Естіп қабылдауын дамыту– есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу арқылы қарым–қатынас жасау дағдыларын жетілдіру үшін ағзаның есту резервін максимальды қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған түзету–педагогикалық әсер ету.

Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру– есту қабілеті зақымдалған балалардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін және еститін адамдармен толыққанды қарым–қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу тілінің анық және түсінікті болуын қамтамасыз етуга бағытталған түзету–педагогикалық көмек көрсету.

Сурдотехника– естудің зақымдалуын түзету және компенсациялау үшін арналған техникалық құралдар. Сурдотехникалық аппаратуралар сөздік және басқа да дыбыстық ақпараттарды қалдық есту арқылы, көру және сезу арқылы қабылданатын сигналдарға айналдырады.

Жеке есту аппараты– жеке қолдануға арналған күрделі электрондық дыбыс күшейтетін құрылғылар. Жеке есту аппараттары дыбыстық сигналдарды соның ішінде сөйлеу тілін күшейтеді және естудің зақымдалу деңгейі мен сипатына қарай олардың динамикалық және жиілік сипаттамалары өзгереді.

Естуді протездеу– дәрігер–сурдологтың көмегімен есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға жеке есту аппараттарын таңдау және соған үйрету.

Еріннен оқу– сөйлеу мүшелерінің қозғалысына қарап ауызша сөйлеу тілін қөру арқылы қабылдау.

Оңалту– ағзаның зақымдалған функциясын және аурулар мен мүгедектердің кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік шараларды қолдана отырып қалпына келтіру немесе компенсациялау. Оңалту баланы әлеуметтік ортаға ендіру, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып қоғамдық өмір мен еңбекке бейімдеуді қарастырады.

Аналық мектеп– Аталған әдіс еститін адамдармен еш қиындықсыз сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасауға қабілетті толыққанды жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Э.И.Леонгард естудің зақымдалуының салдарын жоюға бағытталған ұзақ уақыт бойы арнайы педагогикалық көмектің қажеттісін айтып, осындай көмектің бағдарламасын жасап, практикаға ендірді (1966).

Сурдоандрагогика(«андрагогика» термині гректің aner, аndros – ересек адам және agugl – басшылық, тәрбиелеу деген сөзінен шыққан) есту қабілеті зақымдалған ересек адамдарды оқыту, білім беру және тәрбиелеудің теориялық және практикалық мәселелерін зерттейді. Аталған мәселелердің ішінде кәсіби білім беру (бастапқы,орта, жоғары), әлеуметтік бейімдеу мен әлеуметтік–кәсіби оңалтуға бағытталған педагогикалық көмекті белсендендіру.

Жабық таңдау– сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамыту жұмысы кезінде қолданылатын сөздік материалдардың шектеулі екендігін білдіреді. Яғни баланың алдына қойылған сөздер ғана есту арқылы тануға, ажыратуға беріледі.

Ашық таңдау – сөйлеу тілін естіп қабылдауын дамыту барысында қолданылатын сөздік материалдардың шексіздігі. Яғни баланың естіп қабылдауы үшін берілетін сөздерді бала алдын ала білмейді. Кез келген сөздері шексіз таңдаудан алып беріледі.

Дактилология– саусақ әліппесі. Естімейтін тұлғалалар дактилология білетін еститін адамдармен қарым қатынас жасау құралы болып табылады.

Жесттік сөйлеу тілі– кинестикалық негізде қарым–қатынас жасау жүйесі, қолдың қозғалысы арқылы әр сөзге мағына беретін жесттерді қолданады. Жесттік сөйлеу тілі естімейтін тұлғалалардың өзара қарым –қатынас құралы болып табылады.

Естудің орталық зақымдалуы– кохлеарлы ядролардан бастап есту жүйесінің ми қыртысындағы орталықтарының зақымдалуы. Ол кезде акустикалық соның ішінде сөздік сигналдарды талдау: табу, ажырату, тану, білу, есте сақтау процестері бұзылады. ЕОЗ бар балалар нашар еститін балалар сияқты есту табалдырықтары қалыпты немесе шамалы жоғарылаған болады.

 

ОСЫМШАЛАР