Семинар сабағы №6

Тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар.

Семинар мақсаты:Меншікке қарсы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, талан- таражға салудың ұғымын, түрлерін, нысандарын, белгілерін оқып-зерттеу.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1

Аубакиров «Макаров» пистолетінің макетін сатып алып, онымен коммерциялық киоскінің сатушысын қорқытып, оған жиналған ақшасын беруін бұйырады. Сатушы оның пистолетінің түрін шын көріп барлығы 16578 тенге ақшасын бере салады.

Аубакировтың іс-әрекетін қалай саралау керек.

 

Тапсырма №2

Бекбатыров пышақпен қаруланып зейнеткер Низамединованың үйіне кіріп, оны түпкі бөлмесіне қамап, өзі 25567 тенге ақшасымен қолға ұстауға болатын мүліктерін алып кетеді.Тергеу барысында Бекбатыровтың пышақпен ешкімді қорқытпай, оны тек ұсталынған кезінде қарсылық көрсету үшін алғаны анықталады.Жәбірленушінің айтқан сөзі бойынша Бекбатыров оны пышақпен қорқытпаған екен.

Бекбатыорвтың іс-әрекетін қалай саралау керек?

Тонау мен қарақшылықтың айырмашылығы қандай?

Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.

2. Бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың түсінігі.

3. Талан-тараждың нысандары.

4. Талан-тараждың түрлері.

5. Талан-тараж белгілері жоқ, меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар.

6. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар.

Есеп беру нысаны:семинар дәптеріндегі конспект.

 

Семинар сабағы №7

Тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар.

Семинар мақсаты:Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың ұғымы мен түрлерін, заңды кәсіпкерлік, банктік қызмет саласындағы, экономика саласындағы, салық және кеден заңдылықтары саласындағы қылмыстарды оқып-зерттеу.

Тапсырмалар:

Тапсырма №1

Исламов заңды түрде ЖШС «Алтын» Коммерциялық фирмасын ашып оны тіркеуге қояды. Сонан соң Исламов «Инвест» банкінен 820 мың теңге несие алған кезінде «Ильяс» ашық Акционерлік қоғамы кепілдік ретінде болған. 235 мың теңге тұратын Исламвтың үйі банкте аманат болып қалады. Исламов несие алып жасырынып қалады.

Исламовтың іс-әрекетін қалай бағалау керек ?

ҚР ҚК 194 бабы қарастыратын қылмысты сипаттаңдар.

 

Тапсырма №2

ЖҚС «Возрождение» құрылтайшы құжаттары бойынша косметикалық бұйымдарды сатумен айналысады.Бірақ салық полциясы қоймаларын тексеру барысында онда көп партиялы есірткі заттарын табады. «Возрождение» бір жыл бойы есіртқи заттарын заңсыз дайындап, иемденіп, сақтап және сатумен айналысатыны анықталады.

Семинар сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар:

Студент семинарға дайындық алдында қажетті әдебиеттер және нормативтік актілермен танысу керек. Одан кейін, сұрақтарды мұқият оқып шығып әдебиеттерді саралау керек. Тапсырмаларды толық және уақтылы семинар сабағында ашып оқытушыға өткізу керек.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері

Есеп беру нысаны:семинар дәптеріндегі конспект.