Сезім мүшелері арқылы көрінген мұғжизалар

Лекция

Мұғжиза дегеніміз не?

Муғжиза дегенімізӘдеттен тыс іс, Аллаһ Тағаланың Өзі жіберген пайғамбарына деген елдің сенімін ояту үшін, Өзінің қалауы бойынша, басқа тірі жан иелерінің қолынан келмейтіндей, таңғажайып іс істеуді нәсіп етіп, пайғамбарын елден ерекше көрсетуі.

Мұғжиза Керемет Мағуна Истидраж

 

«Ирхас» «Иханет»

 

Хазіреті Пайғамбарымыздың мұғжизалары

Хазіреті Пайғамбарымыз елшілігі кезінде Меккелік мүшріктерге өзінің хақ пайғамбар екендігін дәлелдеу барысында көптеген мұғжиза көрсетті. Мүшріктер оның бірқатарына сенгенімен, біразына сенбеді. Сондай-ақ бұл мұғжизаларды сахабаларына да көптеп көрсеткендігін тарих кітаптарынан білеміз. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мұғжизаларын үш тақырыпта қарастыруға болады.

Ран - рухани мұғжиза

Құран - Хазіреті Пайғамбарымызға нәсіп болған ең үлкен мұғжиза. Құран әрбір ғасырдың адамына өзінің мұғжизалығымен көптеген кереметті көрсетіп, алдында еріксіз бас игізуде. Құран адамзат түгіл жын, шайтандардың оған ұқсас сүре, аят келтіруге дәрменсіз болған Ұлы Жаратушының мұғжизасы. Құран қияметке дейін мұғжизалығын сақтап, ғасыр өткен сайын жаңара береді.

Сезім мүшелері арқылы көрінген мұғжизалар

Бұл тақырыптағы мұғжизаларға Хазіреті Пайғамбарымыздың кезеңінде адамдардың көзімен көріп, сезім мүшелерімен куә болған, табиғат заңдылығына қайшы жасалған оқиғалар жатады. Пайғамбарымыз мұндай мұғжизаларды өз өмірінде аз көрсеткен жоқ. Осы мұғжизалардың бірнешеуін келтіре кетелік:

1. 621 жылы Режеп айының 26-нан, 27-не қараған түні Пайғамбарымыз Пыраққа мініп, Мәсжидул Харамнан Мәсжидул Ақсаға барып, одан көкке Аллаһтың құзырына көтеріледі. Аллаһпен перде арқылы сөйлесіп, сол бір мұғжизалық қасиетті сапарынан бес уақыт намазбен оралады. Жеті қабат аспан әлемінде пайғамбарлармен кездесіп, жәннат пен тозақты көреді[1]. Бұл жайында Исра сүресі нәзіл болып, оның алғашқы аятында: «Құлым (Мұхаммедті (с.а.у.)) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Мәсжид Харамнан біз айналасын мубарак қылған Мәсжид Ақсаға апарған Аллаһ әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол естуші, білуші» (17.Исра-1) дейді.

2. Бірде Меккелік мүшріктер Пайғамбарымызға: «Нақ елші екендігің рас болса, бізге анау тұрған айды екіге бөліп, бір жартысын ана төбеге, екінші жартысын мына төбеге қойып бер. Сонда саған иман етеміз», - деп шарт қояды. Пайғамбарымыз: «Егер айтқан уәделеріңде тұратын болсаңдар, мен дегендеріңді жасайын», - дейді де, Аллаһқа сиынып сұқ (шахадат) саусағымен айды ишара арқылы бөліп, бір жартысын мүшріктердің айтқан төбесіне, екінші жартысын екінші төбеге қояды. Бірақ, мүшріктер уәделерінде тұрмақ былай тұрсын, Пайғамбарымызға «сен бізге сиқыр көрсеттің» деп кінә артты (Бухари, Мәнақиб 27).

3. Тастардың Пайғамбарымызға сәлем беруі. Хазіреті Жабирден риуаят бойынша Расулуллаһ: «Мен Меккеде бір тасты білемін. Мен Елші болып жіберілместен бұрын маған сәлем беретін. Мен оны әлі де жақсы білемін» (Муслим, Фәдайл-2).

4. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) хижрет кезінде жолда бір отбасыға құдайы қонақ болып, олардан ішіп-жеуге сатып алатын бір нәрсе сұрағанда үй егесі өздерінің жағдайын айтып, ештеңе бере алмайтындарын айтады. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз анадай жерде тұрған ешкіні меңзеп: «Сүті жоқ па?», - деп сұрайды. Үй егесі Атиқа: «Сүт қайдан болсын, ол қысыр, түрі болса анау», - дегенде, Хазіреті Мұхаммед (с.а.у): «Рұқсат берсең, сауып көрейік», - деп рұқсат алады да, бисмилләһ айтып ешкіні сипайды. Сөйтіп үй егесі Атиқа есімді әйелге енді ешкіні сауып көруін айтады. Әйел ешкіні сауғанда өз көзіне өзі сенбейді. Арық, ең бастысы қысыр ешкі ыдысты толтырып сүт береді. Кейінірек бұл ешкі өз егелерін пайғамбардың мұғжизасы ретінде қуаңшылықтан құтқарып қалады[2].

5. Сахабалар яһудилердің Хайбар атты қамалын алмақ болып қоршауға алады. Қоршау ұзай түсті. Ертеңіне Хазіреті Пайғамбар туды Хазіреті Әлиге бермек болып, оны сұрастырғанда оның көзі ауырып шатырда жатқанын естиді. Дереу Хазіреті Әлиді алып келуді бұйырады. Пайғамбарымыз мүбарак түкірігін оның көзіне жағып дұға еткенде, Хазіреті Әли бейне бір мүлде науқастанбағандай айығып кетеді (Бухари, Фәдаилус-сахаба

6. Бір күні Хазіреті Пайғамбардың даусы жәй шыққанын естіген Әбу Талха үйіне келіп әйеліне ішіп-жейтін бір нәрсе бар ма, оны Расулуллаһқа ұсынайық, даусы әзер естіледі деп, тағам дайындатады. Тағамда жапырақтай нан және май болатын. Адам жіберіп Расулуллаһты үйіне қонаққа шақырғанда, Хазіреті Пайғамбарымыз қасындағы 70-80-дей сахабасымен бірге келеді. Әбу Талха сасып қалғанымен, әйелі тәуекел деп сабырлыққа шақырды. Ішке кірген Аллаһтың Елшісі тағамды дастарқанға қойып, дұға етеді де, сырттағы сахабаларын он-оннан ішке кіргізіп, тойғанынша ішіп-жегізіп, өзгелерін де шақырып, бәрін тойдырады (Бухари, Әйман 22; Муслим, Әшрибә 142).