Тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

Семинар мақсаты:Тапсырманың мақсаты және мазмұны: Адамның және азматтартың конституциялық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, азаматтардың конституциялық, саяси, еңбектік құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстарды оқытып- зерттеу.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1

«Азия» ЖПК төрағасы Мырзабаев өз бетімен ешкімнің рұқсатынсыз, демалысқа кетіп қалған көршілерінің есігін бұзып кірген, олардың асханаларындағы шамдарын өшірмей кеткендігін сылтау етеді.

Жеке меншік пәтерлер кооперативі төрағасы өзі қызмет ететин аумақта тұрғын үйлеріне өз бетімен кіре ала ма?

Тұрғын үйге қол сұқпаушылықты бұзуды қалай түсінесіңдер?

 

Тапсырма №2

Каскелең ауданында сайлау болатын кезде электр станциясының бастығы Шырақбаев ұсынылған кандидаттарға наразылық ретінде, №6 сайлау учаскесінің электр кернеуін өшіріп тастайды. Жарық өшкеніне қарамастан сайлау өтеді.

Сайлау барысына жарықтың өшкені сайлаушылар комиссияының жұмысына зиянын келтірмесе, Шырақбаев жазаға тартыла ма?

ҚР ҚК 146 бабы қарастырылған қылмыстың обьективтік жағын ашып көсетіңдер.

Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері.

2. Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

3. Адамның және азаматтың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар.

  1. Жеке құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар.

Есеп беру нысаны:семинар дәптеріндегі конспект.

 

Семинар сабағы №5

Тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

Семинар мақсаты:Мемлекеттің құрылыс негіздерінің және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттік қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды оқып-зерттеу.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1

Ақылбаев аға қызметкер болып микробиолгия институтында істеген мерзімде бірнеше жыл бойы жүйкеге әсер ететін қару жасап шығармақшы болады. Ол қару әр адамның тұқым кодына байланысты зиянын келтіруші еді. Ақылбаевтың іс-әрекет жоспары бойынша, ол қаруды қолданған кезінде туғаннан ақыл ойынан адасқан адамдардың жойылуы керек еді.

Оның жасаған ісінің қылмыстық-құқықтық бағасын беріңдер.

Нұсқалар: арнайы құзыретті биологтар жүргізген кешенді-тексеру барысында, Ақылбаевтың әзірлеген қаруы жүйкеге әсер ететін қару ретінде қолданылмайтындығы анықталған.

Тапсырма №2

Көлік және қатынас министірлігінің қызметкерлері ¤сербаев және Метлов автобуста келе жатып, геодезиялық және топографиялық жұмыстың нәтижелері туралы әңгімелесіп келеді.Ол әңгімелерінің құпиялық маңызы болған. Олармен бірге автобус ішінде үш зейнеткер және бір жас бала болған, бірақ олар сөздерін естісе де ештеңе ұға алмайды.

¤сербаев және Метловтың іс-әрекеттерін саралаңдар.

Нұсқа. Қылмысты саралау өзгереме егер: Жолаушыларға олардың мемлекеттік құпия жөнінде әңгімелесіп келе жатқандары туралы белгілі болса.

Егер жолаушылардың біреуі шет елінің тыңшысы болып, олардың сөзін магнитофонға жазып алса.

Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.

2. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар.

3. Соғыс қылмыстары.

4. Адамзатқа қарсы қылмыстар.

5. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылдықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі конституциялық принципке қол сұғу қылмыстары..

6. 6.Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама.

7. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

8. ҚР-ның саяси жүйесіне қарсы қылмыстар.

9. ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар.

10. Мемлекет құпиясын сақтауға қол сұғатын қылмыстар.

Есеп беру нысаны:семинар дәптеріндегі конспект.