ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАНЫМНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Филсофиялық танымның түрлері Танымның негізі
Қарапайым («тұрмыстық») философия Шынайылықты сезімдік қабылдау, объективті тәжірибемен және шынайлықпен байланысты немесе байланысы жоқ үстірт көзқарас.
Діни-қағидаттық философия Діни догмаларға сүйену, сенімнің білімнен жоғары екендігі туралы тұжырымнан туындаған, ақылды сенімді талдау мен дәлелдеу үшін қолданады.
Мистикалық философия Жеке немесе тарихи мистикалық тәжірибе ақыл құралдарымен ұғынылатын, талданылатын эмпирикалық, рационалды және иррацоналды таным.
Ғылыми таным     Эмпирикалық философия Танымның құралдары ақыл арқылы ұғынылатын және талданатын объективті тәжірибе деп түсіндіріледі.
Рационалистік философия Ақыл тұжырымдары интеллектуалды интуициядан шығады деп есептейді.
Рационалды-эмпирикалық философия объективті тәжірибе, ақыл тұжырымдары және интелектуалды интуиция әрекеттері танымның құралдары болып табылады деп тұжырымдайды.

ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Қызметі Мазмұны
Дүниетанымдық дүние туралы тұтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді.
Әдістемелік қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды.
Теоретикалық теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға, концептуалды ойлауға үйретеді.
Гносеологиялық қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді.
Аксиологиялық (гр. аxios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйретеді.
Әлеуметтік қоғамның пайда болуы мен эволюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқайды.
Тәрбиелік гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру және адам өмірінің мәнін табуына көмектеседі.
Сындарлы білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көкжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлатады.
Болжамдық (футурологиялық) қолда бар философиялық білімдерге, таным жетістіктеріне сүйене отырып, таным процесстерінің, адамның, табиғаттың, қоғамның даму тенденцияларын болжау болып табылады.
Мәдени тасымалдау адамзаттың рухани мәдениетінің жетістіктерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мен ұғындыруға көмектеседі
Практикалық адамның практикалық өміріндегі мәнді, мақсатты, ережелерді, принциптер мен механизмдерді таңдауға көмектеседі

ФИЛОСОФИЯ ӘРБІР АДАМҒА НЕ ҰСЫНА АЛАДЫ?

(ФИЛОСОФИЯНЫ ОҚУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ)

Әлем және адам туралы фундаментальды сұрақтарға жауап береді
Әлемдегі өз орны және өмір мәні туралы ойлауға көмектеседі.
«Өнегелі өмір» (яғни, иллюзиясыз, азапсыз, қателесусіз) принциптеріне үйретеді.
Ішкі рухани «өзегін» бекітеді, өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектеседі.
Ойлаудың синтетикалық (филоосфиялық) сильіне, яғни, кез келген мәселені терең, жан-жақты қарауға және шешуге үйретеді.
Ішкі күшті жетілдіруге және дамытуға үйретеді.
Болашақты болжауға және тануға үйретеді.

 

Тақырып 2. Көне дәуір философия

ҚАЗАҚТАРДЫҢ АЛҒЫ ФИЛОСОФИЯСЫ: ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АЛҒЫШАРТТАРЫ, КӨЗҚАРАСТЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін) ü Тоныкөк, Күлтегін жырларындағы батырлық, елдік, ел қорғау ü Анахарсис дүниетанымы ü Аңыздардағы дүниетаным

КӨНЕ ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ВЕДАЛЫҚ КЕЗЕҢ б.з.б. VI-V Ғ.Ғ.
КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ б.з.б. VI Ғ. – 1 мыңжыл. алғашқы жартысы
ПОСТКЛАССИКАЛЫҚ (СХОЛАСТИКАЛЫҚ) КЕЗЕҢ 1 мыңжыл. алғашқы жартысы-ХҮІІІ ғ.
НЕОИНДУИЗМ НЕМЕСЕ ҚАЗІРІГІ ЗАМАН ҮНДІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ХІХ-ХХ Ғ.

НДІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНА НЕГІЗ БОЛҒАН КӨНЕ ҮНДІ ДІНИ ЖӘНЕ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРІ