Созылмалы гангренозды пульпит 1 страница

***

45 жастағы ер адам 26 тісінде өздігінен ұстамалы ауырсынуларға шағымданады, самай аймағына таралып, барлық тітіркендіргіштерге ұзақ мерзімді ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Қарағанда: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс анықталады, ашылған ұлпа мүйізін зондтау жедел ауырсынады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

Жедел жартылай пульпит//

Жедел жалпы пульпит//

Жедел іріңді пульпит//

+Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

***

Созылмалы фиброзды пульпиттің ажырату нақтамасы жүргізіледі://

Созылмалы гипертрофиялық пульпит//

Жай ағымды терең тіс жегісі//

+Тез ағымды терең тіс жегісі//

Созылмалы периодонтит//

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

***

«Step back» әдісімен түбір каналын өңдеудің ерекшелігі://

Сауыттан төмен қарай түбір каналын кеңейту//

Сағат тілі бойымен предентинді алу//

Сағат тіліне қарсы предентинді алу//

+Апекстен өзекке қарай каналды кеңейту//

Өзектен апекске қарай дентинді алу

***

22 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен болатын тұрақты солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Пульпит себебімен эндодонтиялық емдеу сатысында. 4 күн бұрын мышьяк пастасы салынған. Қарағанда: 26 тісте уақытша байлам, перкуссия ауырсынады, түбірұшы аймағындағы шырышты қабық өзгеріссіз,пальпацияда ауырсынбайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

Экссудация сатысындағы жедел периодонтит//

+Интоксикация сатысындағы жедел периодонтит//

Созылмалы периодонтиттің өршуі//

Созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі//

Созылмалы жай пульпиттің өршуі

***

«Экссудация сатысындағы жедел периодонтит» диагнозына тән рентгенологиялық көрініс://

+Периодонт пен сүйек тінінде өзгеріс жоқ//

Түбірұшы аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі//

Түбірұшы аймағында анық емес шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//

Түбірұшы аймағында дөңгелек пішінді анық шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//

Мойын аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі

***

45 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ аймағында ұзақ мерзімді, ұстамалы ауырсынуына, оның құлақ пен самай аймағына таралуына шағымданады. Ауырсыну салқыннан басылады. Аллергоанамнез теріс. Қарағанда: 26 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс, қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады, перкуссия аздап ауырсыну. Емдеу әдісін таңдаңыз://

Девитальды экстирпация әдісі//

Девитальды комбинирленген әдіс//

Девитальды ампутация әдісі//

+Витальды экстирпация әдісі//

Консервативті әдіс

***

35 жастағы ер адам сауықтану мақсатында келді. Қарағанда: 47 тістің дистальды–шайнау бетінде үлкен (5 мм2) пигменттелген дақ анықталды. Емдеу әдісін таңдаңыз://

Дақты тегістеу//

+Егеу, пломбалау//

Динамикалық бақылау//

Реминерализацтялық терапия курсы//

Фторлакпен бірреттік жағу

***

Қызылиек қанауының дәрежесін анықтауға арналған зерттеу әдісі://

Ясиновский сынамасы//

Роттер сынамасы//

Шиллер-Писарев сынамасы//

+Айнамо сынамасы//

Кулаженко сынамасы

***

39 жастағы ер адам қызылиегінің қансырауына, жұтынған кездегі ауырсынуға, дене қызуының 38,5 С-ге дейін жоғарлауына шағымданады. Қарағанда: тері беткейі ақшыл түсті, ауыз қуысынан жағымсыз іріңді иіс шығады. Төменгіжақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, қызылиек емізікшелері некроздалған,зондтағанда қанайды. Ретромолярлы кеңістік пен миндалиналар аймағында некроз аймақтары анықталады. Қоршаған шырышты қабық ақшыл түсті. Нүктелік петехиальды қан құйылулар байқалады. Алғаш өткізетін тексеру әдісі://

ПЦР-диагностика//

+Жалпы қан анализі//

Иммуноферменттік анализ//

Цитологиялық зерттеу//

Бактериологиялық зерттеу

***

32 жастағы әйел адам қызылиегінің кейбір уақытта қанауына шағымданып келді. Қарағанда: қызылиекүсті тіс жұғындылары бар, қызылиек емізікшелері мен маргинальды қызылиек күңгірт көкшіл түсті. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз://

Ауыз қуысын сауықтыру//

+Ауыз қуысын сауықтыру, физиотерапия//

Ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомия//

Ауыз қуысын сауықтыру, гингивотомия//

Ауыз қуысын сауықтыру, кюретаж

***

Пародонтальды қалта тереңдігі 5 мм дейін жағдайындағы хирургиялық шара://

Құрақтық операция//

+Жабық кюретаж//

Гингивотомия//

Жай гингивоэктомия//

Радикальды гингивоэктомия

***

35 жастағы ер адам лет ұзақ уақыт бойы жазылмайтын төменгі ерініндегі жарыққа шағымданады. Қарағанда: төменгі еріннің қызыл жиегінде - жарық, пальпацияда ауырсынусыз, негізінде шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Төменгі жақасты лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз. Диагноз қою үшін қолданылатын реакция://

+Бозғылт трепонемалар иммобилизация реакциясы//

Лимфоциттер бласттрансформация реакциясы//

Пассивті гемагглютинация реакциясы//

Лейкоциттер агломерация реакциясы//

Лейкоцитолиз реакциясы

***

49 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде бұдырлық пен күйдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсирленген түрі себебімен диспансерлік бақылауда тұр. Қарағанда: тілдің арқасында және ұрттың оң жақ шырышты қабығында – ақ түсті жұғынды мен тостағаншалар бар. Шпателмен қырғанда жұғынды жартылай алынады. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі://

Биопсия//

Жалпы қан анализі//

Иммунологиялық зерттеу//

Серологиялық зерттеу//

+Жұғынды микроскопиясы

***

19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

+Флюороз//

Жергілікті гипоплазия//

Бастапқы тіс жегісі//

Беткей тіс жегісі//

Эмаль некрозы

***

45 жастағы әйел адам тістер сауытының көптеген ақауына шағымданып келді. Қараған кезде: 36, 35, 34 тістердің вестибулярлы беткейдің мойын аймағында дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді тығыз және жылтыр қабырғасы бар тістің қатты тіндерінің жойылуы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

Тістің қатты тіндерінің некрозы//

Тістің қатты тіндерінің эрозиясы//

Беткей тіс жегісі//

Орташа тіс жегісі//

+Сына тәрізді ақау

***

Гоу-Гейтс анестезиясы бойынша келесі нервтердің блокадасы болады://

+Тілдік, ұрттық, төменгі альвеолярлы//

Тлдік, төменгі альвеолярлы//

Тілдік, төменгі альвеолярлы, иектік//

Үшкіл нервтің үшінші тармағының қозғалғыш талшығы//

Ұрттық, иектік

***

Ұяшықтан қан кетудің жергілікті себептері болып табылады://

Жоғары артериальды қан қысымы//

Дене температурасының көтерілуі//

+Қызылиек шырышты қабығының жыртылуы//

Тахикардия//

Тахипное

***

Жергілікті жансыздандыратын заттар әсерін күшейтуге қосылатын ерітінді://

Ауру басатын препараттар//

+Тамыр тарылтатын препараттар//

Тамыр кеңейтетін препараттар//

Антигистаминді препараттар//

Седативті препараттар

***

П.М. Егоров бойынша өткізгіш анестезия жасау кезінде (ауызішілік) анатомиялық нысана://

Жоғарғы молярлар//

Қанаттәрізді-жақ қатпары//

+Бұлшықер аралық үшбұрыш//

Төменгі премолярлар//

Төменгі үшінші моляр

***

19 жастағы науқаста оң жақасты аймағында ауырсынатын «шар» пальпацияланады, қозғалмалы, тері және тіндермен дәнекерленбеген, мөлшері 2.5х2.0см. Оның үстіндегі тері түсі өзгермеген, қатпарға жиналады. Соңғы аптада ангинамен ауырған. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Мойынның бүйір кистасы//

Созылмалы гиперпластикалық лимфаденит//

+Жедел серозды лимфаденит//

Жедел іріңді лимфаденит//

Жақасты аймағының абсцесі

***

32 жастағы науқаста тағам қабылдағанда жақасты сілекей безінің ұлғаюы анықталды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Радикулярлы киста//

Жедел эпидемиялық паротит//

Жедел серозды имфаденит//

Паренхиматозды сиалоденит//

+Калькулезді сиалоденит

***

29 жастағы науқас сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болды. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 380С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 22. Сол жақ мұрын ерін қатпары аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 4,0х4,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған 3 іріңді өзектері бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Мұрын ерін қатпары аймағының абсцессі//

Мұрын ерін қатпары аймағының абсцестелген фурункулы//

Мұрын ерін қатпары аймағының флегмонасы//

Бұрыштық венаның флебиті//

+Мұрын ерін қатпары аймағының карбункулы

***

Клиникаға 19 жастағы науқас жарақаттан кейін ауырсыну мен ауыз қуысынан қанағу шағымымен келді. Қараған кезде: беті симметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынулы. 11, 12, 21, 22 тістерлің ІІ-ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы, қызылиектің кілегей қабығы қызарған, ісінген, зақымдалған, қансырайды. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Жарақаттық периодонтит//

