Кәсіби гигиенаның мазмұны және жоспарлануы

Ауыз қуысы кәсіби гигиенасының негізгі мақсаты жергілікті шаралармен периодонт тінінне микробты факторлардың патогенді әсерін жою (нақтырақ, минимизациялау) болып табылады. Сондықтан кәсіби гигиена бұл терминнің кең мағынасында стоматолог және оның командасы қызметінің екі бағытын жорамалдайды: 1) науқастың ауыз қуысының үйде жеке гигиенасының жақсы деңгейін қамтамасыз ету; 2) кәсіби әдістермен және заттармен науқастың тіс жұғындыларының барлық түрлерін алып тстау. Бұдан басқа, кәсіби гигиенаның толық жиынтығына пломбалардың салбыраңғы жиектерін дұрыстау және оларды жылтырату кіреді (табл. 6.3).

Таблица 6.3

Ауыз қуысының кәсіби гигиенасы курсының болжалды мазмұны

 

Келу Шаралар Заттар мен әдістер
1-ші Периодонт жағдайын анықтау Стоматологиялық айна және зонд (периодонтальды), Шиллер-Писарев ерітіндісі
Периодонт ауруларының қауіп-қтаер факторларын анықтау Стоматологиялық айна және зонд (периодонтальды), ауа пистолеті, копировальды қағаз
Периодонт патологиясының жеке алдын-алу жоспарын құру Анамнез бен клиникалық зерттеу мәліметтері
Басқарылатын қауіп-қатер факторларын жоюға науқастың мотивациясы, соның ішінде – ауыз қуысы гигиенасын жақсы деңгейде сақтауына Айна (видеокамера), анықталған факторлардың болжаушылық мәнін суреттейтін көрнекі нұсқаулар
Гигиенаның негізгі жеке заттары мен әдістерін таңдау; науқасты оларды қолдану әдістеріне фантомда үйрету Гигиенаның заттарының үлкен жиынтығы және науқасқа үйрету мен көрсету үшін жақ мүсіндері
2-ші Жеке гигиенаның ұсынылған негізгі заттарын қолданумен тістердің бақыланатын тазартуы, тазарту сапасын бағалау және анықталған техникалық қателерді дұрыстау Қол жуғыш және айна, бояғыштар, науқастың ауыз қуысы гигиенасының жеке негізгі заттары
Гигиенаның қосыма жеке заттары мен әдістерін таңдау; науқасты оларды қолдану әдістеріне фантомда үйрету Гигиенаның қосымша заттарының үлкен жиынтығы және науқасқа үйрету мен көрсету үшін жақ мүсіндері
Жақтың бір-төрт квадранттарының тістерінен тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату үшін заттар
3-ші Жеке гигиенаның ұсынылған негізгі және жеке заттарын қолданумен тістердің бақыланатын тазартуы, тазарту сапасын бағалау және анықталған техникалық қателерді дұрыстау Қол жуғыш және айна, бояғыштар, науқастың ауыз қуысы гигиенасының жеке негізгі және қосымша заттары
4-ші Жақында өңделген квадранттарда қызылиекасты аймақтарының тазалану сапасын тексеру, дұрыстау Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату, реминерализация үшін заттар
5-ші Жақтың қалған квадранттарының тістерінен тіс жұғындыларын кәсіби алып тастау Жансыздандыру өткізу үшін заттар, жұмсақ және минерализденген тіс жұғындыларын алып тастау үшін қол және аппаратты заттар; реставрацияны дұрыстау, жылтырату, реминерализация үшін заттар

 

Кәсіби гигиена курсының нақты мазмұны, курстың мақсатына жету үшін қажет келулер саны, мұндай курстарды қайталау жиілігі – осының бәрі науқастың жеке ерекшеліктерімен анықталады (ауыз қуысының жеке гигиенасын өткізуге оның мотивация деңгейі және гигиеналық дағдылары, тіс жұғындыларының саны мен сапасы, периодонт жағдайы). Көбінесе стоматологқа екіден төртке дейінгі келулері бірнеше күн интервалымен қажет, содан кейін науқасты екі аптадан кейін, бір айдан кейін, үш айдан кейін, жарты жылдан кейін жеке гигиена дағдыларын бақылау және дұрыстау үшін шақырады. Қанағаттанарлық гигиеналық дағдылары бар науқастар үшін кәсіби гигиена жылына бір рет жүргізілуі қажет.

Балалардың ауыз қуысының кәсіби гигиенасын жоспарлау үшін келулер жиілігін есептеу сызбасы ұсынылды, ол бірнеше критерийлерге негізделеді (Э.М.Кузьмина бойынша, 1996):

· баланың ауыз қуысы гигиенасына ата-аналардың қатысуы (белсенді – 1 балл, жеткіліксіз – 2 балл),

· тұрақты молярлардың жағдайы (сау немес тұрақты окклюзионды беткей – 1 балл, өршіген тіс жегісі – 2 балл, толық жарып шығу – 1 балл, толық емес – 2 балл);

· тіс жегісінің белсенділігі (сау тістер – 1 балл, жегіленген тістер – 2 балл).

Баллдарды қоса отырып, кәсіби гигиенаны өткізу үшін келулер арасындағы интервалдарды анықтайды: 4 балл кезде – 6-12 ай, 5 балл кезде – 4 ай, 6 балл кезде – 3 ай, 7 балл кезде – 2 ай, 8 балл және жоғары – 1 ай.