Азақстан Республикасының “Әлеуметтану” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары

Жоғары оқу орнының атауы Аспи­ран­ту­расы­ның бар-жоғы Магис­тратура­сы­ның бар- жоғы Оқы­ту тілі Бейімдік немесе біріккен кафедра­лар
1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты - бар қазақ, орыс біріккен
2. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті - - қазақ, орыс біріккен
3. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - - қазақ, орыс біріккен
4. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - бар қазақ, орыс біріккен
5. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті - - қазақ, орыс біріккен
6. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті - - қазақ, орыс біріккен
7. Х.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті бар - қазақ, орыс біріккен
8. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бар бар қазақ, орыс бейіндік
9. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті бар - қазақ, орыс біріккен
Шығыс гуманитарлық институты - - орыс біріккен

 


Осы мамандық бойынша жоғары оқу орындарында барлығы 522 адам оқып жатыр. 2002-03 оқу жылының басында республикада “Әлеуметтану” мамандығы бойынша оқу бітіргендердің саны 138 адам болған.

Елімізде “Әлеуметтану” мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлауға 2002-03 оқу жылына 30 мемлекеттік білім беру гранты мен 20 несие бөлінді.

Кеңестік білім беру жүйесінде әлеуметтану жоғары оқу орнында пән ретінде оқытылмағаны белгілі. Қоғамдық әлеуметтік процестерді, әлеуметтік-таптық қатынастарды ғылыми зерделеу “ғылыми коммунизм” курсында көзделген болатын. Әлеуметтану мамандықтары ретінде “қолданбалы әлеуметтану” ұсынылды. Мамандық туралы аннотацияда былай делінген: “Қоғам туралы ғылыммен “қолданбалы әлеуметтану” мамандығы да байланысты. Бұл мамандықта оқыған болашақ әлеуметтанушылар жеке институттардың, процестердің, қоғамдық топтардың заңдарын, дамуы мен қызмет етуінің қозғаушы күштерін қоғамдық-экономикалық формациялар мен жалпы тарихи процестер шеңберінде зерделеудің маркстік көзқарастарын меңгереді” [28, 7-б.].

Қазіргі заманғы әлеуметтанушы білім берудің басты мақсаты - әлеуметтану ғылымы туралы толық, жүйелі түсініктерді, сондай-ақ әлеуметтік шынайылықты зерделеу саласындағы тәжірибелік, аспаптық білімдерді игеретін мамандар даярлау. Әлеуметтанушылық білім берудің жоғары міндеті - тағы да бір мүмкіндік жасау арқылы - әлеуметтану ғылымын зерделеумен студентті үнемі өзгеріп отыратын ортаға сәтті бейімдей отырып, әлеуметтік процестердің, құбылыстар мен фактілердің, олардың пайда болу көздерінің, қызмет етуі мен дамуының мәніне түсінік беру арқылы студенттің санасын әлеуметтендіру болып табылады. Әлеуметтанушы білім берудің негізгі қызметі - Қазақстан қоғамының жабық қоғамнан ашық қоғамға өту процесіне жәрдемдесу, өйткені қоғамның ашық түрінде ғана өзгерістер мен жақсаруларға деген мүмкіндіктер болады.

Әлеуметтанушы-мамандарды даярлау әлем университеттерінде оқуды және тағылымдамадан өтуді көздейтін “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде де жүргізіледі. 1994 жылдан бастап бұл бағдарлама бойынша “Әлеуметтану” мамандығына 6 адам АҚШ пен Ұлыбританияның мына жоғары оқу орындарында оқып шықты:

АҚШ:

- Пенстэйт университеті (1994 жыл);

- Индиана штатының университеті (1997 жыл);

- Луисвиль университеті (1998 жыл);

- Колумбия университеті (2000 жыл).

Ұлыбритания:

- Манчестер университеті (1999 жыл);

- Дархум қаласының университеті (1999 жыл).

Әлеуметтану бойынша кадрлар даярлау деңгейінің көрсеткіші оқулықтар, әдістемелік құралдар және т.б. болып табылады. Әлеуметтануды оқытудың бірінші кезеңі шетелдік, ең алдымен ресейлік авторлардың оқулықтарына негізделді. Соңғы уақытта отандық оқулықтардың саны өсіп келеді. Оқу әдебиетінің бұл буыны мамандандырылуымен, отандық әлеуметтану материалдарының болуымен ерекшеленеді. Мына бағыттардың қарқынды дамуы белгіленді:

Жалпы әлеуметтану

· Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология: Учебник для студентов гуманитарных факультетов вузов. ­– Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 293 с.

· Аженов М.С., Утешев С.К., Жаназарова З.Ж. Общая социология. Альбом для схем: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 41 с.

· Забирова А.Т. Новейшие теории и концепции социоло-гической науки: Учебное пособие. - Астана, 2001. - 100 с.

· Социологиялық сөздік /Жалпы редакциясын басқарған - К.У. Биекенов. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 167 б.

· Қоғамның әлеуметтік құрылымы /Аженов М.С., Садырова М.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 160 б.

Экономикалық әлеуметтану

· Экономическая социология: Учебное пособие /Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф., Садырова М.С. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 79 с.;

· Экономическая социология. Курс лекций/Рук. автор.колл. - Л.Я. Гуревич. – Алматы: Экономика, 2001. - 253 с.;

· Касымова Л.Н. Практикум по экономической социологии: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Экономика, 2002. - 134 с.

Құқық әлеуметтануы

· Оспанов С.И. Социология права. – Алматы: Раритет, 2002. - 336 с.

· Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: Оқулық. - Алматы, 2003. - 208 б.

Отбасы әлеуметтануы

· Биекенов К.У., Нұрбекова Ж.А. Отбасымен әлеуметтік жұмыс: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. - 133 б.

· Жаназарова З.Ж. Социология семьи: Учебно-методическое пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 78 с.