Салқын компресті қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Көрсеткіші: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарама-қарсы көрсеткіші:іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Жабдықтау: салқын суы бар ыдыс, бірнеше рет қабатталған 2 дәкелер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3.Даярлаған дәкені салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

4.Дәкені бірнеше қабатпен бүктеңіз.

5.Дененің тиісті учаскесіне дәкені салыңыз.

Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені дәке қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді.

6.Бірінші дәкені екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Көрсеткіші :инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарама-қарсы көрсеткіші:қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Жабдықтау:компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәкелер, компрестік қағаз, мақта, бинт, 40% этил спирті немесе дәрілік ертінділер, 20-250 С су, қайшы, қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3.Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4.Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәкені ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

5.Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәкені қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

6.Компрестік матаның немесе дәкенің үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

7.Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

8.Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

9.Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

10.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

11.2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, дәкенің ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

13.Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:

-егер 2 сағаттан кейін дәке құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

-спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

-компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

-қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

 

СҮЛІК ҚОЮ

Мақсаты :емдік, қан алу, қанның ұюын төмендету.

Көрсеткіштері:гипертензиялық криз,стенокардия,миокард инфарткісі,тромбофлебит,қан тромбозы,геморрой.

Қарсы көрсеткіштері:гипотензия,қан ұюы,аллергиялық жағдай,тері сезімталдығы.

Жабдықтар:

-стерильденген лоток, пинцет, тампондар, сүліклер, қолғап,маска,алжапқыш

- байламдық материалдар

- медициналық оңқалар - 70% спирті бар флакон, 40% глюкоза ерітіндісі

- ыстық су құйылған ыдыс

- 6-8 сүлік.

Іс әрекет алгоритмы:

1.Науқаспен сенімді қарым- қатынас жасаңыз, іс- шараның мақсаты және ретімен таныстырыңыз, келісімін алыңыз. Процедураға кері көрсеткіші жоқтығына көз жеткізіңіз.

2.Науқасты ыңғайлы жағдайға келтіріңіз.

3.Дененің керекті жерін босатып, терісін тексеріңіз, түктерін қырып тастаңыз.

4.Теріні спиртпен, содан кейін жылы суға матырылған тампонмен сүртіп, құрғатыңыз. Тері ауруының және кері әсерінің жоқтығын тексеріңіз.

5.Сүлік қоятын жерді 40% глюкоза ерітіндісімен сүртіңіз (сүлік жыбысатын тәсіл, себебі сүлікге спирт иісі жақпайды).

6.Сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағымен пробиркаға салыңыз. Сүлік салатын жерге сүлік салынған банканы жақындатыңыз да, сүлікні керек нүктеге қарай бағыттаңыз.

7.Сүлік теріге жабысқанда алдыңғы жағында толқын тәрізді қозғалыс пайда болғанда сүлікні ыдыстан босатыңыз. Бұл сүлікнің алдыңғы жағымен теріге жабысқанын білдіреді.

8.Сүліктің артқы жағына сүлік койыңыз (бұл сүлік белсенділігінің артуынан сақтандырады).

9.Қалған сүліктерді де дәл солай қоясыз.

10.Сүлік салынған жерге лоток қойыңыз.

11.Сүліктер өздері түседі егер денеге мүсәтір спиртіне батырылған тампонды жақындатса. Сүлік қою уақыты 20-30/ аспауы керек.

12.Қолданған сүліктерді формалин немесе мүсәтір спиртінің зарарсыздандыру лық ерітіндісіне салыңыз.

13.Сүлік салынған жерге зарарсыздандырылған тампон, оның үстінен қысып тұратын асептикалық мақта-дәке байламымен жауып, лейкопластырмен бекітіңіз (қан кетуді болдырмау үшін).

14.Қолданған заттарды зарарсыздандырыңыз.

15.Қолғапты шешіп, оны жуыңыз, қолыңызды кептіріңіз.

16.Байламды тексеріп отырыңыз. Егер байлам суланса, үстіңгі қабатын алыңыз да, жаңадан мақта-дәке байламын жапсырыңыз.

17.Байламды 1-2 тәулікке қалдырыңыз.

 

79. Парафин жəне озекерит пен емдеу тəсілі

Көрсеткіші:буындардың травма жəне қабынулық зақымдалулары,(артроз, артрит),сүйек жəне бұлшық еттің (миозит),неврит (радикулит),ішкі ағзалардың ауруларында,күйіктен кейінгі терінің қатаю өзгерістері.

Қарсы көрсеткіштері:лихорадка,жүрек жəне қан тамырлар ауруының асқынулары, гипертония, қан кетудің қатерлі жəне қатерлі емес ісіктері, туберкулез, бронхиалдық астма,жүктілік.

Озекерит жəне парафин салудың тəсілдері

Дайындаңыз:арнайы парафин жылытқыш немесе су ваннасын, термометр,жалпақ марлелік кисть, клеенка,көрпеше,ванна немесе клеенкалық қапшық.

І.Салу тəсілі

1-ші қабат-жалпақ марлелік кисть арқылы балқытылған парафинді (Т 55°-65°С)теріге жағыңыз,біртіндеп қалыңдығын ұлғайтыңыз 2 см-ге дейін.

2-ші қабат-ол жерді клеенкамен жабыңыз.

3-ші қабат- ол жерді көрпешемен ораңыз.

Парафиндік аппликацияның температурасы 50°С-қа дейін жетеді.

Процедураның ұзақтығы 30 минуттан 1сағатқа дейін жетеді.

ІІ.Парафиндық ванна жасаудың тәсілдері

(қол білезігіне жəне аяқтың өкшесіне əсер етуге)

1.Жалпақ марлелік кисть арқылы білезікке немесе өкшеге ыстық парафинді (t-55-65°С)салыңыз1,5-2см -ге дейін.

2.Ванна немесе клеенкалық қапшықты ыстық балқытылған парафинмен (65°С-қа дейін) толтырыңыз.

3.Ыстық балқытылған парафинмен толтырылған клеенкалық қапшыққа немесе ваннаға аяқ өкшесін немесе қол білезігін салыңыз.

4.Бұл жерді көрпешемен орап қойыңыз.

Алдын-ала жағылған қабат күйік туғызуы мүмкін.

Процедура ұзақтығы 15 сағатқа дейін жалғасады.

 

ІІІ. Дəке-аппликациялық тәсіл

1.Терінің белгілі бөлігіне сырлауыш кисть арқылы 1-1,5см қалыңдықта парафин жағыңыз

2.Ыстық (t 70°C)сіңірілген парафиннің үстіне 8-10 қабаттыққабатты мəрлі төсеңіз.

3.Бұл терінің бөлігін клеенкамен жабыңыз.

Процедура ұзақтығы 40-60 минут.

 

IV.Кювет-аппликациялық(арнайы тарелкалық)тәсіл

1.Арнайы тарелка немесе кюветтің жан-жағына жəне түбіне клеенка төсеңіз.

2.Арнайы тарелка немесе кюветке балқытылған парафинді құйыңыз .

3.Парафиннің сыртқы қабатының тоңазыған бөлігін клеенкамен қоса арнайы тарелка немесе кюветтен алып шығыңыз.

4.Парафинді клеенкасымен қоса,терінің белгілі бөлігіне қойыңыз.

3.Үстінен көрпешемен жабыңыз.

Процедура ұзақтығы 1 сағатқа дейін созылады.

ЕСКЕРТУ!

Ақ құрғатылған парафин- ...май жəне мұнай өндірген кезде алынатын тығыз көмірсутегінің қоспасы.

Медициналық озекерит – мұнай тектес зат,күрең қоңыр түстен қара түске дейін сипатталатын балауызды зат.Құрамында парафин,смала,минералды зат және т.б қоспалар болады.Озекериттің жоғары жылу сыйымдылығы және төмен жылу өткізгіштік қасиеті болған соң қолданады.

Парафин балқытып жасап жатқанда су тимеуін қадағалау керек,егер су тисе терінің куйуіне әкелуі мүмкін.