Лаққа тамшы жіберу медбикелік технологиясы

Мақсаты: емдік

Көрсеткіші: Дәрігердің нұсқауы

Жабдықтау: Залалсыздандырылған лоток, пипетка, мақта түйіршіктері, мақталы турундалар, дәрілер, резеңке қолғап, жабдықтарды қайнату үшін ыдыс, қолданылған заттарға арналған контейнер

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Пациентке процедура барысын түсіндіру.

2. Дәрінің жарамдылығын тексеру.

3. 36-370 С градуста жылыту.

4. Пипетканы тексеру.

5. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, залалсыздандырылған қолғапты

кию.

6. Басын бір жақ қырына еңкейту.

7. Құлақты мақталы турундалармен құлықтан тазалау.

8. Егер арнайы тамшылар болса, онда ек бетіне қаратып тамшыны

жібереді.

9. Егер пипетка болса,оны оң жақ қолға алып дәріні сорып аламыз.

10. Құлақтың шеміршегін сол жақ қолмен алып, жоғары және артқа

тартып, құлаққа 2-3 тамшы жібереміз.

11. Пациент 10-15мин ұстап тұруын сұраймыз, мақта түйіршігімен

құрғатамыз.

12. Екінші құлақты осылай қайталаймыз.

13. Қолғапты шешіп, қолды жуып құрғатамыз.

14. Қолданылған заттарды контейнерге тастайсыз.

 

95. Тік ішекке суппозиторияларды қолдану

Мақсаты:емдік

көрсеткіштері:тік ішектін жарылуы, геморрой т. б..

Жабдықтау: тік ішекке арналған суппозиториялар, қайшы, мақта түйіршіктері, залалсыздандырылған қолғап, қалдықтарға арналған контейнер (ҚАК), дәрігердің нұсқау қағазы (ф. 004 – 1/у).

 

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Суппозиторияларды тоңазытқыштан алып атын оқыңыз.

2. Пациентке дәрі туралы хабарлама беріп, келісімін алыңыз.

3. Пациентті қырынан жатқызып, аяғын тізесіне бүктіріңіз.

4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып антисептикпен өндеңіз.

5. Резеңке қолғапты қолыңызға киіңіз.

6. Суппозиторияны алып пациенттің жамбасын ашып тік ішекке терендігі 2 – 3 см ге дейін енгізініз.

7. Пациентті ыңғайлап жатқызып мақта түйіршігімен жабыңыз.

8. Пациенттің бірнеше минут қозғалмауын айтыңыз.

9. Резеңке қолғапты шешіп ҚАК тастаңыз.

10. Бірнеше сағаттан кейін пациенттің жағдайын сұраңыз.

Ескерту:

- балауыздарды тоңазытқышта немесе салқын жерде сақтау керек;

- балауыздарды қолда көп ұстауға болмайды, себебі тез еріп кетеді.

 

 

Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу

Бір рет қолданылатын шприцты жинау

Жабдықтау:мақта түйіршіктері, бір рет қолданатын резеңке қолғап, бір рет қолданылатын шприц, тері антисептигі дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейінде жуыңыз, қолыңызды антисептикпен өндеп қолғапты киіңіз.

2. Шприцты орауынан алып, тұтастығын, шыққан мерзімін анықтаңыз.

3. Шприцты орауымен сол жақ қолыңызға поршенін жоғары қаратып алыңыз.

4. Поршень жағынан ашыңыз.

5. Шприцты ораудан алғаннан кейін инесін жалғаңыз.

6. Поршенді өзіңізге қарай тартып иненің қалпақшасын шешпей ауаны жіберіңіз.

8. Жиналған шприцты ораудың ішіне салыңыз.

Дәріні ампуладан сорып алудың медбикелік технологиясы

Мақсаты: Дәріні парентеральды жолмен енгізу

Көрсеткіші: Дәрігердің нұсқауын орындау

Жабдықтау: бір рет қолданылатын шприц, мақта түйіршіктері, резеңке қолғап, дәрісі бар ампула, дезинфекциялық ертіндіге салынған пинцет, егеуіш, қолданылған заттарға арналған контейнерлер (ҚАК).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәріні дәрігердің нұсқау қағазымен сәйкестендіру.

2. Дәріні назар аударып оқу, дозасын, сақтау мерзімін қарау.

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, антисептикпен өңдеу, қолғапты кию.

4. Шприцты ораудан (стандарт бойынша) жинау.

5. Бүкіл дәрі кең жағында болу үшін ампуланы сол жақ қолға алып, сілкілеу.

6. Спиртке малынған мақта түйіршігімен ампуланың жіңішке жағын жоғарыдан төмен қарай сүрту.

7. Егеуішпен ампуланың жіңішке жағын кесу.

8. Мақта түйіршігімен сүртіп, ампуланың жіңішке жағын алып тастау.

9. Ампуланы сол жақ қолдың 2-ші 3-ші саусақ арасына ұстау.

10. Жиналған шприцты алып, 2-саусақпен- шприцтың канюлясын 1,3,4-саусақпен цилиндрды, 5-саусақпен поршенді ұстау.

11. Инені ампулаға ұзындығы 0,5мм жан-жағына тигізбей кіргізу.

12. Ертіндіні біртіндеп алып, ампуланы жоғары көтеру.

13. Инені алып тастап, басқа инъекциялық инені салу.

14. Абайлап иненің қалпақшасын аса тығыздамай жауып, ауасын шығару.

15. Шприцты ораудың ішіне қайтадан салу.

Егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, залалсыздандырылған лотокқа: залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, залалсыздандырылған дәкемен жауып апарасыз.