Тақырып 4. ШЫНЖЫРЛЫ БЕРІЛІСТІ ЕСЕПТЕУ

Шаң үй-жайда екі аусымда жұмыс істейтін ашық шынжырлы берілісті есептеу. Жетек түрі, қозғалтқыштың Р1 қуаты, кіші жұлдызшаның n1 айналу жиілігі, берілістің i беріліс қатынасы 4.1 кесте деректері бойынша таңдалып алынады. Беріліс орталықтары сызықтары горизонтқа қатысты a =40° бұрышпен орналасқан, шынжырдың тартылуы қысымды аунақшамен жүзеге асырылады, шынжыр оқтын-оқтын 6...8 сағат жұмыс істеген сайын майланып отырады, шынжыр – аунақты.

 

Сурет 4.1

Кесте 4.1

Параметр Варианттар
Р1, кВт 7,5         2,5     5,0     6,0  
n1, мин-1              
i
Берілістің түрі ІЖ қозғалтқыштан ұсатқышқа эл. қозғалтқыштан таспалы (ленталы) транспортёрға

 

Топсалардың тозуы жетек шынжырының жұмыс қабілеттілігі жоғалуының негізгі себебі болып табылады. Жүктеменің сипаты мен шамасы, шынжырды майлау және тарту шарттары, кіші жұлдызшаның айналу жиілігі мен тістерінің саны, берілістің жұмыс режимі тозу бойынша шынжырдың қызмет ету мерзіміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Стандартты жетек шынжырларын (төлкелі, аунақты, тісті) көп жыл бойы текшелік сынақтан өткізу олардың тозу бойынша ұзақ тұрақтылығын анықтауға (3000...5000 сағ. кем емес) және қадамға тәуелді шынжырдың Рц қуатын анықтауға мүмкіндік берді.

Төменде 14-нұсқа 4.1 кестедегі бастапқы деректер бойынша шынжырлы берілісті практикалық есептеу орындалған. 1 = 6,0 кВт, n1 = 350 айн/мин, i = 3, жетек электрқозғалтқыштан таспалы тасымалдауышқа).

1. Кіші жұлдызша тістерінің санын нұсқауларға сәйкес Z1 = 25 деп аламыз:

i 1...2 2...3 3...4 4...5 5...6 >6
Z1 30…27 27...25 25...23 23..21 21..17 17…15

 

2. Шынжырдың ұзақ тұрақтылығын долбарлау бойынша осьаралық қашықтықты а = (30...50) Рц қатынасынан алу қажет. а = 40 Рц деп қабылдаймыз.

3. Пайдалану жағдайындағы берілістің Pp есептік қуатын анықтаймыз

(4.1)

Мұнда Кэ, Z, Кn сәйкесінше пайдалану, тістер саны және айналу жиілігі коэффициенттері.

Пайдалану коэффициенті:

(4.2)

Жүктеменің КD динамикалылық, Ka осьаралық қашықтық, Кн горизонтқа беріліс орталықтары сызықтарының көлбеулік, Крет шынжырдың тартылуын реттеу әдісі, Км майлау әдісі және шынжырлы берілістің Креж жұмыс режимі (ауысымдығы) коэффициенттерінің мәндері П 4.1 кестеде берілген. Бастапқы деректерді есепке ала отырып, қабылдаймыз: КD = 1,0 (электрқозғалтқыштан таспалы тасымалдауышқа жүктеме бір қалыптыға жақын); а < 60° болғанда а = (30...50)Pц, Кн 1 болғанда Ка = 1; Ктір =1,1; Kс = 1,8 (өндіріс шаңды, майлау жеткіліксіз); Креж = 1,25 (жұмыс екі ауысымда жүргізіледі).

Тістер саны коэффициенті KZ =Z01 / Z1 = 25 / 25 = 1,0 (тістер саны Z01 = 25 болатын жұлдызшалар орнатылған текшеде шынжырларды сынайды). Базалық айналу жиілігі n01 = 400 мин-1 болғанда айналу коэффициенті Kn = n01 / n1 = 400/350 = 1,14. Соңғысы берілген n1-ге жақын келесі қатардан таңдалып алынады:

50; 200; 400; 600; 800; 1000; 1200 және 1600 мин-1

Жоғарыда қабылданған коэффициенттерді 4.2 және 4.1-формулаларға қоя отырып, келесіні аламыз:

4. П 4.2 кестесі бойынша n01 = 400 мин-1 және Рр = 17 кВт үшін қадамы Рц= 25,4 мм және жарамды есептік қуаты [Рр]= 19 кВт болатын ПР-25,4 шынжырын таңдап аламыз.

Шынжыр қадамының Рц есептік мәні максимал айналу жиілігі бойынша тексеріледі:

  Айналу жиілігі n1, мин-1
Аунақша шынжырдың мүмкіндік қадамы ц]max, мм 12,7 15,87 19,05 25,4 31,75 38,1 44,45 50,80

n1 = 350 мин-1 үшін қадамы [Pц]max = 44,45 мм болатын шынжыр жарамды екеніне көз жеткіземіз, демек Рц = 25,4 < ц]тах.

5. Осьаралық қашықтық а = 40 · Рц = 40 · 25,4 = 1016 мм;

Шынжыр жылдамдығы .

КС = 1,8 коэффициенті дұрыс таңдалып алынғаны дәлелденді, себебі = 3,7 < 4,0 м/с.

6. Шынжыр буындарының саны:

Толық санға дейін дөңгелектеп, Zзв = 132 қабылдаймыз. а-ны келесі формула бойынша анықтаймыз:

7. Шынжыр бос тармағының салбырауын азайту мақсатында осьаралық қашықтық шамасын Dа = 0,003 · а = 3 мм азайтып, соңғысы а = 10 18 мм деп қабылдаймыз.

Жұлдызшалардың диаметрлерін формуласы бойынша анықтаймыз, бұдан

8. Шеңбер күші

Центрден тепкіш күштен тартылу:

мұндағы q - аунақты шынжыр ұзындығы бірлігінің массасы шынжыр қадамы бойынша таңдалып алынады;

Рц, мм 12,7 15,875 19,05 25,4 31,75 38,1 44,45 50,8
q, кг/м 0,75 1,0 1,9 2,6 3,8 5,5 7,5 9,7

Шынжыр массасынан бастапқы тартылу күші:

мұндағы Кf –салбырау коэффициенті. (Шынжыр горизонталь орналасқанда Кf = 6; горизонтқа 40° бұрышпен Кf = 3,0; тік орналасқанда Кf = 1,0); g =9,8 – ауырлық күшінің үдеуі.

Шынжыр тартылу күшінің суммасы:

Жұлдызша білігіне әсер етуші S күші:

9. Шынжырда резонансты тербеліс тууы мүмкіндігін бағалаймыз: