Буферлік сыйымдылық. Буфер ерітінділерінің рН есептеу. Гендерсон-Гассельбах теңдеуі

Буферлiк сиымдылық буферлiк жүйелердiң маңызды сипаттамасы болып есептеледi. Ортаның реакциясын ығыстыруға қарсы жасайтын буферлiк жүйенiң әсерi буферлiк сиымдылық деп аталады. Буферлiк сиымдылық 1л буферлiк ерiтiндiге оның pH-ын 1-ге өзгерту үшiн қосылатын күштi қышқылдың немесе сiлтi молінің мөлшерiмен өлшенедi. Қышғылдық және сiлтiлiк буферлiк сиымдылықтар болады

B=b/▲pH=a/▲pH

a – 1 л ерітіндіге қосылған қышқыл мөлшері

b – 1 л ерітіндіге қосылған негіз мөлшері

Буферлiк сиымдылық буферлiк жүйедегi компоненттердiң концентрацияларының абсолюттiк шамасына тәуелдi болады. Компоненттердiң концентрациялары неғұрлым жоғары болса, қышқыл немесе сiлтi қосқанда рН өзгерiсi соғұрлым аз болады. Буферлiк жүйедегi компоненттердiң қатынасы 1–ге тең болғанда, буферлiк сиымдылық ең жоғарғы шегiне жетедi. Буферлiк сиымдылық ертiндiнi сұйылтқанда төмендейдi, себебi ол компоненттердiң концентрациясына тәуелдi болады.

Буферлiк ертiндiлердiң рН–ы Гендерсон–Гассельбах теңдеуi бойынша анықталады. Қышқылдық буферлiк ертiндiлердiң рН–ы мына теңдеумен есептеледi: немесе

Негiздiк буферлiк ертiндiлер үшiн мына теңдеу қолданылады:

Бұл теңдеулер бойынша буферлiк жүйелердiң рН–ы қышқылдың немесе сiлтiнiң диссоциациялану константасына және буферлiк жүйенiң құрамындағы компаненттердiң қатынасына тәуелдi. Сондықтан да белгiлi бiр буферлiк жүйенi дайындау үшiн константалары сәйкес келетiн қышқыл немесе негiз алу керек, сол сияқты компоненттердiң қатынасы да есепке алынуы қажет

 

Биогенді элементтер. S,p,d-Элементтердің биологиялық ролі

Биогенді элементтер – бұл тұтас алғанда, ағза жасушаларының құрылысы мен тіршілігіне қажет болатын элементтер

Биогенді s-элементтер – менделеев периодтық жүйесінің ІА және ІІА топтарында орналасқан. Мысалы, H,Na,K,Mg,Ca

Na + иондарының биологиялық маңызы

- Осмостық гомеостазды қамтамасыз ету

-Су алмасуды реттеу

- Жүйке импульстарын беру

- тамырлар тонусын реттеу

К+ иондарының биологиялық маңызы

- жүректің қалыпты жұмыс істеуі

- бұлшық еттің жиырылуы

- жүйке импульстерін өткізу

Mg2+

- 300-ден астам ферменттерді активтендіреді

- липидтердің және көмірсулардың алмасуын реттейді

- бауырдың және өт жолының өт бөліп шығаратын функциясын қалпына келтіру

Ca2+

- қанның қалыпты ұюын қамтамасыз етеді

- аллергияға қарсы әсер ету

- бұлшық еттер, оның ішінде жүрек жиырылуы мен релаксациясын қамтамасыз етеді

- жүйке импульстарын тасымалдау

Биогенді р-элементтер

Периодтық жүйенің ІІІ-ҮІІ бас топшаларында орналасқан

Мысалы, C,N,O,S,Cl,I,Si,F

Cl- иондарының биологиялық маңызы:

- осмостық қысымды деңгейде ұстап тұру

- асқазан сөлінің құрамдас бөлігі (хлорсутек қышқылы)

F –

- сүйек ұлпасының минералдануы

- тісті кариестен қорғау

І-

Қалқанша без гормондары – тироксин синтезіне

Биогенді d-элементтер

Үлкен периодтарда І-ҮІІІ қосымша топшаларында s және p элементтер арасында орналасқан. Мысалы: Сr, Fe, Mn, Co, Cu,Zn,Mo

Co 2+

-Қан ұю процесінде маңызды роль атқарады, В12 витаминнің негізгі құрамдас бөлігі

-Көмірсулар алмасуын реттеу

-А және К витаминдерінің қорын үлкейтуге қатысады

Zn2+

-ақуыздар, липидтер, көмірсулар алмасуына қатысады

-Мидың дамуына әсер етеді

-жаралар жазылуын тездетедеі

- гипофиз гормондарын белсендіру

Сu2+

-Гемоглобиннің түзілу процестеріне қатысу

-ағзаның өсуі мен дамуы

-А,С,РР,Е витаминдерінің алмасуына әсер ету

Mn 2+

Қан ұю процестерің жақсарту

-Антиденелерді өндіруді жеделдету

-Қандағы қант мөлшерін төмендету

-С витаминінің синтезіне қатысу

Ni2+

Қан ұю процестеріне қатысу

Ағзадағы гормондық реттеуге қатысу

 

 



php"; ?>