Жарақаттық пульпит//

+Толық емес орнынан таю//

Толық орнынан таю//

Ішке кірген орнынан таю

***

17 жастағы науқас оң жақ самай-төменгі жақ буыны аймағында ауырсыну және қытырлау шағымымен келді. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Самай-төменгі жақ буынының артриті//

Самай-төменгі жақ буынының артрозы//

Самай-төменгі жақ буынының анкилозы//

+Самай-төменгі жақ буынының жасөспірімдік дисфункциясы//

Самай-төменгі жақ буынының деформациялық остеоартрозы

***

33 жастағы науқас ұрттық аймағында ісіну мен қызару шағымымен келді. Қызару 5 жыл бұрын пайда болды, ол біртіндеп үлкейе бастаған. Объективті: оң жақ ұрт аймағында анық контурлары бар, қызыл түсті 2,5х3,0 см түзіліс бар. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

+Гемангиома//

Лимфангиома//

Нейрофиброматоз//

Лимфаденит//

Абсцесс

***

Науқас 28 жаста. Клиникаға ауыз қуысынан қанағу шағымымен келді. 6 сағат бұрын 46 тіс жұлынды. Асқынуды болжаңыз://

+Ұяшықтан қан кету//

Альвеолит//

Самай-төменгі жақ буынының орнынан таюы//

Гаймор қуысы түбінің перфорациясы//

Төменгі жақтың сынығы

***

Науқас С., 36 жаста. Шағымы: төменгі оң жақ аймағында ауырсыну мен ісінуге, әлсіздікке, сырқаттануына. Объективті: төменгі оң жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Ауыз ашылуы ауырсынады. 46 тістің сауыты ½ бұзылған, перкуссия ауырсынады. 46 тіс аймағында өтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

46 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//

Созылмалы одонтогенді лимфадениті//

Жедел одонтогенді остеомиелит//

Жедел іріңді одонтогенді лимфадениті//

+46 тістен жедел іріңді периоститі

***

47 жастағы науқаста эпидемиялық паротит анықталды. Бұл ауру кезінде сілекей бездері секреті мен секрециясының сипатын анықтаңыз://

Мөлдір, сұйық//

Бұлдыр, гипосаливация//

Қою, гиперсаливация//

Бөлінбейді//

+Mөлдір, гипосаливация

***

18 жастағы науқас сол жақ ұрт аймағында ісіну мен ауырсыну шағымымен келді. Анамнезінен: "безеу" пайда болғанына 2 тәулік болған, безеуді сығуға тырысқан. Жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Температура - 37,50С, пульс - минутына 90 соққы, ТАЖ - минутына 20. Сол жақ ұрттық аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Бұл аймақта 2,0х2,0 см инфильтрат бар, инфильтраттың ортасында қабыршақтармен жабылған іріңді өзек бар. Тері қызарған, ісінген. Пальпациясы ауырсынады. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Ұрттық аймағының абсцессі//

+Ұрттық аймағының абсцестелген фурункулы//

Ұрттық аймағының флегмонасы//

Бұрыштық венаның флебиті//

Ұрттық аймағының карбункулы

***

24 жастағы науқас төменгі сол жақ аймағының ісінуі мен ауырсынуына шағымданып келді. 2 сағат бұрын белгісіз біреулерден соққы алған. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Қараған кезде: төменгі сол жақ аймағында жұмсақ тіндердің ісінуі есебінен беті асимметриялы. Пальпация кезінде төменгі жақтың денесі аймағында сынықтың қозғалғыштығы мен ауырсыну анықталды. Ашық ауыз кезінде қысым түсіру симптомы оң. Ауыз ашылуы 1,5 см. дейін шектеулі. Тістесуі бұзылған. 3.5,3.6 тістер аралығындағы кілегей жыртылған, қансырайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

+Төменгі жақсүйек денесінің сынығы//

Төменгі жақсүйек бұрышының сынығы//

Төменгі жақсүйек ментальды сынығы//

Төменгі жақсүйек орталығы сынығы//

Төменгі жақсүйек бұтағы сынығы

***

15 жастағы науқаста екі самай-төменгі жақ буынының анкилозы анықталды. Жақтың иектік бөлімінің ығысу бағытын болжаңыз://

Сол жағына//

Оң жағына//

Артқа//

Алдығы//

+Төмен

***

16 жастағы науқаста жарақаттан кейін төменгі ерін аймағында ісіну пайда болды. Төменгі ерін аймағында 1,5х1,5 см ісіну бар, кілегей жұқарған, көкшіл-қызыл түсті. Пальпациясы ауырсынбайды. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

