Баланы объективті қарау.

· Жалпы жағдайы

Баланы объективті қарау оның жалпы жағдайын бағалағаннан кейін басталады.

Науқастың жалпы жағдайын бағалаудың үлкен маңызы бар, ол науқасқа қажетті емдік шаралардың реттілігі мен көлемін, сонымен қатар, нақты ауру кезеңіне сәйкес қосымша лабораторлы-инструментальді зерттеу әдістерін қолдануды анықтайды.

Науқас жағдайының ауырлығын дұрыс анықтау, оның орынды түрде ем алатын бөлімдерін анықтауға, яғни жансақтау және қарқынды емдеу бөліміне, жеке боксқа немесе қарапайым палатаға орналастыруға мүмкіндік береді.

Науқастың жалпы жағдайының ауырлығының 4 дәрежесі бар: қанағаттанарлық, орташа ауырлықта, ауыр және өте ауыр немесе терминальді (предагоналді) жағдай болып бөлінеді. Науқастың жағдайының ауырлығын дәрігер қарау кезінде анықтайды; жағдайының өзгеруі бірнеше күн аралығында ғана емес, сағат сайын және тәулік сайын ауысады.

· Қанағаттанарлық жағдай - интоксикация белгілері жоқ немесе аздаған, ағзаның функциональді бұзылыстары жоқ. Баланың есі анық және белсенді қылық танытады.

· Орташа ауырлықтағы жағдай интоксикация және ағза жүйелерінің функциональді бұзылыс айқын белгілерімен сипатталады.

· Ауыр жағдайда естің әртүрлі дәрежедегі бұзылыстары, интоксикация синдромы және ағзаның физиологиялық жүйелерінің декомпенсациясымен сипатталады.

· Өте ауыр жағдайда баланың өміріне қауіп төндіретін белгілердің пайда болуымен сипатталады.

Сонымен қатар, баланың көңіл-күйінің жағдайын анықтау- бұл субъективті сезім:

· көңіл-күйі (бір-қалыпты, салмақты, қозған, тұрақсыз),

· дәрігер қарауына реакциясы - адекватты, декватты емес.

· ұйқысы

· тәбеті

 

Дәрігердің объективті қарауды бастамас бұрын бір жағдайды ұмытпауы қажет, бұл- балаға дұрыс келіп, тыныштандыру. Баланың мазасыздануы мен айғайы зерттеуді қиындатады. Егер бала ұйықтап жатса, баланы оятпай, алдымен анасынан сұрастыруды жүргізіп және қарауды жүзеге асырып құнды мәліметтер жинап алуға тырысу қажет.

 

 

v Баланың қалпы

Дені сау ерте жастағы бала ұйқы кезінде арқасында жатады, қолдары шынтақ буынынан бүгіліп, кеудесіне тартылған, қол саусақтары жұдырыққа түйілген. Ересек балалар ұйқы кезінде нақты қалыпта жатпайды.

Кейбір ауру кезінде ғана балалар сол ауруға тән қалыпты қабылдайды. Мысалы, менингит кезінде бала бүйіріне жатып, аяқтарын тізе буынына бүгіп ішіне

Науқас баланың келесі мәжбүрлік қалыптарын анықтаймыз:

· Баланың белсенді қалпы, мәжбүрсіз қалыпта болады.

· Пассивті немесе селқос қалыпта бала біреудің көмегінсіз қалпын өзгерте алмайды.

· Мәжбүрлік қалып, бала жағдайын жақсарту үшін қолданатын қалып.

 

v Естің жағдайы

Есті бағалау маңызды болып табылады. Ес анық, сопорозды, ступорлы болады.

· Анық ес кезінде бала уақыт пен кеңістікте бағдар жасай алады.

· Ступорлы жағдайда қоршаған ортаға реакциясы төмен. Қатты тітіркендіруге бала жылаумен жауап береді. Қойған сұрақтарға енжар жауап қайтарады.

· Сопорозды жағдайда қоршаған ортаға реакция жоқ, бірақ ауырсыну тітіркендіргіштеріне реакциясы сақталған.

· Бас ми қабығының тежелу дәрежесінде естен тану пайда болады – кома.

Команың 3 дәрежесі бар:

1) I дәреже - жеңіл. Есі және еркін қозғалысы жоқ, бірақ мүйіздік және корнеальді рефлекстер сақталған;

2) II дәреже естің болмауымен, арефлексиямен (қарашық рефлексі сақталған),жиі тыныс алу бұзылыстарымен сипатталады;

3) III дәрежеде барлық рефлекстер болмайды, тыныс алу ритімінің терең бұзылыстары байқалады.

 

Егер есі болмаса, қарашықтарының көлеміне және жарыққа реакциясына мән беру қажет. Жарыққа реакциясы жоқ, кеңейген қарашық- орталық жүйке жүйесінің терең тежелуінің бір симптомы болып табылады. Мұндай науқастарда ауырсыну реакциясын және кеңірдек пен жұтқыншақ рефлекстерін анықтау команың тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.

 

v Қарау ерекшеліктері

· Егер бала ояу болса, зерттеу кезінде мазасыздандыруды шақыратын әрекеттен аулақ болуымыз қажет.

· Баланы қарау кезінде ойыншықпен, әзілмен алаңдату керек.

· Дәрігердің мінез-құлқы баланың жасына сәйкес болады. Кішкентай балаларды бірден шешіндіріп, төсегінде, жайалық ауыстыратын үстел үстінде немесе анасының алдында қарауды жүргіземіз. Мектепке дейінгі балаларды бірден немесе біртіндеп шешіндіріп қарауды іске асырамыз.

· Дәрігер баланың аяғын қарауды ұмытпау қажет.

· Барлық зерттеулер балаға теріс әсер әкелмеуі керек.

· Әрбір бала жеке өарауды талап етеді, қарау нәтижесінің жетістігі дәрігердің дағдысынан және тәжірибесінен байланысты болады.

· Зерттеу реттікпен орындалады, яғни бір мүшеден келесі мүшеге ауысу арқылы

· Балаларды қараған кезде мұндай реттік жиі бұзылады, оған себеп баланың дәрігерге деген реакциясы. Аңқаны қарау жағымсыз шара болғандықтан, бұл зерттеуді соңына қалдырамыз.

 

v Объективті зерттеу әдістері

Баланы тексеруде пальпация, перкуссия және аускультация әдістері қолданылады.

Пальпация әдісі – бұл қол басының алақан жағының температуралық және басқада сезімталдығына негізделген сипау әдісі. Көбіне бұл әдіспен тері, тері асты клечаткасы, бұлшықеттер және тыныс алу, жүрек – қантамыр жүйелерінің лимфа түйіндерін, құрсақ қуысының мүшелерін зерттеу кезінде қолданамыз.

Беткей және терең пальпация түрлерін анықтайды.

Құрсақ қуысындағы көп мөлшердегі сұйықтықты анықтау үшін беткей пальпацияны қолданамыз. Терең пальпацияны саусақ ұштарын терең бойлатып қарау арқылы жүзеге асырамыз.

 

Перкуссия әдісі – бұл дене беткейіне әсер ету арқылы пайда болған тербелістен шыққан дыбысты тыңдау.

 

Аускультация әдісі – бұл ағзаның қызметінің үрдісі кезінде пайда болған табиғи дыбыс тербелістерін тіркеу. Көбіне аускультация стетофонендоскоп арқылы жүзеге асады.

Дәрігер қолы мен стетофонендоскоп таза және жылы болуы қажет. Баламен байланысты орнату және қорқыныш сезімін тудырмау мақсатында балаға құралымызды беруге болады. Мұндай әрекет баланың қызығып ойнауына мүмкіндік береді.

Дәрігердің клиникалық қарауды дұрыс өткізуі, тура диагноз қойып, уақытылы ем бастауына әсер етеді.



php"; ?>