Семинар тақырыбы. ХVIIIғ. - ХIХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы мектеп пен педагогикалық ой

Жоспар:

1. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

2. Бұхар Жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлының педагогикалық көзқарастары.

Сұрақтар:

1. Бұхар Жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы тәрбиелік ойлар.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Бұхар Жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы педагогикалық идеялар кестесін құрыңыз.

Тапсырма 2. Бұхар Жырау, Махамбет Өтемісұлы, Дулат Бабатайұлының шығармаларындағы педагогикалық идеяларға ғылыми мақалаларды конспектілеңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 16.

Қосымша әдебиеттер: 7, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 22.

Семинар тақырыбы. ХIХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мектеп және педагогикалық ой.

Жоспар:

1. Қазақстандағы орыс-қазақ мектебі жүйесінің пайда болуы мен дамуы. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ағартушылық іс-әрекеті.

2. Қазақстандағы мұсылмандық мектептер мен медреселер, олардың білім беру жұмысының ерекшеліктері.

3. Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың педагогикалық идеялары.

Сұрақтар:

1. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ағартушылық іс-әрекетінің негізгі бағыттары қандай?

2. Қазақ-орыс мектептері қазақ даласында қашан ашыла бастады?

3. Қазақстандағы мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім мазмұнындағы айырмашылықтар.

4. Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларының негізгі мәні.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. «Қазақ-орыс мектептері» кестесін жасаңыз

Тапсырма 2. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ағартушылық іс-әрекетінің негізгі бағыттарына сипаттаңыз.

Тапсырма 3. Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың шығармаларындағы педагогикалық ойларды көрсетіңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 16.

Қосымша әдебиеттер: 7, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 22, 25.

Семинар тақырыбы. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы.

Жоспар:

1. Қазақстандағы халықтық білім беру жүйесі құрылымының нормативті заң негізі

2. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтің педагогикалық идеялары мен іс-әрекеттері.

3. XX-ғасырда Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан педагогтар мен ғалымдар.

Сұрақтар:

1. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуының қандай кезеңдерін атауға болады.

2. Қазақ тілінде алғаш рет «Педагогика» оқулығын жазған педагог.

3. XX-ғасырда Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан ғалымдарды атаңыз

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтің педагогикалық идеялары мен іс-әрекеттерін сипаттаңыз

Тапсырма 2. XX-ғасырда Қазақстан педагогикасының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы кесте құрастырыңыз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 16.

Қосымша әдебиеттер: 7, 9, 10, 11, 12, 13, 19, 21, 22, 23, 25.

Семинар тақырыбы. 1. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның педагогикалық ғылымы және білім беру жүйесі

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасыныдағы білім беру дамуының қазіргі тенденциялары.

2. Жоғары және орта оқу орындары мен мамандықты көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық пен қайта дайындау мазмұны

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттар.

Сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасында қабылданған «Білім туралы» Заңдар.

Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Қазақстан Республикасында қабылданған білім саласына қатысты тұжырымдамалар мен мемлекеттік бағдарламаларға сипаттама беріңіз.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 16.

Қосымша әдебиеттер: 12, 13, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33.

Ф.4-46

«ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

 

КІРІСПЕ

Педагогика тарихы және мектептану - білім беру практикасы мен педагогикалық білімнің тарихи дамуын бірлікте және білім беру мен педагогикалық ғылымдардың қазіргі заманғы проблемаларымен өзара байланыстыра зерттейтін ғылым саласы. Педагогиканың, әлеуметтанудың философия мен мәдениет тарихының, психология тарихының мәліметтерін тоғыстыра отырып, педагогика тарихы тарихи-педагогикалық процесті тарихи-мәдени процестің ажырамас бір бөлігі деп қарастырады. Білім беру мен тәрбие практикасының, сондай-ақ педагогикалық білімнің дамуын қамтитын тарихи-педагогикалық процестің құрылымындағы негізгі пәндік екі сала сараланады. Олардың әрқайсысы зерттеу саласы ретінде біршама дербес болғанымен, мән-мағынасы тұрғысынан біртұтас, өйткені педагогика әлемді рухани практикалық игеру нысандарының бірі, ал педагогикалық практика педагогикалық идеялардың жүзеге асыратын саласы. Педагогика тарихының бұл пәндік екі саласының әрқайсысында алынған білімдердің синтезі тарихи-педагогикалық процеестің тұтас көрінісін беруге және оның даму заңдылықтарын ашуға жағдай жасайды. Педагогика тарихы оқу пәні ретінде жоғары және орта педагогикалық оқу орындарында оқытылады. Педагогика таризхы курсының элементтері университтерде, мәдениет институттарында, дене тәрбиесі институттарында және басқада жоғары оқу орындарында педагогиканың жалпы курстарына енгізіледі.