Лимфангиома//

+Ретенционды киста//

Гемангиома//

Абсцесс//

Гематома

***

Науқас 22 жаста. Клиникаға ауыз қуысынан қанағыштық шағымымен келді. Бір тәулік бұрын 16 тіс жұлынды. Мұрын-ауыз сынамасы оң. Асқынуды болжаңыз://

Ұяшықтан қан кету//

Альвеолит//

Самай-төменгі жақ буынының орнынан таюы//

+Гаймор қуысы түбінің перфорациясы//

Төменгі жақтың сынығы

***

29 жастағы науқас жоғарғы сол жақ жартысы аймағында ауырсыну мен ісінуге, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына үш тәулік. Объективті: жоғарғы сол жақ жұмсақ тіндерінің ісінуі есебінен беті асимметриялы, пальпациясы ауырсынады. Ауыз ашылуы ауырсынады, 26 тістің сауыты 2/3 бұзылған. 26 тіс аймағындаөтпелі қатпар тегістелген, қызарған, ісінген. Алғашқы диагнозды болжаңыз://

26 тістің созылмалы периодонтитінің өршуі//

Жедел іріңді периодонтит//

Жедел іріңді остеомиелит//

Жедел іріңді гайморит//

+26 тістен жедел іріңді периоститі

***

36 жастағы науқаста созылмалы паренхиматозды сиалоденит анықталды. Бұл аурудың рентгенологиялық белгісін анықтаңыз://

+Бір шоқ жүзім симптомы//

Шық симптомы//

Құрғақ ағаш симптомы//

Толу симптомы//

Флюктуация симптомы

***

Негізінен тістехникалық зертханада келесідей жұмыстар жүргізіледі://

Құймалық жұмыстар//

Жылтырату жұмыстары//

+Тіс протездерін дайындаудағы жұмыстар//

Полимеризациялау жұмысы//

Ғанышпен жұмыс

***

Алтыннан дәнекерленген көпір тәрізді протездердің металдан айырмашылығы://

Қаттылығы және гальванизмі жоғары//

Гальванизм жоғары, қаттылығы төмен //

Гальванизм төмен, қаттылығы жоғары//

+Қаттылығы және гальванизмі төмен//

Қаттылығы және гальванизмі бірдей

***

Тіс сауытының қызылиек жиегіне дейінгі сыну кезіндегі протез://

Жасанды сауыт//

Қондырма//

Көпір тәрізді протез//

+ Штифтік құрылым//

Алмалы-салмалы протез

***

Окклюзия дегеніміз://

+Артикуляцияның бір түрі//

Физиологиялық тыныштықтағы жағдай//

Төменгі жақ сүйегінің әртүрлі орналасуындағы тістесу//

Тістесу түрі//

Жасанды тістердің тістесу түрі//

***

Гаврилов жіктемесі бойынша тіс қатары ақауының 4 класын көрсетіңіз: //

Бүйір бөліміндегі ендірмелі ақау//

Бір жақты шектелмеген ақау//

Екі жақты шектелмеген ақау//

Алдыңғы бөліміндегі ендірмелі ақау//

+Жалғыз тұрған тіс

***

Төменгі жақты көтеретін бұлшық еттер://

Дөңгелек ұрттық, меншікті шайнау//

Самай, сыртқы біз тәрізді, төс-бұғана-емзікше//

Алмұрт тәрізді тесіктің ішкі қанатша, ұрттық//

Меншікті шайнау - біз тәрізді, самай//

+Меншікті шайнау, самай, ішкі қанатша

***

СТЖБ-ге тістердің жоюлуыдың әсері://

Артрит//

Буынның біріншілік тайқуы//

+Буын дисфункциясы:окклюзионды-артикуляционды синдром//

Буын дисфункциясы: нейромускулярлық синдром//

Буынның жартылай тайқуы

***

Сауыт бөлігі бұзылған тістерге жасанды сауыттар мен көпірлі протездердің тірек сауыттарын дайындаудың ерекшеліктері://

Ерекшелік жоқ//

Тістері жұлынады//

+Бұзылған тістерді алдын ала тұқылдық салмамен немесе анкерлік штифтпен бірге пломбамен қалпына келтіреді//

Бұзылған тістерді алдын ала пломбамен қалпына келтіреді//

Бұзылған тістерді адын ала металды қалпақшалармен қалпына келтіреді

***

Жоғарғы жақта 18, 17, 16, 15, 24, 25, 26, 28 жартылай екіншілік адентиясы. 27 тіс аз мөлшерде мезиальді жаққа ығысқан. Торусы айқындалған. Төменгі жақ тіс қатарылары сау (интакты). Қолданылатын ортопедиялық ем://